Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Басылым: Бірінші ф ену 703-13-17



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата24.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#58950
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бак


10-Апта  

№10-дәріс. 

Тақырыбы: Бұқаралық ақпараттық құралдары тіліндегі бағалауыштық лексика 

Қарастырылатын мәселелер: 

1.  Бағалауыштықтың құрылымдық жүйесі. 

2.  Бағалауыштық лексика элементтері. 

3.  Кері бағалауыштықты білдіретін сөздер. 

 

БАҚ  лексикасын  құрайтын  сөздерге  тән  басты  ерекшеліктің  бірі  -  бағалауыштық 



танытуында  екені  айтылды.  Қолданыс  кезінде  сөзге  қосымша  үстемеленетін,  әлеуметтік 

топтың,  жеке  адамның,  бір  сөзбен  айтқанда,  субъектінің  зат  пен  құбылысқа,  іс-әрекетке 

беретін бағасы бағалауыштық лексиканы құрайды.  

Бағалауыштықтың  құрылымдық  жүйесін  жан-жақты    зерделеген  Э.М.Вольф, 

М.Г.Ивин,  Е.С.Кубрякова,  В.Н.Телия,  т.б.  сынды  ғалымдар  болды.  Қазақ  тіл  білімінде 

бағалауыштық туралы, дұрысын айтқанда, сапа интенсивтілігі  жөнінде орыс және қазақ тілі 

материалдарын салыстыру негізінде З.Қ.Ахметжанова жан-жақиы зерттеу жүргізді. Ол өзінің 

«Функционально- семантические поля русского и казахского языков» (Алматы, Наука, 1989) 

деген  еңбегінде  сапа  мөлшерін  білдіретін  сын  есімдердің  ерекше  тобы  болатындығына 

тоқтала кетеді: «В исследованиях по русской морфологии не раз отмечалась неоднородность 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

группы качественных прилагательных, обращалось внимание на особую группу оценочных 



(или  по  другой  терминологии-градуальных)  прилагательных»  способных  выражать  меру 

(степень) качества (104-105 б). Сонымен қатар сапа интенсивтілігінің төрт бірдей мөлшерін 

белгілейді: «Для общей характеристики интенсивов качества достаточно выделения четырех 

степеней  интенсивности  чрезмерной,  высокой,  усилленой  и  слабой»  (87  б).  Әрине,  ғалым 

ізденісінің жемісі бағалауыштық категория жете зерттелетін еңбектерде басшылыққа алына 

отырып, әрі қарай тереңдетілетініне  күмән жоқ. Сонымен бірге, көрсетілген  еңбекте газет 

лексикасы  бағалауыштығы,  жалпы  бағалауыштық  категория  тікелей  және  жеке  сөз 

етілмейтіндігін ескерту керек.   

Ал Е.М.Вольф болса, бағалауыштықты логика-семантикалық құрылымы синтаксистік 

қызметімен  қабыспайтын  модальдық  қалыпқа  жатқызады.  Бағалауыштықтың  модальдық 

қалыбын жасауға қажетті элементтер: 

 



жеке  адам  немесе  социум  ретінде  танылатын  бағалаушы  эксплицитті  немес 

имплицитті субъект (бағалау субъектінің  көзқарасы, дүниетанымы арқылы жүзеге асады); 

 

баға берілуге тиіс объект  (адам, зат, құбылыс, оқиға, т.б.мен  бағаланушы зат);  



 

баға шкаласының басталар нүктесі мен бағалауыштық стереотиптер.  



Бағалауыш сөздер арасындағы семантикалық байланыс  бағалауға негіз болатын  әрі 

бағалануға  тиісті  объектінің  белгілерін  аспект  етіп  алудан  басталады.  Бағалау  құрамына 

бағалауыштық мотив, баға критерийі, классификатор және деинтенсификатор енеді.  

Бағалауыштықтың  құрамы  күрделі.    Айталық,  бір  зат    екінші  затпен  салыстыра 

бағаланатын  болса,  салыстырылып  тұрған  зат  немесе  соның  бір  белгісі    элемент  ретінде 

бағалауыштықтың  құрамына  енеді.  Бағалау  кезінде  объект  түгелімен  емес,  субъектіге 

маңызды  боп  көрінген  белгілі  бөлігі,  аспектісі  ғана  алынуы  мүмкін.  Бұл  бір  объектінің  әр 

түрлі бағалануына себеп болады.  

«Биылғы қыс  қалың қарлы, боранды болды» (субъект-қыстың объективті бағасы осы  

аталған  табиғи  ерекшелігімен  сипатталатындықтан,  мұндай  кезде  баға  беруде  еркіндік 

болмайды),  бірақ «қыстың  суық, қарлы, боранды болуы» көп жағдайда жолаушы, малшы, 

жалпы  алғанда  адамдарға  ауыр  тиеді,  сондықтан  адамдар  тарапынан  болатын  субъективті 

тұрғыдан баға беру еркіндігі беріледі.  

Хабарлау  мақсатына  қарай  бағалауыштықты    жеткізу  құралдары  бейтарап  немесе 

экспрессивті  болады.  Объектінің  бағалығы  практикалық  жағынан  маңызды  болмаса, 

бағалауыштықтың  эмоциялық  бояуы  басым  түсіп,  субъектінің  объектіге  деген  эмотивтік 

қатынасы анық білінеді:  Мына өмірде ащы  уға сылқия тойып алғандай масаң болып, ырқ-

ырқ  еткен,  дойыр  мінезді,  доғал  әкімдерді  көрсек,  обал-сауапты  білмейтін  масыл 

мансапқұмарларды көргендей боламыз. (ЕҚ., 14.04.98).  

Аталмыш  категорияның  бағалаушы  субъектісі    (коннотациялық    субъект)  үш  түрлі 

функция атқарады: 

1) 


бағалап    отырған  затты,  процесті,  құбылысты  танып-білу  арқылы  іске  асатын 

танымдық функция; 

2) 

 өз  тарапынан  баға  бере  алуы  функциясы  (бағалаушы  адамның  затты, 



құбылысты  және  адам  мен  оның  іс-әрекетін  бағалауда  практикалық    бағыт-бағдарының  

болуы арқылы іске асады);  

3) 

Прагматикалық іс-әрекетпен байланысты эмотивті-квалификативті функциясы. 



Бағалауыштықтың  бір  бөлшегі  ретінде  эмоционалдылық  доминант  болса,  ақпарат 

құралдары коммуникациялық қызметінде оның тыңдаушыға, адресатқа әсерін пайдаланады.  

БАҚ-тағы теріс немесе жағымсыз бағалауды білдіретін сөздер де әр түрлі лексикалық 

қабаттардың  қатысуымен  жасалады.  Бағалауыштықты  білдірудің  күшіне  қарай  интенсивті 

және жағымсыз немесе теріс бағалау түрлері болады. 


 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

БАҚ-та  жағымсыздықты  білдіретін  бағалауыш  сөздердің  қолданыс  аясы  әр  түрлі. 



Олардың  кейбірі  халықаралық  тақырыпта  жазылған  материалдардағы  бағалауды  білдірсе, 

енді  бір  бөлігі  ішкі  келеңсіз  жайттарды  бағалайды.  Яғни,  жанр  түрлеріне  қарай  да 

бағалауыштық элементтерді топтастыруға болады. 

Қоғам  атаулының  өзіне  тән  келеңсіз  жайттары  болады.  Қазіргі  қазақ  БАҚ-ында 

жағымсыз  бағалауыштықтың  интенсивті  түрі  ішкі  келеңсіздіктерді  сынайтын,  сарказмге 

толы  сөздерді  жатқызуға  болады.  Мысалы,  бүгінгі  күні:  жемқорлық,  парақорлық,  ұрлық-

қарлық  –  қоғам  кеселдері.  Бұл  сөздер  қай  кезеңде  де  жағымсыз  мағынаны  білдірген,  яғни 

адамдардың  жасампаз  іс-әрекеттерімен  қатар,  жағымсыз  қылықтары  осындай  біралуан 

сөздермен жеткізіліп отырған. Қоғам кеселдерін бейнеліп беру арқылы бағалауыштық сөздер 

қатары  молайып  отырған.  Осы  жемқорлық  деген  құбыжық  әлеуметке  шыр  бітірмей-ақ 



қойды.  Біздің  заң  жолбарыс,  қабыландарға  арналмаған,  тек  шибөрі,  қарсақ,  күзендерге  

қауқары жететін әлсіз  қақпан сияқты: халық қазынасын опырып жеген қандыауыздардың 

бірнешеуі  ұсталғанымен,  қолданылған  шара  жоқтың  қасы.  Бұдан  кешіксек,  қылмыс 

аждаһасы  күш  бермей  кетеді;  Сонда  Қазақстан  халықаралық  алаяқтықтың  алуан 

түрлерінің  жымысқылығы  үшін  барынша  қолайлы  полигонға  айналғаны  ма?  Осы 

мысалдардағы  қандыауыз,  құбыжық,  қылмыс  аждаһасы  сөздері  («Жетісу»  газетінің  1999 

жылғы  мамырдың  1-күнгі  нөмірінен  алынды)  жалпылама  бағалауыштықты  білдіреді.  Аң 

атаулары  арқылы,  олардың  ауыспалы  мағыналарымен  жағымсыз  құбылыстар  нақтыланып, 

жағымсыздықтың дәрежесі интенсивті түрде беріліп тұр. 

Жағымсыз,  кері  бағалауыштықты  білдіретін  сөздер  түрлі  тілдік  қабаттардың 

қатысуымен жасалады (Б.Момынова). 

    


11-Апта  

№11-дәріс.  

Тақырыбы: Бұқаралық ақпараттық құралдары тіліндегі бейтарап сөздер. Диктор сөзі. 

Қарастырылатын мәселелер: 

1.  БАҚ-тағы бейтарап сөздер қызметі. 

2.  Диктор сөзінің ерекшелігі. 

3.  Диктор сөзінің құрылымдық бөліктері. 

 

БАҚ  тілінде  бейтарап  сөздер  аса  жиілікпен  қолданылады. Бейтарап  сөздерде газетке 



тән  басты  бағалауыштық  ерекшелік  болмайды;  олар  бүкіл  стиль  атаулның  негізін,  сүйегін 

құрайды да, белгілі бір стильге тән деп ен тағуға келмейтін, бейтараптық танытатын сөздер 

болып табылады. 

Бейтарап мағына мен бейтарап сөздер туралы «Қазақ тілі»  энциклопедиясында «Зат, 

құбылыстар  мен  сапалық  белгілерді,  әрекет-қимылдарды  атап  білдіретін  жалпылама 

лексикаға  тән  мағына.  ...  Зат,  құбылыстарды  жағымды-жағымсыз  түрде  бағалау,  сезімнен 

туған бейнелі түсініктер бейтарап мағынаға жатпайды. ... Бейтарап сөздер – тілдердің барлық 

функционалдық  стильдерінде  қолданыла  беретін,  экспрессиялық  реңкі  жоқ  лексика. 

Бейтарап  сөздер  белгілі  бір  стильге  телулі  сөздерге,  экспрессиялық  реңкі  бар  сөздерге 

қарама-қарсы  тұрған  құбылыс  ретінде  танылады.  Және  де  бұл  лексиканы  сөздердің  тура 

мағынасы да, ауыспалы мағынасы да бере алады», - делінген (66 б). 

Бейтарап  сөздер  медиа-әтіндердегі  айтылар  ой  мен  болған  немесе  болатын 

оқиғалардың,  ситуациялардың  мезгіл-мекенін,  уақытын,  мерзімін,  болған  жерін  білдіреді. 

Бұл  сөздер  қатары  «Қайда?  Қашан?  Не?  Кім?»  деген  сұрақтардың  жауаптары  болып 

табылады.  

Бейтарап мәннің көріністері  де әр түрлі.  Айталық, жалқы есімдер қатарына жататын 

қала аттарындағы денотативті фактор бейтараптықты білдіруде негізгі рөл атқарады, өйткені 


 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

ол  атаулар  шындық  болмыс  пен  сөздің  арасын  байланыстырып  тұр.  Ал  газет  мәтіндерінде 



ұшырасатын әр түрлі ғылыми терминдер мен абстрактілі мәнді, мәселен, сана, күш, графика, 

морфология  т.б.  сияқты  сөздерде  олардың  мағыналарын  қалыптастырудағы  негзгі  рөлді 

логикалық  фактор  атқарады.  Бағалауыштық  категория  тұрғысынан  алғанда  бұл  сөздер  де 

бейтарап бола алады. 

Тілдегі стилистикалық және экспрессивті синонимдік қатарлардың негізінде олардың 

бейтарап  доминант  сөздермен  арасындағы  байланысы  жататындығын  мына  мысалдар 

арқылы  бақылауға  болады.  Қысқа,  кішкене,  дембелше  сөздері  адамға  (бейтарап  сөзге) 

стилистикалық  синоним  болып  табылады.  Бұл  қатардағы  сөздер  ішкі  ұғымдық  мазмұны 

жағынан  қысқа  сөзіне  бағынышты  болып  келеді,  өйткені  қалғандары  қысқаның  әр  түрлі 

оттенктерін, реңктерін білдіріп тұр.  

Әр  ұғымның  мағыналық  көлемі  мен  мазмұны  бар.  Ұғым  көлеміне  белгілі  бір 

құбылыстардың  айтарлықтай  белгілерінің  шоғырлануы  арқылы  пайда  болады.  Ал  сөздің 

мағынасы  жинақтауыштық,  жалпылауыштық  танытқан  сайын  оның  семантикалық 

компоненттері азая береді. Мысалы: 

«Жер  зат.  1.  Өз  осінен  және  күннен  айналатын,  өзінде  тіршілік  бар  планета;  2.Сол 

планетаның  үстіңгі  қабаты,  сыртқы  қыртысы;  3.  Бір  елдің,  облыстың,  ауданның,  колхох-

совхоздың пайдалатын меншікті жері; 4. Мекен, жай, орын; 5. Ауысп. Ел, жұрт, ауыл, өскен 

орта;  6.Ауысп.Мезет,  кез,  уақыт,  мезгіл;  7.  Рет,  жөн,  ыңғай»  (ҚТТС,  4-том,  90-91  беттер). 

Жер сөзінің лексикалық мағынасын құрайтын элементтер осы құбылыстардың белгілерінен 

тұрады, мазмұнында абстрактілік басым. 

Ал  туған  жердің  ұғымдық  көлемі  тар  болғанымен,  мазмұны  кеңи  түседі.  Өйткені, 

оның мазмұнына сол туған жердің ерекше белгісі ретінде «адамның кіндік қаны тамған жер» 

семасы  да  қосылады  әрі  айтарлықтай  бір  белгісі  нақтылана,  айқындала  түседі.  Бұл  сөздің 

абстарктілі  деңгейі  төмендеген  сайын  мазмұнының  байи  түсетіндігін  көрсетеді.  Оны 

төмендегі схема арқылы былайша көрсетуге болады: 

жер  (планета)-  жер  (жер  қыртысының  үстіңгі  қабаты)  –  жер  (Отан, мемлекет  –  жер 

(облыс, аудан, территориясы) – жер (адамның туған жер) т.с.с.  

Осындай  мағыналық,  мазмұндық  көлеміне  қарай  да  бейтарап  сөздер  қатарының 

ерекшеліктерін тануға мүмкіндік береді. 

Тіліміздегі  өздік  есімдіктер  де  бейтараптанған  сөздер  қатарына  жатады,  өйткені 

есімдіктер  арқылы  кез  келген  сөйлеуші  адамды  белгілеуге  болады,  сол  себепті  сілтеу 

есімдіктері  кез  келген  құбылыс,  оқиға,  іс-әрекет  атауы  болып,  бейтарап  мәнде  жұмсала 

береді.  Мысалы,  Бұл  елде  әйелдердің  ерлермен  тең  құқылы  осыдан  ширек  ғасыр  бұрын 



заңдастырылған  болатын  (Е.Қ.,  12.12.99).  Бұл  Елбасының  өз  халқына  арналған 

жүрекжарды арнауы іспеттес (сонда); Ол Жапониядағы қазіргі саяси және экономикалық 

жағдайлар туралы жан-жақты әңгімелеп берді (сонда) т.б (Б.Момынова). 

Қорытынды  жаңалықтарды  жүргізетін  дикторлардың  негізгі  қызметі  –  белгілі  бір 

факт,  уақиға,  мәселе  жөнінде  жұртшылыққа  ақпарат  беру.  Диктор  ақпарат  беру  барысында 

өзінің  жеке  субьективтік  пікірін  білдірмейді,  оқиғаны  талдамайды,  ол  тек  нақты  фактілер 

келтіру  арқылы  болған  оқиғаны  ғана  баяндайды.  Диктор  сөзі  іштей  бірнеше  бөліктерден 

тұрады (ұйымдастыру, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері) (Д .Бисмильдина).  



 

12- Апта  

№12-дәріс. 

Тақырыбы: 

Бұқаралық 

ақпараттық 

құралдары 

тілінде 

ауызекі 

сөйлеу 

элементтерінің қолданылуы. Арнаулы репортаж тілі. 

Қарастырылатын мәселелер: 

1.  БАҚ тілінде диалект сөздер қолданысы . 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

2.  Варваризм, жаргондардың уәжді, уәжсіз қолданылуы. 



3.  Арнаулы репортаж тілі және ауызекі сөйлеу элементтерінің жұмсалуы. 

 

Диалектілердің  әдеби  тілге  тигізер  әсері,  әдеби  тілдегі  қолданыс  сферасы  жөнінде 



қалыптасқан  көзқарастар  бар.  Көркем  әдебиетте  диалектілік  элементтер  кейіпкер  тілінде 

көркем образды жасау үшін қолданылатын тәсіл деп бағаланады. Осындай пікірді БАҚ-тың 

кейбір жанрларына қатысты айтуға болады. Мыс: сұхбат, репортаж, фельетон, юмор, сатира 

т.б.  диалектілік  элементтердің  ең  көп  қолданылатын  жері  облыстық,  аудандық,  яғни 

жергілікті БАҚ болып саналады.   

Варваризм  –  белгілі  бір  тілдің  нормасына  қайшы,  ол  тілдің  заңы  бойынша  «теріс 

құрастырылған» сөз формалары мен сөз тіркестері; варваризм – әзірше бөгде тілге толық ене 

алмай,  кейбір  мұқтаждықтарды  өтеу  үшін  қолданылатын  шетел  сөздері  мен  сөз  тіркестері. 

Мысалы  варвризмдердің  уәжсіз  қолданылуы:  Төл  теңгесіне  зарығып  жете  алмай  жүрген 

жұрт қайдағы бір қаңғып келген «иностранецті» $ қайтеді? (ЖА) (Б.Момынова) 

Шет  тіліндегі  сөзді  қаз-қалпында  қолдану  да  белгілі  бір  деңгейде  оқырманды  елең 

еткізуі  мүмкін.  Мұндай  уәжді  қолданыстар,  әсіресе,  жағымсыз  бағалауды  жеткізуде  сәтті 

қолданыс табады. Мысалы: Сенатор секіріп жүр тақырыпаты.  

Президент  «сібежий»  сенаторларды  жинап  алды  да:  «Ауыл  мәселесін  зерттеңдер

ертеңнен  бастап  аттарыңды  ерттеңдер!  Қысқасы,  ауылға  қарай  беттеңдер!»    деп  пәрмен 

берді... (Мұхтар Шерім. Жас Алаш. №99. 12.12.2008ж.).   

Келесі  мысалға:  Көшпенділердің  жарнамасына  америка  25  миллион  доллар  түгілі  25 

цент те жұмсаған жоқ тақырыпатындағы мақала алынады. 

Көшпенділердің жарнамасына америка америка 25 миллион доллар түгілі 25 цент те 

жұмсаған жоқ. 

-Мұны бағыңыздың жанғаны деп түсінуге бола ма? 

-«В  нужное  время  оказаться  в  нужном  месте»  демекші,  мен  дер  кезінде  қажетті 

орыннан табыла білдім. (Талғат Теменов.  Жас Алаш. №2. 08.01.2008ж.). 

Баспасөз беттерінде кездесетін жаргон сөздер де прагматикалық мән үстеуге қабілетті 

келеді.  Мысалы,  Жәйремнің  жандаралы  ма,  жан  алары  ма?..  тақырыпатымен  берілген 

мақалада  қораға  кіргізу  (тығырыққа  тіреу),    сындыру  (көндіру)  сияқты  жаргон  сөздер 

қолданыс тапқан.  

«Сол  жерде  тұрған  балалардың  біреуі»  Өсерхан  Қалмұханға:  «Сен  үшін  біз  «қораға» 

кіріп жатырмыз, 5000 теңгеге... ...осы жақта сен сияқты сынбаған жігіттердің талайын 

Қаражалда сындырып тастағанбыз, сені де сындырып тастаймыз, одан да өзіңді де, бізді 

де  қинамай  құтыл!»  деді  (Салтан  Сәкен.  Жас  Алаш.  №70.  03.09.2008ж.)  (Дәулеткереева 

Н.Ж.). 


Репортаж тілінің бір ерекшелігі – тілшінің сұхбат алуы барысында ауызекі сөйлеу тілі 

үлгілерінің кездесуі. Ауызекі сөйлеу тілі белгілерінің репортаж стилінде кездесуі оның мән-

маңызын,  рөлін  анағұрым  кең  аша  түседі.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  үлгілері  репортаж 

жанрында  жоғары  эмоциялық  күйге,  мәнерлілік,  айқындылық,  бейнелілікке  ие 

(Д.Бисмильдина).  

 

13-апта  

№13-дәріс. 

Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары тілінде жаңа сөздердің, термин, қысқарған 

сөздердің қолданылуының әлеуметтік-лингвистикалық алғышарттары 



Қарастырылатын мәселелер: 

1.  Жаңа сөздерді лексика жүйесіне ендіруде БАҚ тілінің алар орны. 

2.  Бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі терминдер қолданысы. 


 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

3.  Қысқарған сөздердің қолданылуы. 



 

Жаңа  номинациялық  атаулар,  жаңа  қолданыстардың  пайда  болуында  БАҚ  тілінің 

қызметі  ерекше.  Өйткені  БАҚ  арқылы  көптеген  сөздер  жүйеге  түсіп,  нормаланады,  кейбірі 

теринденеді, сонымен қатар бейтерминденудің айқын белгілерін байқауға болады.  

Тақырыптық топтағы терминдерді қалыптастыруда бұрыннан бар атауға түрі жағынан 

ұқсастыра  терминдер  тобын  жасау  әдісі  БАҚ  тілінде  кеңінен  қоладынылады:  аларман  – 

тыңдарман – оқырман – көрермен – оралман; жалақы - жәрдемақы – төлемақы – зейнетақы 

т.б. 


Термин  неологизмдердің  сан  жағынан  өсуі  жаңа  терминэлементтері  мен  жаңа 

лексамалардың  есепсіз  көбеюіне  әкелмейді,  жаңа  номинациялардың  басым  көпшілігі  тілде 

бұрыннан  бар  материалдардың  негізінде  жасалады.  Жады:  адамның  жады  –  компьютердің 

жады т.б. 

Өзге ұлт тілінен енген терминдер қабылдаушы тілдің фактісіне айналады да, осы тілдің 

базалық  негізінде  жаңа  қолданыстар,  туынды  номинациялар  жасалады  терминжасамның 

лексикалық  материалдары  молаяды:  еңбек  биржасы,  қор  биржасы;  жол  полициясы,  кеден 

полициясы т.б. 

Қоғамдық-саяси  терминдер  мен  лексиканы,  экономикалық  қатынасқа  байланысты 

сөздерді  журналистер  кейде  авторлық  шартты  қолданыспен  жұмсайды.  Мыс.  Мамадардың 

айтуына  қарағанда,  Польшада  осыған  ұқсас  ситуацияны  сілейме  (шоковая)  терапия  деп 

атағанға ұқсайды (ЖА). 

Метафора  арқылы  жасалған  терминдер  өзіндік  бір  жүйе  құрайды,  соның  нәтижесінде 

бір-бірінен  алшақ  жатқан  ғылым  салаларының  терминологиялық  жүйелері  жақындасады: 

атмосфера  (геогр.)  –  атмосфера  (ортаның  көңіл-күйі);  терапия  (мед.)  –  сілейме  терапия 

(экон.) т.б. БАҚ терминжасам жүйесіне әсер етеді, терминдену бағытын, эволюциясын БАҚ 

тілі белгілейді. 

Қысқарған  сөздер  БАҚ  тілінде  өте  жиі  жұмсалады.  Атауларды  қысқартып  беру 

«Қазақта» бастау алған десе болады. Онда Г.Дума түрінде қысқартылған атау кездеседі. Ал 

кеңес үкіметі тұсында бұл тәсіл ерекше қанат жайды. (Б.Момынова). 

«Обращает  на  себя  внимание  то,  что  в  переломные  моменты  истории  особенно 

продуктивными  оказываются  не  суффиксальные  дериваты,  а  исторически  менее 

свойственные русскому языку различные словосложения и сложносокрощения» (Шанский), 

Бүгінгі  БАҚ  тілінде  де  қысқарған  атаулар  көп  қолданылады.  Мыс:  ЕАЭО,  Аэроғарыш, 

Казкоммерцбанк т.б.     

         



14-Апта  

№14-дәріс  

Тақырыбы:  Медиамәтіндегі  тілдік  емес  құралдар  қолданысы.  Креолды  мәтін 

сипаты. 

Қарастырылатын мәселелер:  

1.  Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік емес құралдар, түрлері. 

2.  Ауызша әдеби сөйлеу тілінің интонациясы 

3.  Креолды мәтін сипаты.  

 

БАҚ-тағы  паралингвистикалық  құралдар  берілетін  хабарды  толықтырып  қана 



қоймайды,  сонымен  бірге  адресант  туралы  ақпаратты  да  жеткізуге  қатысады. 

Паралингвистикалық  құралдар  қандай  дәрежеде  жұмсалса  да,  олар  -  ауызша,  жазбаша 

сөйлеудің  ажырамас  құрамдас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Паралингвистикалық  құралдар 


 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 


 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 

 

ғылыми  зерттеулерде  үш  топқа  жіктеледі:  фонациялық,  кинесикалық  және  графикалық. 



Бұлардың барлығының дерлік БАҚ-тағы ақпаратты жеткізуде атқаратын қызметтері ерекше.  

Графикалық паралингвистикалық құралдарды қолдану, ақпаратты, хабарды визуалды 

берумен  байланысты  бүгінгі  күні  ерекше  орынға  шығып  отыр,  б

ұл  үрдіс  ақпараттық, 

компьютерлік,  мультимедиялық  технологиялардың  дамуымен  де  тығыз  байланысты. 

Графикалық  паралингвистикалық  құралдар  түрлі  жарнама  мәтіндері,  афиша-плакаттар, 

интернет  желісіндегі  ақпараттар,  газет-журнал,  теледидардағы  т.б.  хабардың  визуалды 

жеткізілуінде  ерекше  орынды  иеленеді. 

Мазмұнды  визуалдау  көркемдегіш  және 

композициялық  әдіс-тәсілдермен  бірге  ақпараттар  ағынын  ұйымдастыруға  қатысады.  Бұл 

қабылдаудың қарқынды және нәтижелі түрде  жүзеге асуына мүмкіндік береді. Графикалық 

құралдар  адресаттың  назарын  өзіне  аудартып,  оған  эмоционалдық  тұрғыдан  әсер  етіп, 

қызығушылығын да оятады. Әріп, түс, композиция және түрлі суреттер – бұлардың барлығы 

да  жай  ғана  элементтер  емес,  коммуникацияның  тиімді  жүзеге  асуын  тудыратын  және  сол 

мазмұндық  құрылымның  алдыңғы  қатарға  шығуына  көмектесетін  әдіс-тәсілдер  болып 

саналады (М.Ахметова). 

Адам баласы қоғамда болған оқиғаларды БАҚ-тан көру, есту қабілеттерінің арқасында 

ақпаратты  жылдам  түсініп  қабылдайды  әрі  оны  көпке  есінде  сақтайды.  Телерадио  БАҚ 

ішінде  хабарды  ауызша  тарататын  және  саны  шексіз  аудиториямен  диалогтік,  дискурстық 

сипатта  екіжақты  байланысқа  түсетін  үдеріс  болғандықтан,  олардың  тілдік-стильдік 

ерекшеліктерімен  қатар  күрделі  суперсегменттік  деңгейін,  сөйлемдердің,  мәтіннің  жалпы 

интонациялық сипатын да ескерген жөн. Интонация – ауызша сөйлеу тілінің негізгі құрамдас 

бөлігі  және  ерекше  белгісі.  «Интонацияның тоны,  ұзақтылығы,  интенсивтілігі,  тембрі  және 

тағы  да  басқа  компоненттерінің  қасиеттері  сөйлемнің  коммуникативтік,  эмоциялық  

мағынасына зор әсер етіп, оны өзгертіп, түрлі реңкке бояп отырады» (Д.Бисмилдина). 

Лингвистикада  креолды  мәтіндер  (әртекті  екі  бөліктен:  вербалды  және  бейвербалды 

құралдардан  тұрады)  деген  түсінік  қалыптасты.  Креолды  мәтіндердің  коммуникативтік, 

психологиялық,  прагматикалық,  функционалдық  сипаттары  көптеген  зерттеушілердің 

еңбектерінде  қарастырылуда.  Мәселен,  Қ.Ө.Есенова  ғылыми  зерттеуінде  медиа-мәтіндегі 

бейлингвистикалық  құралдар  қолданысын  көрсететін  айрықша  тип  –  креолды  мәтіннің 

прагматикалық  әлеуетін  айқындап,  оны  оқырман  санасына  тікелей  әсер  етуші  гетерогенді 

мәтін типі болып табылатын тиімді құрал ретінде бағалайды:  «Креолды мәтіндерді автордың  

прагматикалық  ұстанымын  (материалға  адресат  назарын  бірден  аудару,  әртүрлі  түстер 

арқылы  оқырман  санасында  түрліше  ассоциациялар  туындату,  түрлі  таңбалар  арқылы 

символдық мәнді білдіру, суреттер мен фотосуреттер арқылы мәтіннің вербалды бөлігіндегі 

ақпаратты нақтылай, толықтыра түсу т.б.) барынша айқын көрсететін аса тиімді тәсіл деуге 

болады.  Қазіргі  қазақ  баспасөзінде  бұл  тәсілдің  кеңінен  қолданылуы  журналистикадағы 

жаңашылдық  пен  шығармашылық  еркіндікті  байқатады»  [37б].  Демек,  графикалық 

бейвербалды  құралдарды  қолдану  БАҚ-та  параграфемдік,  психологиялық,  шығармашылық 

т.б. аспектілерде жүзеге асырылады (М.Ахметова).  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет