Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеудің болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор деп ойлаймыз. Зерттеу жұмысы барысында жасалған кейбір қорытындылар мен ұсыныстар қазіргі кезеңдегі зиялы қауымның жағдайы мен ішкі ойларын зерттеп түсінуге, оның орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Әлкей Марғұланның өскен ортасы мен заманы
1.1 Әлкей Марғұланның балалық шағы мен өскен ортасы
Халық тарихында, оның мәдениеті мен ғылымында өшпес, өнегелі із қалдырған дана ойшылдар, білімпаз қайраткерлер қашан да сол халықтың өзімен мәңгі бірге жасайды.
Ендеше, халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том-том бағалы кітаптар жариялап, көпшілік санасының өсуіне, білім қорының молаюына ықпал жасап келгендердің ең көрнектілерінің бірі, - Әлкей Хақанұлы Марғұлан жөнінде болмақ.
Жалпы, Әлкей Хақанұлы Марғұлан 11 мамыр күні 1904 жылы Павлодар облысы Баянауыл, ауданында дүниеге келді. Ол – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы. Ал, әкесі Хақан өз заманының сал-сері, әншісі болған. Әжесі Әймен атақты күйші Тәттімбеттің туысы болғандықтан, балалары мен немерелерінің бойларына ән өнерінің тамаша қасиеттерін дарыта білген. Әлкей бес жасында хат таныған. Әкесі Хақан ойдан-қырдан іздеп жүріп, қазақтың ескі жырларын, Абайдың алғаш шыққан өлеңдерін, Абылғазының «Түрік шежіресін» әкеліп береді екен. Жас баланың тіліне, зеректігіне қызыққан ауыл адамдары әдейілеп бір төбенің басына жиналып, оған не қилы дастандарды оқытып, тындауды әдет қылған. Жас баланың зердесі қандай ғажап - «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Мұңлык-Зарлық» - Әлекеңнің балалық шағында жаттап алған жырлары еді. Тағдыр Әлекеңнің мандайына небір шымшытырық хикаялы оқиғаларды, небір елден ерек, күрделі тұлғалы адамдармен кездесуді жазыпты. Бала кезінде Мәшһүр Жүсіптің, Жаяу Мұсаның, Имантайдың алдында отырып, батасын алған. Әлкей Хақанұлы: «Менің ғалым болып қалыптасуыма өскен ортамдағы адамдар әсер етті, олар: Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбікей Сәтбаев, Қаныш Сәтбаев, Хәкім Иманбеков, Жағыпар Секербаев және Жаяу Мұса», - дейтін.
Сондай-ақ, Әлкей бала кезінде бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Әлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі әнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады.
Әлкей Марғұлан қазақ халқының маңдайына біткен асыл тұлғаларының бірегейі. Ұлт мәдениеті мен тарихы, өнері мен ауыз әдебиеті, киіз үй, бейнелеу өнері жайында артына мәңгі өшпес мұра қалдырып, туған елін өркениет биіктеріне жетелеген ұлт зиялыларының аса көрнекті өкілі.
Ғалымның өмірбаянына кішкене көз жүгіртіп өтсек, Əкесі Хақан – атақты Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Бұл туралы ғалымның өзі ылғи да айтып отырады екен. Ә.Марғұланның қызы Дәнел Әлкейқызы бұл туралы былай деп еске алады: «Мәре - сәре отырыстардың бірінде әкемнің «Олжабай батырдың ұрпағымыз» дегені есімде қалыпты» -дейді [1, 2б.]. Деректерге сүйенсек, Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді білген, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа айтқан екен. Өйткені, Әкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, отбасында халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалған және бұл шаңырақта белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан. Бұл туралы ғалымның қызы әкесі туралы естелігінде: «Менің атам – Хақан мен әжем Нүрилә өз заманындағы көргені мен түйгені мол, зиялы адамдар болыпты. Елге танымал әнші қауымның, ақын – жырау, жыршылардың үйлеріне үзбей ағылып келіп жататынын, Абай, Жаяу Мұса, Ақан сері әндері мен Тәттімбет күйлерін алғаш солардан естігенін де әкеміз әңгімелеп отыратын» деп жазған [1, 2б.].
Әлкей Марғұлан өскен осы орта туралы академик Манаш Қозыбаев та былай толғанады: «Әлекең неге дара болды, дана болды деген сауалға бір сәт тоқталайық.
Яғни, қара Ертістің бойын жағалай, Орталық Қазақстанға қарай ойысар, жарыса созылған даланы есе алыңыздаршы. Қалмаққырғаннан шыға бере Қызылтаудың өңірінде Жүсіпбек Аймауытов дүниеге келді. Баянауыл тауының қос өңірінде таяқ тастам жерде Аймановтардың елі, Марғұлан ауылы, Сәтбай ауылы, Сұлтанмахмұт ауылы, Шорман ауылы, Мәшhүр Жүсіп Көпеев ауылы, осы өңірдің Далба тауына жалғасқан жерінде Бұқар баба елі, одан әрі Қарқаралы арқылы Қасым Аманжоловтың еліне жалғасады. Ендеше, Әлкең ағамыз дүниеге келген сол бір дархан дала - ұлы шоғырлардың дәстүрлі елі, кезінде Абылай бастаған ұлы батыр бабаларымыз ту көтеріп дабыл қақса, Бұқар бастаған даналар иісі қазақ елінің рухын шыңдаған даналар өңірі. Басқаша айтқанда, бұл -тұнық бұлағы бар, жайқалған құрағы бар, ата-мекен тұрағы бар, жанған шырағы бар өңір еді. Осы бір өңірде туған ұлылардың есімін атауға бір күн уақыт керек болар еді. Он мың жанға туған ұлылардың үлесін санаса осы өңір барша әлемдік рекордты жасады десек ешбір қателеспеген болар едік. Әлекеңнің ортасы осы ұлылар өңірі» [2, 6б.]. Осылайша Әлкей Марғұланның этнографтық қабілетінің қалыптасуына отбасындағы ұлттық тәрбие мен өскен ортасы өз ізін қалдырған.
Ә.Х. Марғұланның халқымыздың өткен тарихын бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында жер астынан, ел аузынан, мұрағаттардан жинаған зерттеу еңбектері, архитектуралық ескерткіштерді зерттеуі, этнография саласындағы, ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулері, қазақ жазуының тарихы туралы еңбектері, шоқантануға қосқан үлесі – бүгінгі рухани байлығымыздың алтын қоры. Белгілі ғалым М.Жолдасбеков Әлкей Хақанұлы Марғұланның ғылымға қосқан үлесі туралы шынайылықпен былай деп жазады: «Ес білгелі үнемі ізденіс үстінде келе жатқан ғалымның жарты ғасыр ішіндегі сан - салалы табыстарын баяндап, түгел жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да сол қыруар еңбекті жинақтап айтуға тура келеді. Академик Марғұлан Қазақстан мәдениеті тарихының үш саласын бірдей ұзақ жылдар бойы түпкілікті әрі жемісті зерттеп келеді.
Біріншісі – мүсін тастар, ежелгі жәдігерлер; екіншісі – ежелгі миф аңыздар; Орхон жырлары, «Манас», «Алпамыс», «Қорқыт», «Оғыз – наме», «Қозы –Көрпеш –Баян сұлу» тәрізді байырғы эпикалық мұралар; үшіншісі –сәулет өнері, қалалар тарихы. Бұлардың әдепкісі -4 0, екіншісі -70, ал, соңғысы – 60 баспа табақтан тұрады екен. Бұған қоса, Шоқан, Абай, Жаяу Мұса, Ақан сері, Тәттімбет жайлы 20 баспа табақ еңбекті қоссаңыз, академик Марғұланда әлі жарияланбаған қаншама қымбат мұра жатқанын аңғару қиын емес» [3, 322-323бб.].
Қазақстанның кез келген аймағынан үлкенді-кішілі ғұрыптық кешендер және олардың басты атрибуттары тас мүсіндер мен тастағы жазулар жиі кездеседі. Ә. Марғұлан байырғы шеберлердің ісмерлігін көрсететін сәулет өнері түрінің бір айғағы осы тас мүсіндер мен петроглифтерге терең назар аударып, оларды көп зерттеген ғалым. Ғалым шығармалар жинағының «Сарыарқа петроглифтері» атты 3-ші томы мен «Ұлытаудың тас мүсіндері» атты 4-ші томдарына кірген еңбектерінде олардың маңызы туралы айтып өткен. Мысалы, Ә.Марғұлан алдыңғы аталған еңбегінде былай дейді:»Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы таңғаларлық жағдай. Қазақстанның тасқа салынған гравюралары, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы - көне заман жайында дерек беретін даусыз жәдігер. Қазақстан жеріндегі петроглифтердің барлық өлкелерде кездесуі, жасау шеберлігімен, сюжеттік байлығымен таң қалдырады» [4, 8б.].
Әлкей Марғұлан көне түркі дәуіріне жататын түйелі керуендер, салт аттылар, көшпелі ауылдар, көшпенділер емірінің ең маңызды құралдарының бірі болған арбалар бейнеленген петроглифтердің көшпенділер мәдениетінің ерекшелігін керсететінін айтады. Ал, Алтай, Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Құлжабасы, Аңырақай, Хантау тауларында, Қаратау өзенінің жоғарғы ағысындағы жартастарда, Батыс Түрік қағанатына жататын жерлерде Шу езенінің аңғарында, Қордай тауларының жартастарында бөрілі байрақ ілінген ұзын найзамен қаруланған салт аттылар бейнеленген үлкен топ петроглифтері бізге көне түріктердің күші мен ерлік рухын көрсетеді дейді. Осы еңбегінде ғалым тастарда ең көп қашалған бөрі тотеміне кең тоқталған және «Күш-қуат пен биліктің айнасындай көрінген, тайпаның дінін де, жері мен жайылымының да жебеуші рухындай болған бөрі тотемі түркі моңғолдардың ең күшті тотемі» деп атап өткен» [4, 9б.].
Қасқырдың қасиетіне қарап далалы аймақ тайпалары оны өзінің рулық фетишизиміне айналдырған. Ғалым қасқыр бейнесінің көп таралғандығын көне қазақ тайпаларының құдіреттілігімен байланыстырып қараған.
Ал, ғалымның тас мүсіндер туралы зерттеулерінен тас мүсіндердің қалай шығып дамығанын және оларды даму жағынан біріне бірі байланысты екі тарихи дәуірді қамтитындығын көруге болады. Бірінші дәуірдегі мүсіндер
(VI—VIII ғғ.) тарихи дәуірлерде болған ұлы оқиғаны көрсетіп, сол оқиға үстінде кол бастаған ерлерді, ел қорғаған алыптарды еске түсіру ісіне арналған делінсе, екінші дәуірдің мүсіндерінде (IX—XIV ғғ.) бұрынғы мүсіндерінде бұрынғы кездесетін белгілердің көбінің, әсіресе соғысқа байланысты қарулар
(қылыш, бағана тізбегі) мүлде болмағандығы, керісінше бұл дәуірдің мүсіндерінде күнделікті тұрмыс пен шаруашылықтың көріністері елеулі орын алғандығы туралы айтылады.
Ғалымның әсіресе фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Халық ауыз әдебиетінің мұраларын тарихи деректермен салыстыра зерттеуде академик Әлкей Марғұланның еңбегі орасан. К.Ақышевтің пайымдауынша, «археология мен этнографияны және фольклорды ұштастыра білген Әлкей Марғұланның ғылымға сіңірген еңбегі қызық кітаптың айқарма беті сияқты. Осы кітап уақыт озған сайын құнын еселей арта бермек» [5, 45б.]. Оны ғұлама ғалымның «Эпос тударған ортаның мәдениетке қосқан үлесі», «Ежелгі дәуірдегі халықтың аңыздары», «Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер», «Кісі аттары, олардың тарихи негіздері», «Қорқыт туралы қазақтың қара сөздері», «Қорқыт аңызын дәстүр етіп сақтаушылар», «Қорқыт бұрынғы ғалымдар мен ақындар естерінде», «Қорқыт кітабының» қазақ аңыздарындағы елесі», «Қорқыт жүрген жерлер», «Қорқыт музыкасындағы дәстүрлер», «Қорқыттың өліммен күресі», «Қозы –Көрпеш – Баян сұлу жыры», «Қазақтың ерлік жырларыныдағы әлеуметтік сарындар», «Манас жырын жинастыру тарихынан», «Манас жырының мазмұны мен сюжет құрылысы», тағы басқа еңбектерінен айқын көреміз.
Ә. Марғұлан эпостық шығармалардың шығу тарихын әлеуметтік өмірмен байланыстыра зерттеген. Онда да жыр мазмұнын құрғақ талдамай, оларды көне қытай, монғол, ұйғыр, түрік жазба ескерткіштеріне, тарихи деректерге сүйене отырып жазған. Ғалым ерте дәуірде шыққан эпостық жырлардан «Ер Төстік», «Төлеген батыр», «Сұр мерген», «Хан мерген», «Шолпан мерген», «Құла мерген», «Қара мерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Досанды», т.б. күні бүгінге дейін сақталған дейді. Ал, бұлардың ішінен «Ер Төстік» ең ерте дәуірде шыққан бақташылық жырлардың ерекше түрі, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға елестетеді деген түйін жасайды. Ғалым «Ер Төстік», «Хан мерген» жырларының көнелігін оларда кейінгі дәуірдің терминдерінің, мысалы, «шахар», «қала», «қақпа», «кешен», «сарай», «алтын күйме» сөздерінің кездеспейтіндігімен дәлелдейді. Бұл жырда Ер Төстік қолына қару алып жауға шаппайды, керісінше жырдың сюжеті жараталыста кездесетін стихиялармен алысу, сұрапыл боранға, жойқын дауылға, нөсер жауынға қарсы шығу, мал өсіруге тыныштық бермейтін аждахамен, жайынмен, дәумен алысыу, жұт жылдары малды стихиялық апаттан аман алып қалу болып келеді. Бұл фактілер жырдың ерте замандағы үйсін, қаңлы, ғұн жұртының күн көрісі бақташылық екендігін анықтайды дейді.
Әлкей Марғұлан сондай-ақ көрші қырғыз елінің батырлық эпосы «Манас» жыры туралы да төрт-бес мақала, «Шоқан және «Манас» атты еңбек жазып, жырдың шығу тарихын, көп нұсқалы болу себептерін, көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда жан - жақты талдау жасады. Бұл жырды зерттей келе ғалым, қазақ пен қырғыздың салт -дәстүрінің, ойын -тойының ұқсас екендігін жамбы ату, күрес, аударыспақ, тенге алу сияқты ұлт ойындары арқылы дәлелдейді. Екі елдің жырларын салыстыру арқылы қазақ -қырғыз әдет - ғұрыптарының, тұрмыс-тіршіліктерінің ұқсастығын дәлелдеп көрсетеді.
Ә.Марғұланның көшпенділердің көне мәдениеті жөніндегі зерттеу еңбектерінің ішіндегі ең құндыларының бірі - Қорқыт ата туралы еңбектері. Ғалым еңбектерінде оған:» Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған» - деп баға береді [6, 135б.]. Қорқыттың өліммен күресуі, оған көп заман жалықпай дауа іздеуі туралы аңыздарға да назар аудара отырып, ғалым: «Өліммен күресу, адам баласына өлмейтін өмір іздеу жолында Қорқыт халықтың қорғаушысы, халық бұқарасына жан-тәнімен болысатын, оған дем беруді өзіне мұра еткен кемеңгер бейнесінде суреттеледі» - деген пікірін айтады [7, 139-166бб.].
Ғалымның зерттеулері арқылы онда Қорқытқа байланысты айтылатын аңыздардан көптеген қалалардың тарихына, атап айтсақ: Жанкент, Қарашық, Женд, Сығнақ. Ордакент, Сауран тарихына және олар туралы жазылған деректерге де мол қанығамыз. Сондықтан, Ә.Марғұлан эпостық шығармалар туралы мынандай қорытынды жасаған:» Ертедегі Қазақстанды мекендеген көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар жасаған мәдени игіліктерден бізге жеткені эпос пен ою-өрнек айшықтары десе де болғандай. Ал көне дүниенің басқа ескерткіштері, әсіресе, сәулет пен мүсін өнерінің жұрнақтарын ғана білеміз. Мазмұны жағынан қазақ эпосы патриархалдық-рулық қауымдар өмір сүрген көне тайпалардың әлеуметтік тұрмысын, арман-мұраттары мен мүдделерін бейнелейді» [8, 21-25бб].
Академиктің шығармашылығында үлкен орын алған тақырыптардың бірі Қазақстанның сәулет өнері. Ғалымның Т.К.Бәсенов, М.М.Меңдіқұловпен біріге жазған «Қазақстан архитектурасы» деп аталатын монографиясы төрт бөлімнен тұрып, ежелгі және исламға дейінгі, орта және соңғы ортағасырлық кезеңді қамтып, қазақ халқының архитектуралық мұрасы туралы түсінігімізді кеңейтетін жаңа деректерімен ерекшеленді. Бұндағы Ә. Марғұланның «Ерте дәуірдің архитектурасы» еңбегінде алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі құрылыс жұмысы дамуының жалпы бейнесі, Қазақстанның қола дәуіріндегі құрылыс жұмысының дамуы, алғашқы қауымның ыдырауы кезеңіндегі құрылыс мәдениеті, сонымен қатар қаңлы және үйсін рулық одақтары дамуының шарықтау кезеңінде пайда болған ежелгі қалалар туралы мәліметтер келтірілген.
Ә.Марғұлан бұл еңбегінде:» Құрылыс ісінің өнер дәрежесіне жетіп, оның өркендей бастауы қола дәуірінің соңғы кезінен басталады. Бұл кезде құрылыс ісінің негізі мен принциптері жасалып, құрылыс тәсілдері қалыптанды; өзінің маңызын кейінгі ұзақ дәуірлер ішінде де жоймаған балшықтан, ағаштан, тастан жасалған конструкциялар құрылды. Амал қанша, балшық пен ағаштан жасалған құрылыстардың үлгісі бізге дейін құрылыс ісінің тәсілі туралы түсінік беретін көптеген тас құрылыстар сақталып жетті. Қола дәуіріндегі құрылыс техникасының табыстарына ен алдымен кеңістік көлем мәселелерін шешкендікті қосуға болады, одан кейінгі күрделі табыс-төбе тіреулерін ойлап табу, бүрме төбе негізіне сүйелген баспалдақты шатыр төбе идеясын табу» деп жазады [9, 68б.]. Ғалымның бұл тақырыптағы тамаша ізденістері мен талдау нәтижелері ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихи және қоғамдық дамуының толық суретін жасауға негіз болды. Өйткені, сәулет өнері рухани және материалдық құндылықтардың жинағы мен нәтижесі болып табыла отырып, жалпы адами мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде кызмет етеді.
Академик Ә.Х. Марғұланның ғылымдағы аса бір үлкен жетістіктерінің бірі - Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі қуатты мәдениет ошағын ашуы болды. Бұл ғалымның ғана емес, әлемдік археологияның зор жетістіктерінің бірі болды. Ә. Марғұланның қола, темір дәуірі ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізіп, жаңалықтар ашып, тұтас концепциялар енгізуі – ғалымның тарих үшін істеген ерен еңбектерінің санатынан бекем орын алады [10, 46-б.]. Ол бұл еңбектерінде өзіне дейінгі зерттеушілердің қазақ даласын меңіреу, тіршіліксіз бос жатқан, анда-санда көшпенділердің (номадтардың) көші өтетін шөлді, қу дала деген тұжырымдарының жалған екендігін дəлелдеді [11].
Қорыта айтқанда, Ә.Х. Марғұланның өмірі мен оның өскен ортасы жөнінде жоғарыда көрсетілді. Сонымен қатар, ғалымның үш жүзден аса ғылыми зерттеу еңбектерін тек қана шолып айтудың өзі мүмкін емес. Бұл еңбектер отанымыздың басқа да ұлы зиялыларының жетістіктерімен бірге дүние жүзінің мәдениет қазынасында қазақ халқының өзіне тән мәдениетін әлемнің өркениет қырынан көрсете алады. Марғұланның өзінен кейін қалдырған бай мұрасы қазіргі ғылымдағы, қоғамдағы болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашақта да маңызын жоғалтпайтын халқымыздың рухани байлығына жатады.
1.2 Әлкей Марғұланның азаматтық тұлғасының қалыптасуы
Қазақ ғылымының аяулы тұлғасы Әлкей Марғұланның тұлға ретінде қалыптасуы алғашқыда ауылдық мектептен бастауыш білім алған кезден басталады. Яғни, 1915-1919 жылдары Баянауылда ауылдық қоғам ұйымдастырған үш кластық орыс мектебінде оқиды. 1919 жылдың соңында Павлодар қаласындағы мұғалімдік курсқа түсіп, оны 1920 жылы бітіргеннен кейін туған ауылына қайтып оралып, 1-дәрежелі 2-Далба мектебінде мұғалім болып істеді.
Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқутышылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылы бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып, оқуды арман етеді.
Бірақ ғалымның дүниелік ұғымы мен танымы, жан-жақтылығы ешкімге ұқсамайтынын байқаған Әбікей Сәтбаев Семейдегі педагогикалық техникумға жолдама береді. Семейде оқып жүрген кезінде Әлкей Марғұлан Мұхтар Әуезовпен танысып, онымен бірге Абай атамыздың туған жеріне барып, баласы Тұрағұлмен жүздеседі. Осы сапарында ол біраз этнографиялык мәліметтер жинайды.
Семейде Әлкей Хақанұлы «Таң» журналы, «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен тығыз байланыста болып, олардың тапсырмаларын орындап тұрады. 1925 жылы техникумды ойдағыдай бітіріп шығады. Осы жылы М.О.Әуезовтің ақыл-кеңесі бойынша Ленинградтағы Шығыс институтының түркология бөліміне оқуға түседі, сонымен бірге тарих-филология факультеттерінде қатар оқиды. Бұған бірнеше ғұламалардың кеңесі себеп болған еді.1928 жылдан бастап Ә.Х. Марғұлан Өнер институтына жазылады. Ә.Х.Марғұланнын ұстаздарының қатарында көптеген белгілі ғалымдар болды. Оның ішінде әсіресе Орта Азия тарихы мен археологиясы жайында академик В.В. Бартольдтің, Индия фольклоры мен өнері туралы академик С.Ф. Ольденбургтің, араб тарихи әдебиеті туралы И.Ю.Крачковскийдің, тіл білімінің тарихы мен теориясы туралы Н.Я.Маррдың, Орта Азиядағы түркі халықтарының әдебиеті жайында академик А.Н.Самойловичтің лекциялары, сонымен бірге академиктер В.В.Струве, Б.Я.Владимирцов, И.И.Мещанинов, В.Л.Щербаның және Е.Э. Бертельс, С.Е.Малов, Б.М.Эйхенбаум сияқты белгілі ғалымдардың мазмұнды лекциялары Ә.Х.Марғұланның жан-жақты, терең білім алуына көмектесіп, ғылымға деген өлшеусіз құштарлығын оятты. Ол тек студент болып ұстаздарының дәрісін тыңдаумен ғана шектелмей, өзі де ғылыми-зерттеу жұмысына қызу кірісе бастады [12, 6б.].
Ленинградта оқып жүрген кезінен бастап, Ә.Х.Марғұлан қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, әдеби және архив деректерін жинаумен айналысты. Осы жылдарда ол көркем әдебиет саласында да біраз іс тындырды. Оның аудармасы бойынша қазақ қауымы орыстың және шетел жазушыларының көркем шығармаларымен танысты.
Әлкей Хақанұлын зерттеушілік жұмысқа баулыған адамдардың бірі - лагерьде жүріп техника ғылымдарының докторы атағын алған, 50-жылдары таулы Алтайдағы сақтардың Пазырық корғандарын қазып, дүниежүзілік жаңалық ашқан атақты ғалым С.И.Руденко.
1926-1927 жылдары Ә.Х.Марғұлан КСРО Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет мүшесі, академик А.Е.Ферсманның және профессор С.И.Руденконың басшылығымен Қазақстан және Алтай ұйымдастырылған экспедицияларының жұмысына қатынасты. Оның қазақ мәдениеті мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жетік білуі экспедицияның антропологиялық отрядының жұмысына өлшеусіз септігін тигізді. Экспедиция барысында Ә.Марғұлан Ә.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп қызмет жасады. Осы экспедициялық зерттеудің нәтижесінде Ә.Бөкейханов адайларға байланысты мақаласын жариялады. Сонымен қатар Ә.Марғұланның да наймандар мен адайлар туралы жазған алғашқы ғылыми мақалалары баспа жүзін көрді.
1929 жылы Ә.Х.Марғұлан Абай творчествосы туралы жазылған диплом жұмысын ойдағыдай қорғап, институтты бітіріп шықты. Одан соң ол Қазақ КСР Оқу-ағарту Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде қызмет істейді. 1931 жылы Әлкей Хақанұлы Ленинградтағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасына түседі. Аспирантурада оқи жүріп, академик С.Ф.Ольденбургтің және КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.Ю.Якубовскийдің басшылығымен Шығыс елдеріне байланысты деректерді зерттейді. Шығыс Түркістан археологиясы мен өнері бойынша маманданады, көрнекті археолог ғалымдар С.И.Руденко, М.П.Грязнов, А.А.Миллер, Н.И.Репниковтер басқарған бірнеше археологиялық экспедициялардың жұмысына қатынасады.
Ал, 1933 жылы Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі болып қызмет атқарса, 1938 жылы Алматыда КСРО Ғылым академиясы бөлімшесінің ашылуына байланысты тарих саласы бойынша білгір, сауатты ғалым ретінде Әлкей Марғұлан елге шақыртылады. Бұл - Қазақстан ғылымы мен ғалымдары үшін өте бір ауыр кезең болатын. 1937 жылғы қырғын қазақтың тарихы мен әдебиетінің жүгін көтеріп жүрген ғалымдардың көпшілігін жойды. Қазақ елінің рухани жүдеушілігі басталды. Бұл апаттан елді аман алып шығуға К. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә.Марғұландар белсене кірісті. Ә.Марғұланның алдына қойған міндеті әрқилы еді, біріншіден, тарих, археология, этнография ғылымдарын жүйелеп бір жолға қою, екіншіден, ескерткіштерді зерттеуге ел ішіне ірі экспедициялар ұйымдастыру, ғылымға бейімді жастарды тәрбиелеу, тарихтың әр саласынан, әдебиеттен монографиялык еңбектер жазу.
Өзінің 1938-1985 жылдар аралығындағы Қазақ академиясынын қара шаңырағындағы қызметінде ол осы міндеттердің бәрін атқарып шықты.
Мәселен, Әлкей Хақанұлы осындай көп жылдық педагогикалық қызметі арқылы тәжірибелі, шебер ұстаз дәрежесіне көтеріліп, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарих бойнша мектеп оқушылары мен мұғалімдерге, студенттер мен жоғары мектеп оқытушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын шығарған. Мысалы, ол 1941 жылы Қажым Жұмалиевпен бірігіп, «Қазақ әдебиеті» атты орта мектептің 8 сыныптарға арналған оқу құралын жазған. Ондағы ауыз әдебиеті туралы түсінік, тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, «Қорқыт» образы туралы материалдарды Марғұлан атамыз жазып өткен болатын.
Сонымен, Әлкей Марғұлан ғылыми жұмыспен жан-жақты айналыса отырып, оны педагогикалық қызметпен ұштастырып, мектеп оқушылары мен студент жастарға этномәдени білім берумен өзі тікелей байланыстырған әмбебап ғұлама-ғалым және ұлағатты ұстаз болған екен [13, 42-56бб.].
Еліміздегі гуманитарлық ғылымның бағыттарында Ә.Х.Марғұлан араласпаған шаруа жоқ деуге болады. Ең бастысы, қазақтың ғылымның әр саласына көз тігіп жүрген жүздеген азаматтары Әлкей Марғұланның ақыл-кеңесін алды, ғылымға төселді, ғылымның қиындығына, еңбектенуге үйренді, жанында жүрген ұлы ғалымға ұқсап бағуға тырысты.
Әлкей Хақанұлы 1938 жылдан бастап КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында, кейін өз алдына шаңырақ көтерген Қазақ КСР Ғылым академиясында үздіксіз қызмет атқарады. 1941-1946 жылдары археология секторын, ал 1957 жылдан 1976 жылға дейін Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімін басқарады. 1976 жылдан ол палеолит бөлімінің аға қызметкері болды.
Яғни, 1945 жылы филология ғылымының докторы, 1958 жылы Қазақстан ғылым академиясының академигі, ал 1961 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атақтарына ие болды. Әрине бұл ғылыми қызметтердің барлығы да дерлік ғалымның ізденіс жолындағы алған жетістігі деп білеміз.
Сонымен қатар, өмір жолында қазақ халқының этникалық тарихын, заттық және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда өте терең және кең ауқымда зерттеген үлкен ғұлама. Бұған көп жағдайда оның Ленинградта оқыған кезінде сан алуан ғылымдар саласын жете меңгеріп, лингвистика, филология, өнер, тарих, археология және этнография пәндерінен ойына тоқыған қыруар білім, таным қорларының молдығы септігін тигізгені даусыз. Бойына жинақтаған білімін табиғи ақыл-ой парасаты, ерен еңбекқорлығымен берік ұштастыра білген Ә.Марғұланның Қазақстан ғылымының көптеген салаларының, атап айтқанда, қола дәуірі мен орта ғасырлық археологияның, Қазақстан жерінде мекендеген көне халықтар тарихының, қазақ халқының мәдениеті мен өнер тарихының, этнографиясы мен археологиясының негізін салушы ретінде құрметке бөленуі әбден занды. Ол 40-жылдардың басынан бастап көне жазба ескерткіштерді және қазақ халқының рухани мәдениетін, фольклорын жан-жақты зерттеумен бірге, Қазақстан жеріндегі археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіру, табу және зерттеу ісін алғашқылардың бірі болып бастады. Әлкей Хақанұлы Қазақстан жеріндегі көне сауда жолдары мен көш соқпақтарын бойлай өтіп, кең байтақ шөл далалардан, кұлазыған құмдардан ондаған жаңа археологиялык ескерткіштер тауып, оларды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп, ғылым әлеміне танытты. Ә.Х.Марғұланның ғылыми ізденістерінің нәтижесінде Қазақстанда көне мәдениеттің көптеген іздері табылып, археологиялық және этнографиялық зерттеулердің берік іргетасы қаланды. Бұрынғы көптеген зерттеушілер мен саяхатшылардың Қазақстан жерін ежелден бері көшпенділердің бірнеше көш жолдары ғана кесіп өтетін тіршіліксіз құба жон деп санаған теріс екендігі дәлелденді. Қазақстан жерінде тіршіліктін, көне мәдениеттің болғандығы, бірақ әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты олардың үзіліп, көне қоныстарды кұм басып калғаны ғылыми тұрғыда айғақталды. Бұған ғалымның Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Талас және Шу өзендерінің бойынан көне қола мәдениеттін іздерін ашуы дәлел. Отырар, Тараз, Сайрам және Сығанақ қалаларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен бірге, сан алуан көне аңыз-әңгімелер, ертегілер мен эпикалық жырлар нұсқаларын ел арасынан көптеп жинады. Сөйтіп, қазақтың заттық мәдениетімен қатар рухани мәдениетімен де жете шұғылданады [14, 85б.].
Сондай-ақ, ғалымның мұражай –тарих, мұражай – таным, мұражай – тәрбие, әрі тағылым. Ол елдің, ұлттың, халықтың көне өмірінің көрінісі: ақыл, сана, өнер білімінің айнасы. Соған қарамастан күні бүгінге дейін қазақ тілінде мұражай ісі зерттеулер аз... ал шын мәнінде мұражай – білім мен таным ордасы ретінде жастардың дүниетанымы мен жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосады [15, 169-170бб].
Ғалымның халқымыздың өткендегі ұзақ сүрлеу-соқпағын бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ертелі-кеш жер-астынан, ел аузынан, мұрағаттардан жинаған этноархеология ретіндегі зерттеу еңбектері, архитектуралық ескерткіштерді зерттеуі, этнография саласындағы еңбектері, халқымыздың қолөнерін зерттеудегі еңбектері, ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулері, қазақ жазуының тарихы туралы еңбектері, Шоқантануға қосқан үлесі – бүгінгі рухани байлығымыздың алтын қоры.
Музей мәселелеріне байланысты деректерге көңіл аударсақ, ХХ ғасырдың 40-80 жылдары Республика көлемінде жүргізілген археологиялық, этнографиялық зерттеулер» нәтижесінде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мүзейі қоры сансыз музейлік заттармен толықтырылған. Бұл экспо басым көпшілігі әр жылдары музеймен тығыз жұмыс жасаған ұлттық тарихнаманың беделді өкілдері академик Ә.Х. Марғұлан, профессорлар К.А. Ақышев, Х. Арғынбаев, М.С. Мұқановтартың есімдерімен тығыз байланысты [16, 56б].
Ғалымның музей саласына қосқан үлесінің көп болғандығы соншалық, әрқайсысына тоқталу мүмкін емес. Кейіннен ғалымның еңбегін бағалап, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты жанынан Марғұлан атындағы археология мұражайы ашылған болатын.
Шын мәнінде, академик Ә.Х. Марғұлан Қазақстан жеріндегі археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіру, табу және зерттеу істерін алғашқылардың бірі болып бастады. Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Талас және Шу өзендерінің бойынан көне қола мәдениетінің іздерін ашты. Отырар, Тараз, Сайрам және Сығанақ қалаларына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Ә.Х. Марғұлан басқарған экспедиция мүшелері мыңдаған этноархеологиялық ескерткіштерді тауып, зерттеп, жүздеген мұраларды қазды.
Жалпы кең байтақ қазақ даласының сарқылмас бай мұрасын кеңінен игере отырып, оны жаңғырту, халық кәдесіне жарату жолында музейлерде істеліп жатқан шаралар аз емес. Дегенмен, Ә. Марғұланның зерттеу еңбектерінің музей экспонаттарын зерттеу барысында «оларды жасаушы шеберлерді анықтаудағы орны ерекше екенін атап көрсетеміз.
Ә.Х. Марғұланның әдеби-тарихи шолулары мен салыстыруларында анықталған материалдар мүмкіндігінше ғасырлар қойнауынан нәр алатын халықтық өнердің дамуының тереңдігі; оның беріктігі мен өшпейтін өмірлік күшін көрсете білді. Осындай Этнограф пен тарихшыға тән ретроспективтік көзқарас негізінде көркем шығармашылық дәстүрдің үздіксіздігінің сақталуын ескертеді, ғасырлар сарабынан өткен материалды және рухани құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген нағыз халық шеберлерінің нақтылы ережелерге сүйенгендігі ойландырады. Музейлерде жас ғалымдарды жаңа зерттеу жұмыстарына ынталандырады [17, 42б].
Осылайша, еліміздің этноархеологиялық ғылымның жаңа ағымын негізін академик Әлкей Марғұлан қалады. Этноархеология зерттеулерінің басты объектісі болып халықтың материалдық мәдениеті, ал пәні—адамдардың іс-әрекет ерекшеліктері мен әлеуметтік қарым-қатынастарының өзіндік бет-бейнесі болып табылады. Кең байтақ қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен ашылмаған тарихи-мәдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге бұл ғылымның әдіс-тәсілі маңызды рөл атқарады.
Әлкей Хақанұлының бай мұрасы, әсіресе оның Отан тарихын зерттеуде ұстанған методологиялық принциптері ғылымдағы бүгінгі өзгерістермен ұштасып жатыр.
Яғни, қазақтар жайлы гуманитарлық ғылымның тұтас саласын ұйымдастырушы-іс дегенде тынымсыз, табанды да қайратты, сырттан қарасаң әрқашан сабырлы көрінетін өте сезімтал әрі жаны нәзік, тағдырдың небір шырғалаңы мен соққысын көрген ғалым Ә.Марғұлан еді.
Ә.Марғұланның, әсіресе, қазақ тарихының ерте және орта ғасырлар кезеңіне қатысты зерттеулері өз замандастарының еңбектерінен оқшаулау тұр. Біз өзімізднің мақаламызда бүгінгі қазақ тарихындағы өзгерістерге байланысты мынадай бір-екі мәселеге тоқталмақпыз. Олар біріншіден, Отан тарихының ерте және орта ғасырлық кезеңдерін талдап алуға байланысты Ә.Марғұлан ұстанымының ерекшеліктері және олардың бүгінгі кезеңдегі тиімділігі жөнінде. Екіншіден, Ә.Марғұлан өмір сүрген тарихи кезеңде қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктері жөнінде ашық және көбірек жазу-зерттеуші ғалымға аса тиімді еместігі. Бірақ та ғұлама ғалым бұл тақырыпқа жиі әрі батыл барып отырады, яғни бұл мәселе де арнайы тоқталуға лайық тақырып деп білеміз.
Ә.Марғұлан еңбектерінде қазақ жеріндегі алғашқы мәдениет үлгілерін жаратушы халықтар өзге өңірлерден мұнда жетіп, өздерінің «Ағартушылық» міндеттерін орындап болған соң басқа өңірлерге, батыс пен оңтүстік ығысып, жоқ болмайды, яғни олар қазіргі қазақ жерінің автохонды (жергілікті) жұрты.
Аталған кіріспеде Ә.Марғұлан: «Қазақстан өлкесі кейбір үстірт қарайтын адамдардың айтқанындай, тарихи мәдениеттің сілемі жоқ, тек қана жосын жүрген аңның мекені емес, не болмаса ешбір ел қоныс етпеген, тек қана шөл дала емес. Күрделі цивилизация, алтын, күмістен жасалған әдемі бұйымдар, әдемі көзелер, тас мүсіндер, тас жазулар, тас тұнжырлар, таулы жер мен өзен бойын сұлулыққа бөлейтін сәулетті күмбездер, тас сарайлар, шуы көп қалалар мұнда да болған. Бірақ өзгергіш дүние бұларды бірде көркейтіп, бірде жер бетінен сыпырып отырған [18, 306-п].
Бұл ұзақ жылдар бойы қазақ жерін археологиялық тұрғыдан зерттеген ғалымның тұжырымы. Марғұлан пікірінің құндылығы сонымен бірге оның қазақ халқының рухани мәдениетін өнер мен фолклортанушы ретінде де үңіле зерттеуінде болса керек.
Ә.Марғұланның қазақ жеріндегі түрлі тарихи кезеңдеріндегі мәдени құбылыстар арасындағы өзара тікелей сабақтастық жөніндегі тұжырымы оның 40-жылдары жариялаған еңбектерінен көрініс тапқан. Дегенмен, оның бұл пікірі 80-жылдары біржола концептуалдық дәрежеде тиянақталды. Сондай-ақ бұл еңбекте Ә.Марғұлан мен ресми тарихнама арасында алшақтық болғандығы да байқалады. Ғалым мәселен, кейінгі қазақ мәдениеті мен көне ғұн, үйсін, қаңлы мәдениеті арасындағы ортақ желістерді бажырайта көрсетіп жазған болса, ресми тарихнама үйсін синонимін «усунь», қаңлы синонимін «кангюй» деп жазды.
«Ойсылқара» атты тарихи-этнографиялық зерттеуін Ә.Марғұлан «әңгіме» деп атайды. Мақаланы әңгіме деп атауы, әрине, ғылыми-әдістік. Осы зерттеу еңбегінде автор: «ғұн, үйсіндердің көркем өнерін сипаттайтын мәдени мұралар Алматыға таяу жерде Қарғалыдан, Есіктен, Кеген ауданынан табылған алтын алқалар, Талдықорған облысынан табылған алтын өрнектер»,- деген ойды білдіріп Есік қорғанынан ханзаданың алтын сауытымен бірге табылған қазынаның жергілікті үйсін жұртына тәндігі жөніндегі тұжырымды қуаттайтындығын анық айтады [19, 175б].
Ә.Мағұланның пікірінше, ғұн, үйсін кезеңіне тән мұралар Көкшетеудан, Бурабайдан, Сарысу, Тоқырауын, Елек, Еділ өзендері бойынан, Торғай өңірінен табылған алтын, күміс бұйымдарға салынған ою-өрнектер.
Ә.Марғұлан қазақ халқының өркениеттік қалыптасуы мен өзгеруінің негізінде халқы мәдениеті жақындығын терең ұғып, оны зерттеуге аса зор көңіл аударған зерттеуші. Сондай-ақ бұл тақырыпты игеру ісінде ғалым белгілі дәрежеде ортағасырлық тарихшылар Мұхаммед Хайдар Дулати мен Қыдырғали би Қасымұлының еңбектеріне сүйенген. Бұл екі тарихи тұлғаны да Ә.Марғұлан қазақ халқының тарихшылары ретінде қарастырды.
Көрнекті ғалым 1941 жылы «Әдебиет және искусство» журналында «Мұхаммед Хайдар—қазақтың тұңғыш тарихшысы» деген мақаласын жариялайды. Кейінірек, бұл мақаласын ғалым толықтыра түсіп, 1966 жылы «Білім және еңбек» (№2,7) журналында қайта бастырды. Бұл әлемге әйгілі «Тарихи-Рашиди» авторының қазақ халқы мен оның мәдениетіне тікелей қатысы бар тұлға екендігін көрсетуге арналған алғашқы мақала болатын. Ә.Марғұлан Мұхаммед Хайдар мырзаның шыққан ортасы мен тегіне тоқталып: «Мұхаммед Хайдар туысы жағынан Ұлы жүз Дулат руынан болады, оның арғы аталары Орта Азия өлкесінде жасаған саяси жұртшылық ісіне қатысып, тарихтан белгілі орын алған атақты билер. Халық аузында осы күнге дейін айтылатын атақты Майқы би, не кейін шыққан Ұлы жүз үйсін Төле би, бәрі бір ұлыстан тарап, халық мұңының ойлауымен аты шыққан кемеңгер адамдар болған», -дейді. [19, 36б]. Ал кітаптың қазақ тарихын зерттеуге байланысты маңызы жөнінде: «бұл қазақ тарихы туралы жазылған бірінші кітап… жүз жыл ішінде (1450-1540) болған уақиғаны сурететйді. Шағатай ұлысымен Алтын Орданың қалай азып-тозғанын, ол екеуінен тарап шыққан қазақ халқының саяси тіршілігін баяндайды», — деген негізді тұжырым жасайды.
Жалпы Ә.Марғұлан бұл мақаласында Мұхаммед Хайдаридің жеке тұлғасымен оның аталмыш еңбегіне қысқаша мазмұндама беріп, маңызды жақтарына тоқталып, олар жөнінде оқырманды хабардар ету мақсатын ұстаған.
Ә.Мағұланның М.Х.Дулати мырза еңбегіне аса зор көңіл аударуы тектен-тек еместігін, өйткені, «Тарихи-рашидиде» ортағасырлық қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін жол ашатын фактілік материалдар мен тұжырымдар мол. Солардың бір-екеуіне ғана тоқталып өтейік.
Мәселен, Мұхаммед Хайдар Дулати мырза өз еңбегінде «қазақ» немесе «қазақылық» деген ұғымдарды бір емес, бірнеше рет пайдаланады. Алғаш рет ол бұл сөзді Уайысхан өмірінің бастапқы кезеңіне арналған бір кітаптың 29 тарауында Уайыстың өз ағасы Ширмұхаммед Хаинның «қазақы салт-дәстүрді ұстағанына қарсы болғандығын» айтады. Екінші рет сұлтан Сайд ханға арналған 67 тарауда ханның Мансұр ханнан жеңіліс тапқан соң «Моғолстанда қазақы, жүріс-тұрысқа» деген ұғымға ол 2 кітаптың 33-тарауында түсінік беріп өтеді. Одан аңғарылатыны біріншіден, «қазақ» аталған жұрттың әуелде Әбілхайыр ұлысынан жарыла көшкендігі және екіншіден, біраз мезгіл дербес мемлекетті құра алмай, өз бетінше емін-еркін көшіп-қонып жүріп қалғандығы. Сонымен бірге Мұхаммед Хайдар мырзаның айтуына қарағанда, «қазақы өмір салтының» сол тарихи кезеңдегі өзбек және моңғол елдеріндегі өмір салтынан өзгешелігі бар.
Жоғарыда айтылғандай қазақ тарихына байланысты Ә.Марғұлан зор көңіл аударған еңбектердің бірі Қыдырғали Қасымұлының «Тарих-и Оразмұхаммед» атты еңбегі. Бұл еңбекті де дерек көзі ретінде Қазақстанда арнайы талдауға алынуы Ә.Марғұлан есімімен байланысты «күміс сандық құпиясы» атты мақаласында ғалым Ресей кітап қорларына түскен Оразмұхаммед сұлтанның кітапханасы жөнінде жазып, жалпы қолжазба мәдениетінің ортағасырлық қазақ қоғамына да тән болғандығына тоқталады [21, 3б].
«Мұндағы ең қадірлі нәрсе,-деп көрсетеді Ә.Марғұлан, — сол кездегі мәдениетке үлгі болған Сыр бойындағы қалаларға көп тараған тарих, әдебиет, шежіре туралы айтылатын кітаптардың өте сирек түрлерін жиып алуы. Сырдариямен байланысудың мәдениетке үлгі болатын бір келесі түрі—16 ғасырдағы қазақтардың араб харпімен жазған хаттары. Оарда араб жазуы ғасырлар бойы толық қалыптасып, қазақтардағы жазу мәдениеті өзбек, түркімен татарлардағы сияқты бір қалыпқа түскенін көрсетеді.» [22, 3б].
Ә.Марғұлан академик Френнің көрсетуіне сүйене отырып, Оразмұхаммед сандығында сақталып кейін қолжазба түрінде түрлі кітап қорларына шашырап кеткен шығармалардың тізімін де келтіреді. Олар «Насап нама», «Дастан Едиге би», «Дастан Ақсақ Темір», «Сиыршы», «Дастан Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Тарихи-Рашиди» сияқты және т.б. қолжазбалар еді.
Ә.Марғұлан Қыдырғали би шығармасына белігілі тарихшы Рашид-ад Дин туындысының аты берілуі еңбектің деректі маңызын дұрыс бағалауға кедергі болып келгендігін орынды көрсетіп берді. Сонымен бірге, Әлкей Марғұлан Қадырғали би еңбегінің тілі негізінен қазақ тіліне өте жақын, оны қазақша-шағатайша тіл деп айтуға, сондықтан да «Тарихи Оразмұхаммедті» қазақ жазба мәдениетінің алғашқы үлгілерінің қатарына жатқызуға әбден болады деген тұжырымға келеді.
Жалпы алғанда Ә.Марғұланның жоғарыда аталған тарихи мұралар жөнінде жасалған тұжырымдары бүгінгі жағдайда одан ары дамыта зерттеуге лайық. Олар қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін аша түсуге көмектеспек.
Атап айтқанда, Ә.Марғұланның артына қалдырған мол мұрасы қазіргі тарих ғылымында жалпы мәдениетімізде болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашаққа қызмет жасайтын ұлтымыздың рухани байлығына жатады. Ә.Марғұлан шығармашылығын, сондай-ақ тарих ғылымының белгілі бір саласымен ғана шектеп қарастыру қателікке ұрындырады. Өйткені, ғылымның өзі тарихи процестерді жан-жақты өзара салыстыра, ұштастыра зерттеуді мақсат тұтқан. Сондықтан да ол археологиялық ескерткіштерді тарихи-жазба деректермен, тарихи жазба деректерді аңыз-жырлармен, аңыз-жырларды алдыңғы екеуімен байланыстыра зерттеген. Сол арқылы ғалым халқымыздың жүріп өткен тылсым әлемін жарқыратып, аша білген. Бұл әдіс кейінгі буын ғалымдарға да, біз сияқты, мектеп қабырғасындағы оқушыларға да үлгі болса керек.
Ғылымдағы үздіксіз табыстары үшін ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту және Халықтар достығы ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», 1961 жылы оған «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді [23, 15б].
Корыта келе, Ә.Х. Марғұлан 1938 ж. ұйымдастырылган КСРО Fылым академиясының Қазақ филиалынан бастап, Казакстан ғылым академиясының тарих, археология, этнография бөлiмдерiнде үздiксiз қызмет жасағандығы белгiлi. Ғылымнын көптеген өзектi мәселелерiне берiлген, оның шешiмiнен өмipдiң мән-мағынасын көре бiлген және жан-жакты бiлiмдiлiк, жоғары адамгершiлiк, сабырлылық, керек болган шакта icке өзiн пайда ету сиякты тамаша адамгершiлiк қасиеттерге ие Ә Маргулан студенттiк шағынан танымал Ресей галымдарымен Казакстан этнографиялык экспедицияларына катысып, Ресей кiтапхана қорлары мен мұрағаттарынан казак тарихына байланысты дерек жинаудан бастап, букiл саналы өмiрiн туган халкынын тарихын, адебиетіне, өнерiне, мәдениетiн зерттеуге белсене араласканын көремiз. Ғалымнын өмipi мен енбек жолы жас ұрпакты елiн, жерiн, бабалар тарихын суюте, отаншылдыкка тәрбиелеуде үлкен өнеге.
Ә. Марғұланның өмірі мен халқына жасаған қызметінің негізгі түйіні ғалымның тар жол тайғақ кешіп жүріп, халқымыздың үзіліп бара жатқан қорын жалғап, халқын терезесі тең халықтар дәрежесіне жеткізуге зор үлес қосуы деп танимыз. Сондай-ақ ғалымның археология саласында атқарған әрбір жұмысына бүгінде жас буынға үлгі өнеге болары сөзсіз. Ал осындай мұраны жинақтайтын мәдение орталық бұл – мұражай екендігін ескеріп, археология мұражайындағы мұрасын дәріптеуіміз керек деп білемін.
Ә.Марғұланның ғылыми мұрасы мен қоғамдық көзқарасы
2.1 Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы
Жалпы зерттеу барысында, біз Қазақстанның археология және этнография мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұлан үлкен энциклопедист ғалым жөнінде қысқаша мәлімет келтіріп өтеміз. Ол ғылыми саладағы идеологиялық сарпыншақтарды жойып, тарихи шындықтың бетін ашқан ірі тұлға. Біздің ойымызша, ондай нар тұлға қазақстандық ғылымның көптеген саласындағы алғашқы қарлығашы сияқты, - деп, теңеп өтсекте жарасады екен.
Қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан жандар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі – ғұлама ғалым, профессор Әлкей Марғұлан. Ол қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Жастайынан ғылымға құмар болған ол Ресейде білім алып, 1925-1931 жылдар аралығында Шығыс институтында, сонымен қатар, Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқыды [24, 16б].
Атап, айтқанда алғашқы тарихи жазбаларды зерттеп, зерделеген Әлкей мұрағаттар мен кітапханалардың бай қорынан молынан сусындатады. Алыстағы Ленинградта жүргенде-ақ ұлы даланың құпияға толы қойнауы оны өзіне тарта берді. Ленинград мұражайларының әсері өз алдына бөлек әңгіме. Ал Эрмитажға барған сайын Әлкей демін ішке тартып, ежелгі қыпшақтардың материалдық мәдениетінен хабар беретін жәдігерлерге ұзақ қарайтын. Мұндай да халық дастандары мен әндері есіне түсетін. Ал Ленинградта оқыған жылдары Әлкей әдебиетке ерекше ден қояды. Атап айтқанда, орыстың және шетелдің ең озық әдеби шығармаларын аударып, қазақ оқырмандарына ұсынды.
«Студент кезінен-ақ Брезнов, Миллер, Руденко секілді көрнекті ғалымдармен бірге экспедицияға шығады. Бұл археологтар Алтай мен Қазақстанда қазу жұмыстарын жүргізіп, этнографиялық зерттеулер жасайды. Марғұлан адайлар мен наймандар туралы аса қызықты екі мақаласын студент кезінде-ақ жазған. Сол кездің өзінде Брезнов пен Руденко қатарларында студент Әлкей Марғұлан болмағанда бұл экспедициялар орасан зор жетістікке жетпеген болар еді деп көрсеткен», - дейді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Карл Байпақов.
Әлкей Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезде қазақтың халық әндерін жинаушы Александр Затаевичпен танысады. Демалыс кезінде Затаевичпен бірге туған өлкеге келіп, халық әндерін жазып алумен айналысады. Асперантурада оқып жүріп, бірқатар археологиялық экспедицияларға қатысады. Қазақтың салт-дәстүрі, музыкасы мен фольклоры, жер-су атаулары туралы мақалалары мерзімді басылымдарда үзбей жарияланып тұрды. Қазақстанның аса көрнекті қайраткерлері туралы зерттеу мақалаларын да жазды. Ленинградтағы КСРО ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихи институтына ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасады. Бұл үмітке толы аса бір бақытты кезең болатын. Әлкей Марғұлан орыстың танымал тарихшыларымен, археологтармен қоян-қолтық жұмыс істей жүріп, үлкен тәжірибе жинайды.
Бірақ, 1934 жыл оның өмірінің астан-кестеңін шығарады. Сталиндік қызыл қырғын басталған кезде Қазақстанның бір түкпірінен келген, болашағынан мол үміт күттіретін жас ғалымның өз ұлтының тарихына ерекше ден қоюы назардан тыс қалмады. Әйгілі Алашорда қайраткері Әлихан Бөкейхановпен таныстығы да сыныққа сылтау болды. Осылайша, Әлкей Марғұлан алдымен қамауға алынады. Сосын оны Петропавл бекінісінде оқшаулап ұстайды. Ақырында, жүйке аурулар ауруханасынан бір-ақ шығады. Ауруханадан әрең дегенде аман шыққан археолог туған елге жаны да, тәні де күйреп оралады.
«Әлкей Марғұлан Ахмет Байтұрсыновтың, Әлихан Бөкейханның, тағы сондай Алаш зиялыларының үлгі-өнегесін көрген адам. Солардың ізін басқан. Сол себепті де, бұл кісінің тәрбиелігі жұрттан ерекше болды. Сонысын өмір бойы сақтап өтті»,- дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.
Ұлтының тарихына терең үңілгісі келген Әлкей Марғұлан 3 жыл қамауда болды. Оның біраз уақытын жүйке аурулары ауруханасында өткізді. Мұндайда оған жынданып кетпеудің жалғыз жолы – әдемі естеріктер болатын. Әлкей Баянауылды, әке-шешесін еске алды.
Сүйген жары, Мұхтар Әуезов пен Мағжан Жұмабаев сияқты үзеңгілес достары бар ғалымды алда жақсылық пен жаңалыққа толы өмір күтіп тұр еді. Петропавл бекінісінде қамауда отырған Әлкей мақсатқа жету тәсілін өзгерту керек деп шешті. Оның басынан небір қиын күндер өтті. Қуғын-сүргінге де ұшырады, ал ол туралы сыни мақалалар шықты. Қазақстанның өзінде «ұлтшыл Марғұлан тарихты бұрмалауда» деп жазған ғалымдар болды.
Ол 40 жасында аса күрделі тақырып Едіге, Қозы Көрпеш, Қобыланды батыр жырлары негізінде қазақтардың аңыз-әфсанары мен фольклорынан докторлық диссертация қорғады. Осылайша, ол ауыз әдебиеті арқылы тараған осынау аса көрнекті шығармалардың жүздеген жылдар бұрынғы Алтын Орда, Қараханидтер дәуірімен тарихи байланысын аша білді.
Әлкей Марғұлан Қазақстан тарихы мен қазақ халқына қатысты дәйектерін ашық айтатын болса, қуғын-сүргіннен құтыла алмасын жақсы түсінді. Болашақ ұрпаққа бос сөзден гөрі нақты іс маңызды екенін ұқты. Және сол жолда талмай еңбек етті. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, еліміздің бүкіл материалдық құндылықтарын жарыққа шығарып, бабадан қалған асыл мұраны жаңғыртты. Археолог кейде экспедицияларда жарты жылдап жүретін [25, 24б].
Көп ұзамай Әлкей Марғұланның бастамасымен қазақ даласының әр түкпіріне бірнеше археологиялы және этнографиялы экспедиция ұйымдастырылды. Ғалым керуен жолымен және көшпелі қазақтардың ізімен мыңдаған шақырымдар жол жүріп, ондаған археологиялық ескерткіштер тапты. Ол біздің эрамызға дейінгі екі мыңжылдықтың өзінде Қазақстан аумағында өте жоғары деңгейде дамыған өркениеттің болғанын тайға таңба басқандай дәлелдеп берді.
Оңтүстік Қазақстан өңірінен, Сырдария, Талас және Шу өзендерінің сағасынан ежелгі қалалық мәдениеттің іздерін тапқан да Әлкей Марғұлан болатын. Ол Отырар, Тараз, Сайрам, Сығанақ, Сарайшық қалаларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарымен ғана айналысып қоймай, қазақтың жыр-дастандары мен аңыз-әфсаналарын жинады. Бұл зерттеулерінің нәтижесі 1950 жылы жарыққа шыққан «Ежелгі Қазақстандағы қалалар тарихы мен сәулет өнері» деп аталатын монографияда көрініс тапты. Ғылыми еңбекте алғаш рет ірі қалалық өркениет ошақтары жан-жақты суреттеліп, оларға қатысты терең талдау жасалды. Сонымен бірге, ғалым мұндай өркениет ошақтары Қазақстанның Солтүсігі мен Шығысында да болуы мүмкін деген болжам жасады. Осылай, Әлкей Марғұлан өзіне дейінгі зерттеушілердің қазақ даласында ешқандай өркениет болмаған деген жаңсақ пікірін жоққа шығарды.
«Әлкей Марғұлан Орталық Қазақстан экспедициясын басқарып, қола дәуірінің, темір дәуірінің, орта ғасырдың ескерткіштерін ашты. Сөйтіп, Орталық Қазақстанда қола дәуірінде түсті металды иелеп, одан бұйымдар жасағанын дәлелдеді. Орталық Қазақстанның дүние жүзі бойынша түсті металдардың отаны екенін дәлелдеп берді», -деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Уахит Шалекенов [26, 48б].
Әлкей Марғұланның Беғазы-Дәндібай сынды ірі өркениет ошағын ашуы Қазақстан үшін ғана емес, басқа да бірқатар елдер үшін айрықша маңызды жаңалық. Оның жетекшілігімен 30 жылға жуық уақытқа созылған археологиялық қазба жұмыстары қола дәуірі мен ежелгі көшпелі тайпалар кезіндегі ескерткіштер табылды. Бұл зерттеулер номадизм және Қазақстандағы ежелгі қоныстардағы шаруашылық пен мәдениеттің даму процесіне қатысты бірқатар негізгі теорияларды қайта қарауға бастама болды. Осы зерттеулердің арқасында Андронов қоғамының арғы тегі сақтар мәдени қауымы екендігі жалпы көпшілік мойындаған ақиқатқа айналды. Бұл еңбек ғылыми қауымдастыққа түркі әлемінің адамзат өткениетіндегі ежелгі орталық екенін және оның негізінде тау-кен ісі мен металлургия жатқанын дәлелдеді. Осы жұмыстарының негізінде бірнеше іргелі монографиялар жазылып, Қазақ КСР-нің тарихы атты бес томдық жарыққа шықты.
Қола дәуіріндегі Беғалы-Дәндібай мәдениетінің табылуы тағы бір тарихи жаңалықтың ашылуына септігін тигізді. Ғұлама ғалым Сарыарқа жерінде сол ерте дәуірдің өзінде-ақ тау-кені ісі мен металлургия дамығанын айтып, осы өңірде мыс және қалайы кен орындарының жұмыс істегенін дәлелдеп берді [27, 56б].
Қазақстанның археология және этнография мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұлан үлкен энциклопедист ғалым болатын. Ол ғылыми саладағы идеологиялық сарпыншақтарды жойып, тарихи шындықтың бетін ашты. Әлкей Марғұлан қазақстандық ғылымның көптеген саласындағы алғашқы қарлығашы еді. Ол археология, мәдениет және қолданбалы өнер тарихы, сәулет өнер, этнография, қазақ тіл ғылымы саласында бірқатар іргелі еңбектер жазды. Әрқайсысы атан түйе жүк боларлық ауқымды мәселелерді қатар алып зерттеген ғалымның мұрасы әлі талай ұрпаққа қызмет етері сөзсіз [28, 75б].
«Ғылым академиясының басшылары бірінші кезекте Қаныш Имантайұлы Сәтпаев ең жауапты тапсырмаларды берді. Оның ішінде, ерекше айтып өтетіні Шоқанның бес томдығы. Осы Шоқанның бес томдығын даярлау үшін Әлкей Марғұланға дейін екі рет комиссия құрылған болатын. Бірақ, олар Шоқан еңбектерін даярлау жұмысын жүргізе алмай қалды. Содан үшінші рет комиссия құрғанда Қаныш Имантайұлы бұл жұмысты Әлкей Марғұланға тапсырады. Ал Қаныш Имантайұлы Шоқанның ұлы ғалым екенін, оның ұлы мұрасы барын 1921-26 жылдары Томда оқып жүргенде өзінің күнделігіне жазып қойыпты. Ол студент кезінде Шоқанның ізімен жүрген. Оның Шоқанға деген құрметі кейін Әлкей Марғұланға тапсырма болып тиді. Ал, Марғұлан 10 жыл өмірін Шоқанға арнап, 5 томдық еңбегін шығарып кетті», - дейді тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов [29, 27б].
Оның еңбектері бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ол Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтар қазақтар мен олардың ата-бабаларының кейінгі ұрпаққа қалдырған баға жетпес өркениетін, жолын айқындап берді.
«Орталық Қазақстанда қай ауылға барсаң Марғұландар жүр. Қазақ елі оны сондай жақсы көруші еді. Мұғалжар, Орталық Қазақстан, Ұлытау аудандарында қарапайым адамдардың көбі ұлдарына Марғұлан деген есім берген. Бұл үлкен құрмет»,- дейді филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Әуезов [30, 39-41бб].
Мұражайдағы ең негізгі істердің бірі экспозициялық жұмыс. Мұражай экспозициясында жинақталған - көру үшін белгілі бір жүйеде қойылған заттар жиынтығы. Экспозициясыз мұражай-тек қана өзінше ғылыми жіктелген және зерттелген мұрағаттарды сақтайтын архивтік қойма. Мұражайды басқа да ғылыми-зерттеу мекемелері мен ғылыми сақтау қоймаларынан ерекшеленетіндіктен экспозицияны мұражайдың ең, негізгі бөлігі деп қараған жөн.
Мұражайдың экспозициясы мұражайдың алдында тұрған, оның пофилі мен қордың бар - жоғына, сондай-ақ алдын ала: жасалған концепциясының негізіне, тақырыптық-экспозициялық жоспарға, интерьердің көлемдік шешіміне, мұражайтанудың ғылымй принціптеріне сәйкес есептермен құралады.
Мұражай экспозицияны ғылыми зерттеулердің негізі мен тарихи, өнер ескерткіштердің Түп-тұлғаларының, табиғаттан алған үлгілерінің, қосымша түсіндірме мұрағаттардың көмегі арқылы құрады.
Қазіргі кезде мұражай экспозициясы үш ірі тарауға бөлінген: тас ғасыры мен қола дәуірі; ерте темір ғасыры; орта ғасырлар. Мұражайда сонымен қатар «Алтын қойма» жұмыс істейді. Алтын қойманы құру қажеттілігі бағалы металдан жасалған, мыңнан аса заттардың болуына негізделген. Ертеректегі ескерткіштер зергерлік өнердің Қазақстан аумағында б.з.д ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында-ақ, өмірге келе бастағандығының куәсі. Алтын қойманың көптеген жәдігерлері белгілі, Қазақстандық археолог К.А. Ақышевтың «Есік қорғаны» кітабы мен «Қазақстанның ежелгі алтыны» альбомына кірді.
Жалпы мұражайдың жиналым негізін құрайтын заттар мұражайда білім салалары бойынша жүйелендіреді. Содан соң олар осы заттарды оқып үйренудің қайнар көзі болып табылатын ғылым салларында қабылданған санаттарға сәйкес бөлінеді. Негізгі ғылыми санаттардан бөлек экспозиция – тарихи ескерткіштерінің қайнар көздерін оқып үйрену мәдениеттерімен шартталған басқа да жәдігер топтылықтар бар.
Бәріміз білетіндей Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының мұражайындағы экспозициялық жұмыстарға – ғылыми талдау жасау үшін төмендегі кестені ұсынып отырмыз:
№ 1 кесте. Экспозициялық жұмыстарқа арналған ғылыми талдау синтезі.
Ескерткіштерді кезеңге бөлу
|
Экспонттардың сипаттары, саны
|
Бейне суреттері
|
Макет. Көшірмелері
|
Табылған жерлері
|
Ертедегі тас дәуірі
|
Тастан жасалған еңбек құралдары 18-38 бөлшек, жануарлардың сүйегі 7.
|
Ш. Уалиханов тұрағынан көрініс. Қазба жұмысының алғашқы кезеңі
|
|
Тәңірқазған, Бөріқазған 1-Кемер, 2 кемер, Қазанғап, тоқалы.
|
Төмендегі палеолит б.з.д (600-140 мж)
|
|
|
|
|
Орта тас дәуірі б.з.д. (140-40 мж)
|
Тастан жасалған еңбек құралдары 3-бүтін, 3-бөлшек, сүйектен жасалған еңбек құралдары.
|
Оңтүстік қазақстандағы Қараүңгір тұрағының қазба жұмысына дейінгі көрінісі.
|
|
Қарасу
Ұзынбұлақ
Ұзынбұлақ 2
|
Неолит б.з.д. 10-3 мыңжылдықтар
|
Дән үккіш-4 б.з.д. 5-3 мж. Саз балшықтан жасалған ыдыс 3 үлкен 3 кіші жебенің ұштары 4 үлкен, бір кіші, біз-1, ине-1, айна-3 (қола)
|
Қазба жұмысынан көрінісі (қараүңгір)
|
|
Оңтүстік Қазақстан
|
Қола дәуірі. Б.з.д. ІІ-І мж ортасы. ХV ғасыр басы
|
Саз балшықтан жасалған ыдыстар үлкені-5, мыс пен мырыштың қалдықтары, тау хрусталінің кристалы-3
Сүйектен жасалған жебенің ұштары-3 ине
|
Жерлеу
рәсімінен көрінісі
|
|
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу
|
Нұра кезеңі. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасы. Б.з.д ХV-жылдың басы
|
Қоладан жасалған жебенің ұштары-3, айна-4 белдікке арналған жапсырмалар-2, қайрақ-6 жебенің ұштары
|
Жерлеу рәсімінен көрініс.
|
|
Орталық
Қазақстан
|
Атасу кезеңі б.з.д (ХIV-XI ғғ.)
|
Саз балшықтан жасалынған ыдыстар.
Үлкен-3, кіші-1.
|
Жерлеу рәсімінен көрініс.
|
|
Орталық
Қазақстан
|
Беғазы-Дәндібай кезеңі б.з.д VIII ғ.
|
|
Алдынғы жерлеу рәсімдерінен өзгеше, жаңа жерлеу рәсімдерінен көрініс.
|
Қола дәуіріндегі отырықшылардың тұрмысынан көрініс.
|
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу.
|
Ертедегі темір дәуірі б.з.д VIII ғ. VI ғ.
|
Жебенің ұштары (қола-1, айна-4, белдікке арналған жапсырма-2, атты әшекей бұйымдары-5, қайрақ-6, ауыздық-6) жапсырма тастан жасалған бұйым үлкені-15, ұсақ-10. Сүйектен жасалған бұйым-4, қоладан жасалған бұйымдар-2, құрбандық тастары 6.
|
Тасқа қашалған петроглифтердің бейнелері 10.
Күн басты құдай мен соғыс арбаларының бейнелері-2.
|
|
Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, оңтүстік Қазақстан Жетісу.
|
Тасмола мәдениеті б.з.д VII-VI ғғ.
|
Аттың әшекей бұйымдары-61. Қыш бұйымдары үлкені-11, кішісі-11, жапсырмалар-7, құрбандық ыдыстары.
|
Жерлеу рәсімінен көрініс.
|
|
|
Сақтар мәдениеті б.з.б VIIІ
|
Айна-10, білезік-1 (қола), моншақ-4 (сердолик)-6 қышбұйымдары үлкені-2, кішісі-4, тас дасы-1, білезілік-8, егеу-1.
|
Сақтардың жерлеу рәсімдерінен көрініс-2.
Қазба жұмысына дейінгі «Алтын адам» обасының көрінісі.
|
Бесшатыр обасының көшірмесі
Алтын адамның көшірмесі
|
Іле өңірі Жетісу.
Жетісу, Іле өңірі
|
Үйсіндер мәдениеті б.з.д ІІІ ғ.
Сарматтар мәдениеті б.з.д VI-ІV ғ.
|
Аттың әшекей бұйымдары-26, жапсырма-2, құрбандық тастары-2, айна-13, сүйектен жасалған бұйымдар-8, ожау-1, тас бұйымдары-7, алтын жапсырмалар көшірмесі-4.
|
|
Үйсінің антрополгиялық мүсіні
Савроматтың антропологиялық мүсіні
|
Батыс Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
|
VI-ХІІ ғғ. мәдени ескерткіштер
Тараз VI-ХІІІ ғғ.
Қазақстанның архитектурасы
Отырар VI-ХVІІІ ғ.
Заттай мәдениеттер ХVІ- ХVІІІ ғғ.
|
Луговое (Құлан) бекетінде ойып жазылған ұстыны-1
Құйма қыш бұйымдары-139, ошақ аяқтары-1, сүйектен жасалған бұйымдары-8, тас бұйымдары-19 ағаш және темір бұйымдары-22, рәсімдік ыдыстар-3, дастархан-6, әйнек бұйымдары-19.
|
Тараз қаласының су құбырының көрінісі (VІ-ХІІ)
Ертедегі Сауран қаласының қираған көрінісі
Сауран қаласын сумен қамтамасыз ету (аэросурет) ХV ғғ.
Жауынгерлердің қабірі (Жамбыл). (ХІV) Қазба жұмыстарына дейінгі Отырар қаласының көрінісі
Отырар қаласындағы үйлердің ішінде салынатын пештардан көрініс.
|
Айша-бибі мазарының кішірейтілген көшірмесі Х-ХІІ
Қожа Ахмет Яссауи мазарының кішірейтілген көшірмесі
Қозы көрпеш-Баян Сұлу мазарының кішірейтілген көшірмесі (ХІV) (Таңсық) Құйрықтөбе қаласындағы сарайдың ойып жасалған ұстыны
|
Павлодар Ертіс жағалауы, Жетісу, Іле бойы, Оңтүстік Қазақстандағы Тараз, Отырар, Талғар қалалары.
|
Мұражайдың құрылуы салдарынан тарихи білімдерді уағыздау деңгейі өзгерістерге ұшырады. Атап айтсақ, ғылыми ізденістердің ауқымы ашылды, археологиялық дүниелерді ұқсату және сақтау жұмыстары жан-жағынан табылды. Бұл жұмыстар ондаған жылдар бойы жиналған, терілген дүниелер үшін аса қажет еді.
Жоғарыдағы кестеге талдау жасасақ, ондағы археология мұражайының көздеген мақсаты Қазақстан территориясында ерте заманнан орта ғасыр кезеңіне дейінгі адамзат қоғамының даму тарихын көрсетеді.
Жалпы мұражай алғаш пайда болғанда осылай болуы мүмкін. Мұражайдың осыдан кейін қалыптасуы мен олардың көпшілігі тарихи бағытққа айналды. Олар адамзаттың өркениет тарихындағы ескерткіштерінің сақтаушысы-қор жиынтығы арқылы қоғамдық тарихпен байланыстыра отырып, тарихты ашып көрсетеді.
Болашақ ұрпақты ұлттық-идеялық бағытта тәрбиелеуге музейдің ғылыми жұмысы-музей коммуникациясының маңызды элементі, - оның иядеясы, өнегелігі, эстетикалық тәрбиенің білімін хабарлауда тереңділігін, қоғамдық активті тұлғаның үйлесімді бағытта дамуын қалыптастырады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы рухани дамудың жаңа сатысына көтерілді. Осыған орай өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізге сай келетін және ұлттық мұраттарымыз бен мүдделерімізге үйлесетін мемлекеттік бағдарлама қажет. Біздің еліміздің ұлттық рухани айнасы – бұл мұражай. Ұлттық бірекейліктің күшейтілуі – қоғамдық тәртіптің және прогрестің, ұлттық азаттық пен тәуелсіздіктің негізі. Ал ұлттық ынтымақты күшейту үшін отан сүйгіштік, азаматтық және кәсіптік моральдардың күшейтілуі, биіктетілуі қажет. Ұлттық мәдениетіміздің саналы түрде биіктелуі қажет. Ұлттық мәдениетіміздің саналы түрде биіктелуі қандай ұйымдарға зәру? Алдымен ұлттық мәдениетімізді бізге дейін сақталған жасырын бұрыштардан зиялылардың көз алдына алып шығатын іздестіру мекемелеріне мұқтаждық бар. Бұл міндетті орындайтын мекемелер мыналар: ұлттық мұражай, этнографиялық мұражай, ұлттық тарих кітапханасы статистикалық бас басқарма [31, 56б].
Қорыта айтқанда, Әлкей Марғұлан қасақана бұрмаланып келген тарихи шындықтың бетпердесін ашты. Ғалымның еңбектерінде бұрынғы қазақтардың арғы бабаларының яғни, көшпелі қазақтардың жері адамзат өркениетінің ежелгі орталығы ретінде сипатталды. Қазақ даласының сұлулығы мен ежелгі қалалардың кереметіне Марғұлан әрдайым бас иіп, үлкен ілтипатпен қарады. Әлкей Марғұлан тарихи шындықтың бетін ашып, сара жол салған ғалым.
2.2 Ә. Марғұлан саяси қуғын-сүргін кезеңінде
Сталиндік қуғын-сүргін мен идеологиялық қысым қазақстандық археологияның негізін салушы және халық эпостарын зерттеуші, академик Әлкей Марғұланды да айналып өтпеді. Ғылыми ортада кеңінен танылған Марғұланды кезінде «буржуазиялық ұлтшыл» деп те айыптады. Биыл туғанына 115 жыл толған ғалым жайлы әлі толық зерттелмеген деректер жетерлік.
Әлкей Марғұлан ғылымға идеологиялық қысымның күшейіп тұрған кезінде келді. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бір жыл жұмыс істегеннен кейін студенттік шағын өткізген Ленинград қаласына мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасында оқуға (1920-жылдардың соңы – 1930-жылдардың басында Марғұлан Ленинградтағы үш бірдей оқу орнында оқып, жан-жақты білім алған) барады. Билік қысымына алғаш рет осы кезде ұшырайды.
Сондай-ақ, Әлкей Марғұлан Ленинградта 1938 жылдың соңына дейін оқып, жұмыс істеген. Қазір академик жайлы көптеген өмірбаяндарда оның осы қалада тұтқындалып, психиатриялық емханаға жатқызылғаны жазылып жүр. Ғалым өміріндегі бұл дерек туралы алғаш рет 1998 жылы жарық көрген Әлкей Марғұланның 14 томдық шығармалар жинағының бірінші томында жарияланған академиктің қызы Дәнел Марғұланның мақаласында кеңінен айтылады.
Дәнел Марғұланның айтуынша, әкесі түрмеге 1935 жылы жабылған.
- Әкем бұл туралы әңгіме қозғамайтын. Тек бірде түрмеде отырғанын айтып қалды. Біз ауыр күрсіндік, - дейді ғалымның қызы.
Ал 1998 жылғы мақаласында Дәнел Марғұлан әкесінің тұтқындалуына «ұлттың мәдениет мәселелеріне қызығушылық танытқаны» себеп болса керек деп топшылаған.
Бұл пікірмен Әлкей Марғұланның досы — мәскеулік археолог Леонид Кызласов та келіседі. «Бүгін біз сол жылдары Әлекеңнің өміріне туған халқына деген сүйіспеншілігін жасыра алмауы үлкен қауіп төндіргенін түсініп отырмыз. Оның жаулары осыны пайдаланды» дейді ол.
Әлкей Марғұлан Ленинградта жүргенде бұрынғы «Алаш» қозғалысының өкілдерімен байланыста болған. Бұл арнайы қызмет өкілдерінің назарын аударса керек. Әртүрлі ақпарат құралдарында жарияланған ескі суретте Әлкей Марғұлан қазақ зиялыларының алты бірдей өкілі: Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Абдолла Байтасовпен бірге отыр. Аталған зиялылардың біразы большевиктер түбіне жеткен «Алаш» қозғалысының белсенді өкілдері болған. Көп ұзамай суреттегі алты азамат қуғын-сүргінге ұшырады (төртеуі отызыншы жылдары атылып, екеуі түрмеге түскен).
Ленинградта оқып жүрген кезде Әлкей Марғұлан «Алашорда» басшыларының бірі Әлихан Бөкейхановпен жақын араласқан. Ғалымның өмірбаянын зерттеуші Сұлтан-Хан Аққұлы бір еңбегінде 20-жылдардың екінші жартысында Әлкей Марғұлан Әлихан Бөкейхановтың Мәскеудегі пәтеріне жиі қонаққа барып тұрғанын жазады. Совет одағы үшін қауіпті саналатын тұлғамен жиі кездесу оның таныстарының басына қара бұлт үйірді.
Марғұлан 1961 жылы жазған өмірбаянында дертке шалдыққанын айтқанымен, тұтқындалғаны туралы үндемейді. Ғалым «Аспирантурадағы оқуыма байланысты үздіксіз жұмыс денсаулығыма зардабын тигізді. Сырқатымнан айығу үшін бір жыл бойы аурухана мен шипажайда ем қабылдауға тура келді. Денсаулығымды түзетіп, кандидаттық диссертация жазуға қайта кірістім» деп жазады.
Әлкей Марғұлан Алматыға 1938 жылдың желтоқсанында оралған. Бұл кезде қуғын-сүргін қыспағынан босай бастағанымен, ғылыми зерттеу жүргізуге қолайлы жағдайы болмаған [32, 82б].
1943 жылы Әлкей Марғұлан «Ярлыктар мен пайзаның тарихи мәні» (Пайза – сенім грамотасы дәрежесіндегі құжат белгі – ред.) тақырыбында - кандидаттық, ал 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» атты докторлық диссертациясын қорғайды. Ғалымның бұл еңбектерінен оның жан-жақтылығын көруге болады. Марғұлан эпикалық жырларды 1930-жылдардан бастап зерттей бастаған. 1938 жылдан бастап осы тақырыпта қазақ және орыс тілдерінде бірнеше мақала жариялаған. 1940 жылы оның «Едіге және Орақ Мамай» деген мақаласы шықты.
1944 жылдың тамызында Мәскеуде бүкілодақтық коммунистік партия орталық комитетінің «Татар партия ұйымындағы жаппай саяси және идеологиялық жұмысты жақсарту шаралары» атты қаулысы шықты. Қаулыда тарих туралы жазылған еңбектерде «ұлттық сипаттағы кемшіліктер мен қателіктер» (Алтынорданың рөлін асыра көрсету, Идегей [Едіге атының татар тіліндегі нұсқасы] туралы хандық-феодалдық эпосты насихаттау) бары айтылған. Бұл Алтынорда ханы Едіге туралы жыр тараған өңірлердің эпос зерттеушілерін қиын жағдайға қалдырды. Олардың қатарында Поволжье татарлары ғана емес, қазақтар, қырғыздар, Қырым, Сібір татарлары, ноғайлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер мен таулық алтайлықтар болған.
Бір жылдан кейін Қазақ ССР-іне Мәскеуден СССР жазушылар одағы мен насихат басқармасынан жұмыс тобы келген. Қазан айында жұмыс тобы бүкілодақтық коммунистік партия орталық комитетінің хатшысы Г. Маленковке баяндамалық хат жолдап, тарих пен әдебиет тақырыбында жазылған еңбектерде «кемшіліктер мен қателіктер» кездесетінін жазған. Бұл хатта Әлкей Марғұланның аты бірнеше рет аталған [33, 56б].
Хатта «Қазақтың бірқатар тарихшылары мен әдебиеттанушылары Алтынорда мен Едігенің рөлін асыра бағалайды. 1944 жылы Ғылым академиясының қазақ бөлімі дайындаған «Тарихи жинақта» шыққан жолдас Марғұланның «Ер Едіге» мақаласында «Едіге – Алтынорда дәуіріндегі ең ерекше тұлғалардың бірі. Едіге бүкіл өмірін Отанына арнаған. Сондықтан оның есімі қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмай келеді» деген жолдар кездеседі» делінген.
Хат авторлары сонымен бірге «Бүкілодақтық Коммунистік партия орталық комитетінің «Татар партиялық ұйымында жаппай саяси және идеологиялық жұмыстарды жақсарту шаралары» туралы қаулысында Едіге эпосының хандық-феодалдық негізі бары көрсетілгеніне қарамастан, әдебиеттанушылардың бірқатары 1945 жылы Едіге туралы мақтау өлеңдер жазуды тоқтатпаған («Ар» өлеңдер жинағы, 27–28 бет)» деп жазған.
Бұл сөйлем Әлкей Марғұланның 1944 жылы Мәскеуде қаулы қабылданғанға дейін жазған қазақ батырлар жыры туралы докторлық диссертациясын 1945 жылы қорғау себебін түсіндіреді. Соған қарағанда Қазақ ССР-ының бас идеологы, батырлар жырын зерттеуге қолдау көрсетіп, демеу болған сияқты.
Марғұланға қарсы айыптаулар 1947 жылы күшейді. «Қазақстан большевигі» журналының сол жылдағы бірінші санында эпос туралы қалай дұрыс жазу керегін «түсіндіретін» мақала шықты. Онда партия қызметкері Б.Степанов эпос кейіпкері Едігені «орыс халқының жауы» деп атап, Марғұланды Едігеге қазақ халқының ең жақсы қасиеттерін қосып жазғаны үшін айыптаған. Автор «Марғұлан осы арқылы тарихты бұрмалап, жалған сөйлеп отыр» деген қорытындыға келген.
1947 жылы ақпанда Қазақ академиялық драма театрында ғылым, әдебиет және өнер саласы қызметкерлерінің партия және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесуі өткен. Онда «өрескел саяси қателіктер» туралы сөз болған. Жиынға қатысушылар Әлкей Марғұланды да сынаған. Партияның қалалық комиссиариатының хатшысы Жүсіпбеков Марғұланды «орыс және қазақ халқын кеудесінен басқан Едігені мақтағаны және «Қазақ тарихындағы ең үздік кезең Шыңғысханның тұсында болды» деп жазғаны үшін айыптаған [34, 48б].
1947 жылы наурызда «Казахстанская правда» газетіне М. Ахынжанов және Б. Тұрсынбаевтың «Профессор М. Марғұлан тарихты бұрмалап жатыр» деген мақаласы басылған. Материалда негізінен қалалық комиссариат хатшысының сөзінде айтылған айыптаулар толықтырылып, кеңінен берілген. М.Ахынжанов мұндай мақаланы бірінші рет жазбаған. Ол - 1937 жылы «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген Санжар Асфендияровқа қарсы «Тарихшы рөліндегі жапон тыңшысы» деген мақала авторларының бірі. Осы мақаладан кейін бір жыл өткенде Асфендияровты «контрреволюциялық қызметі» үшін айыптап, ату жазасына кескен.
№ 1 сурет. - Қазақ ғалымдарының «қателіктерін» сынаған «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген мақала. 7 ақпан 1947 жыл.
Келесі жылдары батырлар жыры туралы «дұрыс жазбағаны үшін» Әлкей Марғұланның аты республикалық басылымдарда жиі көрініп жүрді. Ол 1946 жылдан бастап археологияға біржола бет бұрып, эпостарды зерттеуді қойды. Бірақ қысым азайған жоқ.
Алты жыл бойы «саяси қателігі үшін» (1947–1953) қоғамдық талқылаудан түспеген Әлкей Марғұланның жүйкесі жұқарып, Ғылым академиясындағы қызметінен босатылған. Ғалымның қызы Дәнел Марғұланның айтуынша, 1952-1955 жылдар аралығында әкесі академияда жұмыс істемеген [35, 56б].
Тарихшы Ж.Артықбаев «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тарихи мұрасы» атты кітабында тарихшы Ермұхан Бекмахановты қудалау жылдары (1951 жыл) Әлкей Марғұланның тұтқында болғанын жазған. Әлкей Марғұланның қызы әкесінің тұтқында болған уақыты туралы ештеңе білмейтінін айтты.
Мәскеулік археолог Леонид Кызласовтың пікірінше, Әлкей Марғұланның «Қазақ халқының эпостық жырлары» атты диссертациясының қолжазбасы Ленин кітапханасы қорынан «дер кезінде» жоғалып кетіп, ғалымның басы аман қалған. Бірақ қолжазбаның жоғалғаны туралы дерек расталмаған. Азаттық тілшісі Кызласовтың бұл сөзін Дәнел Марғұланға айтқанда, ол таңданысын жасыра алмады.
- Мәскеуде аспирантурада оқып жүргенімде, Ленин кітапханасы қорынан диссертацияның сурет көшірмесін алдым. Диссертацияны жарияланған еңбектердің ішінен табуға болады (ғалымның 14 томдық шығармалар жинағында бар - А.А.), - деді ол.
Батырлар жырын «дұрыс жеткізбеген» ғалымдарды қоғамдық сынау 1953 жылы 11-15 сәуірде Алматыда өткен жиынға ұласқан. Оған сол кездегі Ғылым академиясының президенті Дінмұхамед Қонаев, Қазақстанның 30 ғалымы мен Ресейден келген бірнеше адам қатысқан.
Ұзақ жылдар бойы бұл жиында айтылған әңгімелердің мазмұны қалың оқырманға жетпеді. Қазақ ССР Ғылым академиясы шығаратын «Хабаршы» журналының 1953 жылы сәуір айындағы санында сол жиында сөйлеген М. Ғабдуллин мен Н. Смирнованың сөзі мақала түрінде берілген. 2007 жылы Файзолла Оразаевтың еңбегінде осы жиында жасалған барлық баяндамалардың стенограммасы жеке кітап болып басылып шықты. Кітап «Бұл қайталанбауы керек» деп аталады [36, 42б].
Стенограмма мазмұны жиында ғылымнан мүлде алыс тақырыптар қозғалғанын дәлелдейді. Жиында бірқатар зерттеушілерге марксистік-лениндік оқудан алшақтағаны үшін айып тағылған.
Негізгі айыптаушы рөлін Мәлік Ғабдуллин атқарған. Ол жаңа идеологиялық нұсқауларды жақсы меңгеріп, әріптестерін «саяси асыра сілтеушілігі» үшін сынайтын эпос тақырыбы бойынша маман саналған. Ғабдуллин сол жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және тілтану (1946–1951), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (1953–1963) басқарған. Қоғам алдында бұрын «қателік» жібергенін айтып, өкініш те білдірген.
Ғабдуллин өз қарсыластарын (ол әдетте Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Есмағамбет Исмаилов, Бейсембай Кенжебаевты сынайтын) «қазақ эпостарының тарихы туралы қате, антимарксистік бағытта жазғаны және осы «қателікті» бәрі бірауыздан сынамағаны үшін айыптаған.
Бұл туралы ғалым «Бүкілодақтық коммунистік партия орталық комитетінің Татар облыстық комиссариатының жұмысы туралы қаулысынан кейін мен адал адам ретінде бұрын сынға ұшыраған ескі қателерімді қайталай алмадым. Осы қаулыдан кейін жарияланған мақалалар әлдеқайда бұрын 1942 -1943 жылдары жазылған. Бірақ араға 3-4 жыл салып, түзетусіз жарияланды» деп жазады.
Америкалық Джордж Мейсон университетінің зерттеушілері құрған сайтта цифрлық форматқа ауысқан советтік архив құжаттарының ішінде 1950-жылдардың басында Әлкей Марғұланның жағдайы қиын болғанын сипаттайтын деректер кездеседі. Қазақ тарихшысы және партия мүшесі Тілеуқажы Шойынбаев 1950 жылы қазан айында Бүкілодақтық коммунистік партия хатшысы М. Суслов пен партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М. Шкирятовтың атына Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен оған дәстүрлердің, туыстық қарым-қатынастың қалай әсер еткені туралы хат жазған [37, 25б].
Қаныш Сәтбаевқа қарсы ұйымдастырылған хатта оған «ірі бай-феодал отбасынан шыққан», «Алаш» партиясының белсенді мүшесі болған», «Ғылым академиясында рушылдық пен тамыр-таныстыққа жол берген», «бірнеше әйел алған» деген айыптаулар тағылған. Шойынбаев бұл айыптауларға Әлкей Марғұланды да қосып, ғалымды «буржуазиялық ұлтшыл» деп атаған.
Хатта «Сәтбаевтың күйеу баласы Әлкей Маргұлан 1946 жылы Сәтбаевтың көмегімен «Қазақ эпосы» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, онда Алтынорданың әскери қолбасшысы, моңғолға салық төлеген жылдары орыс халқын қырып салған Едігені асыра мақтайды. Буржуазиялық ұлтшыл Марғұлан Сәтбаевтың көмегімен Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болған» делінген.
Марғұланның әйелі Раушан Сәтбаева медицина ғылымдарының докторы, онколог дәрігер болған. Ол - Қаныш Сәтбаевтың немере ағасы Әбікейдің қызы.
Шойынбаевтың хаты - Қаныш Сәтбаевқа қарсы ұйымдастырылған науқанның бір эпизоды ғана. Осы науқанның нәтижесінде 1951 жылы қарашада Қаныш Сәтбаев Ғылым академиясының президенті және президиум мүшесі қызметінен босатылған. Бұл науқанның кесірі Сәтбаевпен жақсы қарым-қатынаста болған ғалымдарға, оның ішінде Әлкей Марғұланға да тиді.
Стенограммадан Әлкей Марғұланның өзіне тағылған айыптауларды ішінара әділетті деп танып, неге «қате» жібергені туралы түсіндіруге талпынғанын көреміз. Ол патша дәуірінде қазақ эпосын негізінен белгілі орыс ғалымдары зерттеп, олар әртүрлі тұжырымдар қалдырғанын айтқан. Өз «қателіктерінің» түп-тамырын ғалым көп жылдар бойы советтік ғалымдар мойындап келген Александр Веселовский мен оның мектебін үздік етіп көрсетумен байланыстырған.
Сталиндік мемлекеттік басқару машинасының жұмысы тоқтағаннан кейін совет одағындағы ғалымдардың өмірі қалыпты жүйеге түсе бастады. Тарихшы Ермұхан Бекмаханов ісі бойынша жауапқа тартылғандар Сталин өлгеннен кейін мерзімінен бұрын босап, ғылыми еңбектерін жалғастырды. Әлкей Марғұлан да ғылымға қайта оралды.
- Әкем тәулігіне 16 сағат жұмыс істейтін. Ол қонаққа немесе киноға баратын қарапайым адамның өмірін көрген жоқ. Уақытын мұндай істерге жұмсамайтын. Тек өз жұмысымен ғана айналысатын, - дейді ғалымның қызы.
28 жыл бойы –1946 жылдан 1974 жылға дейін - Әлкей Марғұлан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясын басқарды. Экспедиция Жетісу, Оңтүстік және Батыс Қазақстандағы көне қалаларды тапты. Бұл көп советтік тарихшылардың «Қазақстанда қала мәдениеті болмаған» деген пікірін жоққа шығарды. Әлкей Марғұланның археологиядағы тағы бір жаңалығы – Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Қазір археология институтына Марғұлан аты берілген.
Әлкей Марғұлан басқарған ғалымдар тобы этнограф, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлиханов туралы деректер жинаған. Нәтижесінде 1961–1972 жылдары аралығында Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Әлкей Марғұланның өмірі мен еңбек жолы туралы ғалымның көзі тірісінде де біраз жазылды. Марғұлан дүние салғаннан кейін де жарық көрген еңбектер бар. Ғалымның 80 жылдығына арнап Қазақ ССР Ғылым академиясы Марғұлан туралы брошюра шығарған. Дегенмен Әлкей Марғұлан туралы барлық дерек жинақталған көлемді еңбек жоқ.
Мәскеуден келген жұмыс тобы бұл «олқылыққа» бүкілодақтық коммунистік партия орталық комитеті Қазақстандағы бөлімінің насихат бойынша хатшысы Мұхаметжан Әбдіхалықовты кінәлаған. Хатта Әбдіхалықовтың тарихи фактілерге қарамастан, «бізде, яғни, Қазақстанда татар халқынан бөлек, басқа Едіге болған» дегені айтылады.
Жалпы елімізге әйгілі, ғұлама ғалым үшін 30-жылдардың ортасы ауыр болды. Ол бірнеше рет қудалауға ұшырайды. Ақыры ауыр науқастанып емханаға түсуіне, сонында бәрін қойып, археологияға бір жола бет бұруына да осы жылдар дүрбелеңі себеп болды.
1940 жылдардың аяғында газет беттерінде қазақтың ұлтшылдығы туралы, соның ішінде Е.Бекмахановты, Б.Сүлейменовті, Е.Ысмайыловты, Қ.Жұмалиевті, қаралаған, жау санаған мақалалар көптеп жарияланды. Бұл ретте Қазақстан Орталық комитетінің жарлықтарынан және Б.Степановтың мақаласынан бірнеше мысалдар келтіруге болады: «Доктор филологических наук Маргулан в своей книге «Эдыге в истории и преданиях» (1944 год) наделяет Эдыге - этого злейшего врага русского народа - всеми лучшими чертами казахского народа»; «В книге А.Маргулана «О характере и исторической обусловленности казахского эпоса», в которой обобщен большой труд, автор не дал партийного освещения тех задач, какие должны были быть решены в этой книге»; «Извечная борьба за независимость положена в основу периодизации истории казахского эпоса. Развитие производства, классовая борьба, чаяния и ожидания народных масс в борьбе против эксплуататоров - все это остается в тени». Ә.Марғұланның еңбектерін сынаған бұл пікірлерден біздің қоғамдық ғылымдарды әбден тұралаткан партиялық қатаң бақылауды және әлі арыла алмай келе жаткан нәрсе - ұлттық нигилизмге тәрбиелеу нышандарын айқын аңғаруға болады [38, 67-82бб].
Б.Степановтың мақаласы 1947 жылдың қаңтарыңда «Большевик Казахстана» журналында жарық көрді. Содан бастап 50-жылдардың ортасына дейін Ә. Марғұланның қуғын-сүргіннен бос болған күндері шамалы.
Еш жазықсыз, үздіксіз қудалаудан қазақ зиялылары әбден запы болды, Қаныш пен Мұхтар бастаған қазақтың интеллектуалды күші жан сауғалап жан-жаққа бытырауға мәжбүр болды. Көпшілігі көрші республикаларға, тіпті Ресейге, орыс ішіне еніп кетті. Марғұлан болса, Сарайшықтан келе жатып Қызылордада ұсталды, одан емханаға түсті. Ол қазақ ғылымын осыншама қорлаған үкімет саясатын түсіне алмай-ақ қойды. Ғылымсыз қалай ел болмақпыз, ғалым елдің еркесі болмас па, қаншама жылдар бойы көз майын тауысып қаракөлеңке лабораторияларда жүрген, айлар бойы архив қазынасын ақтарып тапжылмай отыратын шақтардың бір қайтымы болмас па? Егер қазақ сияқты ұлт өз тарихынан мақұрым болып, өз эпостарынан қол үзсе, ел болудан қалады. Рухани жүдеушілік деген, міне, осыны айтар болар. Ел рухына негіз болар тұтқа - тарихи санасы, ұрпақ алдындағы жауаптылығы, дамыған әдебиеті мен ұлттық мәдениеті. Рухсыз ел - парықсыз ел, шаруашылықты жөндесек, экономикамыз алға басса, өзінен-өзі рухты боламыз деген пікір тайыз, үстірт адамдардың жұтаң кағидасы. Қиындық кешкен шақтарда ұлы осындай ғалымды ойлар мазалағаны анық.
Жалпы кеңестік дәуірде ірі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның ғылымы небір жарқын тұлғаларынан айырылды. Осылай Қазақстанның кеңес дәуіріндегі тарихшыларының алғашқы буынының, атап айтқанда, С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, Ғ.Тоғжанов, П.Г.Галузо және т.б. атылды. Бұлардың ішінде Карлагта жүріп кездейсоқ аман қалғаны – П.Г.Галузо ғана еді. Олардың орнына екінші буын – Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Одесса, Воронеж, Алматы және т.б. Кеңес Одағының ірі қалаларында жоғары тарихи білім алған кәсіби маман жастар келе бастады.
Яғни, кеңестік дәуірде ірі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның ғылымы небір жарқын тұлғаларынан айырылды. Осылай Қазақстанның кеңес дәуіріндегі тарихшыларының алғашқы буынының, атап айтқанда, С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, Ғ.Тоғжанов, П.Г.Галузо және т.б. атылды. Бұлардың ішінде Карлагта жүріп кездейсоқ аман қалғаны – П.Г.Галузо ғана еді. Олардың орнына екінші буын – Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Одесса, Воронеж, Алматы және т.б. Кеңес Одағының ірі қалаларында жоғары тарихи білім алған кәсіби маман жастар келе бастады. Олар: екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдерде Қазақстан тарихы ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан Ә.Х.Марғұлан, А.Н.Нүсіпбеков, Е.Б.Бекмаханов, Х.М.Әділгереев, Т.Е.Елеуов, Ә.Б.Тұрсынбаев, Г.Ф. Дахшлейгер еді. Осы Кеңес дәуірі кезеңіндегі Қазақстанның екінші буын ішіндегі ірі тарихшыларының бірі – Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ХVIII-ХХ ғ.ғ. Қазақстан тарихының көрнекті зерттеушісі Бегежан Сүлейменов болатын.
