Кафедра:№1 Акушерия және гинекология



бет2/18
Дата01.12.2022
өлшемі1,67 Mb.
#160785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Толықтырылған Айдынғали Орынгүл Күнделік Акушерия мен Гинекология 407А практика

1

24.05.20
83-153

1-күн:
Бүгін мен, Айдынғали Орынгүл Ғалымжанқызы 4курс «Жалпы медицина» факультетінің 407А тобының студенті Ақтөбе Медициналық Орталығының Гинекология бөлімшесінде онлайн практиканы бастадым.Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысымен ауысымына 500 келушіге арналған 532 кереуеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы „Ақтөбе медициналық орталығы (Aktobemedicalcenter)“ мемлекеттік кәсіпорын құрылған. Гинекология бөлімшесінде гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдер емделеді. Гинекологиялық ауруларға етеккір циклының бұзылыстары, әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары, нейроэндокриндік синдромдар, вирилді синдромдар, жатыр мойнының және жатыр денесінің фондық және рак алды аурулары, т.б жатады.Сондай-ақ орталықта перинатальды көмекті аймақтандыруға сәйкес үшінші деңгейдегі перзентхана жұмыс істейді.
Практиканың алғашқы күнін аурухананың босану бөлімінде бастадым.
Босану бөлімі-бұл жүкті және босанатын әйелдерге білікті медициналық көмек көрсететін қызметкерлері бар бөлім. Әйелдерді арнайы медперсонал қауіпсіздік қағидаттарын сактай отырып және жаңа технологияны қолдана отырып босандырады.
Бүгінгі өндірістік практиканың алғашқы күнінде орындалған дағдылар:
1.Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізу.
2.Креде-Лазаревич әдісі. 3.Физиологиялық босану.


Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізу
1) Қолды өңдеу. Уақыты 30 сек кем болмауы керек. Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанады.
2) Босанудың 3ші кезеңі – ұрық туылуынан кейін басталып, плацента мен оның қабықшалары жатыр
қабырғасынан ажырап бала жолдасы туылуы. Метроррагия алдын алу үшін бұлшық(санға) етке 2мл 10ЕД окситоцин жібереміз.
3) Оң қолды кіндік баудың қысқыш қыстырылған жерінен сәл жоғары сұқ, орта саусақтарын сәл бүгіп қысады. Сол қолын жатырға қарсы қысым жасау үшін қасағаның үстіне сұқ саусағымен бас бармақ арасын ашып доғал бұрыш жасай орналастырады, бұл кезде қалған 3 саусақ жоғары бағытталады.
4) Кіндік бауды акушер өзіне қарай тартады, бір мезетте жатырға қарсы қысым түсіреді. Бала жолдасын шығару кезінде кем деген 3рет тракция жасап шығарамыз.
5) Қасағаның үстінен жатырға қарсы қысым жасап, бала жолдасы жаймен 3тракциядан кейін шығарып аламыз. Жатырға қарсы қысымды тракция кезінде бір мезет жасау керек. Себебі жатырдың кері айналып шығу қаупі жоғары.
6) Кейін 2-3 мин соң жатыр түбінтауып алып, оң қолдың саусақтары мен жаймен басып, пальпациялау. Жатырдағы қанды сыртқы жағынан массаж жасау арқылы шығарады.
7) Бала жолдасы толық шыққаннан кейін дәрігер оның бүтіндігін және қан көлемін тексереді. Қалыпты
жағдайда бала жолдасы бүтін қабықшалары түгел, қан көлемі 500мл болуы керек.

8) Босанғаннан кейін, қынапты және сыртқы жатыр мойын аймағын, сыртқы ернеулер аймағын қанды бөліністерден тазартып, сол жерлер де босану процесінен пайда болған жыртылулар бар жоғын тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет