Қосымша әдебиеттер
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. А. Өркениет. 2003.
Қазақ совет балалар жазушылары. Алматы. 1987.
Сөзстан. А. Жалын. 4-кітап. 1983.
М.Иманжанов. Алғашқы айлар. А. Жазушы, 2003.
Бегалин С. Уақыт тынысы. Алматы. 1968.
Бегалин С. Шоқан асулары. А. 1996.
&&&
$$$002-013-000$3.2.1313-ДӘРІС
1960-80 жылдардағы балалар әдебиеті
&&&
$$$002-013-001$3.2.13.11. 1960-80 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы.
&&&
$$$002-013-001$3.2.13.2 2. Ө.Тұрманжанов
1. 1960-80 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы. Бірқатар талантт ақындар бірыңғай балалар әдебиетіне маманданды. 60-жылдардағы балалар поэзиясы Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ж.Кәрібозин, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, А.Сопыбеков, Қ.Жұмағалиев, Е.Өтетілеуов, М.Жаманбалинов Е.Елубаев, С.Қалиев, Ж.Әбдрашев есімдерімен байланысты өрістеді. Бұл есімдер қатарын 70-жылдары Е.Ерботин, Н.Айтов, А.Сәрсеков, С.Оспанов молайтты. 80-жылдардан бері балалар поэзиясында Б.Серікбаев, К.Ыбыраев, Ө.Ақыпбеков және т.б. еңбек етті. Аталған ақындар легінің әрқайсысы әдеби бір-бір буын құрайды. Қазақ балалар әдебиетіндегі дәстүрдің қалыптасуы, екінші бір буын арқылы жалғасуы деген мәселеде бұлардың бір-біріне тигізген ықпалы болды.
Балаларға арналған өлең жанды сурет, тірі қимыл, сан алуан бояуға толы болуы керек. Бүлдіршіндердің көзге елестету арқылы қабылдайтынын ескерсек, бұл - орынды талап. М.Әлімбаевтың «Он саусақ» т.б. 60-80 жылдардағы қазақ балалар поэзиясы өзіндік ерекшеліктер негізінде дамыды:
1. Қазақ балалар поэзиясының ішкі жанрлары байыды. Өтірік-өлең, жұмбақ-өлең, сюжетті өлең, тақпақ, санамақ, мазақтама, мадақтама, лирикалық поэма, сатиралық поэма, фантастикалық поэма, ертегі-поэма, мысал-поэма және т.б. пайда болды. Халық поэзиясының көне формалары жаңа мазмұн алып дамыды. Мысалы, Ә.Дүйсенбиевтің («Не деу керек?», «Елка жыры», «Ақ мамам» өлеңдерінің авторы) «Бес саусақ» өлеңі.
2. Жалаң үгіт, насихат тежелді. Қазақ балалар поэзиясы айтарын ашық айтатын дидактикалық өлеңдерден арылды. Балалар ақындары өз өлеңдеріне тәрбиелік сипат беріп, айтар ойын астарлап, ишаралап жеткізетін болды. Мысалы, А.Сопыбековтың(«Қораз», «Біздің семья» өлеңдерінің авторы) «Тілалғыш», Ә.Дүйсенбиевтің «Шірік алма» өлеңдері.
3. Бала характері алдыңғы планға шықты. Дидактикалық өлеңдерден арылудың бір жолы- өлеңді бала мінезіне құру.
Мысал, Е.Өтетілеуовтің «Тығылмақ», «Шұңқыр», М.Жаманбалиновтың «Жоқ, жоқ, апа» өлеңдері.
4. Бала характерін ашатын әдіс-тәсілдер молайды. Белгілі бір лексиконды қайталау, сөз ойнату отырып өлең жазу қаақ балалар поэзиясы дәстүріне енді.
Мысалы, А.Сопыбековтың «Қайшы» өлеңі. Мұнда «Апам алса қайшыны», «Әжем алса қайшыны» секілді лесикондық қор қайталанған. Автор «күлімдеп», «дірілдеп» етістіктерімен бала мінез-қылығын, көңіл-күйін сәтті жеткзіп жырлап беріп тұр. Көпшілік ақын сөзбен сурет салады. Мысалы, С.Оспанов «Айлы түн» өлеңі. Өлең ерекшелігі - ақынның айлы түнді ұлттық танымға бейімдей суреттей білуінде.
Бірқатар ақындар өз өлеңдерінде болмысты суреттеп жатпай, оның жеке бір бөлшегін, бір көрінісін бейнелеу арқылы бала ойына ұялата біледі.
Мысалы,К.Ыбыраевтың «Көктем» өлеңі:
Жылы мезгіл жетіпті,
Тастадық біз етікті.
Қар көктемге жеткізбей
Тауға шығып кетіпті.
Бұл мысал ақынның бүтінді бөлшегінде, жалпыны жалқы деталь арқылы бейнелейтін тапқырлығын танытады.
5.Авторлар бала жасына қарай бейімделіп, маманданды. Мәселен, Ж.Смақов өлеңдерінің кейіпкерлері сәбиден мектеп жасына дейінгі өсу формасында бейнеленеді.
Қазақ балалар прозасының тақырыптары: 1-ші тақырып. Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиетінде көрнекті қайраткерлер туралы, азамат соғысы мен Отан соғысына қатысқандар ерлігі туралы өмірбаяндық повестер туды. Қ.Әбдіқадыровтың “Қажымұқан”(1951), Қ.Жармағамбетовтың “Әнші азамат”(1951), С.Бақбергеновтың “Талғат”(1950), “Дина”(1957), С.Талжановтың “Сейфолланың Сәкені”(1959), “Бозторғай”(1960), С.Бегалиннің “Бала Шоқан”(1964) повестерінің бір қымбат қасиеті - өнегелі міндет арқалауында. Бұл шығармалар - тарихи тұлғалар жайында балалар мен жасөспірімдерге лайықталып жазылған дүниелер.
Аталмыш шығармалар балаларды халқымыздың ұлы перзенттерін құрметтеуге, тарихқа адал, достыққа берік болуға тәрбиелейді. Қ.Әбдіқадыров “Қажымұқан” повесінде алтын, күміс, қола – барлығы 45 медальға ие болған, жер жүзіне атағы шыққан Қ.Мұңайтпасовтың өмір жолымен таныстырады. Қ.Жармағамбетов “Әнші азамат” повесінде Парижде ән салып, дүние жүзі өнерпаздарының жарысында екінші орын алған атақты әнші Әміре Қашаубаев жайында жазады. С.Бақбергеновтің “Талғат” повесі Отан соғысы тұсында ерлігімен көзге түсіп, екі рет Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақ ұшқышы Т.Бигелдиновтің жауынгерлік өмірін суреттеуге құрылса, “Дина”(“Күй”) повесі Д.Нұрпейісованың тағдырына арналды.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ кеңес балалар әдебиетінің көтерген мәселесі –соғыс зардаптары салдарынан өздерінің балалық, жастық шағын жоғалтқан балалар, жастар тағдыры жайлы болды. Үш жүйеде өріс алды: біріншіден, жау тылында партизандармен бірге жүріп Отан үшін алысқан, ерлік көрсеткен, көп қасірет шеккен жасөспірімдер мен балалар ерлігі, олардың тағдыры сөз болды. Екіншіден, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Бұлқышев сияқты жастардың ерлігі жайлы туындылар өріс алды. Үшіншіден, майданды қарумен, жылы киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған тылдағы ата-аналар мен балаларға арналған еді.
Қазақ балалар прозасында әуелі бетбұрыс ретінде тәуір көрінген, кейін шиырланып көп жазылған тақырып – Ұлы Отан соғысы тақырыбы. Н.Серәлиевтің “Жеңешем, жорға және мен”, О.Сәрсенбаевтың “Таңбалы тас”, М.Мағауиннің “Бір атаның балалары”, М.Қаназовтың “Чика – Дабылдың баласы”, “Қияндағы күн нұры”, Д.Исабековтың “Біз соғысты көрген жоқпыз”, С.Нарымбетовтың “Айғай” повестері соғыс жылдарында ерте есейген балалық сырын бейнелейді. Қазақ балалар прозасында әуелі бетбұрыс ретінде тәуір көрінген, кейін шиырланып көп жазылған тақырып – Ұлы Отан соғысы тақырыбы. Н.Серәлиевтің “Жеңешем, жорға және мен”, О.Сәрсенбаевтың “Таңбалы тас”, М.Мағауиннің “Бір атаның балалары”, М.Қаназовтың “Чика – Дабылдың баласы”, “Қияндағы күн нұры”, Д.Исабековтың “Біз соғысты көрген жоқпыз”, С.Нарымбетовтың “Айғай” повестері соғыс жылдарында ерте есейген балалық сырын бейнелейді.
2-тақырып. Балалар әдебиетінде 1957 жылдан бері қарай ғылыми-фантастикалық тақырыптағы шығармалар пайда бола бастады. Балалар әдебиетінде 1957 жылдан бері қарай ғылыми-фантастикалық тақырыптағы шығармалар пайда бола бастады. А.Машановтың “Жер астына саяхат”(1957), М.Сәрсекеевтің “Ғажайып сәуле”(1959), “Жетінші толқын”(1964) повестерін атауға болады. А.Машановтың повесі жердің жаратылысын, табиғаттың ұзақ ғасырлар бойғы өзгеріс-құбылыстарының заңдарын, ескінің қалай өзгеріп, жаңаның қалай дамитынын ғылыми тұрғыдан қызықты етіп әңгімелейді. М.Сәрсекеевтің аталған шығармалары техника тетіктерінің әр алуан жүйесінен мағлұмат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |