Қазір біз аспанда орналаспаған градиентті алып тастауымыз керек. Оны өшіргішпен (ластик) өшіру өте қиын. Сондықтан пейзаж орналасқан қабатқа өтіңіз және Magnetic Lasso (Магнитті лассо) құралын таңдаңыз. 107-суретте көрсетілгендей етіп бедердің кедір-бұдырларының бойымен жүріп өтіңіз (қалған бөлікті қалағанынша ерекшелеуге болады, ең бастысы, оған жойылуы керек кемпірқосақтың бөлігі кірсе жеткілікті).
Градиенті бар қабатқа қайта өтіп, артық бөлікті өшіру үшін Delete пернесін басыңыз. Сосын Layers (Қабаттар, Слой) палитрасында Opacity (Мөлдір
еместік, Непрозрачность) баптауының мәнін 30-50%-ға өзгертіңіз. Соңғы нәтиже 108-суретте көрсетілген.
107-сурет 108-сурет (нәтиже)
Достарыңызбен бөлісу: |