География сабағын оқытудағы оқу-құралдарының ерекшеліктері мен қызметі.
Негізгі қызметтеріне:
Көрнекілік: оқу-құралдарымен жұмыс жасауда жүйенің қалыптасуын болжайды. Олардың қолданылуы танымдылық, көрнекілік және ақпараттық мүмкіндіктерді мақсаттылық бағытта қолданылумен жүзеге асуы тиіс.
Білім көзі:
а) оқу-құралдары теориялық және эмпирикалық білімдерді қалыптастыру барысында қолданылады;
б) табиғи объектілерді бақылағанда, олардың бейнесі, оқышулардың объекттермен танысуы және оларды суреттеуі барысында бір ой қалыптасады;
с) айқын жағдайлар немесе макеттерді зерттеу барысында түсінік оқушыларда жадыда қалыптасады;
д) көз алдындағы елестету тікелей қабылдаусыз қалыптасады;
е) географиялық объектілер, үрдістер, жағдайларға байланысты болмыстық белгілерді сараптау барысында; негізінде жалпы түсініктер.
3. Іс-әрекетті басқару. Оқушылардың практикалық білімі мен біліктілігінің қалыптасу үрдісінде пайда болады.
4. Тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын дамыту.
5. Дамыту – салыстыру, бақылаудың интеллектуалды икемділігі, жалпылау және осының негізінде қорытынды жасау.
Оқу-құралдармен жұмыс жасау оқушыларға ғылыми танымның әдістерін үйренуге көмектеседі, интеллектуалдық және танымдылық қабілеттерін дамытады, өздік жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға атсалысады, осының барлығы үлгерімнің және білім сапасының жоғарылауына алып келеді. Оқу-құралдарын мақсатпен, оқыту әдістерімен және оқу материалымен байланыстыра қолданған жағдайда ғана дидактикалық нәтиже береді. Оқу-құралдарының түрлері көп және білім беру мақсатында қолданылады, сондықтан, оларды жүйелі түрде қолдану да нәтижелілігін көрсетті.
Географиялық процестер, жағдайлар, объекттер және олардың территорияларының алыс қашықтықта орналасу, уақыттың ұзақтығы олардың қабылдануын тежейді, осыған байланысты да оқу-құралдарының маңыздылығы анықтауға болады. Оқытудың дамытушы мақсаты оқу-құралдарын пайдаланудың тек географияның көрнекілік мазмұнын оқытуда ғана емес, оқушының жеке тұлғасына әсер етумен қатар оқу-құралдарын өз бетінше білім көзі ретінде қолданылуы.
Мектептегі география курсын оқыту барысында пайдаланатын оқу-құрал жабдықтарың классификациясын анықтау барыснда географиялық оқу-құралдарының түрлі классификациясы бар екендігіне көз жеткіздік. Олармен танысу оқу-құралдарын дұрыс пайдалануға септігін тигізеді. Осылардың жалпы типтік бір түрі төменде көрсетілген:
баспа құралдары ( оқулықтар, оқу құралдары, хрестоматиялар, жұмыс дәптерлері, атластар, үлестірме материалдар және тағы басқалары);
электронды білім беру ресурстары ( мультимедиялық оқулықтар, энциклопедиялар, желілік білім беру ресурстары және тағы басқалары);
аудиовизуалды құралдар ( слайдтар, диафильмдер, видеофильмдер, кинофильмдер, сандық көрсеткіштердегі оқу фильмдері және тағы басқалары);
көрнекі жазық құралдар ( қысқа мәтінді суреттер – плакат, карталар, магниттік тақталар, суреттер және тағы басқалары);
көрсету құралдары ( үлгілер(модель), гербариилер, макеттер, муляждар, стендтер);
оқу құрал жабдықтары (компас, барометр, гномон, флюгер және тағы басқалары).
Жалпы айтқанда географиялық оқу-құрал жабдықтарының шоғырланған орны бұл география кабинеті. География кабинеті – бұл тек қана вербалды-ақпараттық, көрнекілік және техникалық құралдардың біріктірілген жиынтығы ғана емес, бұл ақпараттандырылған ерекше орын, мұнда география сабағымен қатар сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар ғаламтордың үздіксіз ақпараттандыру мүмкіндіктерін пайдаланатын орын.
География кабинетінде негізгі білім ашық және көрнекі түрде оқушыларға жеткізілді. Оқушылар географиялық объектілер мен құбылыстарды терең зерттеп, өз бетінше жұмыс жасауға мол мүмкіндіктері бар. Оқу кабиентіндегі барлық оқу-құралдарының жиынтығы оқушыларға оқу үрдісін жоспарлауға, өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыруға және біліктіліктер мен дағдыларын дамытуда үлкен рөл атқарады.
Ал географиядан сабақтан тыс жұмыстарды орындау үшін география алаңын болуы маңызды. Себебі географиялық алаңда географиялық обьектілер мен географиялық құбылыстар мен жағдайларды нақты көз алдымызға елестетіп, олармен жақын таныса аламыз, және де түрлі зерттеу, бақылау жұмыстарын жүзеге асыру мүмкіндігі мол.
Географиялық алаң – мектеп географиясының материалдық базасының маңызды бір бөлігі екені географияны оқыту әдістемесі жұмысымен дәлелденген. Себебі, физикалық география курсының көптеген сабақтары географиялық алаңда өткізіледі: жергілікті жерде өлшеу жқмыстары, кейбір географиялық құбылыстар мен үрдістерді модельдеу, астрономиялық бақылаулар, тәжірибелік жұмыстар және жергілікті жерде бағдарлану. Географиялық алаңда жұмыс жасау оқышылардың нақты көзқарастарын қалыптастырады, практикалық білім мен біліктіліктерді қалыптастырады, ғылыми зерттеулердің әдістерімен таныстырады, білім беру үрдісінің белсенділігін арттыратын құрал болып табылады.
Сонымен қатар, географиялық алаңда жұмыс жасау мектеп географиясы курсы мазмұнының оқу үрдісіндегі маңызды қажеттілігінің бірі болып саналады. География алаңының жабдықталуын бағалаудағы негізгі критерийлердің бірі – ол бағдарламалық жұмыстарды орындауға және бақылаулар жүргізуге қолайлы, жарамды болуында. Сонымен қатар, географиялық алаңда сабақтан тыс жұмыстар мен тапсырмаларды орындауға, қосымша білім беруге мүмкіндік жағдайы қарастырылған.
Географияны оқытудағы оқу-құралдардың қызметі оқушылардың білім алу үрдісін жеңіл ету. Оқу-құралдар – табиғаттың табиғи элементтері, сонымен қатар оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсатына жетудегі мұғалімнің де, оқушының да, ақпарат беруші әрі тасушы және іс-әрекеттерді жүзеге асыратын адамның қолымен жасалған объекттер болып табылады. П.И.Пидкасистың айтуы бойынша, оқу-құралдар түсінігі дидактикада мұғалімнің іс-әрекеттерінің бірін анықтайтын компоненттер және оқушылардың басқа компоненттермен қатарлас (соңғы өнімнің түрі, қайтақалыптасу элементі, іс-әрекеттің құралы және технологиясы) ретінде қолданылады.
Оқу-құралдары оқушы мен оқу ақпараттары арасыда «орналасқан». Оның функциясы еңбек ету құралдарымен бірдей (балға, ұста, комбайн және тағы басқа). Сондықтан оқу-құралдарының көптігі, мектеп географиясының көпаспектілігін көрсетеді. Қаншалықты сабақта түрлі оқу-құралдары қолданылса, соншалықты сабақ қызықты өтеді. Көптеген зерттеулер нәтижесінде анықталған жағдай, оқу – тәрбиелеу үрдісін көтерудің алғышарттарының бірі оқу-құрал жабдықтармен жүйелі түрде жұмыс жасау. Яғни оқу құрал жабдықтары оқушының ынтасын арттыруды, қызықтыру мақсатында, оқуға ойлауға деген белсенділігін көтеруде және де оқушының өзіндік сапасын арттыруда бірқатар маңызды қызметтер атқарады.
География – өте қызықты да күрделі ғылым. География сабағын қызықты ету – оқушыға табиғаттың түрлі құбылыстары мен күрделі заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнің үлкен шеберлігін, сонымен қатар заман талабына сай оқу-құрал жабдықтарды әр сабақта тиімді қолдануды талап етеді.
Қорыта келгенде, география сабағында мұндай жаңаша құрал жабдықтарды қолдану өте тиімді. Себебі, оқушылардың түрлі географиялық құбылыстармен жақын танысуына мүмкіндік туады. География сабағының өзі басқа пәндерге қарағанда өте ерекше, әрі қызыққа толы сабақ. Мұнда географияның бастапқы курсынан бастап оқушыларды астрономиямен, Жердің пайда болуымен, географиялық қабықтың құрам бөліктерімен су, ауа, топырақ және жоғарылай келе әлемнің сан қилы елдерімен таныстырып, оқушының бойындағы кейбір қызығушылықтарды ояту мүмкіндігі зор. Мектеп географиясында географиялық оқу-құрал жабдықтарды қолдану, ол оқушыларға әлемнің географиялық бейнесін қалыптастырып, дұрыс тануына септігін тигізеді. Мұғалімдер сабақ барысында қарапайым карта болсын, глобус болсын не жаңа заманауи ақпараттық техникалық құралдарды қолдансын бұл – география сабағының ерекшелігін шыңдай түседі. Сонымен қатар егер де оқу-құралдары жүйелі түрде қолданылса, оқу материалдары да жүйелі түрде меңгеріледі. Сондықтан да, оқу-құралдары әр түрлі білім көздері болып табылады және де олар оқушының білімі, біліктілі мен дағдысын дамытуда мағызды рөл атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Методика обучения географии в школе: Учеб. Пособие для студентов геогр. спец. высш. пед. заведений и учетелей географии. Л.М.Панчешникова, И.В.Душина, В.П.Дронов и др.; Под ред. Л.М.Панчешниковой . –М.: Просвещение; Учебная литература, 1997.-320с
Методика обучения географии : учебник для студ. учереждений высш. пед. проф. Образования / Н.Г.Дмитрук, В.А.Низовцев, С.В.Васильев. –М.: Издательский центр «Академия», 2012. – с. 320. – (Сер.Вакалавриат)
Методика обучения географии в школе: учеб. Пособие для студентов вузов / Д.П.Финаров. – М.: АСТ: Астрель, Хранитель, 2007. – 382 с.
Методика и технология обучения географии: Пособие для учителей и студентов пед. ин-тов и ун-тов / И.В.Душина, В.Б.Пятунин, Е.А.Таможняя. – М.:ООО «Издательство Астрель»: ООО «Издательство АСТ», 2004. – 203.с
Современный урок географии. Ч. 2: Методические разработки уроков с использованием новых педагогических технологий обучения / Ред.-сост. И.И.Баринова. – М.: Школа-Пресс, 2001. – 80 с.
Достарыңызбен бөлісу: |