Байланысты: Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ
Қ азіргі кездегі жасушалық теорияның негізгі қағидалары: 1.
Жасуша — тіршіліктің
ең нәзік әрі кішкене бірлігі
(единицасы);
2.
Түрлі
организмнің жасушалары құрылысы
жағынан ұқсас;
3.
Жасушалар бӛліну арқылы кӛбейеді;
4.
Кӛп жасушалы организмдер жасушалар мен олардың
туындыларының жиынтығы.
Т. Шванн жасушаны ӛсімдіктер мен жануарлардың универсалдық
құрылымдық компоненті деп қарастырды. Алайда, М. Шлейден мен Т.
Шванн организмдегі жасушалар, құрылымы жоқ заттан пайда болады
деп қате түсінген. Жасушалық теория барлық тірі табиғаттың
біртұтас екендігін кӛрсетеді. Ол теория биологияның дамуына ғана емес,
философияның да дамуына үлкен прогрессивтік әсер кӛрсетті.
Ф.Энгельс жасушалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы
жаңалықтың
(
энергиянын тұрақтылық заңы, жасушалық теория және Ч.
25
Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Жасушалық
теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов
(1859)
«
жасуша жасушадан ғана пайда болады
»
деген қорытынды жасап
жасушалық теорияны одан әрі дамытты.