ГЕОГРАФИЯ КУРСЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОҚУ-ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«География құралдарды қолданусыз ... және география құралдарды қолданумен – бұл өзара әр түрлі екі нәрсе; біріншісі мектеп жасындағыларға қанша қиын әрі қызықсыз болса, екіншісі де сонша қызықты әрі тартымды»
Н.Н.Баранский.
Географияны оқыту әдістемесіндегі орталық орындағы проблемелардың бірі ол оқу-құралдар. Қазіргі географияны оқыту үрдісін оқу-құралдарды қолданусыз елестету мүмкін емес. Оларға оқу-тәрбиелік мақсаттарға жетудегі материалдық және рухани құндылықтар жатады. Оқу-құралдарды таңдау әдетте маңызды әдістемемен қатысты жүзеге асырылады, яғни әдістер «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап берсе, оқу-құралдары «ненің көмегімен оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Әдістер мен оқу-құралдарының бірігуі әртүрлі, себебі ол әдістер мен оқу-құралдарының көп қырлы сипатына байланысты.
Оқу материалы оқушылармен әр түрлі білім көздері арқылы алынады. Оқушылардың ойлау қабілетті арқылы, алынған ақпарат өңделіп, пәннен алынған оқу білімдері болып меңгеріледі. Оқу үрдісіндегі білім беру мен тәрбиелеу талаптарына қосылған білім көзі, оқу-құралдары немесе оқыту құралдарына айналады. Алайда оқу-құралдары тек қана білім көзі ғана емес, олар практикалық білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға қажет. Сондықтан, география курсын оқыту барысында оқу-құрал жабдықтармен жұмыс жасау бүгінгі таңда көп сұрақтарға толы өзекті мәселе. Оның өзектілігі жоғарыда айтылып өткендей, оқу-құралдары әр түрлі білім көздері болып табылады және де олар оқушының білімі, біліктілігі мен дағдысын дамытуда маңызды рөл атқарады. Мектеп географиясы оқу құралдарының үлкен санын және әртүрлілігін талап етеді. Әрине бұның өзі ең алдымен пәннің ерешеліктеріне, географиялық білім мен біліктілікке байланысты.
Географияны оқығанда , оқушылар табиғатпен, халық оның шаруашылығымен, жердің қабаттарымен танысады және осыларды сыныпта , жергілікті жерде практикалық жұмысты орындау барысында қолданады. Осының барлығы оқу құрал жабдықтардың жүйелі қолданылуын талап етеді. Әр білікті ұстазға белгілі жағдай, егер сабақта оқу құрал жабдықтары қолданылмаса, сабақтың дәстүрлі түрде өту барысында оқушылардың белсенділігі төмендеп , олардың сабаққа деген ынтасы жойылады. Сондықтан да, қаншалықты сабақта түрлі құралдар қолданылса, соншалықты сабақ қызықты өтеді. Сонымен қатар әр мектепте міндетті түрде география кабинеті болуы қажет.
География сабағында географиялық оқу құралдармен жұмыс жасау арқылы географиялық білімді толық, әрі тиімді меңгере аламыз. Осыған байланысты география курсын оқыту барысында оқу-құралдармен жұмыс жасау ерекшеліктері зерттеу жұмысының мақсаты – әр түрлі оқу-құралдарының ерекшелігін ескере отырып, оларды географияны оқыту үрдісінде қолданудың тиімділігін көрсету. География курсын оқыту барысында географиялық оқу-құрал жабдықтармен жұмыс жасау ерекшелігі география кабинетімен тығыз байланысты. Мұнда заман талабына сай жаңа құрал-жабдықтар болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |