Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет36/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 
ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ 
1. Үйлену тойы 
2. Қол ұстасу 
3. Құттықтау және сыйлық беру 
4. Сауал-жауап 
1. Үйлену тойы 
Шындығында, әрбір халықтың қалыптасқан, өзіне ғана тән 
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Адамдар көбінесе ата-бабаларынан 
жалғасқан немесе өзге ұлттардан алған әдет-ғұрыптарды ұлттық 
дәстүр ретінде бағалап, берік ұстанады. Мұсылман халықтардың 
да осындай салт-дәстүрге ерекше мән беретiнi шындық. Бұған 
таңғалмасқа шара жоқ. Себебі Исламдай хақ дiнi, адастырмас 
шариғаты бар халықтың өз орнын таппай, тентіреп жүрген басқа 
жұрттың деңгейіне түсуі мұсылмандарға қалайша лайықты 
болсын?! Мұның барлығы мұсылмандар арасында кәпірлерге 
еліктеу індетінiң кең етек алып, өкініш пен күйініш тудырар 
дәрежеге жеткенiне байланысты болып отыр. Мұндай 
келеңсiздiктер әсіресе үйлену тойларында көп кездеседi. Үйлену 
тойлары еркектер мен әйелдердің араласып күліп-ойнауларына, 
билеулеріне, iшiмдiк ішулеріне және т.б. осы секiлдi харам 
істерді жасауларына мүмкіндік тудырады. Өкiнiштісі, шынайы 
мұсылманша үйлену тойын өткiзу дәстүрi ұмытыла бастаған. 
Осы орайда Аллаһқа бағыну, Оның ризалығы мен қолдауына 
ие болу үшін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінен мысал 
келтіре отырып, мұсылманша неке тойының қалай жасалатыны 
туралы айтып өтпекпіз. 
Негізінде, үйлену тойын жасаудың басты мақсаты – еркек пен 
әйелдің үйленгендігін көпшілікке жария етiп, күдік пен арам 
ойдың жолын кесу. Хадис шарифте Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
үйлену тойын адамдар арасында жариялап, хабарлауды 


34 
бұйырған. 
Осы 
хадистерде 
үйленуді 
жариялау 
келесі 
әрекеттердің іске асуы арқылы болатыны айтылған: 
а) Той жасау 
Той жасаудағы мақсат – дастарқан жайып, жұртты дәмге 
шақыру. Той жасау рәсімінде қой сойған абзал. Көптеген 
хадистерде айтылғанындай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Сафия 
анамызға үйленгенде ботқа және құрмамен той жасаса, Зәйнаб 
Жахшқызы анамызға үйленгенде жасаған тойына қой сойған. Ал 
сахабалардың бiрi үйленгендігін айтқанда, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) оған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет