Курстық
лингвистикалық пәндер
Оқулықтар мен оқу
құралдары
Тақырыптары
1
2
3
Нормативтік қазақ тілі
Оразахынова Н.А. Практикалық
қазақ тілі. Оқу құралы. –
Алматы, 2009.
Оралбаева Н.,
Әбдіғалиева Т.,
Шалабаев Б. Практикалық
қазақ тілі. – Алматы, 1993.
1.Омонимдердің көпмағыналы
сөздерден айырмашылығы.
2. Қазақ тіліндегі омонимдер
және олардың түрлері.
3.
Көркем
мәтіндердегі
омонимдердің берілуі.
Тіл біліміне кіріспе
Аханов
К.
Тіл
білімінің
негіздері. Оқулық. – Алматы,
2010.
1. Сөздің көпмағыналылығы.
2. Омонимдер және олардың
түрлері .
3.
Полисемия
мен
омонимияның айырмашылығы.
4. Сөз мағыналарының ауысу
түрлері.
Қазақ
тілінің
диалектологиясы
Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев. Қазақ
диалектологиясы. Оқулық. –
Алматы, 2004.
1. Аймақтық тілдегі омонимдік
құбылыстар.
2. Диалектілік сөзжасамдағы
омонимия құбылысы.
Қазіргі
қазақ
тілінің
лексикологиясы
мен
фразеологиясы
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі
қазақ тілінің лексикологиясы
мен фразеологиясы. Оқулық. –
Алматы , Сөздік-Словарь, 2006
ж.
1. Омонимдердің зерттелуі.
2.
Омонимдердің
жасалу
ерекшеліктері.
3.
Омонимдердің
түрлері:
лексикалық,
грамматикалық,
аралас омонимдер.
4. Омонимдер мен көпмағыналы
сөздердің айырмашылықтары.
5.
Лексикалық
омонимдерге
ұқсас басқа тілдік құбылыстар
(Омофондар, омоформолар мен
омографтар).
101
4-кестенің жалғасы
1
2
3
Когнитивтік
лингвистика
Оразалиева Э.Н. Танымдық
қазақ тілі. – Алматы: Мұрагер,
2005. – 174 б.
Жиренов С.А. Когнитивтік
лингвистика. Оқу құралы. –
Алматы, 2010. – 110 б.
1. Тілдік жүйедегі омонимдік
құбылыстардың
танымдық
мәні.
2.
Ғаламның
тілдік
бейнесіндегі
омонимдік
бірліктер.
Кәсіби қазақ тілі
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ
тілі. Лексикология. – Алматы:
Қазақ университеті, 2003. –
101 б.
Оразбаева
Ф.
Ш.,
т.б.
(Бірлескен авторлық) Қазіргі
қазақ тілі.
–
Алматы, 2005.
1.
Омонимдер
мен
көпмағынаның арақатынасы,
оларды
коммуникативтік
танымдық тұрғыдан оқыту.
Қазақ
тілін
оқыту
әдістемесі
1. Әбілқаев А., Бейсенбайқызы
З.
Қазақ
тілін
оқыту
әдістемесі.
–
Алматы, 2009, –
276 б.
2. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова
Р.С.
Қазақ
тілін
оқыту
әдістемесі. – Алматы, 2006. –
156 б.
3.Оразбаева Ф., Қасым Б.,
Балтабаева Ж., Рахметова Р.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –
Алматы, 2013.
–
363 б
1. Қазақ тілінің лексикасы мен
фразеологиясын
деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқыту.
2. Қазақ тілінің лексикасы мен
фразеологиясын
оқытудың
әдістемесі.
ЖОО филологиялық мамандықтарының әр курс сатысында оқытылатын
лингвистикалық пәндерде омонимдік тақырыптар кешенді түрде қамтылған.
Курс бойынша жекелеген пәндердің білім мазмұнындағы омонимдік
құбылыстардың көрінісі жұмыс оқу бағдарламасы мен силлабустарда, типтік
бағдарламаларда берілген.
Тіл жүйесіндегі омонимдік құбылыстармен байланысты білім мазмұнын
түзуде білім алушының тақырып бойынша мәселемен толық таныстығын
қамтамасыз етуге бағытталған оқу әрекеттері орындалады. Жоғары оқу
орындарындағы филологиялық бағыттағы мамандық студенттеріне омонимдік
құбылыстармен байланысты тілдік білім Нормативтік қазақ тілі, Тіл біліміне
кіріспе, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, Қазақ
диалектологиясы, Когнитивтік лингвистика, Кәсіби қазақ тілі, Қазақ тілін
оқыту әдістемесі пәндерінің аясында пререквизиттік немесе постреквизиттік
сипатта кездесіп отырады. Тілдік құрылымды (қазақ тілінің құрылымдық
салалары мен антропоөзектік бағыттағы тіл білімі) кешенді меңгерту
барысындағы омонимдермен байланысты білімнің пәндер аясындағы мазмұны
мен сипаты сол пәнді оқыту барысындағы күтілетін нәтижелерге байланысты
қойылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталып, түрлі деңгейде
көрініс табады. Жоғары оқу орындарындағы алғашқы курстарда оқыталатын
102
нормативтік қазақ тілі пәнінің мақсаты – «студенттердің мектеп бағдарламасы
көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде
тиянақтап, кешенді талдауды терең игерту, студенттердің жазу сауаттылығын,
ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, жоғары курстарда оқылатын қазіргі қазақ
тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту» [153, 4 б.]. Осы мақсатқа
сәйкес, пән аясында тілдің лексика саласы аясында омонимдік құбылыстар да
оқытылады. «Лексика саласы бойынша студенттің тіл байлығын, ой-өрісін
кеңейтуге тікелей қатысы бар тақырыптар, атап айтқанда, сөздің тура және
ауыспалы мағыналары, көпмағыналық, омоним, синоним, антоним, тұрақты
тіркестер меңгертіледі. Лексика саласына қатысты білім, білік дағдылары
сатылай кешенді талдаумен бекітіледі [154]. Бұл пәннің мақсаты мектеп
бағдарламасы көлемінде алған білімдерін біріздендіру, жүйелеу арқылы қазақ
тілінің теориялық курстарына даярлау болғандықтан, пәнді оқыту барысында
омонимдерге қатысты мектеп көлеміндегі білімдері жүйеленеді, мәтінге
лексика-семантикалық талдау жасау арқылы дағды қалыптастырылады.
Студенттің тіл байлығын дамыту жұмыстары барысында омонимдердің
мағынасын ажырата білуге және тілдік қатынаста еркін қолдануға бағытталған
оқу әрекеттері орындалады. Аталған пән бойынша Н.Оразақынова ұсынған оқу
құралында лексикалық талдаудың төмендегі тірек сызбасы ұсынылып,
омонимге қатысты талдау берілген:
І. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы
ІІ. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы:
1. Түпкі мағына
2. Туынды мағына:
а) көпмағыналы сөз; ә) омоним; б) синоним; в) антоним; г) кірме сөздер
(араб, парсы, монғол, орыс сөздері); ғ) табу; д) эвфемизмдер; е) дисфемизмдер.
ІІІ. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары:
1. Сөздің еркін мағынасы
2. Фразеологиялық байлаулы мағынасы
3. Синтаксистік шартты мағынасы
ІV. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған мағыналары:
1. Бейтарап мағына
2. Бейнелі мағына (троп пен фигуралардың түрлері)
3. Терминдік мағына
V. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері:
а) жалпылама лексика;
ә) қолданылу өрісі тар лексика;
б) сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері;
в) сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері [154, 181 б.].
Жоғары оқу орындарында «Нормативтік қазақ тілі» пәнін оқытуда оқулық
ретінде қолданылып келе жатқан Ф.Ш.Оразбаева және тағы басқалардың
103
авторлық бірлестігімен шыққан еңбекте омонимдерге байланысты арнайы блок
(ҮІ блок) беріліп, тілдік белгілері мен көпмағыналы сөздерден айырмашылығы
ғылыми айналымдағы пікірлер негізінде тұжырымдалған. Еңбекте әртекті және
біртекті омонимдер сараланып, омонимдердің түрлері мен жасалу жолдары
баяндалған. Оқулықтың практикалық тапсырмаларға байланысты бөлігінде
омонимдерге қатысты төмендегідей СӨЖ және СОӨЖ нысанындағы
тапсырмалар берілген:
1.
Түбірлес синонимдер мен сөз варианттарының айырым белгілері.
2.
Біртекті (гомогенді) омонимдердің туындауына әсер ететін уәждер
(мотивтер).
3.
Омонимия құбылысы туралы жалпы тіл біліміндегі пікірлер.
Омонимдердің,
омофондар
мен
омографтардың
ақын-жазушылар
шығармаларында берілуі (каламбур тәсілі) [155, 52 б.].
Аталған оқулықта омофондармен, туынды және түбір омонимдермен,
гомогенді омонимдермен байланысты ізденімдік бағыттағы тапсырмалар
берілген.
«Нормативтік қазақ тілі» пәні аясындағы омонимдерге қатысты білім
мазмұны студентке мектеп қабырғасынан кейінгі кезеңде ғылыми бағытталған
ақпарат береді. Ізденімдік тапсырмалар (сөздікпен жұмыс, көркем және тағы
басқа да мәтіндерден мысал теру және т.б.) арқылы студенттің жоғары
мектептегі оқу әрекетіндегі дағдылар қалыптасады. Пән аясында алынған білім
постреквизиттік келесі пән – қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясымен байланысады.
Жоғары оқу орындарындағы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы» пәні – студенттерге қазақ тілінің сөз байлығын ғылыми-
теориялық тұрғыдан меңгертуге бағытталған мазмұнды пәндердің бірі. Қазіргі
қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы курсы жоғарғы оқу
орындарының қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлайтын факультеттерде
оқытылатын ғылыми-теориялық пән. Пән қазақ тілінің шығу тегі, атқаратын
қызметі, зерттелу дәрежесі жайында жалпы мағұлмат беретін кіріспе бөлімнен
басқа, сөз, сөз мағынасы мен қазақ тілінің сөздік құрамы, фразеологиясы
туралы толық ғылыми-теориялық бөлімнен және лексикологияның
лексикография, этимологиямен байланысына қатысты өзекті мәселелерді
қамтитын қорытынды бөлімнен тұрады. Жоғары мектептегі «Қазіргі қазақ тілі
лексикологиясы мен фразеологиясы» курсы қазақ тіл білімінің лексикология
және фразеология саласы бойынша білім алушыларға жүйелі ғылыми-
теориялық білім беруді, алынған білімді тәжірибелік тұрғыдан пысықтап,
толықтырып отыруды көздейтін негізгі пән болып табылады. Жоғары мектепте
омонимдермен байланысты білім мен оны өз бетінше зерттеу, іздену, жүйелеу
дағдысының негізгі бөлігі осы пәнді игеру кезінде қалыптасады. Пәннің типтік
бағдарламасының теориялық бөлімінде омонимдерге қатысты лексикалық
омонимдер, олардың көпмағыналы сөздерден айырмашылығы, пайда болу
жолдары, омонимдердің түрлері: толық омонимдер, туынды омонимдер, сөз
қолдану процесінде пайда болып отыратын омофондар, омоформалар,
104
омографтар, паронимдер және омонимдердің стилистикалық мәні, зерттелу
жайы сияқты мәселелер қамтылса, практикалық бөлігі мәтіндерге лексикалық
талдаулар жасатуды, ондағы омонимдерді басқа лексикалық құбылыстардан
ажырата білуге жаттықтыруды көздейтін тапсырмаларға бағытталған [156].
Жоғары мектепте филологиялық бағытта білім алушы негізінен осы пән
аясында омонимдерді толыққанды ғылыми негізде тануға, көркем мәтінде
онымен жұмыс жасауға дағдыланады. Осы себепті де бұл пәнде студенттің
дәрістік, семинар және өздік жұмыстары омонимдік құбылыстарды меңгертуде
жетекші рөлге ие.
Білім мазмұнында омонимдік құбылыстарды қамтитын, пререквизиттік
және постреквизиттік жүйедегі келесі пәндер студенттің бойында омонимдер
туралы қалыптасқан білім мен белгілі бір дағдыны қажет етеді. Мәселен,
«Диалектология» пәні аясында аймақтық сипаттағы тілдік бірліктер саралана
отырып, олардың әдеби тіл нормасындағы бірліктермен немесе өзара
омонимдес болуы сияқты мәселе қарастырылса, «Кәсіби қазақ тілі» курсында
білімді кәсіби әрекетпен ұштастыру мәселесі қарастырылады. «Кәсіби қазақ
тілі» пәні аясында филологиялық бағытта білім алушы студенттердің ғылыми-
теориялық білімін өрістетуге және педагогикалық шеберлігімен ұштастыру
мақсаты қойылады. «Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны линвистика және
педагогика ғылымдарының тоғысында дәйектеліп, қазақ тілін кәсіби тұрғыдан
меңгертетін материалдардан тұрады. Олар – қазақ тіл білімі салалары және
тілдік қатынас, психолингвистика, танымдық қазақ тілі теориясы бойынша
алған білімдерді оқу үдерісінде сабақтастықпен қолдана алатын, оқытудың
тиімді әдіс-тәсілдерін игерген кәсіби білігі жоғары маман даярлауда қазақ тілін
кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде оқытуды көздейтін тақырыптар» [157].
Филологиялық бағыттағы мамандық студенттерін оқытудағы омонимдік
құбылыстармен байланысты білім мазмұны курстың мақсаты мен міндеттеріне
байланысты болғандықтан түрлі көлемде көрініс береді. Мәселен, нормативтік
қазақ тілі, когнитивтік лингвистика, кәсіби қазақ тілі пәндерінде омониммен
байланысты білім мен лингвистикалық ұғымдар пререквизиттік сипатта
өрістесе, қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы курсы омонимдерді тікелей
зерделеу нысаны ретінде қарастырады. Осы себепті де біз бұл жұмысымызда
омонимдік құбылыстарды оқыту барысындағы білім мазмұны мен оны
модульдеу бойынша мәселелерді «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы» курсы аясында қарастырдық.
Филологиялық мамандық студенттеріне омонимдік құбылыстарды
меңгертуде тілдік білімді модуль-блоктарға бөлген тиімді болмақ. Жалпы,
берілетін білімді модульдеу өткен ғасырдың алпысыншы жылдары пайда
болды. Білімді модульдеу барысында оқу материалдарының белгілі бір сапа
немесе қасиеті бойынша жинақталған бөлігі дербес бөлік ретінде саналды.
Білімді модульдеп оқыту Ұлыбритания, АҚШ, Канада сияқты мемелекеттерде
кеңінен танылған. ТМД аумағындағы елдерде оқытудағы модульдеу
технологиясын П.Юцявичене, М.А.Чошанов, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова,
ЕА.Ермоленко және т.б. ғалымдар қарастырса, Қазақстанның білім беру
105
кеңістігінде модульді оқытудың технологиясы М.М.Жанпейісованың есімімен
байланысты. Омонимдерді оқыту барысында берілетін білімді модульдеу
технологиясы аясында төмендегідей модульдерге бөлуге болатындығы (Сурет
7) көрсетіледі:
Сурет 6 – Омонимдік құбылыстарды оқыту модульдері мен білім
мазмұнын меңгеру деңгейлері
Омонимдік
құбылыстарды
оқытудағы
білім
мазмұнында
білім
алушылардың ізденушілігі мен зерттеушілігін қалыптастырып, ойлау мен
Достарыңызбен бөлісу: |