Бөлім
|
Адам болам десеңіз ...
|
Педагогтың аты – жөні
|
Майлығара Ш.Қ
|
Күні
|
25.01.2022ж
|
Сынып: 4
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
№
|
18
|
Сабақтың тақырыбы
|
Дербестік пен жауапкершілік
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Дербес адам. Жауапкершілікті адам
|
Құндылығы
|
Дұрыс әрекет
|
Қасиеттері
|
Дербестік, жауапкершілік.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға дербестік және жауапкершілік ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
|
Міндеттері
|
Білімділік: Оқушыларды жауапкершілікпен жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар бойындағы дербестік және жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дербестікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күй
|
5 Т – ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
Татулық.
«Нұрға бөлену» мәтінін оқу
|
5Т ережесін еске түсіреді
Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.
|
«Хрустальная грусть» композициясы
|
Үйге тапсырманы тексеру
|
«Өкініш» мәтінін оқып келу.
|
Талдау бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Оқулық.
wikipedia.org
|
Сабақтың дәйексөзі.
|
Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді.
Стефан Цвейг
Сұрақтар:
Жауапкершілік деген не?
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.
|
|
Оқиға айту (Әңгіме)
|
Толағай (Аңыз)
Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Шұрайлы жерден қоныс алған малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар. Бірақ сол малжанды қорғайтын батырымыз болса екен», – деген бір ғана армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты болып үлкен той жасайды. Сол нәресте жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туғантуыстары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай, көз тимесін деп, Толағай дейтін болыпты. Сөйтіп баланың аты Толағай атанып кетеді. Күндердің бір күнінде жер қуаңшылық тартып, жаңбыр болмай, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен ауыртпалық Толағайды қатты мазалапты. Сонан бері Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: «Қарағым, Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ. Жаңбырдың болмауы сол себептен», – дейді. Толағай: «Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма?» – дейді. Сонда қарт айтқан екен: «Шырағым, Толағай, еліңді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай емес. Дегенмен, ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын таулардың атасы бар, рұқсатты содан сұрарсың», – деп батасын береді. Сөйтіп тауды арқалап әкелуге сайланған Толағай сапарға шығыпты. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері ақ басты Алатауға жетіп, «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем беріпті, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз 1 Апайтөс – қен кеуделі.
Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Алғашқыда аяғын ширақ басқанымен иығына түскен салмақ еңсесін басып, бірте-бірте әлсірей бастайды. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әбден әлсіреген Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқасындағы тау болса, батыр жігіттің үстінен басып қалыпты, Сонан сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал әлгі бала тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті.
|
|