ОРАЗГҮЛ МҰХАТОВА
ШЕТ ЕЛДЕР ТАРИХЫНЫҢ
ТАРИХНАМАСЫ ПӘНІНІҢ
ДӘРІС, СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН
ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
ҰСЫНЫМДАРЫ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
АЛМАТЫ - 2012
ӘОЖ 9(И) (02)
М86
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің
Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған (2012 жыл № хаттама)
Пікір жазғандар:
Г.К. Көкебаева - тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Р. Несіпбаева - тарих ғылымдарының докторы, профессор
С. Смағұлова - тарих ғылымдарының докторы, профессор
Мұхатова О. Шетеледер тарихының тарихнамасы пәнінің дәріс,
семинар сабақтарын және өздік жұмыстарын өткізудің әдістемелік
ұсынымдары. Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы, 2012. – 67 бет.
ISBN 978-601-247-571-5
Кітапшада Шетелдер тарихының тарихнамасы пәнінің силлабусы,
дәрістердің сұрақтары, оқу тәсілдері, семинар сабақтарын жүргізудің
тың әдістері, студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмаларын
орындаудың әдістемелік ұсынымдары берілген. Автор аралық
бақылаудың, емтиханның сұрақтарын, реферат тақырыптарын да
көрсеткен.
Оқу-әдістемелік құрал студенттерге, тарихнама пәнінен дәріс беретін
оқытушыларға арналған.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ПӘННІҢ СИЛЛАБУСЫ
ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
СЕМИНАР
САБАҚТАРЫН
ӨТКІЗУДІҢ
ӘДІСТЕРІ
ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗДІК
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК
ҰСНЫМДАРЫ
РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Тарихнама пәні және оқытудың
заманауи технологиялары
Білім беру деңгейі - экономикалық және ғылыми техникалық прогрестің
ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол - мемлекет пен қоғамның табысты
дамуының кепілі. Білім беруде артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік
қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан да білім
беру және оны заманауи талаптарына сәйкес жүргізу қазіргі кезеңдегі
көкейкесті мәселелердің бірінен саналады. Осыған орай Елбасы Н.Назарбаев
тәуелсіз мемлекетке «қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық
модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет»
екенін атап көрсеткен болатын. [1]. Қазақстан Республикасының
Президертінің әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75
жылдық мерейтойын мерекелеуде оқыған актілік дәрісінде «саналы да
сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы
зор болмақ», - [2] деп атап көрсетті. Мұның өзі терең білімді, жоғары білікті
мамандар дайындау үшін сапалы білім беру міндеті кезек күттірмес
мәселелердің бірінен саналатындығын айғақтайды.
Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты мейлінше бәсекелестікке
бейім 50 елдің қатарына қосылу екендігі баршаға мәлім. Дамыған елдердің
қатарына қосылудың басты шарттарының, әрі талаптарының бірі -
бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау. Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты жолдауында дамуымыздың тегершігі «парасатты
экономика» негіздерін қалыптастыруды міндеттей отырып, әуелі адами
капиталымызды жасақтау қажеттілігін баса айтқан еді.[2] «Бәсекеге қабілетті
экономика бұл ең алдымен кадрлардың бәскеге қабілеттілігі» деген
Президент тұжырымы осының дәлелі.[3]
Қазіргі кезде бұрынғысынша дәріс беріп, семинар сабақтарын жүргізудің
қисынсыздығы айқын байқалуда. Дәстүрлі сипатта сабақ берудің салдары
уақыт өткен сайын жоғары білікті маман даярлауға кері әсерін тигізетінін
күнделікті тәжірибе көрсетіп берді. Жоғары оқу орындарында ғана емес
бүкіл білім беру жүйесінде заман талаптарына сәйкес жаңалықтар енгізу
көкейкесті бола түсуде, өйткені кеңестік кезеңнен қалған білім беру жүйесін
түбегейлі өзгертпей ары қарай даму екі талай екендігіне көз жеткізілді.
Бүкіл әлем білім беруде соны реформаларға қол созған уақытта
дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім берудің жаңа әдіс-
тәсілдері өзекті бола түседі. Осыған орай оқытудың кредитті жүйесі негізінде
дәрістерді, семинар, өздік жұмыстарды ұйымдастырып, уақытты ұтымды
пайдаланып, студенттер үшін тартымды өткізу міндеті туындайды.
Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дайындауда осы мәселеге жіті көңіл
қойылады. Сол себепті де семинар сабақтарының, студенттердің өздік
жұмыстарының әдістемелік ұсынымдарын дайындау оқу-әдістемелік
кешендеріне қойылатын басты талаптар әрі білім беру үдерісін жетілдіру әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стратегиялық басымдылықтарының бірі
болып саналады.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2010-2011 оқу
жылынан бастау алған эксперименталды білім беру бағдарламасына сәйкес
оқыту және кәсіби мамандарды даярлауда заманауи талаптар, инновациялық
тәсілдер бірінші кезекке қойылады. Оқытуда жаңашыл әдіс-тәсілдерді
пайдалану бакалавриатта сапалы білім алуға септеседі. Осыған орай
«Қазақстан тарихының тарихнамасы», «Шетелдер тарихының тарихнамасы»
пәндерінен оқылатын дәрістер мен өткізілетін семинар сабақтарында
интерактивті инновациялық ахуалдық, презентациялық, пресс-конференция,
жеке топтық, т.б. әдістер пайдаланылады. Осылардың ішінде ахуалдық,
проблемалық, жобалау, «прес-конференция», «ақыл-оймен шабуылдау», т.б.
әдістер Қазақстан тарихнамасы, Шетелдер тарихының тарихнамасы
пәндерінің ерекшеліктеріне сәйкес келеді, өйткені тарихнама ғылымының
өзіндік ерекшеліктері тарихнамалық деректерді талдау және оларға баға
беруде белгілі бір проблеманы шешудің ахуалы пайда болады. Оны
оқытушы студенттердің көмегімен орын алған проблемалық ахуалды тиімді
шешуі тиіс. Сондай-ақ ахуалдық әдіс тарихнамалық фактілерді салыстыруда,
олардың ұтымды тұстары мен кемшіліктерін көрсетуде де тиімді әдіс болып
саналады.
Шетелдер
тарихының тарихнамасын оқыту тарихи мәселелердің
зерттелуін салыстырмалы зерттеуде, тарихнамалық фактілер легінде
басымдылықтарды
анықтауда,
теориялық
тұжырымдамалар
және
методологиялық
ұстанымдарды
қолдануда
шығармашылық-талдау
қабілеттерін іске асыруы үшін аса маңызды. Шетелдер тарихының
тарихнамасы мәселелерін талдау оқытудың қазіргі кездегі тарих ғылымының
дамуы үрдістерін, оның қоғамдағы ғылыми және саяси маңызын айқындауда
елеулі рөл атқарады. Шетелдік тарихнаманы оқыған кезде студент ежелгі
дүние мен орта ғасырдан бастап Еуропаның тарихи ғылымның генезисін
және ары қарайғы дамуын көру, түрлі тарихи дамуда үлкен рөл атқарған
мектептермен және бағыттармен танысу мүмкіндігін иеленеді. Себебі тек
тарихнама пәнінде ғылыми-тарихи білімдердің пайда болу және жинақталуы,
тарихи ойдың дамуы, тарихи ғылымның қалыптасуы және дамуы, әр
кезеңдегі тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтары ашылады. Осыған орай
пән өзінің алдына нақты тарихи жағдайларда тарихи ойдың негізгі бағыттары
мен ұстанымдарын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негіздерін
көрсету.
Тарихнамалық
мәдениетті
қалыптастыруда
студенттерді
тарихнамалық зерттеуде тарихилық принципін саналы түрде қолдануға бағыт
беру. Тарихи ғылымның тұтас мектептері мен бағыттарындағы көзқарастар
мен методологиялық құрылымдарға сол елдің ұлттық, әлеуметтік, саяси даму
ерекшелігі өзіндік ізін қалдырғанын көрсету мақсатын қояды. Пәнді оқыту
барысында әр бағыттағы тарихи ойға тән тарихи танымның теориялық және
методолгиялық принциптерін үйрену; тарихи зерттеу әдістерін, түрлі
мектептер мен бағыттардағы тарихи ойда деректерді қолдану және талдау
қандай деңгейде болғанын, тарихи зерттеудегі методология мен әдістің
байланысын көрсету; тарихи зерттеулердің ұйымдық түрлерінің даму
тарихын үйрену: тарих қоғамдары, университтер, академиялар, тарихи
баспасөз, құжаттар жинағы, т.б. батыс тарихнамасының даму кезеңдерін
анықтау; жаңа және қазіргі заман тарихнамасының әлеуметтік таптық
негіздерін айқындау міндеттері қойылады. Студенттер дүние жүзі және отан
тарихы бойынша мәселелердің кезеңдемесін, гуманитарлық және әлеуметтік
ғылымдардың негізгі ілімдерін, деректерін, тарихнамасын, ежелгі дәуірден
бастап, орта ғасырлардағы тарихи білімнің қалыптасуын, тарих жазудың
жолдары мен түрлерін, Қайта өрлеу және Реформация кезеңіндегі тарихи
білім
мазмұнынының
өзгеруін,
гуманистік
және
ағартушылық
дүниетанымының пайда болуын, сонымен қатар тарихи мәселелерді
ағартушылық тұрғыда талдаудың тамаша үлгісі Францияда болғанын; ХІХ ғ.
бірінші жартысында қоғамдық ойда романтизмнің белгілерін; тарихи ойды
дамытудың орталықтарын; халықтардың тарихи эволюциясының өзара
байланысын, жалпы адамзат үрдісіндегі олардың рөлін; шетелдердің тарихы
бойынша отандық және шетел зерттеулерінің нәтижелерін білуі тиіс.
Көрсетілген мақсат-міндеттерге қол жеткізу үшін тарих ғылымының
заманауи методологиялық тұжырымдамаларын білу және оларды
қолданудың жолдарын меңгеруі; ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі
тарихи құбылыстарды адамзаттың даму заңдылықтары ауқымында
зерттеудің негізгі тұжырымдамалық негіздерін талдай білуі; ғылыми-зерттеу
жұмысында әртүрлі әдістерді, әдіснаманы және технологияларды пайдалана
білуі; өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізуге, өзінің ғылыми көзқарастарын
негіздеу үшін жаңа дәйектерді іздеп табуға қабілетті болуы тәрізді
бакалаврдың құзырлықтары анықталады. Сондай-ақ қоғамдық үдерістерді
талдаудың заманауи әдістерін және солардың негізінде дүние жүзі тарихы
мәселелерінің зерттелу деңгейін айқындай отырып, жинақталған тарихи
білімін, тарихи болмысының көрінісін қалыптастыруда қолдануы; кәсіби
деңгейде қойылған мәселені конструктивті шешуде сыни талдау,
ретроспективті, салыстырмалы талдау, мезімдемелік, проблемалық және
басқа да тарихнама ғылымының ғылыми зерттеу әдістері арқылы жеке
құбылыстар мен оқиғалардың, үдерістердің зерттелуін айқындау,
тарихнамалық деректер мен фактілердің құндылығын анықтап, баға беру,
пәнаралық байланыс жүйесінде тарихнамалық білімді қолдана білу білігі
болуы тиіс. Студенттердің сапалы, әрі жүйелі білім алуы және заманауи
құзырлық пен біліктілікке қол жеткізуін қамтамасыз ету аса күрделі,
түйіткілді мәселе болғандықтан оларды шешуде оқытудың дәстүрлі
әдістемесінен гөрі тың әдіс-тәсілдерді пайдалану өзекті болып табылады.
Енді Шетелдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша бірқатар
тақырыптарды, мәселен Ежелгі Шығыс және Ром тарихнамасы мәселесін
оқыту және талдауда қолданылатын тәсілдерге көшейік. Ежелгі Шығыстың
тарихнамалық дәстүрі және антикалық тарихнаманың мәселелері антикалық
ойшылдар мен тарихшылардың тарих жазу дәстүрін көрсетуде Ежелгі
Шығыс пен антика тарихнамасының қалыптасуын, даму үдерістерін,
ерекшеліктерін, кезеңдемесін анықтайтын конспект дайындау қажет.
Берілген тапсырма бойынша конспект дайындау үшін дәптерде екі бағана
сызып, оның біреуін Ежелгі Шығыс тарихнамасы, екіншісін антикалық
тарихнама деп атау керек. Содан соң сол бағаналарды толтыру қажет.
Көрсетілген оқу құралдарын пайдалана отырып, ежелгі дәуірдегі тарихи
ойдың қалыптасуының үдерістерін, кезеңдерін, деректерін, ерекшеліктерін
қарастыратын тұстарына назар аударған абзал. Тақырып бойынша
сұрақтарды оқып-үйренуді Шығыс тарихнамасы өкілдерінің еңбектерінен
бастау керек. Олар ежелгі тарихнаманың мәнін, тарихты зерттеудің алғашқы
қадамдарын тануға мүмкіндік береді. Ром тарихнамасының ерекшеліктерін
анықтауда деректердің мазмұнына, сипатына назар аудару қажет. Жауапты
Шығыс және Ром тарихнамаларын өзара салыстыру арқылы берген жөн. Осы
орайда семинар сабағын ахуалды шешу тәсілі оңтайлы болып табылады.
Ежелгі Шығыс және Ром тарихнамасының өзіндік ерекшеліктерін,
тарихнамалық деректерді талдауда және оларға баға беруде, тарихнамалық
фактілерді салыстыруда, олардың ұтымды тұстары мен кемшіліктерін
көрсетуде ахуалдық әдіс өте тиімді.
Ерте
ортағасырлық тарихнама бойынша семинар сабақтарының
сұрақтарына жауап қайтаруда ерте орта ғасырлық тарихнаманың өзіне тән
белгілерін, негізгі даму сатыларын анықтауға назар аудару қажет. Олай
етпеген жағдайда осы кезеңнің тарихнамалық деректерінің мазмұнына баға
беру, тарихнамалық фактілер бойынша тұжырымдамаларды көрсету қиынға
түседі. Бұдан өзге осы кезеңге жататын тарихнамалық шығармалардың
түрлерін ажырату аса маңызды болып табылады. Мәселені талдауда «пресс-
конференция» әдісін пайдаланған ұтымды. Студенттер сұхбат берушілерге
сауалдар қою ерте ортағасырлық тарихнамының ерекшеліктерін айқындап,
артықшылықтары мен кемшілктерін ашуға мүкіндік береді. Ерте
ортағасырлық тарихнамаға байланысты тарихнамалық деректердің мәні мен
мазмұнын және маңызын айқындауды салыстырмалы талдау негізінде
жүргізген абзал, өйткені бұл әдіс олардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге
жол ашады. Семинар сабақтарының соңында қорытынды жасауды
студенттердің өздеріне тапсырса, ой-тұжырымдар түйіндеуге машықтанады.
Кейінгі ортағасырлардағы гуманизм және Реформация тақырыбының
мазмұнын қарастыруда көрсетілген кезеңдердегі тарихи білімнің өзіндік
ерекшеліктерін айқындауға назар аударған жөн. Осы орайда проблемалық
тәсілді қолдану ең бастысы гуманизм мен реформациялық тарихнаманы
өзара салыстыра талдау мәселені терең қарастыруға жағдай жасайды, әрі ХУ-
ХУІ ғасырлардағы тарихнаманың мәні мен ерекшеліктері ашылады.
Проблемалық тәсілді тарихнамадағы салыстырмалы талдау әдісімен
ұштастыру проблеманының барлық қырларын ашуға септеседі. Студенттерді
шағын үш топқа бөліп, біреуіне гуманистік, екіншілеріне Реформация
кезеңінің негізгі сипатына баға беруді, ал үшінші топқа айтылғандарға
сарапшы болуды тапсыру керек. Мұндай әдіс бір жағынан студенттерді
топпен жұмыс істеуге үйретсе, екіншіден жоғары балл алуға ынталандырады,
әрі бір-бірінің жауаптарын шынайы бағалай білуге дағдыландырады.
Англиядағы
және Франциядағы тарихи ойдың дамуы бойынша
тапсырмалардың сауалдарын талдауда «ақыл-ой арқылы атқылау» тәсілі
тиімді болып саналады. Аталмыш тәсілді пайдалана отырып, Франция мен
Англиядағы тарихи білімнің дамуын көрсетуге басты назар аударған жөн,
өйткені ол француз және ағылшын ағартушыларының идеяларын анықтауға
мүмкіндік береді. Сауалдарға жауап дайындау үшін ең алдымен француз
және ағылшын ағартушы ойшылдарының шығармаларымен, олардың
мазмұнымен танысып алу қажет, себебі сол еңбектерде тарихи ойшылдардың
тарихи ойға қосқан үлестері орын алған. Жазбаларды дайындауда мына
төмендегі жайттарды назарда ұстаған абзал: аталған елдердегі тарихи ойдың
қалыптасуы; ағартушылар мектертерінің өкілдері және олардың идеялары;
олардың тарихи ойды дамытуға қосқан үлестері; ойшылдар көзқарастарының
дүниежүзілік тарихнамадағы маңызы. Алдын ала дайындалған жауаптардың
базасын пайдалана отырып, ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы ағылшын және француз
ойшылдары мен тарихшыларының тарих жазудағы ортақ ұстанымдарын
және айырмашылықтарын бөліп көрсеткен дұрыс. Сонымен қатар бұл
тарихшылардың алдыңғы кезеңдегі тарих жазумен салыстырғандағы
прогессивті тұстарын анықтау тақырыпты терең меңгеруге көмектеседі.
ХҮІІІ ғ. неміс ағартушыларының тарихты зерделеуге қосқан үлестері.
тарихнамалық деректердің негізінде ХҮІІІ ғ. Германиядағы тарихи білімнің
дамуына ағартушылардың қосқан үлесін анықтау тапсырммасын «дөңгелек
стөл» түрінде өткізген жөн. Себебі дөңгелек стөлге қатысушылардың
барлығының дерлік пікір айтуға мүмкіндіктері болады. Дөңгелек стөлге
қатысушыларды шартты түрде отандық тарихшылар, шетелдік зерттеушілер,
түрлі мерзімді баспалар өкілдері деп айдарлап қойса, студенттердің
қызығушылығы артады. Оларды кезегімен сөйлетіп, проблемалық
мәселелерлі көтеріп отыруда дөңгелек стөлдің модератордың рөлінің зор
екендігін ескрген абзал. Сол үшін студенттердің арасынан білімді,
ұйымдастырушылық қабілеті зорын алдын ала белгілеп, үйге тапсырма
берген кезде оның рөлінің күрделі болатынын ескерту қажет. Тақырып
бойынша сұрақтарға дайындалғанда кез келген зерттеушінің тарих
ғылымына қосқан үлесі бәрінен бұрын оның жазған және жариялаған
еңбектерінен көрінетіндігін есте ұстаған абзал. Сондықтан да ХУІІІ
ғасырдағы неміс ағартушыларының еңбектеріне және олардың мазмұнына
назар аудару қажет. Шығармалардың мазмұнынан ағартушылардың
идеялары мен тұжырымдамаларын көруге болады. Мұның өзі тарихты қайта
қараудағы үлес болып табылады. Дәптерге неміс ағартушыларының
ағартушылық идеяларын бөлек жазып алып, одан соң барлық ағартушыларға
тән идеяларды, тұжырымдарды синтездеу тақырыпты терең меңгеруге
септеседі. Тарихнамалық талдауда мұндай әдіс аса маңызды әрі қажетті
болып табылады. Осыларды ескеріп, жұмыс алдын ала жүргізілсе, дөңгелек
стөл өз мақсатына жетеді, өйткені студенттер ашылатын проблемалар
ауқымындағы жазбаларға сүйенеді.
ХІХ ғасырдағы Батыс еуропалық тарихнама, оның дамуындағы үрдістер
мен ерекшеліктерді көрсету тақырыбы шеңберінде батысеуропалық
тарихнаманың дамуындағы жалпы үрдістерді ашып көрсету үшін ағылшын,
неміс, француз, итальян тарихи ойының өкілдерін және олардың идеяларын
білу қажет. Сол идеяларды өзара салыстырып, олар жағы жалпы мен
жалқыны анықтап алу қажет. Конспект құрастыра отырып тақырып
бойынша жалпыны, яғни тарихи ойдың дамуындағы басты әрі негізгі
үрдістерді жазып қойған дұрыс. Ал ерекшеліктері жалқыдан, яғни
қайталанбайтын идеялардан туындайды, сондықтан да оларды да дәптерге
бөлек жазып қойған жөн. Осындай екі түрлі жазбаның қорытындысында
батысеуропалық тарихнаманың дамуындағы жалпы үрдістер мен
ерекшеліктерді көрсететін салыстырмалы кесте құрастыруға болады. Кесте
құрастыру қиындық тудырмайды, өйткені дайындалған конспектілер
кестенің негізін құрайды.
Шетелдер тарихының тарихнамасы пәнінің дәрістерін, семинар сабақтары
және өзіндік жұмыстарын модульдік жүйе бойынша жүргізу ежелгі дәуірден
ХХІ ғасырдың басына дейінгі тарихи ой мен білімнің, ғылымның дамуы
жолдарын өзара сабақтастықта тұтастай қарастыруға мүмкіндік береді.
Себебі модульдік оқыту пәннің оқу-әдістемелік кешенін толықтай жүзеге
асыруға септеседі. Бұл пәнді оқытуда 5 модуль қалыптастыруға болады.
Модульдер пәннің мемлекеттік стандарттағы немесе эксперименталды білім
беру бағдарламасындағы, типтік оқу бағдарламасындағы мазмұнын толық
қамти отырып құрастырылады. Модульдік оқытуды іске асыру үшін пән
әдістемелік жағынан қамтамсыз етілген болуы тиіс, яғни оқулықтары, оқу,
оқу-әдістемелік құралдары, электронды оқу құралы, мультимедиялық
материалдар, хрестоматия, практикум, сөздік, жұмыс дәптері, т.с.с. құралдар
көп болған сайын оқытудың заманауи тәсілдерін кеңінен пайдалануға жол
ашылады. Әсіресе оқытудың кредитті технология жүйесіне көшуде және
заманауи талаптарына сай білім беруде осындай әдістемелік құралдар аса
қажет. Дәрістерді оқуда, семинар сабақтарын және студенттердің өздік
жұмыстарын жүргізуде әдістемелік ұсынымдардың маңызы арта түсері
сөзсіз. Сонымен қатар оқытушылардың дәрістері мен семинар сабақтарының,
өздік жұмыстарының сапасын арттыру барысында мастер класстар,
тәжірибелі
оқытушылардың
сабақтарына
қатысу
айлықтарын
ұйымдастырып, өткізу көкейкесті міндеттердің біріне айналады.
Осылайша, заман талаптарына қарай оқытудың тың тәсілдері мен
әдістерін пайдалану кемел ұрпаққа сапалы білімберудің, бәсекелестікке
қабілетті, білімді де білікті мамандар даярлаудың маңызды шарттарының бірі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |