3-апта: 1 кредит сағат Практикалық сабақ тақырыбы:Іскерлік әдеп Практикалық сабақ мазмұны: Адамдар арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынас ережелері мен мінез-құлық нормаларының бар екендігі барлығымызға белгілі. Мұндай ережелерді моральдық кодекс деп атайды. Күнделікті тұрмыстағы, әдеп және мораль ұғымдарынан басқа өндірістік және қызмет қарым қатынасының да әдеп пен мораль нормалары бар. Арамдық, өтірік, алдау, басқаның дүниесін иемдену, басқа адамдардың мүдделерін ескертмеу, қызғаншақтық – арсыз адамдардың істері. Іскер адамға керек ең негізгісі – адалдық және бастауын содан алатын әділдік.
Міндеттілік. Уәде етілген нәрсе орындалуы тиіс.
Сыйластық. Басқа адамдарға сыйластықпен қарап, олардың мүддесін түсінуі керек.
Заңға бағынушылық. Заңдарды, қабылданған нормалар мен тыйымдарды сақтау.
Қайырымдылықы. Өз табысын қоғамның әлеуметтік демеуді немесе көмекті қажет ететін тобымен бөлісе білу.
Сабырлылық және қанағатшылдық. Тиісті шекті сақтау және көре білу.
Іскер адам жалпы адамзаттықтан басқа , оның білімін, біліктілігін және ерекшеліктерін түсінуін сипаттайтын кәсіби қасиеттерге ие болуы керек.
Біріншіден, қолайлы жағдайды тиімді пайдалана білу.
Екіншіден, уақытты пайдалана білу. Уақытты жоғалтқанда, өз мүмкіндігіңді жоғалтасың.
Үшіншіден, еркі мықты болу. Мақсат қойсаң, оған жет.
Төртіншіден, өз ісіңді таба білу қабілеті.
Бесіншіден, нақтылық пен ұқыптылық..
Алтыншыдан, өзін-өзі ұстай білу.
Жетіншіден, іске бағыттала білу.
Сегізіншіден, салауатты ойлау.
Тоғызыншыдан, құрбандыққа даяр болу.
Сөздік жұмысы
Іскери – деловой
Әдеп – этика
Қоғам – общество
Қолайлы – удобный
Сан қырлы – многогранный
Өркениет – цивилизация
Қызмет бабын пайдалану – использование своего служебного положения
Ұқыптылық – аккуратность
Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.370-372бб
2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 115-118бб
ОЖСӨЖ мазмұны: 1.Сұрақтарға жауап беріңіздер
Сен жақсы іскер болып шыға алар ма едің?
Қалайша? Іскер болу үшін қандай қасиеттер қажет?
Іскер адамның моральдық принциптері туралы түсінігің қандай?
Бұл принциптер біздің өмірімізде неліктен сақталмайды?
Іскер адамның біліктілігі қандай болуы керек? Оны өз бойыңда қалай қалыптастыруға болады?
Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.370-372бб
2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 125-128бб
СӨЖ мазмұны: Іскерлік әдепке байланысты қолданылатын сөздерге сөздік құрастыру.