Қарапайым матемаликалық ұғымдарды қалыптастыру.
«Геометриялық пішіндегі заттар»
Мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауларымен: дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш; денелердің атауларымен таныстыру: текше, шар, цилиндр. Фигуралар мен денелердің ерекше қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру. Көлемді фигуралар мен денелерді ажыратуға, осы пішіндегі фигураларды қоршаған ортадан табуға үйрету. Зейінді, жады мен ауызша сойлеу дағдысын дамыту.
Жаратылыстану
«Терек қалай гүлдейді?»
Мақсаты: Балаларды көктемгі маусымдық өзгерістермен таныстыру, ағаштардың гүлдеу ерекшеліктері туралы түсініктерін пысықтау; өзіндік тәжірибеалды жұмыстар ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін нығайту; табиғатты аялауға тәрбиелеу.
|
Сурет салу
«Көрікті көктем»
Мақсаты: Көктем мезгілі жайлы түсініктерін жетілдіру; көргендерін бейнелеу іс-әрекет арқылы қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру, ептіліктерін дамыту; бояу түстерін таңдап алмастыра қолдануға үйрету. Эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.
Мүсіндеу
«Тостаған»
Мақсаты: Балаларды қазақтың сәндік қолданбалы өнермен таныстыру. Қымвз құятын ыдыс-тостағанмен таныстыру. Ұлттық ыдыстардың ерекшелігіне назар аудара отырып, оны мүсіндеудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Аппликация
«Жайлауда»
Мақсаты: Балаларға жайлаудың табиғаты, киіз үй туралы түсінік беру, жайлау туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттеріне тәрбиелеу.
|