Жұбайлар шаттығЫ


Анасы  оны бойында қиналыс үстіне қиналыспен көтеріп, екі жыл



Pdf көрінісі
бет73/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

. Анасы 
оны бойында қиналыс үстіне қиналыспен көтеріп, екі жыл 
емізеді. Маған және ата-анаңа шүкір ет. Қайтар орның – Мен 
жақ!»
1
– дейді. 
Ананың басынан кешіретін қиындықтары әкенікіне қарағанда 
көбірек. Сондықтан ананың хақы басымырақ әрі жақсылық жасау 
несібесінің көп бөлігі ана үлесiнде. Әбу Һурайра (Аллаһ оған 
разы болсын): 
«Бір кiсi Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, 
Аллаһтың елшісі! Менің жақсы қатынасыма, қамқорлығыма 
адамдардың қайсысы лайықтырақ?» – деп сұрайды. Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) оған: 
«Анаң!»
– деп жауап бередi. Әлгі адам: «Сосын 
кім?» деп қайта сұрағанда, ол (с.а.с.): 
«Анаң!»
– деп 
қайталайды. Ол адам тағы да: «Онан кейін кім?» – дегенде, 
Аллаһтың елшісі (с.а.с.) тағы да: 
«Анаң!»
 – дейді. Ол қайтадан: 
«Сосын кім?» – дегеннен кейін ғана, Аллаһтың елшісі (с.а.с.): 
«Әкең!»
 – деді»
, – деген
2

Әлбетте, бұл хадистің мәні әкенің орнын төмендетіп, құқығын 
кемітіп отырғаны емес. Өйткенi әкенің өз баласында үлкен хақы 
бары даусыз. Дегенмен Аллаһтың елшісі (с.а.с.) бұл хадисте әйел 
баласының әлсіз келетінін ескерген. Өйткені бұл кезең 
адамдардың әйелдерге деген жаман қөзқарастарынан енді ғана 
арылып, Исламды жаңадан қабылдап жатқан кезi болатын. 
Сондықтан хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) ата-анаға жақсылық 
жасауды, ананың ақысын орындауды ескертіп, ана хақын ерекше 
атаған. 
Шын мәнінде, Аллаһ тағала перзенттерге ата-аналарына 
жақсылық жасауды парыз еткен. Сонымен қатар оларға 
жақсылық жасаған перзентіне үлкен сауап жазылатынын айтқан. 
Ал ата-анаға қарсы келу харамға жатқызылған әрi үлкен күнә 
саналады. Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет