Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
«Қағаз бетінде бағдарлау».
Мақсаты: Кеңістікте орналасу, жоғары-төмен, оң жақ-сол жақ, орта туралы ұғымдарды бекіту. Қағаз бетінде (жоғары-төмен, оң жақ-сол жақ, ортада) бағдарлауға дәптер бетінде белгілі бір суретті табуға үйрету.
Құрастыру
«Жәндіктер»
Мақсаты: Табиғи материалдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, кепкен жапырақты пайдаланып, әр түрлі жәндіктерді бейнелеуге үйретуде ептілікке, икемділікке баулу, ұқыптылыққа еңбек сүйгіштілікке тәрбиелеу.
Жаратылыстану
«Ағаштарды не үшін отырғызады?»
Мақсаты: Балалардың жасыл-желектің адам мен жануарлар өмірінде атқаратын рөлінің маңызы туралы экологиялық түсініктерін нығайту. Тәрбиелік жұмысқа деген қызығушылығын күшейту.
|
Сурет салу
«Ұлу»
Мақсаты: Ұлу туралы білімдерін жетілдіру. Ұлудың суретін салудағы ептілікпен дағдыларын дамыту, ұлу әрекетімен таныстыру. Шыдамдылыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Мүсіндеу
«Жәндіктер» (қанқыз) және оның өзіне тән белгілерімен таныстыра отырып әдемі мүсндеуге үйрету.
Аппликация
«Көлікте»
Мақсаты: Су асты ж/е су үстінде мекен ететін жануарлар түрімен таныстыру. Балаларға қағазды бүгу, буктеу, қаттау әдістерін қолдануға ж/е дұрыс желімдеу дағдыларын үйрету.
Музыка
Маман жетекшісінің жоспары бойынша
|