Қорытынды Жоғарыда көріп отырғанымыздай еліміздің тарих саласына өз еңбегін сіңірген және артынан із қалтырған Ә.Х. Марғұлан атындағы мұражайда мәдени қазыналарымыздың көптігіне көз жеткіздік. Бұл зерттеу тақырыбының материалдық жағынан аз болуы, зерттеуді терең меңгеруге толық мүмкіндік болмай отыр. Алайда ойымызыды қорыта келе, археологиялық мұражайдың бүгінгі таңда алар орны ерекше екенін ескергеніміз жөн болар.
Яғни, жоғарыда аталғандай ғалымның өмірі мен оның атқарған қызметі және сол еңбегі барысында саяси көзге ілініп, бағытын бұрған Ә.Х. Марғұланның елімізге сіңірген еңбегі орасан зор. Әсіресе, гуманитарлық ғылымға, мәселен, ғалымның үш жүзден аса ғылыми зерттеу еңбектерін тек қана шолып айтудың өзі мүмкін емес. Бұл еңбектер отанымыздың басқа да ұлы зиялыларының жетістіктерімен бірге дүние жүзінің мәдениет қазынасында қазақ халқының өзіне тән мәдениетін әлемнің өркениет қырынан көрсете алады. Марғұланның өзінен кейін қалдырған бай мұрасы қазіргі ғылымдағы, қоғамдағы болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашақта да маңызын жоғалтпайтын халқымыздың рухани байлығына жатады.
Сондай-ақ, Ә.Х. Марғұлан 1938 ж. ұйымдастырылган КСРО Fылым академиясының Қазақ филиалынан бастап, Казакстан ғылым академиясының тарих, археология, этнография бөлiмдерiнде үздiксiз қызмет жасағандығы белгiлi. Ғылымнын көптеген өзектi мәселелерiне берiлген, оның шешiмiнен өмipдiң мән-мағынасын көре бiлген және жан-жакты бiлiмдiлiк, жоғары адамгершiлiк, сабырлылық, керек болган шакта icке өзiн пайда ету сиякты тамаша адамгершiлiк қасиеттерге ие Ә Маргулан студенттiк шағынан танымал Ресей галымдарымен Казакстан этнографиялык экспедицияларына катысып, Ресей кiтапхана қорлары мен мұрағаттарынан казак тарихына байланысты дерек жинаудан бастап, букiл саналы өмiрiн туган халкынын тарихын, адебиетіне, өнерiне, мәдениетiн зерттеуге белсене араласканын көремiз. Ғалымнын өмipi мен енбек жолы жас ұрпакты елiн, жерiн, бабалар тарихын суюте, отаншылдыкка тәрбиелеуде үлкен өнеге.
Ә. Марғұланның өмірі мен халқына жасаған қызметінің негізгі түйіні ғалымның тар жол тайғақ кешіп жүріп, халқымыздың үзіліп бара жатқан қорын жалғап, халқын терезесі тең халықтар дәрежесіне жеткізуге зор үлес қосуы деп танимыз. Сондай-ақ ғалымның археология саласында атқарған әрбір жұмысына бүгінде жас буынға үлгі өнеге болары сөзсіз. Ал осындай мұраны жинақтайтын мәдение орталық бұл – мұражай екендігін ескеріп, археология мұражайындағы мұрасын дәріптеуіміз керек деп білемін.
Жалпы зерттеу барысында, біз Қазақстанның археология және этнография мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұлан үлкен энциклопедист ғалым жөнінде қысқаша мәлімет келтіріп өтеміз. Ол ғылыми саладағы идеологиялық сарпыншақтарды жойып, тарихи шындықтың бетін ашқан ірі тұлға. Біздің ойымызша, ондай нар тұлға қазақстандық ғылымның көптеген саласындағы алғашқы қарлығашы сияқты, - деп, теңеп өтсекте жарасады екен.
Оның біздің еліміздегі халықтардың аса байлығы, оның көптеген ғылыми эстетикасы яғни осы байлықты ашуға әр мұражай базасындағы рухани және материалды мәдениет ескерткіштерінің сақталуы болып табылады. Мұражайларда бұл мәселені шешу мұражайда сақталған ескерткіштерді өңдеу оны барлық жағынан тереңдетіп зерттеу мүмкін емес. Тек қана бұл жұмысты қажетті жағдайына қарай дамытуға барлық мұражай қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді.
Бәрімізге мәлім, Әлкей Марғұлан қасақана бұрмаланып келген тарихи шындықтың бетпердесін ашты. Ғалымның еңбектерінде бұрынғы қазақтардың арғы бабаларының яғни, көшпелі қазақтардың жері адамзат өркениетінің ежелгі орталығы ретінде сипатталды. Қазақ даласының сұлулығы мен ежелгі қалалардың кереметіне Марғұлан әрдайым бас иіп, үлкен ілтипатпен қарады. Әлкей Марғұлан тарихи шындықтың бетін ашып, сара жол салған ғалым.
Яғни, Сталиндік қуғын-сүргін мен идеологиялық қысым қазақстандық археологияның негізін салушы және халық эпостарын зерттеуші, академик Әлкей Марғұланды да айналып өтпеді. Ғылыми ортада кеңінен танылған Марғұланды кезінде «буржуазиялық ұлтшыл» деп те айыптады. Биыл туғанына 115 жыл толған ғалым жайлы әлі толық зерттелмеген деректер жетерлік.
Әлкей Марғұлан ғылымға идеологиялық қысымның күшейіп тұрған кезінде келді. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бір жыл жұмыс істегеннен кейін студенттік шағын өткізген Ленинград қаласына мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасында оқуға (1920-жылдардың соңы – 1930-жылдардың басында Марғұлан Ленинградтағы үш бірдей оқу орнында оқып, жан-жақты білім алған) барады. Билік қысымына алғаш рет осы кезде ұшырайды.
Сондай-ақ, Әлкей Марғұлан Ленинградта 1938 жылдың соңына дейін оқып, жұмыс істеген. Қазір академик жайлы көптеген өмірбаяндарда оның осы қалада тұтқындалып, психиатриялық емханаға жатқызылғаны жазылып жүр. Ғалым өміріндегі бұл дерек туралы алғаш рет 1998 жылы жарық көрген Әлкей Марғұланның 14 томдық шығармалар жинағының бірінші томында жарияланған академиктің қызы Дәнел Марғұланның мақаласында кеңінен айтылады. Осылайша, жоғарыдағы барлық деректерге сүйеніп, ғалымның Сталиндік саяси құғын-сүргін жоспарынан алшақ қалмағанын байқап отырмыз. Оған дәлел қызының әкесі жөнінде берген сұхбаты да бар. Әрине ғалым өз елінің тарихын шекте қалдырғысы келмейтінін байқауға болады. Сол себепті мұғалім болып жүрген жерінен, қазба жұмыстарға ауысып, ары қарай қазақ мәдениетін, тарихын заттай деректермен жеткізгенін көрсек болады.
Ал, ғалымның ғылымдағы сан саласын жете меңгерген парасатты ғұлама, Қазақстанда археология ғылымының негізін салушы зерделі ғалым, ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, аяулы азамат және педагог Ә.Х. Марғұланды бүкіл қазақ жұртшылығы жақсы біледі, өзінің адал ұлдарының бірі есебінде құрмет тұтады. Ғалымның барлық елімізге сіңірген еңбегі жоғарыды баяндалып өтті.
Жалпы алғанда Ә.Х. Марғұланның жоғарыда аталған тарихи мұралар жөнінде жасалған тужырымдары бүгінгі жағдайда одан ары дамыта зерттеуге лайық. Олар қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін аша түсуге көмектеспек. Қорыта айтар болсақ, Ә.Марғұланның артына қалдырған мол мұрасы қазіргі тарих ғылымында жалпы мәдениетімізде болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашаққа қызмет жасайтын ұлтымыздың рухани байлығына жатады. Ә.Марғұлан шығармашылығын, сондай-ақ тарих ғалымының белгілі бір саласымен ғана шектеп қарастыру қателікке ұрындырады. Өйткені, ғылымның өзі тарихи процестерді жан-жақты өзара салыстыра, ұштастыра зерттеуді мақсат тұтқан. Сондықтан да ол археологиялық ескерткіштерді тарихи-жазба деректермен, тарихи. жазба деректерді аңыз-жырлармен, аңыз-жырларды алдыңғы екеуімен байланыстыра зерттеген.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклорды, ұлттық қолөнерді, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтас жүйесін құру арқылы қолда бар мәдени құндылықтарды сақтау, дамыту және ұтымды пайдалану мақсатына бағытталған құжаттар болып келеді.
Яғни, «Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасы» атты зерттеп отырған ғылыми жұмысымыздың барысы ол бүгінгі күндегі барлық отанымызға арналған тарихтың бастаулары болып келеді. бұлақтың басы тау болса, ғылымның көзі бүгінгі зерттеп отырған Әлкей Марғұлан атамыз болып табылады. Ғалымның атымен аталған, елімізде археологиялық мұражайда барлық ғалымның қалдырған деректері бүгінде сақталып отыр. Біз сол жөнінде сіздерге бүгін осы ғылыми жоба барысында ғалымның дүниеге келген уақытынан бастап, және өскен ортасы мен атқарған қызметін баяндап өтпекпіз. Әрине ғалымның барлық зерттеу мәселелерін бүгінгі күні оны қайта жаңғырту ол өзекті мәселе болып табылатыны бәрімізге мәлім. Ендеше төмендегі деректермен таныс болыңыздар.
Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы ғалымдар болып табылатын тұлғалардың бірі: Кемел Ақышұлы Ақышев, Хасан Алпысбайұлы Алпысбаев, Мир Қасымұлы Қадырбаев, Карл Молдахметұлы Байпақов, Бектөреева Роза Абуталиқызы, және т.б. ғалымдардың еңбегі арқасында атсалысты. Міне осы мәліметтер жоғарыда айтылған деректерден алынған еді. Сонымен қатар кейбір мәліметтер Археология институтының архивінен алынды.
Ә.Х. Марғұланның халқымыздың өткені мен бүгінін ұрпаққа жеткізу мақсатында ертелі-кеш жер астынай, ел аузынан, мұрағаттардан жинаған зерттеу еңбектері, архитектуралық ескерткіштерді зерттеуі, этнография саласындағы. ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулері, қазақ жазуының тарихы туралы еңбектері, шоқантануға қосқан үлесі - бүгінгі рухани байлығымыздың алтын қоры. Москва, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы қалалалары музейлері, мұрағаттары мен кітапханаларында сақтаулы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты деректерді тізіп, көрсетіп кетуінің бүгінгі күні Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруда қосар үлесі аз емес.
Ғұламаның еңбегін елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Көшпенділер мәдениеті мен Даланың әлемдік өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер еткенін жан-жақты терең бағалауға мүмкіндіг туғызған Орталық Азия көшпенділерімен өзіндік мәдениетін зерттеу мен әлемге таныстырудағы Ә.Х.Марғұланның еңбегі өлшеусіз» деп бағалады.
Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның еңбектері Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени, әдеби мұрасы болып табылады. Ғұламанын өмірі бүгінгі рухани-мәдени өмірімізге де үлгі-өнеге бола береді.
Сол себепті де музей ісі мәселесі және ұлттық мәдени мұра туралы сөз қозғанда академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның Қазақстанның тарихи-мәдени Мұралаларын зерделеуге қосқан үлесі ерекше екенін айтамыз. Әсіре ғалымның қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, ескерткіштеріне арналған еңбектерінің музей ісіндегі және бабаларымыздан мұра болып жеткен мәдени құндылықтарымызды толық тануда алар орны туралы айту орынды.
Академик, филология ғылымының докторы, профессор; Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, белгілі ғалым тарихшы, археолог, этнограф, шығыстанушы Ә.Х. Марғұланның жалпы өмірі, ғылыми қызметі туралы осы уақытқа дейін шолу жасалған ғылыми мақалалар мен естеліктер жазылғанымен ғалым еңбектерінің музей ісімен байланысты жақтары нақтылы қарастырылмаған себепті, Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның ғылыми мұрасының археология мұражайындағы маңызын анықтау мақсатында, бұл зерттеу жұмысы жазылып отырған алғашқы зерттеу жұмысы болып табылады.
Сол себепті де мұражай ісі мәселесі және Ұлттық мәдени мұра туралы сөз қозғағанда академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын зерделеуге қосқан үлесі ерекше екенін айтамыз. Әсіресе, ғалымның қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, ескерткіштеріне арналған еңбектерінің мұражай ісіндегі және бабаларымыздан мұра болып жеткен құндылықтарымызды толық тануда тарихи санамызды жаңғыруына айрықша ықпал етері сөзсіз. Сондықтан да біз Әлкей Хақанұлы Марғұлан атындағы археология мұражайының тарихын жазу арқылы мәдени құндылықтарымызды сақтайтын бірден-бір ірі орталық мұражай екендігін ескеріп отырмыз.
Қазақ халқының рухани, мәдени, тарихи мұраларын Зертеу нәтижесінде жазған ғылыми еңбектер, археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері, этнографиялық зерттеулері, көне жәйе орта ғасыр сәулет өнеріне арналған зерттеу еңбектері, халықтың қолөнері туралы, Орта Азия көшпенділері жайлы жазған басқа да іргелі монографиялық еңбектері бүгінгі күні археологиялық, әдебиег және өнер мұражайлары экспозицияларынан көрініс тапты. Сол, мұражайларда сақталып отырған сансыз ұлттық мұраны зерделеуде табылмас қазына көзі болып табылады.
Яғни, қорытындылай келе, ғалымның археологиялық институтта деректердің сақталуы және оның ғылыми жұмысы жөнінде баяндылатын тың деректердің маңызы ерекше. Сондай-ақ өз тұжырымдарыммен жоғарыда көрсеткендей ұсыныстарымның бір бөлшегі ретінде айтып өтетін болсам, дәл ғалымның бізге жеткізген мақсат міндеттері айқын функцияналдық еңбектерді барынша сақтап, сол еңбектерді археологиялық қазба жұмыстармен орнын толтыра берсек, тарихмызды бір жаңғыртып алар едік.