ЖылғыҚазақстандағыұлт-азаттықкөтерілісі. Көтерілістің шығу себебі



бет11/15
Дата29.12.2021
өлшемі71,51 Kb.
#106241
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ГЭК Айдос
Adjustment of the lathe-turret lathe., Ussenuly D. Lecture 15 Answers, Реферат, Реферат

Тезистер 



  • 1980 жылдардың аяғына таман Кеңес мемлекеті ыдырай бастады.

  • КСРО халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады.

  • Қоғамды жаңғыртуға бағытталған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысты.

  • 1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.

  • 1991 жылғы тамыз оқиғасы КСРО-ның күйреуін жылдамдатты.

  • 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру болды.

  • Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.

  • 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін қолдайтындарын білдірді.

  • 1991 жылы желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

  • Тәуелсіздік қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.

  • Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды.

  • Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды.

  • Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды.

  • Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтар сырлары ашылды. Жазықсыз жазаланғандар ақталды.

  • Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстар артты.

  • 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет