К. О. Жекеева қазақ тілі


Шешем... әкесі Түгелбай Үйгентас ауданындағы Көкжар... Ресей... көшіп келіп орналасқан орыстар... малы



бет4/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org
Тесты ФИЛОСОФИЯ Вариант 7-8 ДЛЯ РАЗДАЧИ, 1.Офтальмология(kaz medical students)
Шешем... әкесі Түгелбай Үйгентас ауданындағы Көкжар... Ресей...
көшіп келіп орналасқан орыстар... малы... бағып, шөбі... шауып, жал... жүріп,
олар... тілі... үйренген екен. Осы орысша тіл білген... арқасында Верный
(Алматы) қаласы... думасы... төменгі Шынжылы өңіріндегі би, болыстар...
тілмашы болған. Нағашым... әкесі Түгелбай марқұм жалғыз ұлы... еш нәрсе
аямаған. Арабия... келген үлкен молда... жалдап, баласы... арабша оқытқан.
Нағашым Абай мен Шәкәрім... өлеңдері... де өзі... тән ырғағы..., мәнері...
жат... айтатын.
Ж. Балапанов 
2 Отбасындағы сыйластық. Жалпы және жалқы зат есімдер. Көптік 
жалғаулы сөздің тәуелденуі. Жіктік жалғау, жіктік жалғаудың көптік 
формасы. 

Отбасындағы сыйластық 


5
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.


Мақал.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнетін, ержететін, тәрбие алатын
қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасының ықпалы мен әсерін
өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы, негізінен, үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Әке – әулет
басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.
Отбасындағы бала тәрбиесінде, әсіресе, ұл тәрбиесінде әкенің орны ерекше.
Әке балаға сыншы.
Бала тәрбиесінде ана да маңызды рөлге ие. Ана бір қолымен бесікті, бір
қолымен әлемді тербетеді. Ана – мейірім, ана - адалдық, ана - дос, ана -
сырлас. Әкені әулет басшысы ететін де, баланы мейірімге бөлейтін де –
ананың махаббаты, ананың тәрбиесі. Тәрбиесі дұрыс отбасында сыйластық та
орын алады. Сыйластық – барлығының негізі.
Отбасындағы сыйластық жасы кішінің жасы үлкенді құрметтеуіне,
бірінші болып амандасуына, ұл баланың қыз балаға жол беруіне, сөз әдебін
сақтауына, отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасына құрылады.
Сыйластық туралы қазақ халқында былай дейді: «үлкенге – ізет, кішіге -
құрмет», «ана алдында – құрмет, ата алдында - қызмет», «мейірімі мол ананың
жүрегі жылы, қолы кең, кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең»,
«сыйласқанның суын іш», «сыйлап берген су тәтті», «атасыз үй батасыз,
анасыз үй панасыз».
Сыйластық орнаған отбасынан әке көрген ұл, шеше көрген қыз өсіп
шығады. Яғни, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет