Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет26/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
іс-әрекеттік тұғыр
бұл адам тұлғасының және 
оның санасының жалпы қалыптасуына бағытталған адамның іс-әрекет үдерісі 
[155,б. 13].
Зерттеу жұмысында негізге алынатын әдіснамалық тұғыр –
 
іс-әрекеттік 
тұғыр
 
ұғымы психология ғылымында 20 – 30 жылдардан бастап қолданыла 
бастаған. «Іс-әрекет арқылы оқыту» тұжырымдамасын алғаш рет американдық 
ғалым Д. Дьюи ұсынған. Ол оқытудағы іс-әрекеттік тұғырының негізгі 
ұстанымдарын: оқушылар мүддесін ескеруді; ойлау мен әрекет етуге үйрету 
арқылы оқытуды; қиындықтарды жеңу салдары ретіндегі таным мен білімді; 
еркін шығармашылық жұмыс пен ынтымақтастықты анықтады. 
Бұл ұғым туралы бірнеше бағыттағы түсіндірулер болған. Соның бірі – 
С.А .Смирновтың түсіндіруі. Ол іс-әрекеттік амал дегеніміз – объектінің 
біртұтастығын және оның тетіктерін ашу философия, әлеуметтану теориялары 


53 
бойынша тұлғаның әрекет арқылы қоршаған ортаны тануы және қайта өзгертуі, 
іс-әрекетінің құрылымын, қызметін қарастыруы деп тұжырым жасайды. 
Іс-әрекеттік 
тұғыр 
педагогикалық 
құбылысқа 
әрекеттің 
бүкіл 
компоненттерінің тұтастығы позициясымен, яғни мақсаты, мотиві, әрекеті, 
операциясы, ретке келтіру жолы, жөндеу, жеткен нәтижені бақылау және 
талдауға мүмкіндік береді. Тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың негізі, 
құралы және басты шарты ретінде қарастыратын, іс-әрекет үдерісінде тұлғаны 
дамытудың оңтайлы шарттарын анықтауға мүмкіндік беретін 
іс-әрекеттік 
амалды 
дамытушылар Н.В. Кузьмина, Л.С. Рубинштейн және т.б. болып 
табылады.
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, П.Я. Гальперин, В.В. 
Давыдов еңбектерінде жетілдірілген іс-әрекеттік тұғыр білім беру жүйесіндегі 
тұлғаның дамуы, алдымен, оқыту мен тәрбие беру үдерісінің негізі болып 
табылатын 
әмбебап 
оқу-әрекеттерінің 
қалыптасуымен 
қамтамасыздандырылады [156].
А.Н. Леонтьевтың айтуынша: «Білім алу үдерісі – ол жаңа білімдер дайын 
түрде берілмейтін, оқушы санасының және жалпы тұлғасының қалыптасуына 
бағытталған іс-әрекет үдерісі. Білім берудегі «іс-әрекеттік тұғыр» деген осы!». 
Іс-әрекеттік тұғыр ретінде білім алушылар ақпараттың пассивті емес 
«қабылдаушылары» болып және өздері оқу үдерісіне белсенді қатысатын, оқу-
танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілі деп түсіндіріледі. Мақсаты – 
тіршілік ету субъектісі ретіндегі бала тұлғасын тәрбиелеу. Субъект болу – өз іс-
әрекетінің иесі болу: мақсаттар қою, міндеттерді шешу, нәтижелер үшін жауап 
беру [157].
Іс-әрекеттік тұғырдың мәні қытай даналығымен «Мен естимін – мен 
ұмытамын, мен көремін – мен есте сақтаймын, мен жасаймын – мен 
меңгеремін» деп сипаттауға болатын іс-әрекетте ашылады [158]. Өз кезінде 
Сократ «Сыбызғыда ойнауды тек өзің ойнағанда үйрене аласың», – деп айтқан. 
Дәл осылай білім алушылардың қабілеттері де олардың өзіндік оқу-танымдық 
іс-әрекетке толық қатысқан кезінде ғана қалыптасады. Оқыту іс-әрекеттік тұғыр 
негізінде білім алушының және оның түрткілері, мақсаттары, қажеттіліктерін 
жүзеге асырудың жағдайы ретінде саналады.
Сонымен қоғамның қарқынды даму жағдайларында, қазіргі білім берудің 
жаңаруы кезінде әлемді біртұтас қабылдау үшін ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетін ұйымдастырудың маңызы зор.
 
Сондай ақ, 
тұлғалық-бағдарлы
тұғырды 
айтпасқа болмайтынын аңғарамыз.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет