|
Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім берумектебі
Төлеубаева Жаңагүл Бағдатқызы
педагог-психологі
|
Инновациялық жобаның атауы:
|
ҰБТ-ға психологиялық дайындық
|
Жетекші идея:
|
Оқушылардың дамуына ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай туғызу. ҰБТ кезіндегі қорқу, қобалжу деңгейлерін төмендету.
|
Жоба мақсаты:
|
Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету
|
Жоба міндеттері:
|
Балалардың өзгеріске бейім әлемге деген көзқарасын, таңдау бостандығын, тең құқығын, шешім қабылдаудағы белсенділігін, эмпатия мен бірдейлік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Стреске қарсы шығуды, сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу, конструктивтік өзара әрекеттестік дағдыларына үйретеді.
|
Қолдану саласы:
|
Мектепішілік, қалалық, облыстық конференцияларға қатысу, семинар өткізу; Қала мектептеріндегі оқушыларға, алтын белгіге үміткер оқушыларға тренингтер өткізу; Республикалық деңгейде ата-аналар семинарын өткізу.
|
Жобаның қысқаша андатпасы:
|
Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, көптеген оқушыда қорқыныш пен қобалжу сезімі пайда болады
ҰБТ-ға байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ға дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.
|
Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:
|
Оқушылардың ҰБТ кезінде психологиялық жағдайларын жан-жақты дамуындағы жеке танымдық қабілеті мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасын дамыту.
|
Қолданудан күтілетін нәтижелер:
|
Оқушылардың өзіндік психологиялық жағдайлары туралы білімі артады, жағымды эмоционалды жағдайы қалыптасады, стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі, сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді.
|
Қоғамның басты байлығы ретінде адам факторына бетбұрыс жасау оның интеллектуалдық потенциалын дамыту, даралық, шығармашылық және жеке тұлғаға тән басты қасиеттер қалыптастыру мұғалім қызметімен тікелей байланысты. Әр оқушының дамуына тиімді жағдай жасап, қабілеттерін дамытатын, талантын оятатын, жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық стратегиясын жүзеге асыратын - мұғалім. Сондықтан да, психологиялық диагностика негіздерін меңгертіп, осы бағыттағы іскерлік дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін қолданбалы психологиялық білім берудің маңызы зор, көмегі көп.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі іс-әрекеті әр баланың дамуына ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай туғызу. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты оқушылардың психикалық денсаулығын қамтамасыз ету.
Қазіргі қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет.
Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада күйзеліс тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, көптеген оқушыда қорқыныш пен қобалжу сезімі пайда болады
Мұнда ҰБТ-ға байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ға дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.
«Бала аурулы, зағып болса, баладан емес,
тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала
кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан
ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала
айыпты емес, тәрбиеші жазалы»
М.Жұмабаев
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік тәжірибелер қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген, оқушының жан дүниесін түсіне білетін педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
Қазіргі қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет.
ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ-ның психологиялық ерекшеліктеріде бар, оларды мектеп түлектерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.
Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада күйзеліс тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, көптеген оқушыда қорқыныш пен қобалжу сезімі пайда болады
Мұнда ҰБТ-ға байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ға дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.
Сабақтарда оқушылардың қарым-қатынасын дамыту үшін тренингтер қолданылады. Тренингтер оқушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын меңгеруіне, іскерлік сапаларын шындауға, ұжым мүшелерінің арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды құруға көмектеседі.
Бойында қарым-қатынас жасау және өзін-өзі таныстыру дағдыларының қалыптаспағаны, өзінің эмоционалды қалпын басқара алмауы, өзін-өзі төмен бағалау және тағы да сондай сияқты жағдайлар әр түлекте кездесуі мүмкін. Сондықтан да түлектерге арнайы өткізілетін емтихандар алдындағы психологиялық көмектің маңызы зор болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету
Зерттеудің міндеттері: Балалардың өзгеріске бейім әлемге деген көзқарасын, таңдау бостандығын, тең құқығын, шешім қабылдаудағы белсенділігін, эмпатия мен бірдейлік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Стреске қарсы шығуды, сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу, конструктивтік өзара әрекеттестік дағдыларына үйретеді.
Зерттеудің нысанасы: Оқушылардың ҰБТ кезінде психологиялық жағдайларын жан-жақты дамуындағы жеке танымдық қабілеті мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасын дамыту.
Зерттеу пәні: Оқушылардың ҰБТ кезінде психологиялық жағдайларын жан-жақты дамыту мен жеке танымдық қабілеттерін жетілдіру жолдары.
Зерттеу әдістері: Оқушылардың жеке тұлғасының дамуы балалардың сабақ барысында және сабақтан тыс, жекелей жүргізілген жұмыстарның нәтижесі және сапасынан алынған салыстырмалы негізінде алынған көрсеткіштер.
Жинақтау әдісі арқылы теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып жинақталған білім мазмұны бір жүйеге келтірілді.
Зерттеу болжамы: қорытындысы бойынша оқушылардың өзіндік психикалық жағдайлары туралы білімі артады, жағымды эмоционалды жағдайы қалыптасады, стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі, сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді. Алған білімдер негізінде өзбетінше шешім табуға үйрете отыра, нәтижесінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жағдай тудырылар еді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша жеке тұлғаны дамытуда кездесетін кедергілердің теориялық негіздері.
Бiздiң елiмiзде бiлiмнiң сапасын анықтайтын құрал (жүйе) – ұлттық бiрыңғай тест. Оған көпшiлiктiң көңiлi толмайтыны осы ҰБТ енгiзiлгеннен берi талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Бұл жүйе оқушылардың бiлiм деңгейiн нақты анықтайтын тәсiл емес, сонымен бiрге мектеп оқушыларының бiлiм сапасының төмендеуiне де, жоғарылауына да өз әсерiн тигiздi.
ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ-ның психологиялық ерекшеліктеріде бар, оларды мектеп түлектерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.
Дамыған елу мемлекеттiң көшбасшыларының бiрi – Франция бiлiм сапасын осы сынақпен бағалайтын едi, бiрақ француз халқы көшеге шығып мемлекеттiң бұл тәсiлден бас тартуын талап еттi. Мен осы уақытқа дейiн ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық еткен бiрнеше бiлiктi мұғалiмдермен әңгiмелестiм. Олардың айтуы бойынша, қазiргi ҰБТ бұрынғы емтихан сынақтарына қарағанда оқушылардың бiлiм деңгейiн шынайы бағалай алмайды. Бұрын мемлекеттiк емтихан сынақтарына оқушылар қатты көңiл бөлетiн едi. Әдебиеттен шығарма жазу, математикадан бақылау есептерiн шығару, гуманитарлық пәндерден билет суырып, өзi бiлетiн мағлұматтарды ауызша айтып, бiрқатары мұғалiмдердiң өзiмен бiлiм таластырып жатушы едi. Бұл өз кезегiнде оқушының шығармашылық қабiлетiнiң дамуына, өз бiлiмiн кез келген жағдайда ауызша айтуына үлкен септiгiн тигiзушi едi.
Бүгінгі таңдағы әрбір адамды толғандырған мәселе, жастардың өзіне-өзі қол жұмсауы. Ертеңіміз болған жастардың осындай аянышты халге түсуі аса қорқыншты. Әсіресе мектеп қабырғасына қош айтып, болашақ студент болуды армандаған жастардың ҰБТ-ға барғанда, төмен бал алып қалса, өзін-өзі кінәлап ақыры ауыр трагедиямен тынады.
Бұл жерде ата-аналар мен мұғалімдерге айтарымыз, балаңызды өзгенің баласымен салыстырып, ұрысып, зекуден абай болыңыз. Емтиханнан құласа да, мейіріммен сүйіспеншіліктен құлаған жоқ қой. Басқа да тірлік жолдарын қарастырып, өзге де жұмыс бабын табуына сіздердің де жауапкершілік борыштарыңыз бар. Сол жастарға айтарымыз, болашақ тек осы бір тестпен өлшенбейді. Алда талай қайырлы істер күтіп тұрғанда болуы керек. Заманның қарыштап дамыған, аса ауытпалы заманында, небір үлкен толқындар адамзат баласының алдынан жолықпай қоймайды. Адам әрқандай қиыншылықты жеңу үшін, бастысы өн бойында сабырлық болғаны жақсы. Қиындықсыз бақытқа жетемін деп ойлаудың өзі күпірлік. Пенде болғасын ыстық пен суық тұрмыста алма-кезек жолығып тұрады.
ҰБТ туралы заңды жасаушылар Жасөспірімдерге физикалық жағынан да және психологиялық жағынан да тек бір сынақтан өту және тек бір ғана емтихан тапсыру жеңіл болмақ деп болжанған еді.
Іс жүзінде уайым азаймады, керісінше барлығы басқаша болды: үдеріске қатысушылардың барлығы – оқушылар да, ұстаздар да және оқушылардың ата-аналары да ҰБТ дайындық пен тапсыру кезінде күйгелектіктің, уайымның артатындығын айтады. Өйткені енді оқушыға тапсырған емтиханы үшін бағаны, оны көп жылдар бойы білетін және оның нақты әлеуетін ұғынатын мектеп мұғалімдері қоймайды. Енді барлығын компьютер шешеді, ал ол болса, барлық оқушыларға бірдей қарап, оның ешқандай бұрынғы еңбектерін бағалап, ескермейді. Компьютер тестілеуде түлек жіберген қателіктің кездейсоқ немесе бұл оның білімінің заңды нәтижесі екенін «көре алмайды». Және де, екінші жағынан, жасөспірімде өзі таңдаған ЖОО қабылдау комиссиясына өзінің білімділік деңгейін көрсететін, ҰБТ басқа мүмкіндігі жоқ.
Оқушыға, ата-анаға психологиялық көмек берудің нәтижесінде ҰБТ қорытындысы жылдан жылға көтерілуде.
ҰБТ қорытындыларының салыстырмалы сараптамасы
Оқу жылы
|
Түлектер саны
|
Орташа ұпай
|
Орындалу пайызы
|
Грант саны
|
2010-2011
|
28
|
99,7
|
79,7
|
15
|
2011-2012
|
31
|
81,97
|
65,6
|
16
|
2012-2013
|
35
|
82,3
|
65,8
|
16
|
2013-2014
|
38
|
82,26
|
65,8
|
13
|
2014-2015
|
33
|
86,9
|
94
|
6
|
Түлектерді релаксация және эмоционалдық және физикалық күш жұмсауды азайту тәсілдерін үйрету, стреске қарсылықтарын жоғарлату, емтихандарға дайындық барысында жұмысқа қабілеттерін, еріктерін қолдау тәсілдерін үйрету, белсенді түрде есте сақтау тәсілдерін үйрету көп көмегін берді. Бұл жағдайды оқушы келбетінен көру қиынға түскен жоқ.
Оқушылар емтиханға көптеген мәтіндік материалды, формуланы, кестелерді, ережелерді есте сақтайды. Есте сақтауға қалай көмектесуге болады осыны түсіну өте маңызды.Сол себептіде есте сақтауға арналған жаттығулар, ойындар көп берілген.
ҰБТ-ға дайындық кезінде ұжымдық қарым-қатынас ынтымақта болуы оқушыға күш береді, көңіл-күйі жоғарылайды.
Мұндай жағдайда жасөспірімге көмек, ең алдымен ата-анасының және ұстаздарының көмегі қажет екендігі түсінікті. Көп ата-аналар керісінше, үрей тудырып, балаларына тым артық талап қойып та жатады.
11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша жүргізілген жұмыстар мен нәтижесі
Мақсаты:
Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету
Міндеттері:
Стреске қарсы шығуды;
Сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастыру;
Эмоцияларды, ерік сферасын дамыту;
Эмпатия сезімін, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенімін арттыру;
Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту;
Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу;
Конструктивтік өзара әрекеттестік дағдыларына үйрету.
Әдісі:
Мини дәрістер, дискуссия
Диагностикалық әдістер
Коррекциялық жұмыстар
Тренингтер.
Жүргізу шарты:
Сынып немесе жақсы жарықтандырылған бөлме. Топ бір сыныптың оқушыларынан құралады.
Жорамалданатын нәтиже:
Бағдарлама қорытындысы бойынша:
Оқушылардың өзіндік психикалық жағдайлары туралы білімі артады;
Жағымды эмоционалды жағдай қалыптасады;
Стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі;
Сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады;
Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптасады;
Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді.
Тақырыптық жоспар
№
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
1
|
Емтиханға психологиялық әзірлену
|
2
|
2
|
Өз-өзіне сенімділік
|
1
|
3
|
Ашуды қалай жеңуге болады?
|
2
|
4
|
Өз жұлдызыңды тап
|
2
|
5
|
ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау тренингі
|
1
|
6
|
Өз күшіне сенімді бол!
|
1
|
7
|
Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері
|
2
|
8
|
ҰБТ-ға дайындық барысында оқушылардың қобалжу деңгейін төмендету
|
1
|
9
|
Емтиханға жинақылық дағдысын қалыптастыру
|
1
|
10
|
Көңіл-күйімізді басқара білейік
|
1
|
11
|
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар
|
5
|
Психологтың жоғары сынып оқушыларын
емтихан алдында дайындау жөнінде ата-аналарға
ұсынылатын кеңестері
Балаларыңызға емтиханға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;
Балаңыздың дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
Тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіз. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тесттік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
Балаңызды мадақтап, өзіне деген сенімін жоғарлатуды ұмытпаңыз;
Балаңыздың ішетін тағамына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;
Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағдай жасаңыз. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалуы қажет;
Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын: Ең бастысы және негізгісі – балаңызды емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу керек.
Психологтың жоғары сынып оқушыларын
емтихан алдында дайындау жөнінде ұстаздарға
ұсынылатын кеңестері
ҰБТ-ді жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға емтихандарға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
Жоғары сынып оқушыларының дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
Жоғары сынып оқушыларын емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз;
Тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер;
Жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарылатыңыз;
Емтихан алдында оқушылардың қобалжуын көтермеңіздер. Бұл кері әсер беруі мүмкін;
Тестілеу алдында және одан кейін оқушыларға ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын: Ең бастысы және негізгісі – жоғары сынып оқушыларында емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.
Емтихап кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар
1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап улгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңілінді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.
2. Емтихан алдында жақсылап ұйықтап ал.
3. Міне, сен сыныптың жанындасың. Тыныштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жаралап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.
4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.
5. Сыныпқа «Барлығы жақсы болады»деген сеніммен кір.
6. Жақсылап отырып, арқан.ды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында қолыңды жұмырдықтап қатты қыс.
7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:
• Жайлы отыр.
• Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд).
• Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд) отыр.
8. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді
9. Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы.Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.
10. Өзін сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың. Кез келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.
11. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырмана ұмыт, олар бірбіріне ұқсамайды.
І 2. Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.
13. Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнін интуицияңа сен!
14. Өз жүмысыңды тексеріп шығуға уақыт калдыр, қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт
15. Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе жүзінде мүмкін емес екенін есіңе сақта. Тесттік тапсырмалар максимальды еңбектенуге арналған, ад жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70 % орындау керек.
-Жауап беру кезіндегі әрекет
-Егер емтихан қабылдаушы адам - жігерлі болса, сенің ақырын, үзіліс жасап айтқан жауабың оған мүмкін ұнамайды. Соны ескеріп отыр.
-Егер емтихан қабылдаушы адам - сабырлы, байсалды кісі болса, сен оған қатты дауыспен, мимикамен, ишарамен жауап берме. Ешқашан шектен шығып кетпеуді ұмытпа. Артық ештеңе болмауы тиіс!
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға
ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті.
Әр түрлі тренингтер, семинарлар, кездесу, кеңес берулердің нәтижесінде мектебімізде оқушыларда ҰБТ кезінде жақсы жағынан көрінуде. Қобалжу, қорқу деңгейлерінің төмендегені байқалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |