Дезинфекция (зарарсыздандыру) қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады



Дата05.06.2020
өлшемі12,92 Kb.
#72468
Байланысты:
Дезинфекция... Дәкен Айзада


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті

Кафедра ХжәнеХТ

ЕСЕП


Оқу практика бойынша
Тақырып:дезинфекция стерилизация антисептика және асептиканың негіздері

Қабылдады: аға оқытушы



________Амантаев Н.Г.___

Орындады:Дәкен Айзада
топ БТ-19-1

Қарағанды 2020


Мазмұны

Кіріспе
Дезинфекция стерилизация антисептика және асептика дегеніміз не

Негізгі бөлім
Дезинфекция стерилизация антисептика және асептиканың негіздері

Қорытынды

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.

Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады. Көп жағдайларда стерилизацияның жылулық түрі қолданылады: қайнату арқылы, атмосферадағы ыстық ауаға құрғақ ауамен немесе пар арқылы дымқыл ауамен, сонымен қатар заттарды отта тесу арқылы.


Асептика және антисептика ережелерін сақтау.

Асептика – жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар та-зартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады.


Антисептика – жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді елтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады.

Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.

Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады:
Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек.
Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады.
« Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады.
0,5 минут сумен жуады.
Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады.
Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.

: Стерилизация түрлері
Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.
Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.

: Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.

Денсаулық зор байлық” дегендей, адам денсаулығы –өмірлік қуатқа толы жан-тәнінің айнасы.Денсаулық – тылсым өмір. Қазіргі таңда денсаулық сақтау мәселесі алдыңғы қатарлы проблемалардың қатарына жатады. Шынымен де бүгінгі күні өте ауыр сырқаттардың таралуы жиілеп отыр.Әрине мұндай сырқаттардың көбйіп кетуі алуан түрлі жағдайлармен байланысты. Сондай жағдайлардың бірі емдеу мекемелеріндегі медициналық құралдардың жоғары сапада стерильденбеуі.Медициналық құралдарды стерилизациялау кезінде ереже бойынша ,уақытында стерилизация жүргізу ауыр сырқаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да емханаларда, емдеу мекемелерінде, процедуралық кабинеттерде, медициналық құралдарды пайдаланғаннан кейін қатаң түрде стерилизацияның жүргізілуіне мән беруіміз қажет.Тек сонда ғана ауыр сырқаттардың таралмауын қамтамасыз ете аламыз.

Асептика және антисептика ережелерін сақтау. Асептика – жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар та-зартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады.
Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды.
Антисептика – жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді елтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады.
Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі анаэробтық немесе газдың инфекциясы ретінде аса қауіпті.
Жараға топырақ пен бірге сіреспені тудыратын анэ-робтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.
Механикалъщ антисептика жараны алғашқы хирур-гиялық емдеу кезінде жүргізіледі.
Физикалыц антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқандай бүл жараны қүрғатады, жарадан сүйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәулесі өлтіреді.
Химиялъщ антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бүлар антисептикалық заттар деп аталады. Иод түнбасы, этил спирті, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан қүралуы мүмкін.
Биологиялъщ антисептиктерге жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибио-тиктер жатады.
Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.
Таңғыш материалдар жарақаттағы қанның ағуын тоқтату, ауруды басу, қосымша зақымданудан және оған микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Таңу мате-риалы ретінде дәке, бинт, салфетка, мақта, лигнин, кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен орамал пайдаланылады. Салфеткалар – қиысты-рылған төрт бүрышты дәке кесінділердің бірнеше қа-баты. Олар үлкен (70-68 см) және кіші (68-35 см) болуы мүмкін. Бинт – ені 5-20 см және үзындығы 5-10 м дәке кесіндісі. Медициналық заттар мен аспаптар қойма-ларында ені 10,14,16 метр және үзындығы 5,7,10 метр
бинттер кездеседі. Мақта гигроскопиялық және компрес-сорлық болуы мүмкін. Гигроскопиялық мақта ылғалы жақсы сіңіреді, жараға қойылатын тағыш үшін қол-данады. Сары-қоңыр түсті компрессорлық мақта ылғалы сіңірмейді, сондықтан шина қою, таңғышпен жабу кезін-де жүмсақ төсем даярлау үшін қолданылады. Лигнин (ағаш мақта) – мақтаның орнына қолданылатын материал болып табылады.
Медицина қоймасында кіші және үлкен медициналық тазартылған таңғыштар сақталады.
Кіші таңғыштар мақта дәке жастықшасының (56-29 см) және бинттен (14смх7м) жастықшадан түрады. Үлкен жастықша (65×43 см), оның бүрыштарына бір-бірден бау тігілген (70×10 см). Үрыс даласында көмек көрсету үшін жеке таңғыш пакеті (ЖТП) қолданылады. ЖТП (екі мақта дәке жастықшасынан 32×17,5см) және бинттен түрады (10смх7м). Бір жастықша бинттің үшына тігілген, ал екіншісі бос жатады.
ЖТП-дағы мақта дәке жастықшасының ішкі жағы қо-сымша мата емес, металдандырылған материалмен жа-былған. Пакеттің сырқы жамылғысы резиналы матадан істелінген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет