Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
«Шартты өлшем»
Мақсаты: Шартты өлшемнің көмегімен заттарды шамасы бойынша салыстыру дағдыларын үлгіден ұзынырақ (қысқарақ), жоғарырақ (төменірек), жуанырақ (жіңішкерек) ж/е оған тең зат/ды табу білігін дамыту. Зейінді, логикалық ойлауды және сөйлеу дағдысын дамыту.
Жаратылыстану
«Үй жануарларын қалай күтіп баптаймыз?»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайлар туралы түсініктерін нығайту. Балалардың бойында табиғат т/лы мәдениетін қалыптастыру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға үйрету.
Құрастыру
«Киіз үй»
Мақсаты: Балаларға ойыншық киіз үйді құрастыра отырып оның бөліктерімен таныстыру, оның ерекшелігіне мән беру және оны құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру; ойлауға, сөйлеуге үйрету, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
|
Сурет салу
«8 наурыз ашық хаты»
Мақсаты: Анаға арнап ашық хат жасай білуге үйрету, балаларды өз анасын және барлық басқа да аналарды сыйлауға тәрбиелеу.
Мүсіндеу
«Торсық»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық бұйымы торсықпен таныстыру; торсықты ермексаздан мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрету; торсықты әр түрлі әдістермен безендіру; торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді шығармашылықпен таңдап, әшекейлеу жолдарын түсіндіру. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Аппликация
«Киіз үй»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық киіз үйін қиып жабыстыруға үйрету. Киіз үй туралы әңгімелеу. Түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту.
Музыка
Маман жетекшісінің жоспары бойынша
|