Жеке бас гигиенасы


Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау. Қолдану көрсетілімдері



бет7/9
Дата20.07.2023
өлшемі43,41 Kb.
#179538
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тақырып 1 Жеке бас гигиенасы

Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.
Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  2. Қолыңызды антисептикалық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.


  3. Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.


  4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.


  5. Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.


  6. Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.


  7. Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.


  8. Қолғаптарды шешіңіз.


  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.

Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.
Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  2. Қолыңызды антисептикалық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.


  3. Науқасқа судноны беріңіз.


  4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.


  5. Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.


  6. Науқастың астын жуыңыз.


  7. Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.


  8. Судноны жинап алыңыз.


  9. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет