Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
«Дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш.»
Мақсаты: Фигуралармен таныстыру дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш оларды таныстыруды үйрету. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдысын дамыту.
Қоршаған ортамен таныстыру
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Ұннан жасалған тағамдар туралы әңгімелеу. Дихан мен наубайшының еңбегі жайлы түсіндіру. Диханшы еңбегі туралы білімдерін толықтыру. Нанды ардақтауға, ысырап қылмауға тәрбиелеу.
Жаратылыстану
«Үй жануарларының қандай пайдасы бар?»
Мақсаты: Үй жануарлары мен оларың төлдері; олардың адамға әкелетін пайдасы туралы түсініктерін толықтыру. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың атын атап, оларды бір-бірінен айыра білуге үйрету. Тірі нысанды суреттеу қабілетін дамыту, зейінін есте сақтау қабілетін дамыту.
|
Сурет салу
«Мерекелік дастархан».
Мақсаты: Қазақтың дастарханы қонақ күту рәсімдері туралы түсініктерін жетілдіру. Іс – әрекет барысында өз ойын толық жеткізе білуге тағамдардың пайдасын атай білуге үйрету. Әдемі дастарханды әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру.
Мүсіндеу
«Көкөніс» (қияр, сәбіз, қызылша).
Мақсаты: Балаларға көкөністің пайдасын түсіндіре отырып, мүсіндеуге үйрету. Қол бұлшықеттерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аппликация
«Күнбағыс»
Мақсаты: Балаларға өсімдіктер және олардың пайдасы туралы түсінік беру; білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға балу; қиялын дамытып қабілетін шыңдау.
Музыка
Маман жетекшісінің жоспары бойынша
|