255
Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей
параметрлерді жетілдіреді:
-
басқаруды орталықтандыру мен
орталықсыздандыруды тиімді
үйлестіру;
-
ұжымның барлық мүшесін педагогикалық процесті басқаруға
қатыстыру;
-
ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту;
-
басқару шешімін
қабылдау тиімділігін арттыру;
-
ұжымдағы жанжалды дұрыс шешуге бағыттылық;
-
ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру.
Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің
тиімділігін анықтайды.
ХХ ғасырда атақты экономист Н.А.Витке: «Басшы – үкімін жүргізуші
емес, ол психологиялық
қарым-қатынасының координаторы, әлеуметтік
құрылысшы, адамдардың күш-жігерін жинақтаушы» – деп, атап көрсетті.
Менеджмент негізінде басқару алдына төмендегідей міндеттер қояды:
-
біріккен іс-әрекетке адамдарды жұмылдыру;
-
адамдардың күш-жігерін
бір мақсатқа жұмылдыру, тиімділігін
арттыру және әлсіз жақтарын табу;
-
ұжымның әрбір мүшесінің ұсынысын
қанағаттандыру және оған
қолайлы жағдай тудыру;
-
ұжымның әрбір мүшесінің кәсіби өсуіне толық жағдай жасау;
-
ұжымның әрбір мүшесі өз іс-әрекетін өзі
бақылай алатындай өзіндік
жауапкершілікті қалыптастыра отырып, ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру;
-
ұжымдық іс-әрекетті олар шығаратын өкіммен өлшеу;
-
алдағы істелінетін жұмыстың мақсатын айқындау, соңғы күтілетін
нәтижені білу;
-
ұжымның әрбір мүшесінің міндеттерін бөліп көрсету,
бұл міндеттерді
орындаудың операцияларын жете білу;
-
мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау;
-
істелінетін жұмыстың нәтижесін өлшейтін сапалық көрсеткіштерді
анықтау;
-
жұмысқа қатыстырылатын адамдардың әрқайсысының міндеттері мен
жауапкершіліктерін анықтау;
-
жұмысты орындаушыларды
жұмысты бастар алдында, жұмыс
барысында «Не?», «Немен?», «Қалай?», «Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген
сұрақтарға жауаптар беретіндей нұсқаулармен қаруландыру.
Ұжымда шығармашылықпен жұмыс жасайтындай жағдай жасау қажет.
Адамдарды
басқару
ғылыми
іс-тәжірибесі
көрсеткендей,
адами
орталықтандырудың басты құралы – адамдарды құрметтеу және адамдарға
деген сенім, жеке тұлғаны сыйлау.
Достарыңызбен бөлісу: