Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет30/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

ҮШІНШІ БӨЛІМ 
НЕКЕ ҚИЮ 
1. Неке қиюдың шарттары 
2. Неке қиюдың үкімдері 
3. Мұсылман емес еркек пен әйелдің үйленуі 
4. Сауал-жауап 
1. Неке қиюдың шарттары 
1) Неке қию «бердім» деп тапсырудан және «алдым» деп 
қабылдаудан тұрады. Бірінші тарап тапсырады, екінші тарап 
қабылдайды. Тапсыру да, қабылдау да еркектің өзінің немесе 
өкілінің, әйелдің өзінің немесе өкілінің тарапынан болуы мүмкін. 
Ғұламалардың ортақ пiкiрi бойынша, қыз: «Саған тұрмысқа 
шығуға разымын» немесе қыздың өкілі: «Қолымдағы қызды 
саған бердім», – дегеннен кейiн ғана қыз жағы неке шарттарын 
орындаған болып есептеледi. Ал екінші тарап: «Мен 
қабылдадым», – десе және неке шарттары толық болса, осымен 
неке қиылған болады. 
2) Қызға мәһр
1
аталып, ол сол жерде яки кейін беріледі. 
Сондай-ақ құқыққа жататын ажырасу секiлдi мәселелердiң 
шешiмiн әйелдiң еркiне қалдыру немесе қалдырмау туралы да 
осы жерде айтылуы тиiс. 
3) Кәмелет жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс, ерікті, неке 
сөздерін еститін, мұның неке қию екенін толық түсінетін екi 
еркек куә болады (қыз бен жігіттің әкесi, аға-iнiсi секiлдi жақын 
туыстары). 
1
Мәһр – үйленген кезде еркектің әйелге беретін сыйы. Шариғат талабы 
бойынша ер адамның болашақ жарына мәһр беруі міндетті іске жатады. 
Мәһрдің қазақ халқының әдет-ғұрпында қалыптасқан қыз жаққа беретін 
қалың малдан айырмашылығы – мәһр тек тұрмысқа шыққалы отырған 
қыздың өзіне берілетін жеке сый-сияпат. 


28 
4) Жариялау. Яғни ол екеуінің ерлі-зайыпты болғандығынан 
өзгелерді, айналасындағыларды хабардар ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет