К. О. Жекеева қазақ тілі



бет17/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org
Тесты ФИЛОСОФИЯ Вариант 7-8 ДЛЯ РАЗДАЧИ, 1.Офтальмология(kaz medical students)
Жағдаяттық тапсырма 
а) Сізге Ресейден досыңыз келді. Сіз аптаның әр күнін жоспарлаңыз.
Досыңызды қашан, қайда апарасыз?
ә) Ертең сіздің досыңыздың туған күні. Ол сізді туған күніне шақырды. Сіз
оған не сыйлайсыз? Досыңыз нешеге келді?



22
б)Ертең сіздің досыңыздың туған күні. Ол Ресейде тұрады. Сіз оған құттықтау


хат жіберіңіз.
8 Табиғат құбылыстары. Мезгіл мағыналы сөздер (қыс, көктем, түсте, 
кеш батқанда), салыстыру құрылымдарын берудегі қолданысы 
(Алматыға қарағанда Астана суық, бұған қарағанда, соған қарағанда, 
осыған қарағанда). 
Табиғат құбылыстары 
Жауынмен жер көгереді, батамен ер көгереді.
Мақал.

Қазақстан Республикасының табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала, тау,


орман, өзен, көлдер кездеседі.
Жетісу өңірінде ақ басты таулар мен одан басталатын сарқырамалар,
жидегі мол сайлар мен көгалдар көршілес жатыр. Орталық Қазақстан жазық
даласын, ұсақ қыраттарын, әдемі де сирек құстар мекені – Теңізді мақтан
етеді. Солтүстік пен Шығыста қарағайлы ормандардың әдемілігі көз тартады.
Табиғатының әр алуандығына орай Қазақстанның табиғат құбылыстары
да өзгешеленіп отырады.
Таң атады, жаңбыр жауады, су буға айналады, найзағай ойнайды, құмды
жел, аптап ыстық. Жалпы, табиғатта, ауа райында болып жатқан өзгерістер
табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары адамның еркінен
тыс болады. Табиғат құбылыстары жыл маусымының ауысуына және жердің
орналасу ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады.
Жылдың төрт маусымы бар: қыс, көктем, жаз, күз. Қыс мезгіліне тән
құбылыстар: қардың жаууы, боранның соғуы, аяздың болуы, ауа
температурасының төмендеуі, жердің қатуы, тағы басқалар. Мысалы,
«Сарыарқаның сақылдаған сары аязы» деген тіркес бар. Сарыарқа Солтүстік
Қазақстан мен Орталық Қазақстанның едәуір бөлігін алып жатыр. Басқа
облыстарға қарағанда Сарыарқаның аязы қатты. Қыс айындағы ең төменгі
температура кей жерлерде 40
0
С-ден асып кетеді.
Көктемде жер жылынады, қар ериді, жылғалардан су ағады, ағаштар
бүршік жарады, Жер-Ана оянады, мал төлдейді, жаңбыр жауады, т.б. Жаз - ең
жылы маусым. Кей жерлерде қатты ыстық, температура жоғарылайды. Жазда
жер аяғы кеңиді. Күзде күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды, жеміс-
жидектер піседі, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет