№6 Практикалық жұмыс. Ғарышты салайық
Бұл мысалда бірден үш табиғат құбылыстарын салу әдістері қарастырылады. Жаңа бейне құрыңыз. Бұл мысалдың басқа мысалдардан тағы бір айырмашылығы мұнда жұмысты «таза беттен» бастаймыз.
Ең бірінші жер шарын салудан бастайық. Elliptical Marqule (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын пайдаланып дөңгелек ауданды ерекшелеп алыңыз. Оны бейнеде төрттен бір бөлігі ғана қалатындай етіп орналастырыңыз.
D пернесін басу арқылы негізгі түстерді орнатыңыз (алдыңғы – қара; фонның түсі - ақ). Ерекшеленген аймаққа Render (Жарық түсіру, Освещение) бөліміндегі Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісін қолданыңыз. Содан кейін сол бөлімдегі Difference Clouds (Бұлттар қондыру, Облака с наложением) сүзгісін, ақ және қара түстердің бір–біріне өту мөлшері сізді қанағаттандырғанша, пайдаланыңыз (87-сурет).
Жер шарының қыртысы тегіс емес екендігін көрсетуіміз керек. Ол үшін келесі әдісті ұсынамыз: Filter → Texture → Craquelure (Сүзгі (Фильтр) → Текстура → Кракелюралар). Осы сүзгінің диалогтық терезесіндегі баптауларының мәнін өзгерте отырып, эксперимент жүргізіп көріңіз. Ал біздің мысалда қолданылған параметрлер мәндері 88-суретте көрсетілген.
Егер қаласаңыз осы сүзгіні, параметрлер мәнін азайтып беріп, тағы бір рет қолдануыңызға болады.
Жерді шар тәріздес етіп қалай көрсетеміз? Ол үшін: Spherize (Сфералау, Сферизация) сүзгісін пайдаланамыз: Filter → Distort → Spherize (Сүзгі → Деформациялау → Сфералау, Фильтр → Деформация → Сферизация) (89- сурет). Amount (Әсер, Эффект) параметрі ең жоғарғы мән қабылдау керек, ал Mode (Қондыру режимі, Режим наложения) параметрінің мәні сіздің қалауыңызша таңдалады. Осы операцияны бірнеше рет орындауыңызға да болады.
Жерді бояуды әр түрлі тәсілмен орындауға болады, бірақ келесі команданы пайдаланған тиімдірек: Image → Adjustments → Color Balance (Бейне → Баптаулар → Түстік баланс, Изображение → Настройки → Цветавой баланс).
Жерді қандай түске боясаңыз да қазір оның маңызы жоқ, себебі жұмыс соңында ол өзгеріп кетеді. Бірақ ыңғайлы болу үшін оны негізгі түске бояйық, яғни қоңыр немесе жасыл түске. Қолданылған баптаулары бар диалогтық терезе 90- суретте көрсетілген.
Түстік қисықтардың терезесін ашыңыз: Image → Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар → Қисықтар, Изображение → Настройки → Кривые). Түрлі түсті бейнелермен жұмыс істегенде қисықтардың көмегімен оның тек жарықтығын ғана емес, түсін де өзгерте аламыз. Жер шары бір түсті болмас үшін каналдардың әрқайсысын (түстік құраушыларды) жеке–жеке өңдеуіміз керек. Келтірілген мысалда 91-суретте көрсетілген қисықтар қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |