Балалар бүгін «Түлкі мен ешкі» ертегісін тыңдайсыңдар.
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Балалр, ертегі ұнады ма?
Кім бұл ертегіден нені түсінді?
Ертегіні айтып бере аламыз ба?
Сергіту сәті
. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
‒ Ал, балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды.
‒ Балалар, енді мына мақалды жаттап алайық.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
|