Кафедра:№1 Акушерия және гинекология



бет5/18
Дата01.12.2022
өлшемі1,67 Mb.
#160785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Толықтырылған Айдынғали Орынгүл Күнделік Акушерия мен Гинекология 407А практика

Патология бөлімі-бұл бөлімде жоғары, орта және төмен дәрежелі «қауіп-қатер» тобындағы әйелдер тексеріліп емделеді. Бөлімге түскен әйелдерден мәліметтерді жинап, арнайы акушерлік және клиникалық-лабораториялық зерттеулер жүргізіп, жүктілітің асқынуын анықтап, оның босану жоспарын белгілейді.
Бүгінгі игерілетін дағдылар:
1.Леопольд-Левицкий тәсілі бойынша сыртқы акушерлік тексеру
2. Босанудың,жүктіліктің Болжам мерзімін анықтау
3. Жатыр түбі биіктігі,іш айналымын анықтау


Леопольд-Левицкий тәсілі бойынша сыртқы акушерлік тексеру
Зерттеу мақсаты: жатырдағы ұрықтың орналасуын анықтау.
Іс-әрекет алгоритімі:
-Әйелге зерттеу туралы айтып түсіндіру.
-Қолды сабынды сумен мұқият жуыңыз. Таза, құрғақ сүлгімен сүртіп, бір реттік қолғапты киіңіз.
-Әйелді кушеткаға аяқтарын жамбас-сан және тізе буындарында бүгіп жатады. (Іштің бұлшық еттерін босату үшін).
-Зерттеуші жүкті әйелдің оң жағынан бетіне қарап тұрады.
І-ші тәсіл. Жатыр түбінің биіктігін анықтау. Екі қолдың алақанын жатыр түбі аймағына орналастырамыз,саусақ ұштары бір-біріне бағытталған,бірақ жанаспайды.Жатыр түбінің биіктігін семсер тәрізді өсіндіге немесе кіндікке қатынасы бойынша анықтаймыз.Жатыр түбінде орналасқан ұрықтың бөлігін анықтаймыз.( Жамбас бөлігі келсе-ірі,жұмсақ,баллатирленбейді.Ал басы келсе-ірі,тығыз,баллатирленеді)

ІІ-ші тәсіл. Ұрықтың орналасуын,позициясын және ұрық түрін анықтау.
Қолды жатыр түбінен жатыр бүйіріне ауыстырамыз. Оң және сол қолды кезектестіріп,жатырдың бүйір бөліктерінің пальпациясын жүргіземіз. Сол қолды қозғалыссыз қалдырып,жатырды фиксациялап, оң қолды жоғары және төмен қозғалтып, ұрықтың орналасуын анықтаймыз.(егер ұрықтың арқасы болса-жұмсақ,тегіс болады.) Оң қолмен жатырды бірнеше рет басып,сол қолмен ұрық бөліктерін анықтаймыз(ұрықтың ұсақ бөліктерін). Мәліметтер алғаннан соң қорытынды жасаймыз(позиция-біріншілік, екіншілік; позиция түрі-алдыңғы, артқы)

ІІІ-ші тәсіл.Ұрықтың жамбас астауына келіп тұрған бөлігін анықтау.
Пальпацияны бір оң қолмен жүргіземіз.Бұл кезде бас бармақты максималды түрде қалған төрт саусақтардан алшақтатамыз. Саусақтарды ақырын қозғалыспен терең детіп және бас бармақ пен қалған төрт саусақпен ұрықтың келген бөлігін ұстаймыз да басының «баллотирлеуші» симптомын анықтаймыз.

ІV-ші тәсіл. Ұрықтың келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.
Бұл тәсілді орындау үшін жүкті әйелдің аяқтарына бетімен бұрылып,оң жағында тұрамыз. Екі қолдың алақанын ортаңғы сызықтан латеральды,қасаға сүйегінің көлденең тармағының үстінен орналастырады.Біртіндеп қолдарды ұрықтың келген бөлігі мен кіші жамбас қуысын арасына жылжытамыз. Ұрықтың орналасуын,позициясын,түрін және келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.

Алынған мәліметтер бойынша қорытынды жасап, медициналық құжаттарға тіркейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет