106
пайымдауға дағдыландыру, өзіндік дәлелі
мен ой-тұжырымын жасауға
жетелейтін модульдердің түрлері қамтылады. Омонимдік құбылыстардың
оқыту мен омонимдерге қатысты бекіту тапсырмаларының модульдік үлгісін
былайша саралауға болады:
-
омонимдік бірліктердің зерттелуіне шолу жасау;
-
омонимдік бірліктердің түрлеріне топтау жасау арқылы әрі қарай
классификациялау;
-
омонимдер мен полисемиялы сөздердің лингвистикалық сипатын
салыстырып, Венн диаграммасына түсіру;
-
омонимдер мен полисемиялы сөздердің ерекшеліктері мен өзара
ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;
-
омонимдік бірліктер қатысқан мәтіндерге
сипаттама беру;
-
омонимдік құбылыстардың когнитивтік семантикасын меңгерту;
-
омонимдік бірліктердің мәнмәтіндік қолданысын түсіндіру т.б.
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі педагогтардың басты мақсаты –
білім алушылардың ғылым мен өндірістегі жетістіктерінің негізінде білім
мазмұнын игеруге қолайлы жағдай жасау; интеллектуалдық дара тұлғаның
шығармашылық әлеуетін дамыту. Осы мақсатқа жетудің жолы – заман талабы
мен ғылыми бағыт арнасына сай сапалы білім беру. Ал омонимдік
құбылыстарға
қатысты
сапалы
білім
беру
бакалавр
деңгейіндегі
лингвистикалық пәндерді сатылай кешенді түрде оқыту арқылы жүзеге асады.
Сондықтан
лингвистикалық
пәндік
курстарды
оқытуда
пәнаралық
сабақтастықты берік сақтауды қажет етеді.
ЖОО-дағы лингвистикалық пәндерде омонимдік
құбылыстарды кешенді
түрде оқытуда білім алушылардың ғылыми материалдар мен практикалық
мысалдардың қатар берілуі арқылы білім мазмұнының сапасы артады. Осыған
орай филологиялық мамандықтардағы лингвистикалық курс аралық пәндердің
ішінде омонимдік құбылыстарды меңгертудің базасы қалыптасады. Ал базалық
білім дегеніміз – омонимдік құбылыстардың танымдық-мағыналық мазмұнын
ашатын негізгі ұғымдар мен олардың өзіне тән лингвокогнитивтік және
лингводидактикалық заңдылықтары болып шығады. Бұл дегеніміз теориялық
білім мен практикалық дағды болып танылады. Омонимдік құбылыстарды
оқытудағы сабақтың практикалық мақсаты –
теориялық тұрғыда алған
білімдерін практикалық тұрғыда қарапайым тұрмыстық өмірде, іскерлік
әрекетте, тілдік қолданыста, мәнмәтін аясында, мәтін мазмұнында, жазу
мәдениетінде сауатты түрде қолдана білу болып табылады.
Қорыта
келгенде, ЖОО-да филологиялық мамандықтар бойынша білім
алушыларға омонимдік құбылыстардың кешенді пәндер аясында оқыту
мәселесі дәстүрлі және жаңашыл формада да жүргізіліп келе жатқандығын
көрсетеді. Омонимдік құбылыстарды кешенді түрде игеруде білім
алушылардың тілдік-танымдық құзыреттілігі әр пәнді оқу барысындағы
теориялық мәселелер мен практикалық тапсырмаларды (семинар
сабақтары,
зертханалық жұмыстар, СӨЖ, СОӨЖ) орындау арқылы қалыптасады. Бұл өз
кезегінде білім алушыларға пән мазмұны мен омонимдік құбылыстарды терең
107
игеруге, олардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге жетелейді. Осы арқылы білім
алушылардың базалық лингвистикалық білімі толысып, танымдық қабілеті
жетіліп,
креативті
ойлау
мәнері
ұшталады.
Соның
нәтижесінде,
интеллектуалды дара тұлға ретінде кәсіби біліктілігі
мен адами болмысы
қалыптасады.
Жоғары оқу орындарында омонимдік құбылыстарды кешенді түрде
болашақ филолог-мамандарға оқытуда қоғам талабы мен оқыту жүйесінің
бірлігі, пәнаралық интеграция, ғылыми жүйелілік, когнитологиялық
әрекеттестік, білім берудегі аксиологияландыру, лингвокогнитологиялық
ұстанымдарды басшылыққа алу арқылы білім мазмұны мен сапасын арттыруға
болады. Осы айтылған мәселелерге басымдық беру арқылы филолог-
мамандардың педагогикалық
тұлғасын дамытып, кәсіби біліктілігін арттырып,
лингвистикалық білімге деген құштарлығы мен рухани шығармашылық
қажеттілігін өтеуге болады. Білім алушыларға омонимдік құбылыстарды оқыту
арқылы тілдік-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда білім беру
мазмұнының аясында лингвистикалық, танымдық,
дидактикалық мәселелерді
үнемі назарда ұстау арқылы, білім мазмұнын модульдік үлгілерге салу арқылы
жүйелі түрде игеруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: