Жоспары: Ұлы Жібек жолының тарихы. Тарихи ескерткіштер мен көне қалашықтар. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы шаруашылық, мәдени және саяси байланыс. Ұлы жібек жолының жолдары мен бағыттары


Тарихи ескерткіштер мен көне қалашықтар



бет2/5
Дата21.09.2023
өлшемі161,51 Kb.
#181897
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рефарат Айнұр
105698-4053
Тарихи ескерткіштер мен көне қалашықтар
Орхон ескерткіштері – бұл түрік қағанатының Орхон, Селенга, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады. Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүниетанымының алтын бағанасы – Бөгү (Тәңірлік) дінін ұстанып, елдік құрып, төр (үкімет) орнатып, тілі мен дінінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы – байырғы түрік әліпбиін (БТА) жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына мол тарихи-мәдени мұралар қалдырды. Байырғы түрік жазба ескерткіштері ұзақ ғасырлар бізге беймәлім болып келген. Бүгінгі күні бұл ғылымда жаңаша сипат алып біздің тарихымыздың мұраларының тереңде жатқанын байырғы түрік ескерткіштері, моңғол елінің аймағында табылған. Орталық Азия аймағында орналасқан байырғы түріктердің тарихи-мәдени мұралары ежелгі дәуірден түрік тектес тайпалар мен әр замандағы түрік қағанаттарының автохтонды (тұрғылықты) мекені болған Қазақстан, Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қытай, Сібір (Алтай, Хакас, Тува), Қырғыз жерінде мол сақталған. Оларды зерттеу XVII ғасырдың 20 жылдарынан басталды. Біздің өткен тарихымызға, Орхон ескерткіштеріне ұшан-теңіз еңбек сіңірген ғалымдар Н. М. Ядринцев, В. В. Радлов, A. О. Гейкель және т.б.
Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) – ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған. Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. 19 ғасырдың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті. 1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші қайта тұрғызылды.
Алаша хан күмбезі – Х-ХІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш. Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан. Пішіні төртбұрышты, биіктігі 10 м. Кірпіштер қолдан тоқылған кілем (алаша) өрнегімен қаланған. Алаша хан ел аузындағы аңыз бойынша қазақтардың басшысы, ақылды, батыр, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет құрған хан болған.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене – халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.
Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.
Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз – бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қорытынды жасалды
Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті, өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын моңғол шапқыншылығы тежеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет