Жўмыс аптасын жоспарлай білесіз бе


Қарапайым түрі Сыпайы түрі



бет16/53
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#30235
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Қарапайым түрі Сыпайы түрі

Қал қалай? Қаліңіз қалай?


Қал-жағдайың қалай? Қал-жағдайыңыз қалай?
Қалайсың? Қалайсыз?
Амансың ба? Амансыз ба?
Аман-есенсің бе? Аман-есенсіз бе?
Денсаулығың қалай? Денсаулығыңыз қалай?

3. Жауап беру үлгілерін аударыңыз


Жақсымын
Рахмет, жаман емеспін
Жақсымын. Өзің қалайсың
Рахмет! Өзіңіз ше?
Шүкір
Құдайға шүкір
Рахмет. Ойдағыдай.



  1. Кестеде көрсетілген маман иесі ретінде танысу, қал-жағдай сұрау, қоштасу тіркестерін қалай орынды қолданар едіңіз:

(белгі қойылған жерге жазыңыз)



Сіз егер…

Фирма президентімен

Басшымен



Қарауыңыздағы қызметкермен

Әріптесіңізбен

Келген қонақпен

Ұжым басшысысыз







***

***

***

Ұжым мүшесісіз



***

***




***

***

Директордың орынбасарысыз

***










***

Келушісіз (қонақ)

***














  1. Жаңа сөз, сөз тіркестерін пайдалана отырып «Танысу» тақырыбына сұқбат құрастырыңыз.

Үлгі:
-Сәлеметсіз бе, Асқар Әділұлы!
- Амансың ба, Жанар! Қал-жағдайың қалай?
- Жақсымын, рахмет. Сіздің қаліңіз қалай?
- Құдайға шүкір?
- Денсаулығыңыз жақсы ма? Қызмет барысыңыз қалай?
- Жаман емес….
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова
«Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы «Арман» - 2001 ж. 12-24 бб
2. Ә.Хазимова «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу» Алматы «Олжас» баспасы, 2004ж. 4-6 бб.
ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Сәлемдесу. Танысу.

  2. Іскери қарым-қатынас барысында танысу (грамматикалық минимум)

  3. Ресми жағдайда қоштасу үлгілері

СӨЖ мазмұны:
1. Жаңа ұжыммен танысуда қолданылатын сөз тіркестерін көрсетіңіз
2-апта
1 кредит сағат
2-практикалық сағат
Тақырып: Танысу. Визит карточкасы.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Визит карточкалары.
Қазіргі кезде визит карточкалары адамдардың іскерлік қарым-қатынасының бөлінбес атрибутына айналды. Бүгінгі таңда бірден көзге ұратын әдемі визиткалармен ешкімді таңдандыра алмайсыз. Дегенмен сіздің визиткаңыз іскерлік қарым-қатынасты да, жеке басыңызға қатысты қарым-қатынасты да дамыту үшін не істеу керек? Визит карточкасы қандай болу керек? Бұл әрине, онда не жазылғанына байланысты.
Әдетте визит карточкасының бет жағына, анық оқылатын шрифтімен (негізгі жазулар үшін жартылай қанық бояулы Times – 14 қолданылады) төмендегі мәліметтер жазылады:
- аты-жөні, әкесінің аты (Фамилия үлкен әріптермен теріледі); Мысалы, БОЛАТОВ Марат Асқарұлы
Ағылшын тілінде жазылатын вариантында алдымен фамилия, содан кейін әкесінің атының бірінші әрпі және өз аты жазылады. Мысалы, BOLATOW A. Marat.
- Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады. «Міндетін атқарушы», «уақытша орындаушы», «уақытша» сөздері визит карточкаларына жазылмайды. Мысалы, бөлім бастығының міндетін атқарушы т.б. Ресми қабылданған, көпшілікке түсінікті қысқарған сөздерді ғана пайдаланыңыз. Бұл сіздің визиткаңыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға өз әсерін тигізеді. Түсініксіз қысқартылған сөздер мен шартты белгілерді қолданудан аулақ болыңыз. Одан да мейлінше ұсақ шрифтімен беріңіз немесе визитканың артқы бетін пайдаланыңыз. Қызмет істейтін мекеменің аты толық жазылғанда иерархия сақталуы керек. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Кадрлардың бас басқармасы
Әкімшілік бөлімі
- Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар. Визит карточка иесінің белгілі қызметі болмағанда немесе атқаратын қызметін жасырын ұстау қажет болған жағдайда тек атағы көрсетіледі. Мысалы,
МОЛДАБЕКОВ Қанат Сапарұлы
Жазушы
- Үй телефоны;
- Жұмы орнының толық мекен жайы;
- Жұмыс телефоны; Алдымен хатшының (немесе департамент бойынша кезекшінің) телефоны жазылады. Қажет деп тапқан жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды да және ұялы телефон нөмірін де көрсетуге болады.
Визит карточкасының безендірілуі. Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ. Бірақ көбінесе ол 50х90 мм көлемдегі қатты қағазда жасалады.
-Үкімет құрылымында жасайтын қызметкерлер көбінесе ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендіріп жасайды;
- қаржы ұйымдарының немесе банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түстермен жасатқанды жөн санайды. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр күміс түстес, жасыл т.б. түстер.
Түрлі дәрежедегі басқару орындарында істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фон – көгілдір, шрифт – қара көк немесе фон – ақшыл сия түсті, шрифт – қара қоңыр т.б.) қалайды. Әр мамандық иесінің өз саласына лайықтап безендіруіне болады. Мысалы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатқанды жақсы көреді. Орман шаруашылығы қызметкерлері жасыл түске жақын етіп жасатады.
Шығармашылық адамдары өз визиткаларының бірден көзге ұрып тұқратындай болғанын қалайды. Осыдан келіп түрлі түстерді бір-бірімен сәйкестендіріп немесе түрлі фигуралар, өрнектер, бедерлер салынған визиткаларды мысалы, жазушының визит карточкасынан төгілген сияның, музыкант визиткасынан нота белгілерін көруге болады. Қызыл түсті визит карточкалары сирек кездеседі.
Енді визит карточкаларындағы рәміздер туралы. Мемлекет қайраткерлері, фирма қызметкерлері мемлекеттік ту, елтаңба не өз фирмасының эмблемасын көрсете алады.
Іссапар, конференция, семинар іскерлік байланыс жасайтын жерлерге жиналғанда визит карточкаңызды көп етіп алып шығыңыз. Ол сіздің жеке басыңыздың құжаты ретінде де, кепілдеме ретінде де сізге көп пайдасын тигізеді.



  1. Сөзікті жаттап алыңыз:

жұмыс орны – место работы
бастық ,басшы – начальник
орынбасар – заместитель
жетекші – руководитель
меңгеруші – заведующий
іскер әріптес – деловой партнер, коллега
мекен-жай – адрес
организация – ұйым, мекеме
министерство – министрлік



  1. Визит карточкасының үлгісімен танысыңыз. Сөздіксіз аударыңыз.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет