К. О. Жекеева қазақ тілі



бет1/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org


К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миннистрігі


«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

К.О.ЖЕКЕЕВА 
ҚАЗАҚ ТІЛІ 
Оқу құралы
Алматы
АЭжБУ
2020





ӘОЖ 809.434.2(075.8)
Ж 42 
Пікір білдірушілер:
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ш.М.Мажитаева 
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
филология ғылымдарының кандидаты, профессор
К.А. Төлеубаева
АЭжБУ тіл білімдері кафедрасы педогогика ғылымдарының кандидаты,доцент
Р.Қ.Бөкейханова 

Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынды(


). АЭжБУ 2019ж. ведомостік әдебиеттер басылымдарын шығарудың тақырыптық жоспары
бойынша басылады, реті


К.О.Жекеева 
К Қазақ тілі (В-1 деңгейі). Оқу құралы (техникалық жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған)/ К.О.Жекеева – Алматы: АЭжБУ, 20149. – 85
-
б: кесте – 5, сурет –
3, әдеб.көрсеткіші – 18 атау.
ISBN 978-6017939-38-0 
Ұсынылып отырған оқу құралы студенттердің сауатты кәсіби тілін дамыту
болғандықтан, берілген материалдар тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу және сөйлей
білу қабілеттерін арттырады. Берілген мәтіндердің тәрбиелік мәні зор, студенттердің тілін
дамытуы үшін өте қажетті.
Оқу құралы орыс тілінде білім алатын техникалық жоғары оқу орындарының
студенттері мен қазақ тілін өз бетімен үйренушілерге арналған.

ӘОЖ 
КБЖ 


ISBN АЭжБУ, 2019
Жекеева К.О., 2019



Алғы сөз 


3
Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары және (немесе)жоғары оқу


орындарынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» жалпы білім
беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгерудің орта
деңгейі (В1) бойынша әзірленген. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту
халықаралық стандартқа сай деңгейлік, коммуникативтік-бағдарлы оқыту
әдістемесіне негізделуі қажет. Сондықтан оқу материалдарында қазақ тілін
В-1 деңгейінде оқытуға арналған лексикалық және грамматикалық
тақырыптар беріліп отыр.
Берілген оқу материалдарында В1-орта деңгейіне арналған сөйлесім,
оқылым, тыңдалым, жазылым материалдары, мамандықтары бойынша
мәтіндер, грамматикалық тапсырмалар берілген.
Лексикалық, грамматикалық тақырыптар жаңа типтік бағдарлама
бойынша жеңілден күрделіге қарай сұрыпталып алынған және грамматиканы
бекіту мақсатында тыңдалым мен оқылым әрекеттерін дамытуға арналған
мәтіндерде грамматикалық элементтер берілген. Сұхбаттар мен жағдаяттық
тапсырмалар студенттердің сөйлесім мен айтылым әрекеттерін дамытуға
бағытталған.
Оқу құралында мәтіндер, жекелеген сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер,
сұхбаттар, өлең жолдарынан үзінділер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер
барынша іріктеліп алынды. Оқу материалдары мен тапсырмалар жоғары оқу
орындарының
бағдарламасы
бойынша
өтілетін
лексикалық
және
грамматикалық тақырыптарға негізделе отырып құрастырылды.
Сондай-ақ, ұсынылған материалдар қызықты әрі тартымды, танымдық
мәні бар, күнделікті өмірмен тығыз байланысты сұрыпталып алынған.



2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет