Ағымдық, аралық, қорытынды бақылауды ұйымдастыру
бойынша әдістемелі нұсқаулық
Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмалары білім алушының күнделікті,
семестр, блок аралығында меңгерген материалдарын бақылау үшін берілетін тапсырмалар
жүйесі. Білім алушының өтілген материалдарды қаншалықты оқып меңгергендін бақылау
мақсатында сөйлеу әрекетінің оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім бөліктері
бойынша тест тапсырмалары түрінде, коллоквиум, жазба жұмыстары немесе ауызша
емтихан түрінде тексеріледі. Білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен
анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен
тапсырмалардың жүйелілігі мен оларды құрастыру белгілі бір ұстанымдар мен талаптар
негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы білімгердің оқу материалын меңгеру деңгейін