Диплом тақырыбы: Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасы



бет1/9
Дата30.03.2022
өлшемі320,3 Kb.
#137310
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Нұрислам диплом
СОӨЖ СӨЖ тақырыптары-2, СОӨЖ СӨЖ тақырыптары-2, Правила ведения реестра ССП, Үмітбек

Диплом тақырыбы: Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасы


Мазмұны
Кіріспе
1. Әлкей Марғұланның өскен ортасы мен заманы
1.1 Әлкей Марғұланның балалық шағы мен өскен ортасы
1.2 Әлкей Марғұланның азаматтық тұлғасының қалыптасуы
2. Ә.Марғұланның ғылыми мұрасы мен қоғамдық көзқарасы
2.1 Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы
2.2 Ә.Марғұлан саяси қуғын-сүргін кезеңінде
2.3 Ә.Марғұланның ғылыми мұрасы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың зерттелу өзектілігі. Марғұлан қазақтың біртуары. Бұл сөздің аясында оның дуниеге келген уақытынан бастап, қайтқан жылына дейіңгі аралықтағы атқарған қызметі шеңерінде көп деректер айтуға болар еді. ол иен далада палатка тігіп, қолына лупасы мен қаламын қоса ұстап, топырақтан сыр тартқан төзім иесі. Ол кезінде аты шулы Орталық Қазақстан, Сарайшық, Талас, Шу экспедицияларын басқарып, Батыс пен Шығыс, Оңтүстік өңіріндегі түркі жұртына тиесілі тылсым сырларды ашты. Аша алмай көкірек тұңғиығында кеткендері қаншама. Қазақ жеріндегі ұлыстарды, соның ішінде Орталық Қазақстанда, атақты Сарарқаны жарты ғасырға жуық зерттеп, қайран қалдырар жаңалықтар ашқан ғалым өзінің шәкірттерімен бірге Орталық Қазақстан халықтарының мұнан төрт мың жыл бұрынғы тарихынан бастап, біздің заманымызға дейінгі мәдениетін жан-жақты көрсететін тарихи-археологиялық ескерткіштерді тапты. Мұсылман дініне дейінгі Қазақстандағы архитектура, Беғазы-Дандыбай мәдениеті атты іргелі еңбектер соның нәтижесі.
Дәндыбай- Беғазы мұрасын сол замандағы тайпалар мәдениетін және сол кезеңдерінің дамуымен дәуірлері қақында соны да салмақты пікірлер ұсынды; - деп өз ойын білдірген.
Тарих ғылымының кандидаты, Қазақ ССР Мемлекетттік сыйлығының лауреаты Кемал Ақышев Әлкей Марғұланды археологияның атасы деп атаған. Ол өз сөзінде - әлекең халық үшін, ғылым үшін, археология саласында ғаламат еңбекқорлықпен, ғибрат боларлық талғампаздықпен жасаған еңбекті қысқаша шолып өткеннің өзінде, сексенге келіп өнеге таратып отырған парасатты ғалым, үлкен адамның бейнесін қапысыз танимыз.
Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том-том бағалы кітаптар жариялап, көпшілік санасының өсуіне, білім қорының молаюына ықпал жасап келгендердің ең көрнектілерінің бірі - Марғұлан деп жазған, профессор Мырзатай Жолдасбеков.
Сондай-ақ, «Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасы» атты зерттеп отырған ғылыми жұмысымыздың барысы ол бүгінгі күндегі барлық отанымызға арналған тарихтың бастаулары болып келеді. Бұлақтың басы тау болса, ғылымның көзі бүгінгі зерттеп отырған Әлкей Марғұлан атамыз болып табылады. Ғалымның атымен аталған, елімізде археологиялық мұражайда барлық ғалымның қалдырған деректері бүгінде сақталып отыр. Әрине ғалымның барлық зерттеу мәселелерін бүгінгі күні оны қайта жаңғырту ол өзекті мәселе болып табылатыны бәрімізге мәлім. Ендеше, «Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасы» атты диплом жұмысымыздың да жоғарыда аталған ғылыми өзектілігін ашар, тың деректер төмендегі мәліметтермен қамтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет