Семинар сабақтары және өзіндік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік


Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата05.03.2020
өлшемі367,24 Kb.
#59625
1   2   3   4   5
Байланысты:
treatise18748


Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  сабақ  ахуалды  шешу  тәсілі  бойынша 

өткізіледі. Студенттерге үй тапсырмасы берілген уақытта тақырып бойынша 

ауызша  айтылуға  тиіс  сұрақтар  алдын-ала  дайындық  үшін  беріледі.  Сол 

сауалдар  бойынша  слайдтар  дайындалуы  тиіс.  Студенттер  шағын  екі  топқа 

бөлінеді.  


Әдістемелік  ұсынымдар:  Олар  бір  біріне  гуманизмді,  провиденциализмді, 

эсхатологияны,  рационализмді  сипаттайтын  сауалдар  қояды.  Мәселен,  бір 

топ  екіншісіне    гуманистік  бағытқа  тән  сипаттаушы  үзінді  келтіреді  ,  ал 

екінші  топ  оның  қандай  бағыт  екендігін  айқындап,  жауап  береді.  Келесіде 

екінші  топ  біріншіге  провиденциализмнің  мәніне  байланысты  үзінді 

келтіреді.  Бірінші  топ  толық  жауап  береді.  Жауаптарында  үйде  дайындаған 

слайдтарын  пайдаланады.  Сол  сияқты  эсхатологияның,  рационализмнің 

мәнін ашатын сұрақтар алма кезек қойылып, жауаптар беріледі. Студенттер 

көрсетілген  бағыттарға  орай  сөздер  жасырып,  олардың  қанша  әріптерден 

тұратынын  атап,  өзгелерді  қызықтырады.  Сөздерді  дұрыс  тапқан  

студенттерге  қосымша  балл  қойылады.  Жан  Бодэнің  өмірі  мен  ғылыми 

еңбектері  туралы  қысқаша  хабарламалар  жасалады.  Зерттеушінің 

шығармашылығына байланысты сөз жұмбақ құрастырылып,  жылдам жауап 

бергендерге 

балл 

қойылады. 



Гуманизмді, 

провиденциализмді, 

эсхатологияны, рационализмді сипаттайтын сауалдарды қоюда олардың мәні 

мен  мазмұнын  ашатын  жазбаларды  алдын-ала  дайындау  қажет.  Ең  тиімдісі 

гуманистік,  провиденциалистік,  эсхатологиялық,  рационалистік  бағыттарды 

параллель  көрсетіп  тұратын  кесте  түріндегі  жазба  дайындау  сауалдарды 

қоюды жеңілдетеді. 

Әдебиеттер:  Жумагулов  К.Т.  Древнегерманское  общество:  проблемы  и 

концепции.  –  Алматы:  Дәуір,  1993;  Жумагулов  К.Т.  Проблемы 

возникновения и развития феодализма в Западной Европе.  - Алматы: «Қазақ 

университеті», 1996; Жумагулов К.Т. Проблемы истории германских племен 

(с древнейших времен до начала средних веков). – Алматы, 2002. 

 

4 тақырып. Кейінгі ортағасырлардағы гуманизм және Реформация.  

 

Мақсаты:  Гуманизм  мен  Реформацияның  кезіндегі  тарихнаманың  өзіндік 

белгілерін ашу 



Негізгі мәселелер: 

     1. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы тарихнама. 

     2. Неміс гуманизмі. 

     3. Реформация кезеңіндегі еңбектер және олардың маңызы. 



Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  сабақ  ұйымдастыру-жобалау  тәсілі 

негізінде өткізіледі. Студенттер шағын рефераттар, солар бойынша слайдтар 

әзірлеулері тиіс.  

Әдістемелік  ұсынымдар:  алдымен    ХҮ-ХҮІ  ғасырлардағы  тарихнамаға 

жалпы сипаттама беріп, тақырыпша бойынша тест сауалдарын, сөзжұмбақтар 

құрастырып, олардың жауаптарын студенттерден талап етулері тиіс. Мұндай 

тәсілде студенттер алдын- ала екі немесе үш топқа бөлінгендері дұрыс. Тест 

сауалдарына  дұрыс  жауап  беріп,  сөзжұмбақтарды  тез  шешкен  студенттерге 

ынталандандырушы сыйлықтар беруге болады.  

      Неміс  гуманистік  тарихнамасының  ерекшеліктері  де  шағын  реферат 

түрінде  ашылғаны  жақсы.  Реферат  дайындаушы  да  алдын-ала  таңдап 

алынады.  Рефератпен  сөйлеген  студенттің  айтқандарын  студенттердің 


мұқият тыңдағандарын білу мақсатында өзі екі-үш сұрақты «Миллион кімге 

бұйырады?» деген ойынның шарттары тәрізді қояды. 

    Реформация  кезеңіндегі  еңбектер  және  олардың  маңызын  келесі  бір  топ 

көрсетеді.  Оларға  екінші  топ  студенттері  сарапшы  болып,  мәселенің  толық, 

әрі дұрыс ашылғандығына баға береді. 

Әдебиеттер:  Вайнштейн  О.Л.  Историография  средних  веков  в  связи  с 

развитием исторической мыслей от начала  средних веков до наших дней.  – 

М.,  1940;  Вайнштейн  О.Л.  Очерки  развития  буржуазной  философии  и 

методологии  истории  в  ХІХ-ХХ  вв.  –Л.,  1979.Историография  новой  и 

новейшей  истории  стран  Европы  и  Америки.  -  М.,  1968;  Жумагулов  К.Т. 

Древнегерманское общество: проблемы и концепции. – Алматы: Дәуір, 1993; 

Жумагулов К.Т. Проблемы возникновения и развития феодализма в Западной 

Европе.    -  Алматы:  «Қазақ  университеті»,  1996;  Жумагулов  К.Т.  Проблемы 

истории германских племен (с древнейших времен до начала средних веков). 

– Алматы, 2002. 



 

5-6  тақырып. Реставрация кезеңінің тарихнамасы  

 

Мақсаты: Реставрация дәуіріндегі тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын 

көрсету 


Негізгі мәселелер: 

1. Реставрация  кезеңіндегі тарихи білім.  

2. Ағылшын ағартушыларының тарихи ойлары. 

3. Француз ағартушыларының тарихи көзқарастары. 

4. Неміс ағартушылары және олардың еңбектері. 

Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  сабақты  бірнеше  тәсілдер  бойынша 

өткізуге  болады.  Реставрация  дәуіріндегі  тарихи  білім,  ағылшын 

ағартушыларының  тарихи  ойларын  көрсетуде  студенттерге  үйге  тапсырма 

беруде  сабақты  өткізудің  тәсілін  таңдау  құқығының  берілетіндігі  баса 

айтылады. 

Мәселен, 

«мұражайға 

саяхат», 

«пресс-конференция», 

«диссертация  қорғау»  т.б.  тәрізді  тәсілдерді  алуға  болады.  Сондықтан  да 

студенттер сұрақтардың мазмұнын ашудің тәсілді таңдап алып, сол бойынша 

дайындалып келіп, сабақта көрсетеді. 



Әдістемелік  ұсынымдар:  таңдап  алынған  тәсіл  бойынша  көрсетілген 

мәселелердің  мазмұнын  ашуда  семинар  сабағының  жоспарынан  ауытқымау 

басты талап болып табылады. Мәселен, реставрация кезеңіндегі тарихи білім 

және  ағылшын  ағартушыларының  тарихи  ойларын  талдауда  «пресс-

конференция»  тәсілі  тиімді.  Студенттер  тақырыптың  мазмұнын  ашуға 

негізделген  алдын-ала  дайындаған  сұрақтарын  ғылыми  журналдардан, 

газеттерден келген өкілдерге қояды. Басылым өкілдерінің бірнешеу болғаны 

дұрыс,  тек  сондай  жағдайда  ғана  сұрақтардың  мазмұны  толық  ашылады. 

Өкілдер жауаптарын қысқаша конспект түрінде әзірлегендері дұрыс. 

    Ағылшын ағартушыларының тарихи ойларын, француз ағартушыларының 

тарихи  көзқарастарын  «мұрағатқа»  немесе  «мұражайға  саяхат»  тәсілі 

бойынша  анықтаған тиімді. Студенттер үй тапсырмасын алған кезде осы екі 



мәселе  бойынша  мұрағат  немесе  мұражай  экспонанттары  ретінде  слайдтар, 

гид-экскурсиятанушылар  тәрізді  сөйлейтін  сөздерін  дайындайды.  Қысқаша 

түрдегі  әңгімелеуді  бірнеше  студент  әзірлейді.  Экскурсияға  қатысушылар 

қосымша    сұрақтар  қояды.  Осылайша  мәселелердің  мазмұны  толық 

ашылады. 

    Неміс  ағартушыларының  және  олардың  еңбектерінің  мазмұнын  ашуды 

ойын  түрінде,  нақтырақ  айтса,  зияткерлік  сайыс  түрінде  ұйымдастыруға 

болады.  Мұндай  тәсілді  пайдалануда  неміс  ағартушыларының  есімдері, 

олардың  өмірі  мен  шығармашылығынан,  еңбектерінің  атаулары  мен 

мазмұнынына  байланысты  сұрақтар  қойылып,  дұрыс  жауаптар  бағаланады. 

Ойыншыларды таңдап алуда алдымен 4-5 тест сауалдары қойылады, ең көп 

балл жинаған студенттер сайысқа жіберіледі. 

    Айта  кетерлік  жайт,  оқытушы  әрбір  сұрақтан  соң  қорытынды  жасап, 

мәселенің  толық  ашылған,  ашылмағанын  анықтап,  баға  береді.  Әрбір 

мәселеден  кейін  ой  түйіндеуді  оқытушы  өзі  жасамаған  жағдайда 

студенттердің бойына осы дағдыны сіңдіруі қажет. 



Әдебиеттер:  Вайнштейн  О.Л.  Историография  средних  веков  в  связи  с 

развитием исторической мыслей от начала  средних веков до наших дней.  – 

М.,  1940;    Вайнштейн  О.Л.  Очерки  развития  буржуазной  философии  и 

методологии истории в ХІХ-ХХ вв. –Л., 1979. 



 

7-8  тақырып. ХІХ- ғасырдағы тарихи ойдың дамуы.  

 

Мақсаты:  Өркениетті  елдердегі  тарих  ғылымы  мен  тарихи  ойдың  даму 

бағыттарын анықтау 



Негізгі мәселелер: 

1. Еуропада тарихи ой мен ғылымның дамуы. 

2. Ағылшын тарихнамасының басты бағыттары. 

     3.  Германияда тарих ғылымының дамуы. 

     4. АҚШ тарихнамасы. 

Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  сабақты  ұйымдастыру-талдау  тәсілі 

бойынша  өткізуге  болады.  Аталмыш  тәсілді  пайдалана  отырып,  көрсетілген 

сұрақтардың  мазмұнын  толық  ашуға  мүмкіндік  туады.  Бұл  тәсіл  бойынша 

ұйымдастыру  дегені  оқытушы  жекелеген  мәселелер  бойынша  талдауға 

негізделген  сұрақтарды  логикалық  сабақтастықта  қойып  тұрады,  ал 

студенттер  сол  сұрақтарға  жауап  береді.  Сабақ  тартымды  өту  үшін 

сауалдарға  студенттер  дара  жауаптан    гөрі  бірнеше    топ  болып  кеңесіп, 

жауаптарын қоржындарына балл жинақтау түрінде бергендері дұрыс, өйткені  

мұның өзі оларды ұжыммен еңбек етуге және ой қорытуға дағдыландырады. 

Әдістемелік  ұсынымдар:  ХІХ  ғасырдағы  Еуропада  тарихи  ой  мен 

ғылымның  дамуы  мәселесі  бойынша  мынадай  талдау  сұрақтары  қойылады: 

тарихи  ой  мен  ғылымның  дамуына  ықпал  еткен  факторлар;  еуропалық 

тарихи  ойдың бағыты; тарихи  ойдың қалыптасуына үлес қосқан  ойшылдар; 

ғылым дамуының үрдістері және көріністері. Жауаптардың толық, әрі нақты 


болуы  қадағаланады.  Студенттердің  өз  ойларының  орын  алуы  жоғары 

бағаланады. 

    Ағылшын  тарихнамасының  басты  бағыттары  бойынша:  тарихнаманың 

негізгі  бағыттары  мен  ерекшеліктері;  тарихи  зерттеулердің  мазмұны  және 

құндылығы;  тарихнамалық  мектептердің  ғылыми  зертханасы,  т.б.  сауалдар 

қойылады.  

      Германияда  тарих  ғылымының  дамуы,    АҚШ  тарихнамасы  бойынша  да 

осыған  ұқсас  сұрақтар  қойылады.  Талдау  жасауда  салыстыру,  жүйелеу,  ой 

түйіндеу, т.б. тәрізді әдістерді ұстану жоғары бағаланады. 

Әдебиеттер:  Историография  новой  и  новейшей  истории  стран  Европы  и 

Америки.  -  М.,  1968;  Историография  новой  и  новейшей  истории  стран 

Европы и Америки. Под. Ред. А.В. Адо, И.С. Галкина, И.П. Дементьева, А.Д. 

Колпакова.  –  М.,  1977;  Историография  истории  нового  времени  стран 

Европы и Америки. Под. Ред. И.П. Дементьева. – М., 1990. 

 

9-10 тақырып. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы тарих ғылымының 

дамуы.  

 

Мақсаты:  Өркениетті  елдердегі  ХІХ  ғасырдағы  тарих  ғылымы  мен  тарихи 

ойдың даму бағыттарын анықтау 



Негізгі мәселелер: 

1. Ағылшын тарих ғылымы. 

2. Герман тарихнамасы. 

3. АҚШ тарихнамасы. 

4. Итальян тарихнамасы. 

Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  сабақты  «дөңгелек  стөл»  тәсілі  бойынша 

өткізуге  болады.  «Дөңгелек  стөлді»  жүргізуші,  қатысушылар  алдын  ала 

тағайындалып,  анықталады.  Сонымен  қатар  «дөңгелек  стөл»  басында  пікір 

алмасатын мәселелер айқындалды. Олар көрсетілген негізгі мәселелерді жан-

жақты  қарастыруға,  терең  талдауға,  студенттерді  тақырыптың  мазмұнын 

ашуға  жұмылдыруға  бағытталуы  тиіс.  Сондықтан  да  жүргізуші  сол 

сауалдарды нақты қояды, ал қатысушылар оларға жауапты дұрыс, әрі толық 

беруге  міндетті.  Оқытушы  «дөңгелек  стөлдің»  соңында  қорытынды  жасап, 

ХІХ  ғасырдағы  тарих  ғылымы  мен  тарихи  ойдың  даму  бағыттарының 

анықталғандығын бағалайды. 



Әдістемелік ұсынымдар:  

Әдебиеттер:  Очерки  английской  историографии  нового  и  новейшего 

времени. - Л., 1959; Парригтон В.Л. Основные течения американской мысли. 

-  М.,  1963;  Вайнштейн  О.Л.  Очерки  развития  буржуазной  философии  и 

методологии  истории  в  ХІХ  -  ХХ  вв.  -  Л.,  1979;  Историография  новой  и 

новейшей  истории  стран  Европы  и  Америки.  Под.  Ред.  А.В.  Адо,  И.С. 

Галкина,  И.П.  Дементьева,  А.Д.  Колпакова.  –  М.,  1977;  Историография 

истории  нового  времени  стран  Европы  и  Америки.  Под.  Ред.  И.П. 

Дементьева. – М., 1990. 



 

11-  тақырып.  ХХ  ғасырдың  басындағы  тарихи  философия  және 

өркениетті зерттеулердің әдістемелік негіздерінің дамуы. 

Мақсаты:  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  Батыс  Еуропадағы  тарихи  білімнің 

дамуы үрдістерін айқындау 



Негізгі мәселелер: 

1. О. Шпенглердің тарихи философиясы. 

2.К. Ясперс,  А. Тойнби, М. Вебер теориялары. 

3. «Тарихи синтез» және «жаңа «әлеуметтік тарих» әдістемелері. 



Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  сабақты  өткізуде  ұйымдастыру-талдау 

тәсілі  пайдаланылады.  О.  Шпенглердің,  К.  Ясперстің,  А.  Тойнбидің,  М. 

Вебердің  теорияларын  және  «тарихи  синтез»,  «әлеуметтік  тарих» 

әдістемелерін  талдау  студенттердің  диплом    жұмыстарын  дайындау 

барысында  түрлі  телриялар  мен  тұжырымдамаларды,  әдістемелерді 

пайдаланудың  бағыттарын,  жолдарын  көрсету  үшін  аса  маңызды  болып 

табылады. Әрбір аталған теорияларды талдау арқылы олардың мәнін түсіну 

студентке  болашақта  алған  білімді  кәсіби  қызметінде  пайдаланудың  кепілі 

болып  саналады.  Сондықтан  да  сабақты  үйге  тапсырма    алу  кезінде  алдын-

ала  ұйымдастырып,  рөлдік  ойындар  түрінде  студенттерді  алты  топқа  бөліп,  

әрқайсысының  алдына  жеке-жеке  міндет  қою  қажет.  Топтарға  өздеріне 

тапсырылған  теорияның  немесе  әдістеменің  мәнін  презентация  немесе  өзге 

де  ойын  түрлерінде  өткізу  мақсатында  талдауға  негізделген  материалдарды 

сабақ үстінде көрсетеді. 



Әдістемелік  ұсынымдар:  сабақтың  басты    мақсаты  ХХ  ғасырдың  бас 

кезіндегі  Батыс  еуропадаға  тарихи  білімнің  даму  үрдістерін  анықтау  және 

зерттеу теорияларының мәні мен мазмұныны ашу болғандықтан көрсетілген 

мәселелерді  қарастыруда  талдауға  назар  аудару  қажет.  О.  Шпенглер,  К. 

Ясперс,  А.  Тойнби,  М.  Вебер  теорияларын  талдауды  тарихи  еңбектерден 

мысал келтіру арқылы жүргізу студенттердің олардың мәнін түсінгендіктерін 

көрсетеді.  Мсал  келтіру  дегеннің  өзі  тарихнамалық  фактіні  көрсету,  ал  оны 

талдау тарихнамалық фактімен жұмыс жүргізу дегенді білдіреді. 

    «Тарихи  синтез»,  «жаңа  әлеуметтік  тарих»  әдістемелерін  тарихнамалық 

талдау  жасау  түрінде  қарастырған  дұрыс,  өйткені  оларға  баға  беруде  бұл 

ұстанымдар  көрініс  тапқан  еңбектерді,  қолданыс  тәсілдерін,  солардың 

негізінде түйіндеоген тұжырымдарына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар 

студенттер  осы  көрсетілген  зерттеу  әдістемелерінің  отандық  тарих 

ғылымында  қолданылуынан  мысал  келтірсе  шет  елдер  тарихнамасы  мен 

Қазақстан  тарихнамасын  салыстыра  талдауға  қол  жеткізіледі.Мұның  өзі 

студенттердің компоративті  тәсілді зерттеу жұмыстарында пайдалана білуге 

және жоғары балл алуға мүмкіндік береді. 

Әдебиеттер:  Воронцов  Г.А.  Новейшие  направления  в  буржуазной 

историографии ФРГ // Вопросы  истории.1974. № 9. С.60-74; Историография 

новой  и  новейшей  истории  стран  Европы  и  Америки.  -  М.,  1968; 

Историография  нового  времени  стран  Европы  и  Америки.  Под.  Ред.  И.С. 

Галкина.  –  М.,  1967;  Ясперс  К.  Смысл  и  назначение  истории.  –  М.,  1991; 


Шлезингер А.М. Циклы американской истории. – М., 1992; Виноградов К.Б. 

Буржуазная историография первой мировой войны. – М., 1962. 

 

 

12-13-тақырып.  ХХ  ғасырдағы  ұлттық  тарихнамалық  мектептер  және 



олардың тұжырымдамалары 

Мақсаты:  ХХ  ғасырдағы  ұлттық  тарихнамалық  мектептердің  ғылыми 

зертханаларының  қызметін  көрсету  және  олардың  тұжырымдамаларын 

қарастыру. 

Негізгі мәселелер: 

1. Францияда тарихнаманың дамуы. 

2. Неміс тарихнамалық мектептері. 

3. Ағылшын және американ тарихнамасындағы тұжырымдар. 

4. Қазақстандық тарихнама. 

Әдістемелік тәсілдердің түрлері: сабақ проблемалық және «ахуалды шешу» 

тәсілдерін  қолдану  арқылы  өткізіледі,  өйткені  Франциядағы  тарихнама 

ғылымының  дамуы  мәселесін  қарастыруда  түйіткілді  қалыптастырып,  оның 

түйінін  тарқату  бір  жағынан  студенттер  үшін  тартымды,  екінші  жағынан 

оларды  логикалық  ойлауға,  проблема  бойынша  көзқарас  танытуға  үйретеді. 

Неміс  тарихнамалық  мектептерінің  өкілдерін  олардың  еңбектерін 

қарастыруда,  ағылшын,  американ  тарихнамасындағы  тұжырымдардың  мәні 

мен  маңызын  ашуда  «ахуалды  шешу»  тәмілі  тиімді.  ХХ  ғасырдың  бас 

кезіндегі  Батыс  Еуропадағы  және  АҚШ-тағы  тарих  және  тарихнама 

ғылымының  дамуын,  олардағы  негізгі  бағыттар  мен  қалыптасқан 

мектептердің  қызметіне  баға  беруде  бұл  тәсіл  ұтымды.  Шет  елдер,  соның 

ішінде Батыс Еуропа тарихын зерттеуге қазастандық тарихшылардың қосқан 

үлесін айқындауға проблемалық тәсіл септігін тигізеді. 

Әдістемелік ұсынымдар: 

Әдебиеттер:  

Историография  новой  и  новейшей  истории  стран  Европы  и  Америки.  Под. 

Ред. А.В. Адо, И.С. Галкина, И.П. Дементьева, А.Д. Колпакова. – М., 1977. 

Историография истории нового времени стран Европы и Америки. Под. Ред. 

И.П.  Дементьева.  –  М.,  1990;  Виноградов  К.Б.  Буржуазная  историография 

первой мировой войны. – М., 1962. 



 

14-тақырып. 

Жаңа  замандағы  Азия  және  Африка  елдерінің 

тарихнамасы. 

Мақсаты: жаңа замандағы Азия және Африка елдерінің тарихнамасына 

шолу жасау. 



Негізгі мәселелер: 

 

Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:сабақты  проблемалық-синтездеу  тәсілі 

негізінде  өткізу  негізгі  мәселелердің  барлық  аспектілеріне  шолу  жасауға 

мүмкіндік  береді.  Синтездеу  арқылы  жаңа  замандағы  Азия  және  Африка 


елдерінің  тарихнамсындағы  басты  мәселелер  бойынша  орын  алған  ғылыми 

еңбектерді топтап, олардың мазмұнын ашуға болады. 



Әдістемелік ұсынымдар: 

Әдебиеттер:  Розалиев  Ю.Н.  Новая  и  новейшая  история  стран  зарубежной 

Азии и Африки. – М., 1987. 



 

15-тақырып.  Қазіргі    кезеңдегі  Азия  және  Африка  елдерінің 

тарихнамасы. 

Мақсаты: қазіргі замандағы Азия және Африка елдерінің 

тарихнамасының негізгі аспектілерін қарастыру. 

Негізгі мәселелер: 

Әдістемелік тәсілдердің түрлері: 

Әдістемелік ұсынымдар: 

Әдебиеттер:  Талипов  И.А.  Общественная  мысль  в  Иране  в  конце  ХІХ  – 

начале  ХХ  в.  –  М.,  1988;  Розалиев  Ю.Н.  Новая  и  новейшая  история  стран 

зарубежной Азии и Африки. – М., 1987. 

 

 



СӨЖ бойынша әдістемелік ұсынымдар 

 

Тақырып:    Ежелгі  Шығыстың  тарихнамалық  дәстүрінің  негізгі 

белгілері және антикалық тарихнама.  

Мақсаты:  

Өткізу формасы: Конспект дайындау, жазбаша сауалдарға жауап беру 

Тапсырма,  сұрақтар:  Ежелгі  Шығыстың  тарихнамалық    дәстүрін 

қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдар; антикалық тарихнаманың өзіндік 

ерекшеліктері 

Әдістемелік  ұсынымдар,  қосымша  материалдар:  логикалық  талдауға 

үйрету,  сөздікпен, жұмыс істеу 



Әдебиеттер: История древнего мира. - М., 1983.; История древней Греции. - 

М.,1976.;  История  древнего  Востока.  -  М.,  1973;  Сахаров  А.  Методология 

истории и историография. – М., 1981. 

 

Тақырып: Ежелгі Ром тарихнамасы.  



Мақсаты: Ежелгі Ром тарихнамсын талдау 

Өткізу формасы: ауызша сұрақ -жауаптар 

Тапсырма, сұрақтар: антикалық ойшылдар мен тарихшылардың тарих жазу 

дәстүрі,;  



Әдістемелік  ұсынымдар,  қосымша  материалдар:  проблемалық  сұрақтар 

қою 


Әдебиеттер: История древнего мира. -М., 1983. 

 

Тақырып: Ерте ортағасырлық тарихнамасы. 

Мақсаты:  Ерте  ортағасырлық  тарихнаманың  өзіндік  ерекшеліктерін 

айқындау 



Өткізу формасы: бақылау жұмысы 

Тапсырма,  сұрақтар:  Ерте  ортағасырлардағы  тарихнамалық  дәстүрдегі 

ерекшеліктер; Феодалдық шіркеулік тарихнаманың негізгі белгілері; 

Феодалдық шіркеулік тарихнаманың дамуының негізгі сатылары 

Әдістемелік 

ұсынымдар, 

қосымша 

материалдар: 

тарихнамалық 

деректермен жұмыс істеудің жолдарын көрсету 

Әдебиеттер:  Историография  стран  Европы  и  Америки  в  средние  века.  -М., 

1973;  Вайнштейн  О.Л.  Историография  средних  веков  в  связи  с  развитием 

исторической  мыслей  от  начала  средних  веков  до  наших  дней.  –  М.,  1940;    

Вайнштейн  О.Л.  Очерки  развития  буржуазной  философии  и  методологии 

истории в ХІХ-ХХ вв. –Л., 1979. 

 

Тақырып: Классикалық ортағасырдың тарихнамасы.  



Мақсаты:  классикалық  ортағасырлық  тарихнаманың  белгілері  мен  даму 

үрдістерін анықтау 



Өткізу формасы: рефераттар тыңдап, талдау 

Тапсырма,  сұрақтар:  Классикалық  ортағасырдың  тарихнамалық  деректер 

және олардың мазмұны 



Әдістемелік  ұсынымдар,  қосымша  материалдар:  реферат  дайындаудың  

және оның негізгі мазмұнын ашудың тәсілдерін үйрету 



Әдебиеттер:  Средневековая  историография  стран  Западной  Европы.  - 

М.,1965;  Жумагулов  К.Т.  Древнегерманское  общество:  проблемы  и 

концепции.  –  Алматы:  Дәуір,  1993;  Жумагулов  К.Т.  Проблемы 

возникновения и развития феодализма в Западной Европе.  - Алматы: «Қазақ 

университеті», 1996; Жумагулов К.Т. Проблемы истории германских племен 

(с древнейших времен до начала средних веков). – Алматы, 2002. 



 

Тақырып: 

Дүниежүзілік 

тарихты 

зерттеудегі 

гуманистік 

дүниетанымның  қалыптасуы.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет