өрістерінің жаһандануы, әсіресе компьютерлік ортада мәдениетаралық
қоғамның шарттарына сай даярлауды талап етеді.
31
www
.kazmektep.kz
студенттердің коммуникативтік біліктіліктілігін қалыптастыру әдістемесін
теориялық негіздеу, оны жетілдіру және тәжірибелік тексеру керек. Бұл
мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді алға қою қажет:
– «мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктің» мағынасы мен
мәнін ашып көрсету;
– студенттердің коммуникативтік біліктілігін қалыптастыруға ықпал
ететін интернет ресурстарының ерекшеліктерін ашу;
– мәдениетаралық коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың
мүмкін жолдарын ұсыну және жүзеге асыру;
– виртуалдық тілдесудің психологиялық аспектілерін ашып көрсету
және оның басты формаларын анықтау;
– коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруға жасалған модельдің
тиімділігін тәжірибелік-эксперименталдық жолмен тексеру.
Егер ағылшын тілін меңгеру үрдісінде интернет ресурстарын қолданатын
болсақ, онда мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктің деңгейі өседі,
себебі интерактивтік коммуникация жоғары мотивациялық жағдай туғызады,
интернет ресурстарын қолдану арқылы студенттер белсенді түрде өзінің
және шетелдік мәдениетті меңгеріп, ерекшеліктерін ажырата алады, ше-
тел құрбыларымен тілдесуде еркіндікте болады. Бүгінгі таңда танымал бо-
лып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа
мазмұнды білім беру үрдісі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арт-
тыру қиынға соқпас еді.
Сөйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте қаралып отырады. Оның маңызы,
қажеттілігі айқындалады. Бірақ, шетел тілінде сөйлеу енді ғана қалыптасып
келеді. Әсіресе, сөйлеуге жаттықтырудың негізгі атаулары және катего-
риялары, тіл дамытуға арналған жұмыстар, сөйлеудің мазмұны, құралы,
студенттердің тіл байлығын бағалау қалыптары анықталмаған, алайда ше-
тел тілін дамыту әдістерінің өзіндік зерттеулері бар, керекті психологиялық,
лингвистикалық базасы жетіле бастаған. Бұл мәселелер студенттерді
қатысымдық әрекет негізінде сөйлеуге үйретудің өзектілігін анықтайды.
Сондай-ақ, «Шет тілі» пәнінің практикалық білім мазмұнында «Сөйлеу
және жазба тіл мәдениетін игеру. Қазіргі заман сөйлеудің үш түрі: ауызша,
жазбаша және электрондық түрлерінің дамуын» ерекше талап етіп отыр.
Сөйлеудің жазбаша, электрондық түрі қаншалықты маңызы болса, ауызша
сөйлеудің мәні де соншалықты зор. Ауызша сөйлеуге үйрету барлық топтар-
да жүргізіледі.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу
үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және
бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде
сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ
әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы «Шәкірттерің жақсы
оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу ке-
рек», – деп айтқан. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі кел-
ген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен, студент пен оқытушының
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табыла-
ды. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру
формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға бола-
тын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара
әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешу-
ге алып келетін ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды
ұсынады. Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті
барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық
және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну жағдаятын тудыра
32
www
.kazmektep.kz
алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға
кепілдік беретін, оқытушы мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде
ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Ендеше интерактивтік оқыту технологиясы
дегеніміз – бұл ұжымдағы өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың
өзара әрекетіне негізделген үрдіс.
Интерактивтік оқыту технологиясы: 1) жұптасып жұмыс істеу;
2) ротациялық (ауыспалы) үштік; 3) карусель; 4) шағын топтармен жұмыс;
5) рөлдік (іскерлік) ойын; 6) дискуссия; 7) дебат, т.б.
Интерактивтік әдіс кезінде сабақ үстінде білім алушылар мен
оқытушылар арасында тығыз қарым-қатынас орнайды, ондай қарым-
қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға
тырысқан кезде қалыптасады.
Әдебиет
1. Нұрғалиева Г.К. Жаңа ақпаратты технология құралдары. – Білім, 2007. 18, 19-б.
2. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения. – Москва, 2000. – 35, 36-б.
3. Teeler D., Gray P. How to use the Internet in ELT. – London: Longman. – 38-б
4. Клейман Г.Б., Леонов А.Г., Кузьменко М.А. Что такое Интернет? Информационные и
коммуникационные технологии в образовании. – 1998. – 73-б.
Резюме
В статье рассматривается вопросы тенденции обучения, а также роль технологического
обучения в улучшении качества знания английского языка.
ілімнің және оның жүйелерінің ұтымдылығы, іскерлігі және
қарқындылығы ұстанымы. Бұл ұстаным білім саласында оқушыларға
Достарыңызбен бөлісу: