Жеке микробиология


Лабораториялық  жануарлардың  патогенділігі



Pdf көрінісі
бет50/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
 Лабораториялық  жануарлардың  патогенділігі:  Теңіз  шошқасы  Mycobacterium 

tuberculosis-ке  сезімталдығы  жоғары.  Туберкулез  таяқшасымен  зақымданғанда 

генерализацияланған  түрін  туғызады,содан  жануар  4-6  аптадан  кейін  өледі.  Тері 

зақымданғанда  1,5-2  аптадан  кейін  зақымданған  орында  инфильтрат  папйда  болады,  ол 

язваға  айналады,  ал  язва  өз  кезегінде  жануар  өлгенше  жазылмайды.  Аймақтық  лимфа 

түйіндері  үлкейеді,  тығыздалады  және  казеонозды  ыдырауға  ұшырайды.  Бауырда, 

көкбауырда,  өкпеде  басқа  да  мүшелерде  төмпешіктер  анықталады,  ал  оларда 

Mycobacterium tuberculosis болады. 

 Эпидемиологиясы.  Туберкулез  таратушы  ауру  адам  болып  табылады,  кейде 

жануарлар.  Қоздырушы  адамнан  қақырық  арқылы,  несеп,  ірің  арқылы  сыртқа  шығады. 

Туберкулез  таяқшасы  көбінесе  организмге  тыныс  алу  жолдары  арқылы  –  ауалы-  тамшы 

немесе  ауалы-шаң  арқылы  жұғады.  Бірақ  денеге  ену  тері  арқылы  немесе  кілегей 

қабықтардың  зақымдануы  болуы  мүмкін.  M.bovisпен  зақымдану  алиментарлық  жолмен, 

яғни сиырдан сүт арқылы балаларға жұғады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет