«Әке – алтын діңгек» (Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі) Дайындаған: А. Андирова 2014-15 оқу жылы Шараның мақсаты: «Бала нені білсе жастан, ұядан өле өлгенше соны таныр қиядан»



Дата19.12.2016
өлшемі126 Kb.
#4147
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

«Әке – алтын діңгек»

(Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі)


Дайындаған: А.Андирова

2014-15 оқу жылы


Шараның мақсаты: «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле - өлгенше соны

таныр қиядан» - дегендей бала тәрбиесінің отбасынан

бастау алатындығын түсіндіру. Баланың бас ұстазы

ата – ана десек, соның ішінде қазіргі уақыттағы

әкелердің тәрбиелік ролі туралы.

Шараның көрнекілігі: Слайд шолу, қанатты сөздер.

Жақсы әкелер болмаса,

Жақсы тәрбие болмайды.

Н.М.Карамзин


Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
«Ондаған, жүздеген мандықтар, кәсіптер, мамандықтар бар: бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Бірақ, өзі әмбебап, өзі күрделі және өзі асыл жұмыс бар, барлығы үшін біртұтас болып тұрған, сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас біртума,-бұл адамды жарату... Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез-келген қызметкермен, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені дәл осындай жақсы әкемен алмастыру мүмкін емес»

В.А.Сухомлинский


Бала есейген сайын оған әкесімен қарым-қатынас маңыздырақ бола бастайды және 6 жасынан бастап оның рөлі ептеп бірінші орынға шыға бастайды.

Анасының қзіреттілігі-киіндіру, тамақтандыру, жылылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету; ал үлкен істерді жүзеге асыру-үйге жөндеу жұмысын жүргізу, көлікті немесе басқа техниканы жөндеу, зияткерлік әңгіме жүргізу-бұл әкесінің айрықша құзіреті.Әрине, қазіргі заманда ата-аналар рөлдерін айырбастап алады, бірақ дәстүрлер қалыспайды.

Отбасындағы әкенің рөлі өте күрделі мазмұнда болады; ол келесі параметрлер бойынша айқындалады деп саналады:

*әкесінің отбасындағы адамдар саны мен соларға жауап беретіндердің саны;

*оларға жүргізетін үстемдігінің дәрежесі;

*тура жақындықта баласымен өткізетін уақыттың саны;

*әйелімен және балаларымен өткізетін уақыты және осы байланыстардың сапасы; қандай тәсілмен ол балаларын күтумен айналысады;

*әкесі балаларды іскерлік пен дағдылыққа тура және жанама үйретуде қаншалықты жауапты болады;

*оның балаға қатысты рәсімдерге, іс-шараларға қатысуы;

*отбасыны ұстау үшін қаншалықты еңбек етеді;

*отбасының ресурстарын ұлғайту және қорғау үшін оған қаншалықты күш жұмсау қажет;

Әке белгілі бір мінез-құлық көзін, сенімділік пен сыйластық үлгісін көрсетеді. Әке-тәртіп пен реттіктің белгісі.Әкесінің беделінсіз өсіп келе жатқан бала тәртіпсіз, әлеуметтік жат қылықтарды істеуші, ересектер мен балаларға қатысты қарым-қатынаста ашушаң болып өседі. «Әке-дүние, еңбек және техника туралы танымдардың көзі болып табылады, ол болашақ мамандыққа бағытталуға ықпалын тигізеді және әлеуметтік пайдалы мақсаттарды құрайды».

Тек қана әке бала бойында жігерлілік пен топтық басымдылыққа қарсы шығу қабілетін қалыпастыра алады.

Баласы анасына қаншалықты байланып қалған болса, айналасындағылардың агрессиясына қарсы тұруда барынша төмен белсенділік танытады. Бала әкесіне жақындығы төменірек болса, баланың өзін бағалауы төмендеу болады, рухани және әлеуметтік құндылықтармен салыстырғанда материалдық және жеке құндылықтарға көбірек көңіл бөледі.

Әкесінің жеке қасиеттері, соның ішінде балаларына деген махаббаты да кіреді, баланың дамуына мағыналы түрде әсер етеді.Әке махаббаты баласына жалғызбасты ананың толыққанды қамтамасыз ете алмайтын эмоционалды –психологиялық жайлылығын сезінуге мүмкіндік береді.Әке махаббаты ұлы мен қызын балаларға және қоршағындағыларға деген ер адамның махаббатын қалай көрсететіндігіне үйретеді.

Әкесіз және әкесімен өскен балаларды салыстырғанда әкесіз өскендердің құштарлықтың төменгі деңгейімен, қобалжулық деңгейі жоғары болатындығы анықталған.Оларда невротикалық белгілер жиі кездеседі.Әкесінің жоқтығы оқуда және балалардың өзін сыйлауында теріс әсер етеді.

Суық әкелердің балалары ұялшақ, үрейленгіш болып келеді, олардың мінез-құлқы бейәлеуметтік болады. Керісінше, әкесімен эмоционалдық жақындық балаға жағымды әсер етеді.

6 жастан 11 жасқа дейінгі әкелері өсірген ұл балаларды аналарымен өмір сүретін ұлдармен салыстырғанда әкелермен тұрған ұл балалардың өмірдің әртүрлі жағдайларына тез бейімделетіні анықталған.

Әкесінің қызын мақтан етуі өте маңызды, оған сен қандай әдемісің деп айтып отырғаны абзал, өскен соң ол өзінің сыртқы бейнесінен қысылмайды, ер адамдармен қарым-қатынаста үйлесімдірек болады. Оның үстіне әкесінің бейнесі қыз баланың өзіне таңдаған өмірлік досының –жас жігіттің типажына әсерін тигізуі мүмкін: ол өзінің таңдағанын әкесінің бейнесімен салыстырады, әсіресе, егер бақытты отбасында өссе.

Ұл бала өзін еркек ретінде өзі достық қатынаста болған ұлдар мен еркектердің үлгісі арқылы тани бастайды.Ол өзіне ұнамайтыннан үлгі ала алмайды. Егер әкесі үнемі шыдамсыз және ашушаң болса, ер бала қоғамда ғана өзін ыңғайсыз сезінеді, сонымен қатар басқа ұлдар мен ерекектердің ортасында да қысылады. Мұндай ұл бала анасына жақын және оның әдеті мен мүдделерін қабылдайды.Егер баласы әкесін ұнатпаса, онда еркектің мінез-құлқында баланы қабылдамау байқалғаны. Тіпті ол дұрыс сөздер айтса да, бәрібір дауысы, сөйлеу мәнері мен көзқарасы білдіріп қояды.



Шараның жүру барысы:

І бөлім Баяндама «Әке көрген оқ жонар...»

ІІ бөлім Пікірлесу «Әкелердің балаларымен қарым – қатынас жасау ерекшеліктері»

Жүргізуші: Сәлематсыздар ма құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кешіміз «Әке – алтын діңгек» - деген тақырыпта өткелі отыр. Мұндағы негізгі мақсат: «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле - өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей бала тәрбиесінің отбасынан бастау алатындығын түсіндіру. Баланың бас ұстазы ата – ана десек, соның ішінде қазіргі уақыттағы әкелердің тәрбиелік ролі туралы әңгімелесу, кеңесу болып отыр. «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» - дей отыра ата – ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғанын қалайды. Олай болса әрбір бала ата – ананың еңбегін бағалай білуге тиісті.


Бүгінгі кешімізге әкелеріміз қонаққа келіп отыр.

Олар: 1. Тойшыбаев Еркін

2. Есетов тұрар

3. Ислямғалиев Нұртілек

4. Дарғалиев Мақсот

5. Мусин Ерғали

6. Қажығалиев Сейілхан

7. Ақшолақов Сыйлыбай


Жүргізуші: Тренинг: «Амандасу»

- кеудемізді қағыстырамыз
Алақан - қол алысамыз

жымиамыз

- күліп амандаcамыз

Күлкі бейнеленсе, онда бір – бірімізге күлімдей қараймыз.

Алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз.

Күн бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесейік.

Жүрек бейнеленсе құшақтасайық.
Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң –

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек – дегендей әкелерге алғашқы сұрақ.


Сұрақ: Сіз үшін бала деген кім?

/болашағым, көмекшім, қамқоршым, қымбаттым/


Жүргізуші: Кезекті өнерге береміз. «Әке мен бала, отбасылық өнері ...»

/өнер көрсету/


Жүргізуші: Сіздерге мына шарлардың ішінде парақшаға жазылған екі

тапсырма келеді, соларға жауап бересіз.


1. Ролдік ойын: Әрбір әкенің баласымен сөйлесуі.

Балаңызға сұрақ қойыңыз...

Балаңызды мадақтаңыз...

Балаңыз үшін қандай уақытта қуанасыз, соны білдіріңіз...

Балаңызға бар әкелік мейіріміңізді төгіңіз.
2. Ситуациялық сұрақтар:

1. Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз сіздің өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істейсіз?

2. Балаларыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?

3. Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз?

4. Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болады. Cіздің ұлыңыз машинамен шықпақшы болып уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

5.Психологияда «талапану деңгейі» термині бар. Ол бір оқушыда жоғары, біреуінде төмен болады. Сондықтан талаптану деңгейі жоғары оқушы «2» алса, ол осы бағасын жоюға тырысып, намыстанып келесі сабаққа дайындалып келеді. Талаптану деңгейі төмен оқушы нашар баға алса, ол өзін басқалардан төмен санайды. «Мен бәрібір ол екіні жоя алмаймын» деген ойда қалады. Баланың осы кемшілігін жою үшін не істеу керек?

6.Баланың мінін немесе ұят істерін жұрт көзінше айтып, келеке ету және баланың көзінше көпшіліктен көмек сұрауы дұрыс па? Бұның балаға әсері қандай?

7.Сіз балаңызды жақсы тамақтандырып, киіндіріп, ел қатарлы тәрбиелеп отырмын деп есептейсіз.

Бірақ балаңыздың сынып жетекшісі үйге келіп, балаңыздың тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен, мектеппен байланысыңыз жоқ екендігін айтады.

Сіз бұл туралы не айтар едіңіз?

Қателік қайдан, кімнен болуы мүмкін? Балаңызға қалай ықпал етер едіңіз?
Ұлың өсті ер жетті жігіт болып,

Қызың өсті, бой жетті үміт болып.

Мың алғыс ата – анаға біз арнаймыз,

Өнерлі боп өсеміз ақыл толып – деп келесі кезекті тағы да өнерге береміз.

Ән: «Ана»

Сұрақтар:

Нұсқау: Бұл сұрақтарға қолдарыңыздағы тақтайшаларыңды көтеру арқылы жауап бересіз. Қызыл түс – иә деген жауапты, көк түс – жоқ деген жауапты білдіреді.

1. Әке қатал болу керек пе?

2.Үйдегі ер бала тәрбиесіне әкенің жауапкершілігі жоғары болу керек пе, әлде ата – ананың екеуі де бірдей жауап беруі тиіс пе?

3. Сіз өзіңізді әкелік парызымды өтедім деп ойлайсыз ба?

4. Отбасының алтын – қазығы әйел адам ба?

5. Отбасының тірегі әке ме?

6. Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер дегенмен келісесіз бе?

7. Мектеп баланың тәрбиесіне қатысты деп ойлайсыз ба?

8. Бала сіз үшін болашағымды құрушы деп санайсыз ба?

9. Балаңыз басқа балалармен келісе алмай жүргендігін білсеңіз, оған мектеп кінәлі деп есептейсіз бе?

10. Бала бақытымыз ...


Көрініс:

Еркін: Маған әкем ұялы телефон сатып әперді.

Саят: Кәне, көрсетші? Өте әдемі екен. Бірақ менің әкем ең алдымен сабақты жақсы оқы, білім ал. Өскен соң еңбек етіп, қымбат телефонды өзің аласың деген.

Еркін: Ой, сен де сабақ – сабақ дейсің де жүресің. Маған әкем ақшаң болса бәрін сатып алуға болады деген болатын.


Сұрақ: Қазіргі кезде балаларға қымбат бұйымдарды алып беру дұрыс деп ойлайсыз ба?

Ата –аналарға жадынама

1. Баланың оқуына, тәрбиеленуіне мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатындығын түсініңіз. Мұғалім сіздің отбасыңыздың досы.

2. Міндетті түрде ата – аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.

3. Балаңыздың күнделікті оқудағыы табысымен ой бөлісіңіз.Бүгін нені үйренді, қандай жаңа ұғым алды? Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.

4. Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналса көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындап бермеңіз.
Бала тәрбиесіндегі негізгі қағидалар:

1. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір – қасиетін, ар – намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым – қатынас жасаған абзал.

2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді. Соған орай дөрекілікке бой алдырады.

3. Өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.

4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін тыңдап ақыл – кеңес беру керек.

Ер адамның жақсы әке болуы үшін өзіне мақсат қою керек- отбасындағы баланы тәрбиелеуге қажетті жағдайларды жасау, олар:

*отбасындағы жайлылықтың атмосферасы;

*отбасындағы үнемді ұйымдастырылған тұрмыс, баланың күн тәртібі;

*өз баласына деген махаббат;

*баланың тұлғасын сыйлау;

*ата-анасының екі жақтық беделі;

*отбасының барлық мүшелері тарапынан, сонымен қатар, мектеп пен отбасынан келісілген

бірұтас талаптар.


Қорытынды: Жүргізуші: Әкелерім бақытымсың, барымсың

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың

Жалғасындай әкелердің балалар,

Жақсы атымен бар әлемге танылсын – деген тілекпен кеішімізді аяқтай отырып, келіп ой бөліскен әкелерімізге алғысымызды айтамыз.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет