Жеке микробиология


Негізгі патогенді фактор  - термолабильді экзотоксин



Pdf көрінісі
бет47/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Негізгі патогенді фактор  - термолабильді экзотоксин.  Ол жүйке және қан 

тамыр жүйесіне сезімтал, белоктық құрылысы бар, 56

0

С бұзылады. Көжектерге тері ішіне 



енгізгенде некроз тудырады – Дольда сынамасы. Көкжөтел таяқшасыны” термостабильді 

эндотоксині  жалпы  токсикалық  әсер  және  сенсибилизация  береді.  Сонымен  қатар, 

көкжөтел  бордателлаларда  гиалуронидаза,  лецитиназа,  плазмокоагулаза  патогенді 



37 

 

ферменттер анықталған. Капсула бактерияларды фагоцитоздан қорғайды. 



Эпидемиологиясы.  Инфекцияны  жұқтыру  көзі  –  науқас  адам,  жұғу  механизмі  – 

ауа-тамшы.  Бордетеллалар  макроорганизмні”  респираторлы  трактысыны”  эпителийіне 

сезімтал. Инфекцияға барлық адамдар сезімтал, бірақ жиі жас балалар – 1 жастан 10 жасқа 

дейінгілер. 



Патогенезі  және  клиникасы. Көкжөтелде инкубациялық кезе” - 3-14 тәулік, жиі 

5-8  тәулік.  Қоздырғыш  жоғары  тыныс  алу  жолдары  кілегей  қабығына  түскенде, 

эпителийде  көбееді,  әрі  бронхогенді  жолмен  төменгі  тыныс  мүшелеріне  түседі 

(бронхиола,  альвеоларға).  Экзотоксин  әсерінен  ұлпалар  некрозданады,  шеткері  жүйке 

талшықтары ашылып қалғанда, тітіркенуі байқалады, нәтижесінде продолговатый мийды” 

жөтел орталығына информация түскен со” олар белсенді болғандықтан спазмалық жөтел 

пайда болады. Көкжөтелде бактериемия  байқалмайды. Екінші  реттік бактериалық  флора 

асқынуларды дамытады. 

Ауру барысында келесі кезе”дер анықталған: 1. Катаралді кезе”, 2 апта өтеді - құрғақ 

жөтел  болады,  науқас  қалі  төмендейді.  2.  Конвульсивті  (қалтырау)  немесе  спазмалық 

кезе” - 4-6 апта созылады және тәулігіне 20-30 рет үстамалы жөтел “иттін үргеніне ұқсас” 

жөтел. 3. Сауығу кезе”і 2-4 апта созылады (сурет 3). 



Иммунитеті.  Аурудан  со”  тұрақты  өмір  бойына  гуморальді  иммунитет 

қалыптасады.  Көкжөтелмен  ауырған  науқас  және  сауыққан  адамдар  қанында 

агглютининдер, преципитининдер, комплемент байланыстыру антиденелері кездеседі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет