Жоспар: Кіріспе Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы: ғасыр ортасына дейін


Модерн және постмодерн теориялары



бет5/7
Дата21.11.2023
өлшемі366,75 Kb.
#192634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
DQWYXCGOOCYE20112023213947
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Модерн және постмодерн теориялары
ХХ ғасырдың соңына қарай күннен-күнге қоғам мен қоғамдағы айқын теориялар даму үстінде ме деген сұрақтың өзектілігі артып келді.7 Теорияшылардың шығармашылық топтарының бірі (мысалы, Юрген Хабермас, Зигмунт Бауман мен Энтони Гидденс) біздің өмір сүріп жатқан кезеңіміз заманауи деп аталады, әлеуметтік ойшылдарымыз біздің қоғамды болашағы зор қоғам деп ойлады. Осы орайда біз теорияларға сай қатынастар құра аламыз деп есептеді. Ойшылдардың басқа тобы өзгешелеу ұстанымда болды (мысалы, Жан Бодрийяр, Жан-Франсуа Лиотар мен Фредрик Джеймисон), олардың ойынша, қоғамның өзгергені соншалықты – біз қазір постмодернизациялық деп аталатын заманда өмір сүреміз. Модернистер мен постмодернистер арасындағы айтыс өрши түсті, олар теорияның дамуына әсер етті.
Модернді жақтаушылар
Барлық атақты классик теорияшылар (Маркс, Вебер, Дюркгейм мен Зиммель, Ду Бойс, Гилман) заманауи өмірге қызығушылық танытқан болатын, олар артықшылықтар мен кемшіліктерге үңілетін (Sica, 2005). Олардың соңғысы – Вебер. Әрине, әлем ХХ ғасырдың басынан бастап қатты өзгерді. Заманауи теорияшылар бұл күрт өзгерістерді мойындайды, кейбір теорияшылар бүгінгі әлем мен өткен ғасырдың аяғындағы әлемнің арасындағы алшақтықтан гөрі ұқсастық көп дейді.
Местровиц (1998:2) Энтони Гидденсті «модерннің үздігі» деп атады. Гидденс (1990, 1991, 1992) «радикалды», «жоғары» және «кеш» заманауилық деген терминдерді қолданды, заманауи қоғам мен бүгінгі күннің қалпын сипаттады, бұрында айтылған сол қоғам болғанымен, классикалық теорияшылар сипаттаған құбылыстарда ажырамас байланыс барын да, ерекшелік барын да айқындай түсті. Гидденс бүгінгі заманды басқаруға келмейтін «қуатты күш» ретінде қарастырады. Ульрих Бектің айтуынша, модернизмнің классикалық кезеңі өндірістік қоғаммен байланысты болды, ал жаңа заман «тәуекел қоғамы» сипатымен ерекшеленеді. Егер классикалық жаңашылдықтың негізгі мәселесі – байлық пен оның таратылуы болса, жаңа заманның негізгі мәселесі – тәуекелді минимализациялау мен жою, сондай-ақ оны басқару (мысалы, ядролық апат). Юрген Хабермас жаңа заманды «аяқталмаған жоба» деп қарастырды. Осыдан Вебердің заманындағыдай, қазіргі күндегі негізгі мәселе рационализм екенін анықтауға болады. Утопиялық мақсат, не дегенмен, максималды түрде «жүйе» ретінде және «өмір-әлем» сипатында да рационалдау болып саналады. Чарльз Тейлордың айтуынша, жаңа дәуірдегі тұжырымдама қоғам мен мәдениет және мораль идеяларынан тыс. Ритцердің ойынша, рационализм бүгінгі әлемдегі негізгі үрдіс және Веберді толғандырған рационализмнің «темір торына» түскен жастық мәселелері бар. Егер Вебер бюрократияға баса көңіл бөлсе, бүгінде біз жылдам дайындалатын тағамдар желілерінің мысалында үрдістің парадигмасын қарастырамыз. Қазіргі кезеңде Ритцер осы процестің парадигмасын жылдам тамақтану мейрамханалар ретінде көреді және шартты рационалдықтың өсуін қоғамның макдональдтандыруы деп атайды. Зигмунт Бауман «ағымды» әлем деп атайтын модерндік талдаулар топтамасын шығарды.
Постмодернді жақтаушылар
ХХ ғасырдың соңы постмодернизмнің шарықтап тұрған кезеңі болды. Өзін постмодернист деп санайтындардың қатары бірте-бірте көбейіп, постмодернизм әлеуметтік теорияларға айрықша ықпал ете бастады. Біз постмодернизм мен постмодернистік әлеуметтік теориялар арасындағы айырмашылықты парықтай білуіміз керек. Постмодерн дегеніміз – тарихи дәуір, модерн кезеңінің орнын басқан уақыт.
Постмодерндік әлеуметтік теория – ол постмодерн туралы ойлаудың жолы, әлем өзгергені соншалықты – ол ойлаудың мүлде басқа әдістерін, әлемнің сантүрлілігі ойлаудың жаңа әдістерін талап етеді. Постмодернистер жоғары бөлімдерде айтылған теориялық перспективалардан және ХХ ғасырда ойшылдар өз теорияларында көрсеткен әдістерден бас тартуға бейім болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет