Жұбайлар шаттығЫ


«Бір қой сойсаң да, той жаса»



Pdf көрінісі
бет37/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Бір қой сойсаң да, той жаса»
, – деген
1

ә) Ән айту 
Үйлену тойында ән айту – сүннет. Бірақ «Әннiң де естiсi бар, 
есерi бар» демекшi, қазіргі күні көптеген әншілер айтып жүрген 
әдепсiз, мән-мағынасыз әндердi айтуға болмайды.
Қорыта айтсақ, мұсылмандар өздерінің ұлы шариғаттарына 
сай, яғни күнә іс-әрекеттер араласпаған, ислами неке тойларын 
жасауға міндетті. Мұндай той жасау аса қиын болмайды. Халық 
арасында небiр сөз шеберлерi бар. Олардың тойға лайықты 
қызықты өлең-жырлар жазып бере алатындары даусыз. Олай 
болса, еш қиындықсыз-ақ тойларымыз шариғатымызға сай 
өткізілсе, мұсылман елдерінде iндет болып жайылып бара жатқан 
үлкен әдепсіздіктер мен ысырапшылдықтан құтылуға мүмкіндік 
жасалынар еді. 
Қазіргі таңда жұрттың көбі үйлену тойларын мейрамханалар 
мен қонақүйлерде, үлкен салтанат сарайларында өткiзудi үрдiске 
айналдырды. Үйлену тойы адамдар арасындағы жұбайлық 
қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету мақсатында 
жасалады. Сондай-ақ бұл – үйлену арқылы харам болған 
жайларды халал етіп, халал болғанды харам етіп берген 
Аллаһтың нығметін паш ету тойы. Яғни үйлену арқылы әйелі 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 


35 
күйеуіне, күйеуі әйеліне халал болғанын, керісінше, енесі күйеу 
баласына, атасы келініне харам болғанын білдіреді. 
2. Жаңа отау 
Әйелдің еркек үйінің табалдырығын аттауы – оның өз үйінен 
екінші бір отбасына, бір ортадан екінші бір ортаға қоныс 
аударуы. Бұрын ол ата-анасы мен туыстарының ортасында болса, 
енді өзi қалаған жанның етегiнен ұстап, оның өмірлік жолдасына 
айналды. Ендігi жерде ол үшін ері жауапты әрi некемен келер 
жауапкершіліктің барлығы күйеуінің мойнында. Демек, ерлі-
зайыптылардың екеуi де араларындағы «алғашқы кездесуге» 
психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Бұл кездесуден 
бұрын еркек өзінің жауапты қадам алдында тұрғанын ескерiп, 
болашақ жарымен жақсы һәм жарасымды тiршiлiк етуге, 
жұбайлық өмiрдiң ыстық-суығын бiрге көтеруге, қиындыққа 
қайыспауға дайын болуы шарт. Сол секілді жас келiн де алдағы 
өмірінде өзiнiң оң жақта отырған ерке қыз еместігін ескерiп, 
сүйгенiнiң сүйіктісіне айналатынын, болашақ отбасында құт-
береке қонақтауы не қонақтамауы өзiне де байланысты екенiн 
жан-тәнiмен сезiнiп, жауапты қадамға лайықты дайындық 
жасағаны игi. Яғни жас жұбайлардың екеуi де қандай өмірге 
қадам жасап жатқандарын, бұл қадамның жауапкершілік 
аманатымен бірге, тағы қандай жүк арқалатарын толық сезiнгенi 
дұрыс. Олар жыныстық қатынасты ұрпақ көруге, зинадан аулақ, 
құмарлықтан ада болуға ықпал ететін iс ретiнде қабылдағандары 
абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет