Жоспар: Кіріспе Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы: ғасыр ортасына дейін



бет7/7
Дата21.11.2023
өлшемі366,75 Kb.
#192634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
DQWYXCGOOCYE20112023213947
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Қорытынды
Біз америкалық әлеуметтану теориясының ертедегі тарихынан бастап зерттедік, бұл ілімнің әлеуметтік дарвинизмге еліктеп, әрі Герберт Спенсер еңбектерінен нәр алып, негізінен, либералистік сипатта қалыптасқаны белгілі. Бұл мәтінде ерте кезеңгі екі әлеуметтану теорияшысы – Самнер мен Уордтың шығармашылығы талқыланды. Алайда олар америкалық әлеуметтану теориясында терең із қалдыра алмады. Оған, керісінше, Смолл, Парк, Томас, Кули, Мид сынды ғалымдардың шығармашылығын қамтыған Чикаго мектебі әлеуметтану теориясына, әсіресе символикалық интеракционизм бағытына көп ықпал етті. Осы уақытта Шарлотта Перкинс Гилман сынды әйел әлеуметтанушылар жыныс пен әлеуметтік теңсіздік арасындағы байланысты теориялық тұрғыдан қарастырды. Атланта университетінде афро-америкалық әлеуметтанушы Дюбуа әлеуметтанудың ерекше әдісіне сүйенген өз мектебін құрды. Дюбуа-Атланта мектебі көптеген зерттеу әдістерін қолданған бірінші мектеп болды. Оның нәсілге қатысты қызығушылығы қазіргі кезге дейін өзектілігін жойған жоқ.
Чикаго мектебі көшбасшы болып тұрған кездің өзінде Гарвардта әлеуметтану теориясының түрлі формалары дамыды. Гарвардтағы әлеуметтанудың тууына Питирим Сорокиннің қосқан үлесі зор болды, алайда Гарвардтың әлеуметтануын Толкотт Парсонс Америкадағы ең үлкен мектепке айналдырып, Чикагодағы символикалық интеракционизмді ығыстырды. Парсонс Құрама Штаттарда «ұлы теорияны» легитимизациялағаны үшін ғана емес, Еуропа теорияшыларын Америка қауымдастығына таныстырғаны үшін, сонымен қатар іс-әрекет теориясының дамуына қосқан үлесі, әсіресе құрылымдық функционализм теориясы үшін де әлеуметтану тарихында айрықша орын алады. 1940–1950 жылдары құрылымдық функционализмнің дамуына 1930 жылдары басталып, 1950 жылдары қарқынды дамыған Чикаго университетінің дезинтеграциясы ықпал етті.
ХХ ғасырдың басында марксистік теорияның негізгі жетістігі – Франкфурт, яғни сыни мектепті құруы. Марксизмнің гегельдік үлгісі әлеуметтанушы Вебер мен психоаналитик З. Фрейдке ықпал етті. Алайда марксизм ХХ ғасырдың бірінші жартысында әлеуметтанушылар арасында кең қолдау таппады.
Құрылымдық функционализмнің ғасыр ортасында америкалық теориядағы басымдық дәуірі қысқа болды. Феноменологиялық мектеп, әсіресе Альфред Шюцтың шығармашылығында 1960 жылдары ғана назарға іліне бастады, бірақ ол одан ерте кезеңде қалыптасқан еді. Марксистік теория америкалық теориядан шеттетіліп тасталды, алайда Ч. Райт Миллс радикалды позиция ұстанды. Ол құрылымдық функционализм сыншыларының ішіндегі көшбасшысы болды, оның қарқыны 1950–1960 жылдары үдей түсті. Осы сыни пікірлердің нәтижесінде құрылымдық функционализмге балама болатын конфликт теориясы пайда болды. Ол марксистік теорияның ықпалында болғанымен, конфликт теориясы марксизмнің теріс тұжырымдауынан зардап шекті. Оған қоса 1950 жылы пайда болған тағы бір балама айырбас теориясы болды, оның аз, бірақ тұрақты ізінен ерушілері қазір де бар. Символикалық интеракционизм өзінің әуелгі қуат-күшін жоғалтқанмен, Эрвинг Гоффманның драматургиялық талдауға арналған шығармашылығы осы кезде өз қолдаушыларын тапты.
1960–1970 жылдары күнделікті өмір әлеуметтануының өзге де теорияларында маңызды оқиғалар болды (мұнда символикалық интеракционизмді жатқызуға болады), феноменологиялық теорияға деген қызығушылықтың аздап артуы, ең маңыздысы, этноәдіснама өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңде түрлі марксистік теорияларға 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында Кеңес Одағының құлауы және өзге де коммунистік елдердегі шиеленістер әсер етсе де, олар әлеуметтанудағы өз орнын тапты. Сондай-ақ осы кезеңді зерттей келе, феминистік теориялар, нәсіл және отаршылдық теориялары дамыды. Осы кезеңдегі маңызы өсіп келе жатқан тағы бір теория структурализм және кейінірек постструктурализм болды, оны әсіресе Мишель Фуконың шығармашылығынан көруге болады.
Жоғарыда көрсетілгендерге қосымша ретінде 1980 жылдары басталып, 1990 жылдары жалғасын тапқан басқа үш ірі оқиға болды. Біріншісі – Құрама Штаттарда микро- және макробайланысқа деген қызығушылықтың артуы. Екіншісі – Еуропадағы осы кезде агенттік пен құрылымның арасындағы байланысқа назар аударылуы. Үшіншісі – 1990 жылдардағы синтездік талпыныстардың кең ауқымды дамуы. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы модерн және постмодерн теориялары едәуір қызығушылық тудырды.
Бұл тарау ХХІ ғасырдағы әлеуметтік теорияшыларды қызықтырған бірнеше саланы талдаумен аяқталады. Біз өндіріп-тұтынуға және оны теориялауға қатысты қызығушылықтың арта түскенін көреміз. Оған постмодерн теориясы мысал бола алады (тұтынушы қоғамы постмодерн қоғамымен тығыз байланыста), ол қоғамдағы өндірістің тұтынуға бағытталған өзгерістерін, сондай-ақ әлеуметтану теорияларының пайда болғаннан бері басымдыққа ие болып келе жатқан өндірістік екі мәнділікке қарсы әсерін қамтиды. Жаһандану теориялары әлеуметтану теориясы дамуының осы фазасында маңызды рөл атқарды. Заманауи теория ғылым, технология мен техноғылымның қоғамды қалыптастырудағы атқаратын қызметіне назар аударады. Бұл саладағы негізгі теориялар – актор-жүйе теориясы және аффект теориясы.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ритцер Д., Степницки Д.Әлеуметтану теориясы.

  2. Әлеуметтану негіздері, 9-басылым. Оқулық. Алматы, 2018, Бринкерхоф Д, Уейтс Р., Ортега С.

  3. Әлеуметтану. Оқу-әдістемелік құрал. Түркістан, 2016, Джаппарова Р.( (


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет