Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет23/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
ертегі қмж

Күтілетін нәтиже:
Білді: Ертегінің мазмұнын, не туралы екенін білу керек.
Игерді: Дос болуға, бірін – бірі сыйлауға, құрметтеуге, түсінігі болу керек. Кейіпкерлерді сахналау туралы түсініктері болу керек.
Меңгерді: Сұраққа толық жауап беруге, ертегідегі кейіпкерлердің іс әрекетін істей білу керек.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Өтілетін күні:11.01.2017 ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегілер елінде

Тақырыбы:«Қар қандай?»

Мақсаты:Ертегіні айтып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың қыс мезгіліне деген сүйіспеншілігін ояту.


Қызмет

кезендері



Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту


Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру


іздену

Балалар, мен сендерге «Қар» туралы ертегі айтып берейін.

Баяғыда қыс патша тағынан түскісі келмей, билігін қолынан шығарғысы келмей, Көктемге орын бергісі келмей, елді біраз әуреге салыпты. Күллі жұрт көктемін аңсапты. Аң біткен көкке зар болып, күннің жылы шуағын күтіпті. Бәйшешек қара жердің бауырын түрткілеп, қашан еркіндік бересің деп мазасын алыпты. Қайдан білсін ол байқұс бұған кінәлі жер емес, Қыс екенін. Қыс та кәрін төгіп, қаһарланып, қарын қатайтып, сүңгіге айналдырып, одан әрі нығарлана түсіпті. Бірақ, «ештеңе де мәңгі емес» қой, бір күні Қыстың төл ұлы, ұлы мұрагері Қар қатты ауырыпты. Төсектен басын көтере алмай ауырыпты. Түрлі тәуіп, менмін деген мыңдаған бақсы да, емші де ештеңе жасай алмапты. Мүмкін олар қолдарынан келсе де, Қарды емдегісі келмеген болар, өйткені Қыстан әбден зәрезап болып бітті ғой. Сынақтан өте алмағандарды Қыс қылшылдаған аязымен үсітіп өлтіріпті. Сол уақытта біреу Түлкінің де емшілік қасиеті бар екенін айтады. Қыс бірден Түлкіге кісі шаптырып: «Қарды кім ажалдан алып қала алса, сол Қыстың суық мейіріміне бөленбек, Түлкі де келіп, бағын сынап көрсін!» – дейді. Емшілердің бәрі шетінен өліп жатқанын естіген Түлкі бұл тығырықтан шығар айла таба алмай әбден сасып, Қыстың алдына келеді. Қардың тамырын басып көрген ол:

– Әәә, Қар мырзаға суық тиіпті. Дәл осындай дерттің талайын емдедік қой, Қар жазылу үшін жылы оранып жату керек, бусанып бір терлесе, құлан таза айығып кетеді, – депті. Қыстың өмірінің жалғасы, өмірінің мәні болған соң, ол Түлкінің айтқанын бірден орындайды. Ақ көрпеге оранып, қымтанып жатып, Қар жігіт Қыс әкесіне бұрынғыға қарағанда сәл жақсы болғанын айтыпты. Сөйтіп жатып, ол тамшыға айнала-айнала жерге сіңіп кетеді. Ертесі баласының тек орны ғана жатқанын көрген Қыс күрт сынып, қайғыдан қаза болыпты…

Көргендер қыстың өзі қаһарлы, қатал болғанмен, оның Қар ұлы тым пәк, ақжүрек, мейірімді әрі көркем жігіт болатын дейді. Оған ғашық емес арулар аз екен. Ал Қар тек қана өз Бәйшешегіне ғана ғашық. Жылда Бәйшешегімен қауышқан сәтте түрлі кедергілерге ұшырап, қосыла алмай жүреді екен. Сенсеңіз, Қар өз гүлін әлі бір рет те қапсыра құшақтай алмапты. Қар ауырып жатып, ақ көрпеге оранып жатып, Бәйшешегін көріп, соңғы сөзін айтып үлгеріпті: «Мен сені сондай қатты жақсы көрем! Өте қатты жақсы көрем! Сол жақсы көргенім үшін, саған ғашық болғаным үшін саған үйлене алмаймын, сені жар ретінде қалағаныммен, алғым келмейді! Себебі, мен суықпын, сені тоңдырмайын деп жылынсам, өзім еримін, өзім ерімейін десем, сені үсітіп, тоңдырып алам. Сондықтан, біз мәңгі қосылуға жаралмаған, бірақ мәңгі ғашық болып өтетін табиғат жаратылыстарымыз. Сен мені сағынасың, сол сағыныш менен мәңгі естелік боп қалсын сенде! Сен мені ойлап мұңға оранасың, сол тәтті мұң алға жетелесін сені!» – деді қар, – дейді бәйшешек.

Ертегі ұнады ма балалар?

Олай болса сендер «Қар қандай» әңгімесін құрастырып, маған айтып бересіңдер келістіу пе?


Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырманы өте жақсы орындапсыңдар.
Енді балаларбаріміз орнымыздан тұрамыз

Сергіту сәті

. Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.




Балалар ертегіні тыңдады

Әңгіме құрастыра білді

Сергіту жаттығуларын орындады



Рефлексивті

түзету


Жарайсыңдар ,балалар!

Балаларды марапаттау, бағалау.


Балалар жауап берді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет