1. Дәстүрлі бағдарлама. Стандартқа сәйкес болуы керек.
2. Бағдарлама практикаға бағытталып, ауыл шаруашылығына бейім-
делген жануарлар, өсімдіктану, ауыл экономикасы, фермерлік шаруашылық
агротехника негіздерін қамтуы міндетті.
3. Блокты-кіріктірілмелі бағдарлама жоғары сынып оқушыларына
арналған: өлкетану ұстанымы, біздің елдің тарихы, туған ел дәстүрі, т.б.
қиындықтармен танысу.
Шағын жинақталған мектептердің оқу ісін жақсарту жолдары:
– оқу материалдарын, бағдарламаны, пәннің негізгі түсініктеріне
заңдық ережеге сай терең мән беру;
– оқушыларды ауылды жердегі өндіріс ұстанымдарымен, кешендермен,
шаруашылықтармен таныстыру;
– жергілікті материалды жүйелі түрде пайдалану;
– еңбек дағдылары мен біліктілігін арттыратын тапсырмалар беру;
– мектеп кабинеттерін жабдықтау (ауыл, аймақ ерекшелігін ескеру);
– экономикалық бағытты қорғайтын тәрбие беру.
Заман ағымынан қалмау үшін шағын жинақталған мектептерде қазіргі
заманауи техника мен технологияларды мүмкіндігінше пайдалану қажет.
Олар мыналар.
1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іс-әрекетін ұйымдастыру.
2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (УДЕ) идеясын басшылыққа алу.
Достарыңызбен бөлісу: |