26
Жауап:
Жоқ, мүлдем болмайды. Себебі бұл – ар-намысқа да,
абыройға да, шариғат үкімдеріне де қарама-қайшы іс.
Сұрақ:
Егер жігіт бір қызды көріп, ұнатып қалса, қызға «сені
ұнатып қалдым немесе саған құда түспекшімін» деп хабар
беруіне бола ма?
Жауап:
Иә, жігіттің бұлай істеуіне болады.
Сол сияқты
қыздың да солай істеуіне рұқсат.
Сұрақ:
Әдетте жігіт қызға сөз салады. Ал, керісінше,
қыз өз
тілегін жеткізсе бола ма?
Жауап:
Иә, оған құқы бар. Дегенмен мұны қыздың атынан
туысқандарының бірі жеткізгені жөн.
Сұрақ:
Үйленбекші болған қыз бен жігіттің баталасып қойған
құдалықты бұзуына бола ма?
Жауап:
Иә. Егер неке қиылмаған
жағдайда екеуінің де
құдалықты бұзуына болады. Бірақ жігіт қызды айттырып қойып,
сосын басқа біреуге ауып кететін болса (яғни өзгенің қызын
ақымақ еткені үшін), ол ар-намыссыз, күнәкар болып табылады.
Сұрақ:
Қыз бен жігіттің бір-біріне неке жүзігін тағу үкімі
қандай?
Жауап:
Үйленгендіктің белгісі ретінде жүзік
тағу әдетке
айналды. Бұрын мұндай әдет мұсылмандарда болмаған.
Негізінде, әйелдерге сән, әсемдік үшін жүзік тағуға болады. Ал ер
адамдардың алтын жүзік тағуына шариғат рұқсат етпейді. Күміс
жүзік тағуға болады. Ең дұрысы – үйленгендіктің белгісі ретінде
жүзік тақпау.