Сондай-ақ, осы жылы тарих, мәдениет, этнография, қазақ халқының фольклоры саласындағы энциклопедиялық білімге ие, Беғазы-Дәндібай мәдениетін алғаш ашушы, Қазақстанның атақты археологының туғанына 110 жыл толып отыр. Орталық Қазақстан аумағында қазақтың арғы аталары металлды өндіргені туралы алғашқы болып Әлкей Хақанұлы дәлелдеген болатын, осы уақытқа дейін ғалымдардың есептеуінше елсіз тақыр дала емес, мәдениет пен өркениет болды.
Алайда 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде атақты қазақ ғалымы А. Х. Марғұланның есімін еске алатынын барлығы біле бермейді [39, 75б].
Жалпы ғалымның қызы, Дәнел Әлкейқызы, әкесі Әлкей Хақанұлын тұтқындау мен қуғын-сүргін - қазақ зиялылардың ауыртпалығы кешкені туралы баяндаған сұхбатында былай дейді.
«- Өкінішке орай, солай болды. Бірақ ол жайлы айтуды ұнатпайтын. Бір күні ол Санкт-Петербургте КСРО ҒА материалдық мәдениет институтының аспиранты болғанда, тұтқындалғаны туралы әңгімеледі. Аспирантурадағы оқу тоқтатылып, қателеспесем, тек 1937 жылы ғана ол қайта оқуға алынып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Менің ойымша, ол қазақ тарихына соншама әуестеніп, шұқшия зерттеді сол себептен көзге түсіп, оны ұлтшыл деп айыптады.
Әлкей Марғұлан тұтқында қанша уақыт болды? – деп сұраған уақытында, - ол Петропавл қамалында отырды. Содан кейін адам сенгісіз оқиғалар болды, ол қуғын-сүргін азабынан толық өтті, бірақ ол туралы айтуды ұнатпайтын еді. Академик Қ.А. Сәтпаев анамның ағасы болды. Әкем 1939 жылы Петербургтен оралғанда, Алматыда КСРО Ғылым Академиясының филиалы жұмыс істеді. Қаныш Амантайұлы менің ойымша әкемді келешектегі қудалаудан сақтап қалу үшін оны тарих Институтына жұмысқа алды, себебі оның мінезі өте жұмсақ болды, ол өте мейірімді адам болған еді. Сәтпаев оған археологиямен айналысуға кеңес берді. Ол өзі жұмыс істеген далаларда көптеген ескерткіштерді көрді және оны соңына дейін жеткізетін адамға тапсырғысы келді.
Әкем қазба жұмыстарын өткізуге, далаға 2–3 айға кетіп отырды. Ал оның алдында қазбалардың дайындық жұмыстары жүрді: қазба жұмыстарын жүргізу үшін алдын-ала облыс жетекшілерімен ұзақ хат алмасу жүрді. Себебі қорған соңына дейін қазылды, ал бұл еңбекті көп керек ететін жұмыс болды.
Әлкей Хақанұлы Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқанда, бұл ғылымда таң қаларлық оқиға болды ма?
- Беғазы-Дәндібай дәуірі бойынша еңбегін қазақстандық ғылымның жетістігі деп мойындады. Ашылуына дейін ұлы В. В. Бартольд Қазақстандағы мәдениет Тараз маңындағы Қаратау тауларында аяқталады деп айтқан. Әкем оның дұрыс еместігін тереңнен дәлелдеді.
Әкем қазақ мәдениеті мен дәстүріне терең әуестенді. Мысалы, ол батырлар тарихымен айналысты. Батырлар қазақ даласында өте бағаланды және әрбір әйел батырды табуды арманды деп ол өз еңбектерінде жазған болатын. Ол үшін әйел қасқырдың құлағын жеу керек деген ырым бар. Біздің Президент жататын атақты шапрашты руында әйелдер бала батыр болып өсу үшін бесікке қасқырдың құлағын іліп отырғанына әкем куәгер болды. Оның еңбектерін оқу сондай қызық, олар сондай тамаша.
Ол еңбекқор адам болды. Мүмкін, бұл оны сондай нәтижелерге әкелді. Жазу үстелінің басында түні бойы, таңғы 6-8-ге дейін отыратын. Түнде бірнеше рет қасына келіп, айтатынмын: «Ұйықтасаңызшы», дегенде ол былай деп жауап берер еді: «Қазір, айналайын, жатамын». Екі-үш сағаттан кейін қайта келіп қарасам, жарық әлі сөнбеген, жұмыс істеуді жалғастыруда. Онда жұмыстың өте қызық әдісі болған. Әрине, ол шаршап, өзіне демалыс жасап отырған — жұмыста бір тақырыптан басқа тақырыпқа ауысып отырды.
Әкем Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті бойынша еңбекті жазғаны есімде (ал сонымен қатар ол Қазақстан сәулеті бойынша кітапты жазыған, сол жұмысқа ол барлық өмірін арнады), кеш уақытында, кешкі астан кейін шаршаған түрде ол диванға отырып, қолына домбыраны алып, ән айтып отырды. Сондай уақыттарда бізде ол өзі жазып отырған дәуірге батып кетіп, сол қалаларда тұрып, сол адамдар арасында өмір сүрді деген әсер болды. Философтар айтқандай, ол «заттарға терең батып отырды.
Сіздің әкеңіз қандай адам болған?
- Ол мені қалай тәрбиеледі деген сұрақты маған жиі қояды. Ол мені өз тәлімімен, өмір салтымен, еңбекке қатынасымен тәрбиеледі. Ол ешқашан маған, ақыл үйретіп, қатты ескертулер айтқанқан жоқ. Мұндай жағдай есімде: мен Мәскеу қаласында аспирантурада оқыдым және академиялық жатақханада тұрдым. Бір күні қыста қарасам — менің әкем баспалдақпен көтеріліп жатыр. Мен таң қалдым, одан сұрадым: «Әке, сен неге келдің?». Ал ол маған: «Қызым, қай жерде тұрғанынды көргім келеді». Ол өте қамқорлы болды.
Академик Ә.Х. Марғұланның ғылыми кітапхана бойынша жұмысы туралы айтып беріңізші.
- Өткен жылы біз «Тарих ғылымының жаңа тұжырымдамасындағы академик Марғұланның зиялылық мұрасының рөлі» тақыры бойынша грантты алу үшін өтінімді бердік. Бұл қала тамаша жағдайлармен белгіленді: тарих, ақиқат болу керек өтінішімен және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын хабарландырумен. Біздің мақсаттарымыздың бірі - Марғұланның ғылыми өмірбаянын жазу. Ол энциклопедист болды ғой, сол себептен біз ғылыми өмірбаянын, яғни еңбектердің ғылыми талдауын жазуымыз керек.
Академиктың мұрағаттары бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?
- Әкемнің мұрағаты мен кітапханасы үлкен болды. Кітаптардың көп бөлігін мен Отырар кітапханасына бердім. Бес жыл бұрын Шоқан Уәлиханов туралы жиналған үлкен мұрағатты мен Павлодар университетіне бердім, ал сол университеттің ғылыми қызметкерлері анық талдауды өткізді, соңғы қағазға дейін зерттеді-де «Марғұлан мұрағаттар» атты екі томдықты шығарды. Кейін олар материалдарды Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұрағатына және Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатына жіберді. Алайда мұрағаттың негізгі бөлігін мен беруге дайын емеспін, үйде әкемінің қолжазбалары, ескерткіштердің фотосуреттері бар. Мұрағат өте үлкен және оны бір адам жасады деп айту қиын.
Ә.Х. Марғұлан мұрасын зерттеу бойынша Орталық бар ма?
- Академик Марғұлан атындағы қоғамдық қор бар. Кезең-кезеңімен біз бір нәрсе шығарып отырамыз. Бүгінгі күні алдымызда келесі міндеттер тұр: біз Әлкей Хақанұлы таңдамалы шығармаларының төрт томын шығарғымыз келеді.
Академик Марғұланның 110 жылдық мерейтойы аясында қандай іс-шаралар атқарылады?
- 19 шілдеде А. Х. Марғұлан атындағы ауылда ғалымның 110 жылдық мерейтойына арналған үлкен той болады. Мен білетін екінші іс-шара — қазан айында Павлодар қаласында ғылыми конференция өтеді». Осылайша қызының барлық сұрақтарға жауап берген деректер қалғаны еді [40].
Қорытындылай келе, жоғарыдағы барлық деректерге сүйеніп, ғалымның Сталиндік саяси құғын-сүргін жоспарынан алшақ қалмағанын байқап отырмыз. Оған дәлел қызының әкесі жөнінде берген сұхбаты да бар. Әрине ғалым өз елінің тарихын шекте қалдырғысы келмейтінін байқауға болады. Сол себепті мұғалім болып жүрген жерінен, қазба жұмыстарға ауысып, ары қарай қазақ мәдениетін, тарихын заттай деректермен жеткізгенін көрсек болады.
2.3 Ә.Марғұланның ғылыми мұрасы
1919 жылы, яғни бұдан тура бір ғасыр дерлік, «Қазақ» газетінің 18 ақпандағы үшінші нөмерінде М. Дулатовтың «Қазақ тарихы» атты мақаласы жарық көрді. Онда автор: «Білім артық, көзі ашық жұрттар дүниедегі адам баласының асылын, нәсілін тексеріп болып, барлығын кітапқа шығарды. Бөтен жұрттар қатарында ала бөтен біздің қазақ халқының асылы тексеріліп, тарихы жазылған жоқ. «Бүгінгі Азия картасының төрттен біріне ие болып тұрған қанша миллион қазақтың тарихы көмекші жағдайында тұрған жайы бар. тарих ғылымында қанша тарих жазушылар шығып, қаншама кітап жазып шығарды. Солардың арасында қазақтың асылын анық қып айтқан жоқ», -деп жазып еді [41, 68б].
Әлкей Марғұлан өскен осы орта туралы академик Манаш Қозыбаев та «Дала перзенті» атты еңбегінде былай толғанады: «Әлекең неге дара болды, дана болды деген сауалға бір сәт тоқталып төмендегідей сипаттап өтеді. Яғни, қара Ертістің бойын жағалай, Орталық Қазақстанға қарай ойысар, жарыса созылған даланы есе алыңыздаршы. Қалмаққырғаннан шыға бере Қызылтаудың өңірінде Жүсіпбек Аймауытов дүниеге келді. Баянауыл тауының қос өңірінде таяқ тастам жерде Аймановтардың елі, Марғұлан ауылы, Сәтбай ауылы, Сұлтанмахмұт ауылы, Шорман ауылы, Мәшhүр Жүсіп Көпеев ауылы, осы өңірдің Далба тауына жалғасқан жерінде Бұқар баба елі, одан әрі Қарқаралы арқылы Қасым Аманжоловтың еліне жалғасады. Ендеше, Әлкең ағамыз дүниеге келген сол бір дархан дала - ұлы шоғырлардың дәстүрлі елі, кезінде Абылай бастаған ұлы батыр бабаларымыз ту көтеріп дабыл қақса, Бұқар бастаған даналар иісі қазақ елінің рухын шыңдаған даналар өңірі. Басқаша айтқанда, бұл -тұнық бұлағы бар, жайқалған құрағы бар, ата-мекен тұрағы бар, жанған шырағы бар өңір еді. Осы бір өңірде туған ұлылардың есімін атауға бір күн уақыт керек болар еді. Он мың жанға туған ұлылардың үлесін санаса осы өңір барша әлемдік рекордты жасады десек ешбір қателеспеген болар едік. Әлекеңнің ортасы осы ұлылар өңірі» [2, 6б.].
Осындай қазақтың тарихын жазуда бар еңбегімен аянбай еңбек-еткен тұлғаларды біз бүгінде ерекше атап өте аламыз. Әрине, өз кезегінде тарихымызды жан-жақты зерттеп, зерделеп, мәдениеті мен салт-дәстүріне үлкен үлес қосқан ғалымдардың ерекше тобын атауға болады. Алайда өзінің көптеген ізденісі нәтижесінде белгілі. болған танымал тұлға Әлкей Ханқанұлы Марғұланның ғылыми мұрасы ерекше екендігін жоққа шығара алмаймыз.
Ал, 1919 жылы, яғни бұдан тура бір ғасыр дерлік, «Қазақ» газетінің 18 ақпандағы үшінші нөмерінде М. Дулатовтың «Қазақ тарихы» атты мақаласы жарық көрді. Онда автор: «Білім артық, көзі ашық жұрттар дүниедегі адам баласының асылын, нәсілін тексеріп болып, барлығын кітапқа шығарды. Бөтен жұрттар қатарында ала бөтен біздің қазақ халқының асылы тексеріліп, тарихы жазылған жоқ. «Бүгінгі Азия картасының төрттен біріне ие болып тұрған қанша миллион қазақтың тарихы көмекші жағдайында тұрған жайы бар. тарих ғылымында қанша тарих жазушылар шығып, қаншама кітап жазып шығарды. Солардың арасында қазақтың асылын анық қып айтқан жоқ», -деп жазып еді [41, 68б].
Ә. Марғұланның пікірінше Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ этнографиясына арналған еңбектердің деңгейі төмен болды [42, 21б]. Себебі қазақ этнографиясымен негізінен өз зерттеулерінде үлкен мақсаттарды іске асыру емес, тек халық тұрмыс тіршілігін бір: жақты ғана қарастырып, көбінесе экзотикалық көріністермен шектелген әуесқой этнографтардың шұғылданғанын, Ә.Марғұлан «Кеңестік дәуірдің 50 жыл ішіндегі Қазастандағы этнографиялық зерттеулер» атты мақаласында атап көрсеткен еді [44, 56б]. Сол себепті де қазақ халқының материалды және рухани өмірінің көп қыры - қысқы тұрақтар, үй құрылысы, егіншілік кәсіп т.б. негізгі жақтары туралы айтылмады [43, 75б].
Ә.Х. Марғұлан 1957-1976 жылдарға дейін Қазақ КСР Ғылым акалемиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімін басқара отырып, Қазақстанда этнография ғылымының дамуына зор ықпал жасады. Қазақ этнографиясы туралы жалпы аз жазылмаса да, Қазан төңкерісіне дейінгі деректер ретсіз болғанын және тыңғылықты зерттеген, ғылымға қосылған үлес ретінде санауға санауға тұрарлық тиянақты зерттеулер болмағанын айту керек. Ә. Марғұланның пікірінше Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ этнографиясына арналған еңбектердің деңгейі төмен болды [42, 21б]. Себебі қазақ этнографиясымен негізінен өз зерттеулерінде үлкен мақсаттарды іске асыру емес, тек халық тұрмыс тіршілігін бір: жақты ғана қарастырып, көбінесе экзотикалық көріністермен шектелген әуесқой этнографтардың шұғылданғанын, Ә.Марғұлан «Кеңестік дәуірдің 50 жыл ішіндегі Қазастандағы этнографиялық зерттеулер» атты мақаласында атап көрсеткен еді [44, 56б]. Сол себепті де қазақ халқының материалды және рухани өмірінің көп қыры - қысқы тұрақтар, үй құрылысы, егіншілік кәсіп т.б. негізгі жақтары туралы айтылмады [43, 75б]. Бүгінгі жас ұрпақ қазақ халқының этнографиясын зерттеуде жаңа көзқарас қалыптастырған және Қазақстан этнографиясын зерттеуге үлкен үлес қосқан А. Янушкевич, Ш. Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, Н.М. Ядринцев, Б. Залесский, А.Я. Якоби, Л. Чермак, А.Н. Седельникова, А.А. Ивановский, Н.Я. Коншин, Н.И. Наумов, Н.А. Аристов секілді ғалымдар мен жазушылардың есімдерін ұмытуға тиісті емес екендігін Ә. Марғұлан ескертті.
Ә Марғұлан жазуында Кеңестік Қазақстан этнографиясын зерттеудің ғылымның дамуы, қойылған теориялық мәселелердің жоғары дәрежесі, этнографиялық зерттеулердің ауқымдылығы және жоспарлылығы секілді өзіндік ерекшеліктері болды. Өзекті мәселелер ретінде жайа Кеңестік мәдениет пен тұрмысты қалыптастырудағы қазақ жұмысшы табының ролін айқындау мақсатында, сол кездегі колхозды ауылдың және қазақ жұмысшыларының мәдениеті мен тұрмысы алынды. Бұл мәселені зерттеудегі басты бөліктің бірі - қазақ халқының материалды мәдениетінде, баспана мәселесінде, киім-кешек, ыдыс-аяқ; тамаққа байланысты өзгерістерді зерттеу. Бүгінгі қазак шаруасының-баспанасы бұрынғы баспана емес. Әсіресе қазақ халқының ұлтық тағамында көкөністер, сүт және басқа азық түлік түрлерімен байытылып, көп өзгешеліктер пайда болған. Бұл өзгерістер туралы қазақ колхозды ауылының тұрмысы мен мәдениетін зерттеген этнографтардың ұжымдық «Культура и быт казахского колхозного, аула» атты үлкен монографиялық еңбегінде айтылады.
Қазақстандағы этнография ғылымының жетістіктері қатарына жоғарыда аталған профессор В.Н. Кунның экспедиция материалдари-негізінде С.С. Есованың басшылығымен 1959 ж. құрастырылған «Казахский народный костюм» [45], қазақ халқының қолөнеріне арналған каталог, «Архитектура Казахстана» [46], Т. Бәсеновтің «Орнамент Казахстана в архитектуре» [47], Э. Масановтың «Этнографическое изучение Казахстана в России» [48], И.В. Захарова және Р.Д. Ходжаевалардың «Казахская национальная одежда [49], секілді монографиялары, В.В. Востров пен М.С. Мұқановтың «Родоплеменной состав и расселение казахов» [50], Х.А. Арғынбаевтың «Қазактың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очеркі» [51], тағы басқа еңбектері, этнографиялық мақалалар жинағы жатады [52]. Бұл мысалдар Қазақстан этнография ғылымының 1955-1968 жж. аралығындағы Республикадағы дамуының жетекші орынға көтерілгенін, нетізгі күрделі мәселелердің шешілуін КСРО Ғылым академиясымен «үйлестіре отырып, байланыс орнатқанын көрсетеді. Бұған бір дәлел «Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихи-этнографиялық Атласын» дайындап жатқан КСРО Ғылым академиясының этнография институтымен біріге отырып, Қазақстанның тарихи-этнографиялық Атласын жасаудағы атқарылған жұмыстар болды.
Көріп отырғаныымыздай әрбір атақарылып жатқан іс қаза тарихын жазуға деген ынта мен жауапкершілікті меңзейді. Сол себепті де Ә.Х. Марғұланның ғылыми мұрасы өзекті мәселе деп айтуға тұрарлықтай.
1957 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясылың Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған «Әлкей Хақанұлы Марғұлан осы Қазақстаннын тарихи-этнографиялық атласын дайындауда үлкен үлес қосты. Қазакс түкпір-түкпіріне ұйымдастырылған этнографиялық экспедициялар қазақ халқының мал шаруашылығы, жер өңдеу мәселелері, семьялық-неке мәселелері, қолөнері, киім-кешегі, тас, металл, ағаш өңдеу, кәсіптері, тағы басқа жақтарын тыңғылықты зерттеп, өз жемісін берді.
Әлкей Хақанұлы өзі басшылық еткен этнография бөлімінде қызметкерлердің қандай мәселелерді қарастыруы және нақгылы тақырыптарды айқындап алуына ерекше көңіл бөлген. Мұрағат деректеріне сүйенсек, 1964 ж. 21 қаңтарда өткен отырыста Әлкей Хақанұлы мынандай ұсыныс жасаған:
- отбасы мен неке мәселелері бойынша жұмысқа жауапты Х. Арғынбаев;
- антропологиялық зерттеу мәселелері О. Исмағұлов;
- қазақ әйелдерінің кәсібі және олардың еңбек нәтижелерінің алар орны туралы зерттеуге жауапты Р.Д. Ходжаева;
- суландырмалы егіншіліктің тарихи негіздерін зерделеу Е.А. Масанов т.б істер арнайы экспедиция құрамындағы мүшелеріне бөлініп беріліп отырған. Сондай-ақ елді мекендер мен қоныстар және тұрғын үй мәселелерін зерттеу В.В. Востровқа жүктеледі, қазақ әйелдерінің: киім-кешектері мен әшекей бұйымдарын зерттеу - И.В. Захарова мен Р.Д. Ходжаеваларға жүктелсе, қазақтардың кәсібі «және қолөнерін зерттеу» Х. Арғынбаев пен М.С. Мұқановтарға талсырылған және бөлімнің «әр отырысында істің барысы әрқашан қадағаланып, талданып отырған.
Осы этнографиялық экспедициялар кезінде жинақталған В.В. Востровты Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Таулы Алтай, экспедицияларынан әкелген Х. Арғынбаевтың Жамбыл өңіріне жасалған экспедициясынан, И.В. Захарованың Шығыс Қазақстан экспедициясынан, Е.А. Масановтың Қызылорда өңіріне, Ә.Х. Марғұланның Орталық Қазақстанға жасалған этнографиялық экспедицияларынан жиналған құнды этнографиялық экспонаттар (алтын, күмістен жасалған қымбат зергерлік бұйымдардан басқалары) 1973 ж. Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Президенті Ш. Есеновтің бұйрығымен Орталық Мемлекеттік музей қорына өткізілген [53, 28б.].
Шындығында Марғұланның әрбір экспедициясы барысында табылған заттары мұржайға немесе арлайы орындарға тапсырылып отырған болатын. Сонымен бірге академиктің біз экспедиция материалдары негізінде жазылған біршама туындысын білеміз. Сол туындының бірі 1950 ж. Ә.Х. Марғұланның осы күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған «Из истории городов строительного искусства древнего Казахстана», атты монографиясы жарық көрді. Онда қазақ халқы таза көшпенді халық болмағаны, қазақта отырықшылық дәстүрдің ертеден келе жатқаны археологиялық, этнографиялық және сәулеткерлік материалдар негізінде көрсетілді. Әлкей Хақанұлы Сырдария бойындағы қалалардың пайда болуын, дамуын қаңлы, оғыз, қыпшақ тайпаларының тарихымен, көшпелілікті отырықшылықпен ұштастыра отырып қарастырады [54, 68б.]. «Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана» атты еңбегінде Ә.Х. Марғұланның Оңтүстік Қазақстандық экспедиция тапқан материалдарға сүйене отырып, Отырар мен оның айналасындағы қалашықтар қалдықтарын сипаттайды.
Ә. Марғұлан Қазақстанның мәдениет тарихын зерттеу мәселесін ешқашанда өз назарынан тыс қалдырған емес. 1959 ж. Т. Бәсенов, М. Меңдіқұловпен бірлесе жазған Қазақстанның орта ғасырлық архитектурасының тарихы туралы «Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана» атты ғылыми монографияны бастырып шығарды [55, 77б.]. Архитектуралық өнердің біренеше түрі кездеседі. Алайда сол өнердің ішіндегі ерекше орын алатыны ол - сәулет ескерткіштері. Сәулет архитектуралық өнердің өзіндік үлгілері: Қожа Ахмет Иасауий, Айша бибі, Алаша хан, Жошы хан, Қарахан ескерткіштері - қаншама ғасырлар бойы жаңбыр мен елге, күн сәулесі мен температуралық өзгерістерге сырын да сынын да жоғалтпастан шыдаған ғимараттар, нағыз шебердің қиялынан туған, ұрпаққа мақтаныш боларлық ұлттық мұралар екенін бүгін мақтанышпен айтамыз. Сол мұралырымыздың тарихи-мәдени орталыққа айналуы бүгінде көз тоярлықтай кейіпке еніп тұрғаны аян, Еліміздің әрбір аймағындағы осындай көрік беріп тұрған тарихи ескерткіштер туралы біз Марғұланның ғылыми мұралары арқылы оқып, біле аламыз.
Ә.Х.Марғұлан тұрақты қоныс жайлар мәселесімен арнайы айналыспаса да, өзінің археологиялық зерттеулері негізінде көне дәуірдің архитектуралық құрылысының тарихы жайлы жазған еңбектерінде тұрақты қоныс-жайлар туралы сөз стіп, ғылыми дәлелдер келтіргенде, халқымыздың дәстүрлі тұрғын үй жайларын салыстырып отырған [56, 98б.].
Академик ғалым әсіресе, мерзім жағынан тым алшақ жатқан екі дәуірде (б.з.д. ІІ-І мыңжылдық – б.з.д. ХV-ХІХ ғғ) өмір сүрген Қазақстан тұрғындарының арасындағы тұрғын-жай салудағы ұқсастықтың болғанын көрсетеді. Ә.Х. Марғұланның этнография саласындағы еңбектерінің ішінде ерекше аталатын үш томдық «Казахское народное прикладное искусство» атты еңбегінде Ресейдің Москва, Санкт-Петербург, Омбы музейлерінде және Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінде, Ә. Қастеев атындағы Өнер музейлерінде сақталған небір асқан шеберлікпен жасалған көздің жауын алатын қазақ шеберлерінің керемет туындыларын, суреттерін келтіріп, әсем суреттеген. Жарты ғасырдай уақытын мұрағаттар мен кітапханаларда өткізген Әлкей Хақанұлы ел ішіндегі халықтық мұраларды танып білуді ғана емес, сол халықтық қолөнердің ғылыми негізін жасауға көп к чін айтпау мүмкін емес. Ғалым аталмыш еңбегінде көне мен жаңаны сабақтастыра отырып зерттеп, ғасырлар бойы халқымыз ұстанған асыл мұраларды тауып, болашақ ұрпақ игілігіне жарату мақсатында баға жетпес қолөнерінің бастау көздерін ашып, бір жүйеге салып берді.
Осы еңбектің 2-ші томын Ә. Марғұлан киіз үй және оның жабдықтарына арнап, киіз үйдің кереге; уығын, ыдыс аяқ салатын асадал, кебежені, жүкаяқ пен сандықтарды, кереуеттерді жасау, ағаш пен сүйектен ою ою әдістерімен таныстырады. Сонымен бірге қазақы ою-өрнекке тоқталып, оның әрбір қарсырын ып көрсеткен.
Ә.Х. Марғұланның жазуынша, ғұндардың алтынмен зерлеп жасаған әсем киімдері, алтын алқалар, әдемі сырмақтар, түскиіздер, былғарыдан, ағаштан, сүйектен, металл, балшықтан жасалған заттар, обалардан табылған тәтілер мен моншақтар, алуан түрлі алтын, күміс, қола, темір, сүйектерден жасаған құралдар мен ер-тұрмандар, сол кезде өмір сүрген» тайпалардың өзіндік, дамыған металлургиясы мен қолөнерінің болғанының куәсі.
Модэнің өзгеше бір ісі жігіттеріне «алтын қабақ» аттырып, мергендердің санын орасан. көбейтеді, олар аспанда ұшып келе жатқан құстың өзін тез атып, түсіретін асқан мергендер екен. Енді бір ерекше ісі соғыс жау-әскеріне үлкен әсер ететін ысқырып шығатын жебе оғын жасатады. Үңгі садақ, қылыш, қанжар, селебе жасайтын ұсталарды ерекше қадірленген оларға арнап шеберлік үйін жасап береді [57, 28б.].
Ә. Марғұлан зерттеуінде көне дәуірден мұра болып жеткен қазақ шеберлерінің тамаша игерген кәсібінің бірі киіз басу мен тері өңдеу екені белгілі. Теріден қорамсақ, кісе белбеулер, көнек, торсық секілді ыдыс-аяқ түрлерін, аяқ киім, тоқым, тебінгілер, ат әбзелдерін жасады. Басып өрнек салынған теріден жағлан-сандықтардың сыртын қаптады. Сонымен бірге қазақ шеберлері теріден түскиіз де жасаған. Дегенмен, жоғарыда келтірілген тері түскиізді немесе «құстұмсық» жүзік секілді көркем заттарды арнайы аспаптармен жабдықталған «шеберханасыз жасап шығу әрине шеберлік.
Ғұлама ғалым кең байтақ Қазақстанның әр аймағында кездесетін ер-тұрманардың да өзіндік ерекшеліктерін суреттейді. Шашырап жатқан сан ғасырларды, замана айғақтарын типологиялық және нақтылы тарихе іде зерттей отырып, халықтың рухани игілігіне айналдыруды мақсат еткен.
Ә.Х. Марғұланның этноархеологиялық бағыттағы еңбектері женіндегі белгілі тарихшы М. Қойгелдиевтің пікіріне көңіл аударсақ: «Әлкен Хақанұлы 1966 жылы жарық көрген «Ежелгі мәдениет куәлары» атты жинаққа жазған кіріспе мақаласында: «Қазақстан өлкесі кейбір үстірт қарайтын адамдардың айтқанындай, тарихи мәдениеттің сілемі; жоқ, Тек қана шөл дала емес. Күрделі цивилизация. мұнда да болған. Бірақ өзгергіш дүние бұларды бірде көркейтіп, бірде жер бетінен сыпырып отырған». Бұл ұзақ жылдар бойы қазақ жерін археологиялық тұрғыдан зерттеген ғалымның тұжырымы. Марғұлан пікірінің құндылығы сонымен бірге оның қазақ халқының рухани мәдениетін өнер және фольклортанушы ретінде де үңіле зерттеуінде болса керек» [58].
Ғасырлар бойы атадан балаға ауысып, шындалған қолөнері халықтың сұлулыққа деген талғамын тәрбиелегені анық. Халқымыз қолданбалы өнер арқылы жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеп, ерліктің, еңбекқорлықтың, қайырымдылықтың, ұлттық тәрбиенің тамаша дәстүрлерін қалыптастырған. Халықтық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбиенің педагогикалық мүмкіндіктері белгілі бір сатылардан өтіп, ғылыми педагогикалық сатыларға жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, тәрбиенің алғашқы құралы және ұлттық тәрбие жүйесі қызметін атқарып келді. Осы орайда Әлкей Марғұланның, еңбектерінің орны ерекше.
Ә.Х. Марғұланның көп ізденген жерінің бірі Ғылым академиясының мұрағаты болды және мұндағы ең қымбат білім көзі Шөкін Уәлихановтың қоры еді. Ғалымның көрсетуінше Шоқаннын мұрасының көп жиналған орындары Ғылым Академиясының мұрағаты, МИД-тің мұрағаты, ЦГМИ, География қоғамының мұрағаты. Шоқанның көптеген жазулары КСРО-ның Орталық Мемлекеттік тарих мұрағатында, Омбының мұрағаты, Томск университетізің ғылыми кітапхана мұрағатының Г.Н. Потанин қорында сақталған Ә.Х Марғұлан жазулары бойынша, Шоқанның жеке мұрағатындағы материалдарды 1920 ж. академияға әкеліп тапсырушы К.К. Гутковскийдің қызы. Бірақ, Шоқанның көп материалдарын ол мұрағатқа тапсырмаған.
Марғұлан жазуында Шоқан жазып алған араб жазуымен 47, беттік Манастың жыры, не «Көкетай ханның асы» Шығыстану институты мұрағатының қолжазба бөлімінде сақталған. Шоқанның Омбының Кадет корпусында оқып жүріп жазып қалдырған және аударған жазбалардың күрделісі «Едіге» жырының орысша аудармасы - «Степная Сага об Идиге и Токтамыше». Ә.Х. Марғұланның зерттеуінше бұл дәптер П.М. Мелиоранскийдің мұрағатында 1928 жылға дейін сақталған, кейінде жоғалып кеткен [59].
Ә. Марғұланның көп жылдар Ш. Уәлихановтың ғылыми-әдеби мұрасын игерумен шұғылданғаны белгілі. Ә. Марғұланның басқаруымен 1958 ж. Шоқан айдамалысы жарық көрді. Шоқан мұрасын көп жылдар бойы зерттеудің заңды жалғасы ретінде Ә. Марғұлан «Шоқан мен Манас» [60, 28б.]. атты монографияны жазуға көп еңбек сіңірді. Бұл жұмыста Әлкей Хақанұлы қырғыз эпосы «Манастың» әр түрлі нұсқаларын салыстыра. Отырып зерттеудің нәтижесінде «Манас» эпосына ғылыми талдау жасаған. Ш. Уәлихановтың «Манасты» зерттеуге қосқан үлесін де анықтап көрсетеді.
1957-1967 жж. Ә. Марғұланның басшылығымен Ш. Уәлихановтың бес томдық академиялық жинағы дайындалды. Бұл еңбектер отанымыздың басқа да ұлы зиялыларының. жетістіктерімен бірге дүние жүзінің мәдениет қазынасында қазақ «Халқының өзіне тән мәдениетін әлемнің өркениет қырынан көрсете алады.
Ә. Марғұланның өзінен кейін қалдырған бай мұрасы қазіргі ғылымдағы, қоғамдағы болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашақта да маңызын жоғалтпайтын халқымыздың рухани байлығына жатады. Ә. Марғұлан шығармашылығын ғылымның бір ғана саласымен шектеп қарастыру мүмкін емес. Өйткені, ғылыми тарихи процесттерді жан-жақты өзара салыстыра, ұштастыра отырып зерттеген.
Сондықтан ол археологиялық ескерткіштерді этнографиялық деректермен, этнографиялық деректерді фольклор, қазақ әдебиеті, мәдениет тарихы, халықтың қолөнері, жазу мәдениеті тарихы, сәулеткерлік, тарихи деректік материалдармен байланыстыра шендестіріле отырып зерттелген. Осындай этноархеологиялық бағыт арқылы Ә.Х. Марғұлан халқымыздың тарихы мен мәдениетінің беттерін жарқыратып ашып берді.
Сондай-ақ, ғылыми шығармашылығына байланысты тағы бір айта кететін жайт, 1946 жылы жазылған «Сырым батыр» атты мақаласының жарияланбай қалуы. Бұл еңбек ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасында қолжазба түрінде сақталған. Мақалада ол қазақ тарихшыларының ішінде бірінші болып С.Датұлының қозғалысына ұлт-азаттық сипат берген.
Ғылымдағы осы тоқырау Әлкей Марғұланды бір жола археологиямен айналысуға мәжбүр етті. Марғұлан құрған Орталық Қазақстан экспедициясы 40 жыл бойы Сарыарқаның шетсіз-шексіз түкпірлерін ерінбей аралады. Ұлы ғалым негізін салған бұл ғылыми топ дала төсіндегі көне мәдениет нұсқаларын алғаш рет ғылыми қағаз бетіне іліктірді. Марғұлан мен оның шәкірттерінің әсіресе шұқшия зерттегені қола дәуірінен сақталған мұрағаттар болды. Біздің қазіргі заманымыздан төрт мың жыл бұрын қазақ даласы қола мәдениетінің аса ірі орталығы болғанына сол өңірден табылған мыңдаған ірі қорғандар, қала-қоныс орындары, кен өндірген күрделі шаруашылық алаңдары, су жинайтын алапат бөгеттер айғақ. Орталық Қазақстанның бір өзінен Әлкей Марғұлан бастаған экспедиция 60-тан астам қоныстың орнын зерттеді. Ә.Марғұланның және оның шәкірттерінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, оның өз сөзімен айтқанда, бұрын «Алтай және Қара теңіз жағасындағы даладағы екі көне өркениеттің аралығында қыспақта тұншыққан, тіршіліксіз Орталық теңіз сияқтанған Орталық Қазақстан» ғылым үшін маңызды көне мәдениет және өркениет ошағы ретінде қайта ашылды.
30 жылдан астам уақыт ішінде Ә.Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстанда жүйелі түрде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қола дәуірінің және көшпенді тайпалардың мәдениеті жан-жақты зерттелді. Қазіргі күнде Ә.Марғұланның ғылыми еңбектерінің арқасында сақтар мәдениеті андрон мәдениетінің занды жалғасы екендігі толық дәлелденіп, бұл екі мәдениеттің арасында Беғазы-Дәндібай мәдениетінің дәнекерлік роль атқаратындығы ғылыми тұрғыда негізделді. Орталық Қазақстанда жүргізген археологиялық зерттеулердің алғашқы қорытындысы есебінде Ә.Марғұланның басқаруымен және оның тікелей қатысуымен жазылған монографиялық еңбек Орталық Қазақстанның көне мәдениетін талдауға арналған. Бұл зерттеу 1967 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды. Орталық Қазақстанда археологиялық зерттеудің екінші кезені Әлкей Хақанұлыньщ Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы арнайы монографиясы мен бес томдық Қазақ КСР тарихында қарастырылған. Қазақ КСР тарихы бес томдығының жетекші авторының бірі ретінде Әлкей Хаканұлы 1982 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Ә.Марғұланның «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» атты кітабынын жарыққа шығуы республиканың ғылыми өміріндегі үлкен оқиға болды. Бір қуаныштысы, ғалымның еңбегі зая кеткен жоқ, ел кұрметіне бөленді. Тоталитаризмнен тұралап қалған ел рухын осылай оятқан, қазақ ғылымынын беделін де сақтап калған Әлкей Марғұлан болатын. Әлкей Марғұланның аты Сарыарқа даласында аңызға айналып, ертегінің кейіпкеріндей дәріптелді. Халық ықыласы Марғұланды қазақтың төл тарихы, төл мәдениеті, төл өнері сияқты жаңа тақырыптарға жетеледі. Тарихшы аталатын қауымның 95%-ы партия, совет тарихына ауып кеткенде, төл тарихтың жүгін Әлкей Марғұлан қара нардай жалғыз көтере білді.
Марғұланның этнография, археология, архитектура тақырыбындағы, жас ғалымдардың әлі де іздеп жүріп оқитын ондаған мақаласы сол жылдары жазылды. Тек мақаламен шектелмей, кітаптарын да шығарды. Олардың ішінде осы күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған «Көне қазақ жерінің қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» (1950 ж.) кітабын ерекше бөліп айтуға болады. Ә. Марғұлан, бір ғажабы, қолы қалт еткенде жас ұрпақтың тәрбиесін ойлап, өзі ашқан жаңалықтары, қазақтың бұрыңғы-соңғы тарихы, ғылымның әр саласының ерекшеліктері туралы әртүрлі қазақ басылымдарына, соның ішінде балаларға арналған журналдарға да мақала беріп отыратын.
Әлкей Марғұлан 1955 жылдан бастап Абай мен Шоқан тақырыбына қайта оралды. Марғұланның басқаруымен 1958 жылы Шоқанның тандамалы шығармалар жинағы жарық көрді. 1957-1967 жылдарда Ә.Марғұланның басшылығымен Ш. Уәлихановтың бес томдық академиялык жинағы дайындалды. Бұл ұлан-ғайыр еңбекті атқаруда Әлкей Марғұлан дем берген Мұхтар мен Қаныш сияқты қазақтың аяулы азаматтары еді.
Ә. Марғұлан КСРО-дағы архивтерді ақтарып отырып, Шоқанның қаламынан туған 300-дей шығармасын тапты. Оларға ғылыми редакция жасап, бүкіл қара жұмысын атқарды. Ал Шоқан жазбаларының көпшілігі бұрын жарық көрмегенін, жазу тәсімнің қиыңдығын, ойлау жүйесінін тым еркіндігін, кей жұмысының шала аяқталғанын ескерсек, Әлкей Марғұланның атқарған жұмыс бағасы белгілі болады. Бұл шаруа ондаған жылдарға созылды, соның нәтижесінде ғұлама Шоқан туралы 300 беттен аса өмірбаяндық кітап жазып, қолжазбасын қалдырды. Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығына байланысты бес томдық қайта басылғанда, Ә. Марғұлан қартайса да, игі істің басында жүрді. Бірақ, Әлкей Марғұлан өзі айтқандай, орыстың әскери ведомстволарында жатқан көптеген қағаздарды қолға түсіру мүмкін болмады. Шоқан мұрасын көп жылдар бойы зерттеудің занды жалғасы ретінде, Ә.Марғұлан «Шоқан мен Манас» атты монографияны жазуға қыруар еңбек сінірді. Бұл жұмыста Әлкей Хақанұлы қырғыз эпосы «Манастың» әртүрлі нұсқаларын салыстыра отырып зерттеудің нәтижесінде оған ғылыми талдау жасап, Ш.Уәлихановтың «Манасты» зерттеуге қосқан үлесін де анықтап, нақтылай түсті.
Сондай-ақ, Ә.Марғұлан Қазақстанның мәдениет тарихын зерттеу мәселесін ешқашанда өз назарынан тыс қалдырған емес. Басқа авторлармен бірлесіп, Қазақстанның орта ғасырлық архитектурасының тарихы туралы түбегейлі ғылыми монографияны бастырып шығарды. Қазақтың қолөнері жайында үш томдық үлкен еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбек көп жылдар бойы экспедиция кезінде ел арасынан, музейлер қорынан, архив қоймаларынан және қолөнер тарихына байланысты баспа жүзін көрген әдеби шығармалардан ерінбей жинаған нақты деректердің негізінде жазылды.
Бірнеше жыл тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімін басқара отырып, Ә.Марғұлан Қазақстанда этнография ғылымының дамуына да айтарлықтай үлес қосты. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен «Қазақ колхозды ауылының мәдениеті мен тұрмысы» атты үлкен монографиялық еңбек жарыққа шықты. Ол Қазақстанда этнограф, археолог және тарихшы ғалымдардың сан ұрпағын дайындады, шәкірттерінің ішінде белгілі археологтар мен этнографтар көптеп саналады. Олардың қатарында темір дәуірінің алғашқы кезеңін зерттеуші М.Қ.Қадырбаев, көне түрік дәуірінің зерттеушісі Ф.Арыстанов, қазақтардың этникалық тарихын зерттеуші М.С.Мұқанов, қыпшақтардың этникалык тұтастығын зерттеуші С.М.Ақынжанов, қазақтардың отбасы-некелік қатынастарын зерттеуші Х.А.Арғынбаев, исламға дейінгі діни сенімдер мәселесін зерттеуші С. Ақатаев, т.б. айтуға болады.
Ә.Марғұлан үлкен ғылыми, педагогикалық еңбекті ұйымдастыру ісімен де шебер ұштастыра білді. Ол көп жылдар бойы қазақ халқының шығу тегі туралы Координациялык кеңесті басқарды, сонымен бірге Қазақ КСР тарихының барлық басылымдарында редколлегия мүшесі, Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының ғылыми кеңесінің, маманданған докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау кеңестерінің мүшелері болды.
Ә.Марғұлан дүниежүзі ғалымдарының сан алуан жиындарында, конгрестер мен симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасады. Әсіресе, шығыстанушылардың XXV конгресінде «Орталық Казақстанның жаңа табылған қола дәуірінің ескерткіштері», антропология және этнография ғылымдарының VII,VIII дүниежүзілік конгрестерінде жасаған «Қазақ киіз үйі», «Қазақстанның исламға дейінгі архитектурасы» атты баяндамалары ғылымға қосқан үлкен үлес ретінде жоғары бағаланып, ғалымдар назарын бірден аударды. Ә.Марғұлан шетелдік шығыстанушы, археолог және этнограф ғалымдармен тығыз байланыс жүргізді. Оның ғылыми еңбектерінің бірқатары шетел тілдеріне де аударылған [61, 72-103б.].
Ә.Марғұлан Отанымыздың көптеген ғылыми мекемелерімен тығыз байланыс жасауға көп көңіл бөлді. Ол Москва, Ленинград, Новосібір, Ташкент, Фрунзе және Душанбе қалаларына сан рет диссертациялық жұмыстарға оппоненттілікке шақырылды. Ғалым Қазақстанның тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесіне атсалысып, көптеген пайдалы кеңестер берді, ғылым табыстарын радио, теледидар хабарлары арқылы уағыздау ісіне де көп көңіл бөлді.
Қарап отырсақ, ғұламаның көзі тірісінде 400-ден аса әртүрлі ғылыми еңбектері жарық көріпті. Жоғарыда айтылғандармен қоса, қола дәуірінің тамаша, жарқын сәттерін суреттейтін «Древняя культура Центрального Казахстана» және қазақ даласыңда көшпелі өмір салтының қалыптасу кезеңіне арналған «Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» атты монографиялык еңбектері - дүниежүзіне белгілі, Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің шыңы іспеттес дүниелер. Әлкей Марғұланның өнер саласында жазған еңбектері де бірсыдырғы жарияланды, әсіресе «Казахское прикладное искусство» атты үш томдығы тендессіз еңбек саналды. Халық эпосына байланысты әртүрлі мақалалары қазақтың мерзімдік баспасөзінде, соның ішінде «Жұлдыз» журналында жиі жарық көріп жүрді. Әлкей Марғұланның Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев туралы естеліктерінің орны және бөлек.
Ә. Марғұлан «Ер Тарғын» жырын қазақшадан толық түрінде алғаш орысшаға түсірген. Шоқан жөнінде 50-ден аса мақала жазды. Ә. Марғұлан қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға өзі аударып отырған. Шығыс институтына сабақ берген. Ә. Марғұлан аспирант кезінде бұл институттың студентеріне түрік тілдерінен, соның ішінде өзбек, қазақ тілдерінен дәріс оқыған.
Ә. Марғұланның қаламынан туған соңғы дүние «Орталық Қазақстан архитектурасы» деп аталады. Ғұлама бұл кітапты өмір бойы жазды ма екен, әлде әдейілеп созды ма екен, ол жағы белгісіз.
Ә.Х.Марғұланның жетекшілігімен 50-ден астам кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. 1946 жылдан Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі болды, 1958 жылы академик, ал 1960 жылы профессорлық атақты иеленді. Бүкілодақтық географиялық қоғамның мүшесі болды, қазақтардың этногенезі бойынша Координациялык кеңесті басқарды.
Ал, 1943 жылы Ә.Х.Марғұлан «Хандар жарлығының тарихи маңызы» атты тақырыпта кандидиттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. Бұл зерттеу қыпшақтардың жазба ескерткіштерін зерттеудің ең алғашқы бастамасы болды. Әлкей Хақанұлы қыпшақ мәселесін қазақ халқының шығу тегінің шешуші кілті есебінде бағалады.
Оның редакциясымен Шоқан Уалихановтың шығарларымының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көреді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттейді. Осы күнге дейін ғылымда бұл еңбекке жақын, деңгейлес келетін зерттеу жұмысы жоқ деуге болады. Бұл жұмыс - Әлкей Марғұланның талай жылдық еңбегінің қорытындысы іспетті.
Осылайша, 1940-1941 жылдары Ә.Марғұлан оннан аса ғылыми еңбек жазды. Мәшһүр Жүсіп мұрасы, түркі эпосы, сонын ішінде «Едіге» мен «Орақ-Мамай» жырлары, декабристер және Қазақстан, Әлішер Науаи және қазақ мәдениеті, Мұхаммед Хайдар, Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы, Суворов, Жамбыл Жабаев туралы зерттеу еңбектеріне көз жіберсеңіз, Әлкей Марғұланның ой-өрісіне, қабілет-қарымына таң қаласыз. Бұған қоса, Қазақстан ғылымы жөнінде, соның ішінде тарих бөлімінің болашағы жөнінде жазған мақалалары өте құнды. Мүмкін, соңғы тізімге кірген дүниелер заманның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру мақсатында жазылған шығар. Алайда соған қарамастан, Әлкей Марғұлан негізгі міңдетін, яғни халық тарихының қайнар көзін ашып, елге таныстыруды бір сәтте естен шығармады. 1941 жылы Ә.Марғұлан Қ.Жұмалиевпен бірлесіп «Қазақ әдебиетінің» оқулығын жазды. Орта мектептің 8 сыныбына арналған ауыз әдебиеті нұсқаларын талдау. Көлемі 160 бет [62, 28б.].
«Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасы» мақаласының тақырыбына орай, отаршылдықтан азат санаға көшкен қазіргі қоғамда халық өнеріне, әсіресе сәндік, халықтық дәстүрге деген қызығушылықты қамтитын тарихқа дербес көзқарас қалыптасуда. Осыған байланысты академик А.Х. Марғұланның қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуде қалдырған ғылыми еңбектерінің біріншіден, дерек көзі, екіншіден – тарихи-танымдық, үшіншіден – тәрбиелік мәні зор екенін атап өтейік.
Ә.Х.Марғұланның этноархеолог ретіндегі зерттеу еңбектері, сәулет ескерткіштерін, этнографиясын, ауыз әдебиетін зерттеу, қазақ жазуының тарихына қатысты еңбектері, қазақ жазуының тарихын зерттеуге қосқан үлесі. рухани байлығымыздың алтын қоры. Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы қалаларының мұражайларында, мұрағаттары мен кітапханаларында сақтаулы тұрған Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты деректердің тізімі мен көрсетілімі бүгінгі таңда «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға зор үлес қосуда.
Сондай-ақ, екі рет репрессияға ұшырап, «ұлтшыл» атанған академик А.Х. Марғұланның ғылыми еңбектерін Қазақстан мұражайында көрсетумен қатар, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, бабалар тарихын сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен үлгі. Ғалымның өмірі мен еңбек жолы, ғылыми ізденістері республика бойынша бірнеше мұражайлардың ашылуына да себеп болды. 1986 жылдан бері Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып табылатын Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы археологиялық-этнографиялық мұражай Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 7 маусымдағы қаулысымен жеке ғылыми мұражай болып құрылды. 1991 ж. № 91-Р. Себебі аудандағы бірегей археологиялық, тарихи-мәдени ескерткіштер, осыдан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған Беғазы-Дәндібай мәдениеті осы жердің төл мәдениеті.
Яғни, бұл өңірде 1947–1949, 1952 жылдары Марғұлан басқарған археологиялық экспедиция А. Ғалым Павлодар облысының Баянауыл ауданында, Екібастұз ауданының «Степной» ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында, Астана қаласында дүниеге келген. Марғұлан атындағы мектеп жанындағы ғалымның өмірі мен еңбек жолына арналған мұражайлар, Ә.Марғұлан кешені, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Археология» залының ашылуы, 100 жылдық мерейтойына орай «Археология» залы. ғалымның Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында және т.б.
Сондай-ақ, ғалым Ә.Х. Марғұланның тұлғасы мен ғылыми мұрасы туралы монография, арнайы зерттеулер жоқ. Дегенмен, Баскаковтың «Ғалым» Н.А., Л.Н. Гумилевтің «Дана адам», Л.Р. Қызласовтың «Әлкей Хақанұлы Марғұлан. Ғалым мен адам портретіне», Р.Бердібаевтың «Ғалым пікірі ортақ», МК «Дала перзенті» Қ.Қозыбаев. Ақышевтың «Археологияның атасы», А.Х. Марғұлан – археолог», - деді Х.А. Арғынбаевтың «Заманымыздың ұлы ғалымы», Ш.Ш. Шокиннің «Марғұлан», Х.Ж. Сүйіншалиевтің «Археология және әдебиет», У.Х. Шәлекеновтың «Білімді ұстаз», С.Өтениязовтың «Әлекең түркі ғылымының төрінде», Ж.Құрманқұловтың «Ғалым Әлкей Марғұлан», С.Мұқановтың «Әлкей Хақанұлы Марғұлан – этноархеолог» [63], тағы басқа ғалымдар, Ә.Марғұлан шәкірттерінің ғалым-ұстаз туралы мақалалары, очерктері, деректі фильмдері, естеліктер жинақтары, 2004. «А. Марғұланның естеліктері» [64] «Білім» баспасынан, «Ғұлама» [65] естеліктер жинағы «Эко» баспасынан жарық көрді.
Қазақ этнографиясы кітапханасының 50 томдық жинағының «Қазақ халқының жазу мәдениеті туралы еңбек» [66] деп аталатын 8 томы және С. 48 томдық «Рухнама» жинағының 26 томы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Марғұланның өмірі мен шығармашылығына арналған. 1984 жылы жарияланған «Әлкей Хақанұлы Марғұлан. (Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы)» 2004. Ғалымның 100 жылдығына орай толықтырылып, қайта басылды [67]. М. Жолдасбековтың «Асыл арналар» жинағында, «Дала даналары: (тарихи тұлғалар)» және т.б. Ә.Марғұлан туралы мақалалар бар. Әр жылдары, атап айтқанда, 1989, 1990, 1992, 1997, 2000, 2002. «Марғұлан оқулары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдарында Грошевтың «Академик Ә.Х.Марғұлан және Орталық Қазақстанның ежелгі суландыру мәселелері», С.М.Ахинжановтың «Ә.Х.Марғұлан және қыпшақ тарихының кейбір мәселелері», А.М.Манапованың «Ә.Х.Марғұланның Жезқазған өңіріндегі неолит ескерткіштерін зерттеуі», С.А. «Әлкей Марғұлан және Маңғыстау өңірі», Х.К. Сүлейменованың «Мәдени мұраны зерттеу А. «Марғұлана кіріктірілген сабақтар туралы» атты зерттеу мақалалары жарық көрді.
Сондай-ақ, 2004 жылы А.Х. Марғұланның 100 жылдығына арналған «Көшпелілер өркениеті және рухани мәдениет тарихы» [68] халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының 2 томдық материалдар жинағында. Ысмағұловтың «Академик Ә.Х.Марғұлананың этноантропологиялық идеялары» [68, 40 б.], Қ.М.Байпақовтың «А.Х. Марғұлан – археологиялық мұраның көрнекті зерттеушісі» [68, б. 7].
Кеңес Одағы кезінде және одан кейін Қазақстандағы музей ісін қалыптастыруға атсалысқан тұлғалар тақырыбы арнайы зерттелмеген. 1947 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі А.Х. Марғұланның ұсынысы бойынша жарияланған Ә.М. Жиреншиннің «Қазақстан Орталық музейінің тарихынан» атты мақаласы мұражайға арналған. А.М. Жиреншин өлкетану қоғамының ғылыми қызметкері ретінде бірнеше жазғы этнографиялық экспедицияларға барған.
Соның нәтижесінде халқымыздың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты бай этнографиялық материал жинады. Орталық мемлекеттік мұражайдың директоры болды. Жиреншин 1948 ж. «Қазақстан Орталық мұражайының ғылыми экспедициясының 1947 ж. жұмысы», 1950. «Қазақстан өлкетану музейлерінің міндеттері» атты мақалалары [69] Өлкетану мұражайының қызметкерлеріне арналған әдістемелік материалдар жинағы. көп жылғы зерттеулердің нәтижесі және мұражайдың дамуына қосқан үлесі. Қазақстандағы мұражайлар жүйесінің қалыптасуы мен олардың қызметін зерттеуде тарихшы С.Ш. Ахметованың еңбегі зор. С.Ш. Ахметова «Қазақстандағы тарихи өлкетану» еңбегінің төртінші тарауын «Музейлік өлкетануды дамыту және ескерткіштерді қорғау» тақырыбына арнады. Зерттеуде Қазақстандағы алғашқы өлкетанудың қалыптасуы мен дамуының қиын да мазмұнды алғашқы кезеңдері (1917-1932), колхоздар мен совхоздарда, түрлі ұжымдарда, оқу орындарында, аудандарда өлкетану қоғамдарында өлкетану бөлімдерінің құрылуы қарастырылады.
Еңбекте «өлкетану ісін тиісті деңгейге көтеру музей ісін дамытудың бірден-бір негізі» [70, б. 144]. 1998 жылы туған.Алматы қаласында өткен «Мұражай экспозицияларында ұлттық тарихтың негізгі кезеңдерін көрсету мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында [71] облыстың түкпір-түкпірінен келген музей қызметкерлерінің баяндамалары ерекшелеумен шектелген. олардың мұражайларының кемшіліктері мен шешімін күткен мәселелер.
Отандық музейтану саласында, негізінен, мұражай жұмысы туралы Ресей Федерациясының Білім және мәдениет министрлігі шығарған мұражайтану, мәдени-тарихи мұра туралы ғылыми жинақтар. Федоров, М.А. Разгон, И.М. Коссова, Е.Б. Медведева, М.Е.Коулен, Л.М.Шляхтина, С.Ф. Казакова, С.И. Сотникова, «Музей ісінің негіздері», «Мәдени мұра және қазіргі заманғы мұражай», «Музейтану», «Музей және материалдық емес мәдени мұра» [72] және т.б. жұмыстар қолданылады.
Дегенмен, халқымыздың рухани және материалдық мәдениетінің арқасында А.Х. Марғұлан мұрасы мен оның мұражай ісіндегі көрінісі музей деректерін бір ізге түсіру арқылы әлі толық зерттелген жоқ. Осыған байланысты академик А.Х. Марғұланның ғылыми еңбектерінің ұлттық мәдени мұраны зерттеудегі маңызы мен оның республика музейлері жұмысындағы бейнеленуі, деректанулық, материалдық және рухани мұраларды кіріктіру арқылы музейлік зерттеулерге бағыт-бағдар беруді жаңа тақырып деп санауға болады.
Яғни, қазақ халқының рухани, мәдени және тарихи мұрасын зерттеу нәтижесінде жазылған ғылыми еңбектер, археологиялық зерттеулердің, этнографиялық зерттеулердің нәтижелері, ежелгі және ортағасырлық сәулет өнеріне қатысты ғылыми-зерттеу еңбектері, халық қолөнеріне арналған басқа да іргелі монографиялар бүгінгі таңда тарихи . - өлкетану мұражайларының, археологиялық, әдебиет және өнер мұражайларының экспозициялары. Бұл мұражайларда сақталған сансыз ұлттық мұраларды зерттеуде баға жетпес қазына.
Қорындылай келе, ғалымның ғылымдағы сан саласын жете меңгерген парасатты ғұлама, Қазақстанда археология ғылымының негізін салушы зерделі ғалым, ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, аяулы азамат және педагог Ә.Х. Марғұланды бүкіл қазақ жұртшылығы жақсы біледі, өзінің адал ұлдарының бірі есебінде құрмет тұтады. Ғалымның барлық елімізге сіңірген еңбегі жоғарыды баяндалып өтті.
Жалпы алғанда Ә.Х. Марғұланның жоғарыда аталған тарихи мұралар жөнінде жасалған тужырымдары бүгінгі жағдайда одан ары дамыта зерттеуге лайық. Олар қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін аша түсуге көмектеспек. Қорыта айтар болсақ, Ә.Марғұланның артына қалдырған мол мұрасы қазіргі тарих ғылымында жалпы мәдениетімізде болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашаққа қызмет жасайтын ұлтымыздың рухани байлығына жатады. Ә.Марғұлан шығармашылығын, сондай-ақ тарих ғалымының белгілі бір саласымен ғана шектеп қарастыру қателікке ұрындырады. Өйткені, ғылымның өзі тарихи процестерді жан-жақты өзара салыстыра, ұштастыра зерттеуді мақсат тұтқан. Сондықтан да ол археологиялық ескерткіштерді тарихи-жазба деректермен, тарихи. жазба деректерді аңыз-жырлармен, аңыз-жырларды алдыңғы екеуімен байланыстыра зерттеген. Сол арқылы ғалым халқымыздың жүріп өлкен тылсым әлемін жарқыратып, аша білген. Бұл әдіс кейінгі буын ғалымдарға да, біз сияқты, мектеп қабырғасындағы оқушыларғада үлгі болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |