Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №11 сәбилер бақшасы»



Дата27.12.2016
өлшемі132,75 Kb.
#5454
Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №11 сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдык кәсіпорыны


Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда моделдеу

көрнекілігі тиімді тәсілдерінің бірі.

Тәрбиеші: Камарья Кабыкенқызы Бүркітбаева

Павлодар қаласы 2016ж

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда моделдеу

көрнекілігі тиімді тәсілдерінің бірі.
Қазақстан Республикасының мектепке дейін тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік стандарты мектепке дейінгі мекемедегі коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктің қалыптастырудың негізгі тапсырмалардың бірі ретінде анықтайды.

Қазіргі заманғы балалар жоғары ақпарат тоғысында өмір сүруде. Олармен жанды қарым-қатынасты теледидар мен компьютер алмастырады, бұл мектепке дейінгі жастағы баланың белсенді сөздерді қолдануына кері әсерін тигізеді.

« Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең, ол сол сөзді үйрену үшін ұзақ қиналады, ал осындай таныс емес жиырма сөзбен суреттер арқылы көрсетсең, ол оны тез қағып алады» К.Т. Ушинский айтқандай, көрнекі материал басқа құралдарға қарағанда оңай игеріледі.

Байланыстыра сөйлеуді дамыту – диолог, монолог секілді оқытудың негізгі нышандарын игеруді болжамдайтын, балаларды қатынастырып сөйлеуге үйретудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Осыған орай, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде неғұрлым жаңа тиімді технологиялар, балалардың ойларын қалыптастыруды жеңілдететін тәсілдер қажет. Осындай құралдардың бірі – мнемотаблица, сызба түрінде ұсынылған моделдеу - көрнекілігі.

Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде моделдеу - көрнекілігін қолдансақ, онда қазіргі кезеңге лайықты мектепке дейінгі баланың байланыстырып сөйлеуінің барлық түрін қалыптастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге болады.

Себебі, көрнекі материалды балалар жақсы игереді, үлгілеуді орындау, байланыстырып сөйлеу сабақтарындағы мнемотаблицалар балалардың көріп тану ақпаратын тиімді қабылдауға, есте сақтап, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Мнемотехниканың тәсілдері қосымша қауымдастықтың құрылуы жолы арқылы балалардың есте сақтауын арттырады, байланыстыра сөйлеуге үйретіп, тілдік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады, тілін дамытады (№1 қосымша).

№1 қосымша


МОДЕЛДЕУ - КӨРНЕКІЛІГІ





Тақырыпты жақсы

игереді



Есте сақтауды

арттырады


Тілдік-коммуникативтік құзыреттілігі қалыптастырылады



Сөздік қорын

байытады

Мектепке дейінгі жастағы балалардың көбі алған әсерлерімен өзара бөліседі де, ал берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруда қиынсынады Негізінен бұл баланың берілген сауалға деген білімінің аздығы емес, баланың байланыстыра сөйлем құрастыра алмағандығынан осындай қиыншылықтарға тіреледі.

Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде С.Г. Ермакованың «Мектепке дейінгі жастағы баламен жұмыс істеуде моделдеу – көрнекілігін қолдану» әдістемесінде:

- нысананы немесе жағдайға өздігінен талдау жасауға.

- децентрацияның (орталықсыздандыру) дамуына (есептеу бағытын өзгерте білуге).

- болашақ ойдың идеясы мен ниетінің дамуына, жағдай туғызып, оқыту барысында байланыстыра сипаттап сөйлеуді үлгілеуде пікірін білдіру жоспарлы құрал ретінде көрсетілген.

Моделдеу - көрнекілігінің құралын байланыстыра монологтық пікірін білдіреуге үйрету жұмысының барлық түрінде қолдануға болады:

- қайтадан әңгімелеу;

- ойыншықтар, сурет бойынша, заттар туралы, сурет сериялары бойынша көркемдеп әңгәмелеу;

- заттар туралы жұмбақтар құрастыру;

- тақпақтар жаттау.

Моделдеу - көрнекілігін қолдану, балалардың байланыстыра сөйлеуін мақсатты дамытуға, лексикасын белсенді байытуға, сөйлемнің әртүрлі құрылымдарын сөз сөйлеуде пайдалана білуді қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалардың монологтық сөз сөйлеуін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуге болады.

Балаларға әдістерді құру және қолдану үдерісі үлгілердің түріне және жас ерекшелігі мен балалардың өз қабілетіне қарай біртіндеп жүзеге асады.

Тәрбиеші алдын-ала дайындап қойған үлгілеу техникасына үйрете отырып балаларды оларға таныс емес жаңа үлгі формамен таныстырады. Кейбір кездері, керісінше, бала мен тәрбиешінің бірігіп құрған үлгісі оны дұрыс игеруге себепкер болады.

Осыған орай үлгінің әртүрлі формалары қолданылды:


  • стильденген, заттардың жиектелген кескіні;

  • зат пен құбылысты кескіндейтін рәміздер;

  • сызықтар, бағыттар, геометриялық фигуралар;

  • динамикалық және тірек сызбалар, нұсқама сызбалар;

  • мнемотаблицалар (№2 қосымша).

Ұл бала

Ұл бала

?

Ұл бала






мұздар

жылғалар

құстар

Оқу жылының басында балалардың сөз сөйлеуінің даму диагностикасы өткізілді, төмендегі бөлімдер бойынша балалардың ауытқушылықтары анықталды:



  • Сөз сөйлеудің дыбыстық жағдайы;

  • Фонетикалық қабылдауы;

  • Балалардың байланыстырып сөйлеу деңгейі

Берілген талдау нәтижесі бойынша балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың оқыту траекториясы анықталды; монологтық сөз сөйлеу үдерісінің ең тиімді бағдарламалық-әдістемесін қамтамасыз ету іріктеліп алынды.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмысы тіл дамытудың басқа тапсырмаларынан бөлінбейді және ең бірінші бұйрық беріп, әңгіме құрастыруға көшпес бұрын, алдын-ала үлкен жұмыс атқару қажет (№3 қосымша):



  1. Сөздікті байыту бойынша.

  2. Сөйлемдер, фразалар құрумен жұмыс істеу.

  3. Сөз сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.

  4. Лексикалық сөзді қолдана білу (диолог, монолог).

№3 қосымша


БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ




Сөздікті байыту бойынша

Сөйлемдер, фразалар құрумен жұмыс істеу

Сөз сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Лексикалық сөзді қолдана білу


ДИОЛОГ


Бір түбірлі сөздерді ойлап табу

Сөйлемді дұрыс құрастыру. Ұзын сөйлем құрастыру

Сөзді таза, дұрыс айту(зат есемі, сын есімі, етістік). Сөзді жеке, көпше түрде айта білу

Балалардың сұрақ қоя білуі. Ойындар: «Репортер», «Сиқырлы қобдиша»



гүл, гүлді, гүлзар

гұ



Байуырсақ домалайды.

Байуырсақ жолмен домалайды.

Ойындар: «Сөз тізбек», «Сөзден сөйлем құрастыр»

МОНОЛОГ



Сипаттап әңгімелеу. Тірек-сызба арқылы, сипап –сезу арқылы.

Ойын «Ғажайып қоржын»

Кезеңдерге бөліну тек шартта ғана. Тәжірибе жүзінде кезеңдер өзара қатынаста болады. Ақырғы сәтте жұмыс төмендегідей жүреді:



  • Фразалық сөздерді қолдана білу;

  • Сөз сөйлегенде байланыстырып, біртіндеп, ретімен, логикамен сөз құрай білу;

  • Мазмұнына сәйкес нақты лексикалық сөздік қолдана білу;

  • Сөйлемді грамматикалық түрде дұрыс құрастыру;

  • Сөйлемді өздігімен және ешқандай кідіріссіз тоқтамай және сөз соңында фразамен айта білу.

Байланыстырып сөз сөйлей білудің ең қарапайым түрі қайтадан айтып беру. Оған байланыстырып сөйлеуді қалыптастырудың ерекше рөлі бөлінген. Мұнда сөз сөйлеудің мәнерлі құрылымы, сөйлемді белгілі ретпен біртіндеп құрастыра білу жүзеге асырылады.

Моделдеу - көрнекілігін қолданбаса балалар сюжетті өздігінен жоспарлауда, байланыстыру контекстінде сөз сөйлеуді грамматикалық құруда шын қиыншылықтармен кездеседі.

Тірек сызба көмегімен қайталап әңгімелеу:


  • Естіген мәтіннің негізгі бөліктерін бөлуді шамалайды;

  • Оларды өзара байланыстырады;

  • Сонан соң тірек сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады.

Қайталап әңгімелеу кезінде моделдеу - көрнекілігін қолдану бойынша жұмыс балалардың төмендегідей қабілеттерін қалыптастырады:

  • Алмастыру қағидасын игеру, яғни кейіпкерлерді және көркемдік шығармашылық заттарын орынбасарлармен белгілей білу;

  • Оқиғаны орынбасарлар арқылы көрсете білуді қалыптастыру;

  • Орынбасарлардың орналасуына сәйкес эпизодтардың ретімен берілуі;

  • Қайталап әңгімелеудің жоспары ретінде өздігінен кеңістіктік динамикалық үлгі құра білуді қалыптастыру;

  • Тірек сызба арқылы әңгіме құрастыру.

  • Моделдеу - көрнекілігінің тиімділігін бекіту үшін мен келесі тәжірибені жасап көрдім: сөз сөйлеу қабілеті бірдей балалардан құрылған екі топқа жеті сөйлемнен мәтін құруды ұсындым

  • Бірінші топ – мәтінді тірек сызбасыз айтып берді

  • Екінші топ мнемотаблица арқылы айтып берді.

Тәжірибе моделдеу - көрнекілігінің тиімділігін көрсетті. Балалар тірек сызбаға сүйеніп, жоғары нәтижеге жетті.

Қорытынды және келешек

Бала үшін сөйлеу, тілін меңгеру көп сатылы үдеріс. Ол ойдың тіл арқылы сыртқа шығу ниетінен басталады. Ниет не айту керек?, Қандай ретпен?, қалай айту керек? деген сұрақтарға жауаптарды ортақтастырады.

Мен өз жұмысымды қолданатын, байланыстырып сөйлеуге үйретудегі моделдеу – көрнекілік баланың осы сұрақтарына жауап бере алады. Моделдеу – көрнекілігін қолдану бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі сөз сөйлей білу тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша тәрбие жұмысы үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін кеңінен қолдануға болатынына куә бола алады.

Нәтиже бойынша балалар белсенді бола бастады, балалар өз ойын айтқысы келеді, сұрақтарға жауап береді, сұрақты дұрыс қоя біледі ең бастысы – осы материалмен жұмыс істеу қызықты. Әңгіме құрастыруды, сурет бойынша әңгіме құруды тек жеке балалар ғана емес, оқу жылының басынан үндемей келген балалар да орындай алады.

Өкінішке орай қазіргі кезде де сөз байлығының жетіспеушілігінен балалар өз ойларын толық жеткізе алмайды. Балалардың сөздік қорын дамытуға қосымша жұмыстар атқаруда тағы да мнемотехниканың көмегіне сүйенеміз.

Балаларды тексеру қорытындысы бойынша моделдеу – көрнекілігінің тиімді және мектепке дейінгі жастағы баланың монологтық сөз сөйлей білуін қалыптастыратын үдеріс құралы екенін дәлелдейді, өйткені ол:



  • естіп, ойда сақтау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді;

  • сюжеттің дамуы үшін әңгіменің фрагментін, суретті, олардың арасындағы өзара байланысты анықтап және оларды біріңғай сюжетке біріктіруге мүмкіндік береді;

  • ой ойлай білуді қалыптастыру және оны толық әңгімеге айналдыра алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, моделдеу - көрнекілігі мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру бойынша жүргізілетін барлық жұмыстарда, оқытудың барлық кезеңдерінде қолдануға болады және қолдану қажет. Теорияны практикамен қорытындылайын.

С.Г. Ермакованың көрнекі үлгілеуді суреттеп әңгімелеу әдістемесінен мысал келтірсем.

«Көктем» тақырыбына суреттеу арқылы әңгіме құрастыруды былай таратуға болады.

Тәжіребе жұмысы:



  1. Берілген жыл мезгілінің сипаттық белгісін символдармен белгілеу, әңгіме құрастыру

  2. «Көктем» деген сөзден басталатын сөйлемдер құрастыру (әр бір символға қысқаша сөйлемдер құрастырады).

  3. Символдарға сүйеніп суреттеу әңгімесін құрастыру

Д/о: «Көңілді паровоз»

Мақсаты: оқылған әңгіменің мазмұнына сүйеніп суреттеу әңгіме құрастыру.

Әңгіме «Автобустағы оқиға», Нұрдәулет Ақыш.

Әңгіме «Балалар мен ғалым», Спандияр Көбеев.

Көрнекілік: А-3 қағазы, паровоздың бейнесі, әңгіменің мазмұны, бөлінген ақ қағаздар-карточкалар, т/т фломастер.

?



мұздар



жылғалар

құстар


Т.Б.









Моделдеу – көрнекілігінің дағдысын қалыптастыру мектепке дейінгі балалардың өздігінен қатысу үлесінің үнемі өсуімен, белгілі ретімен өтеді. Моделдеу - көрнекілігінің әдісі байланыстыра сөйлеуді дамытудың әңгімелеу, сурет бойынша сюжетті әңгімелеу, зат немесе құбылыс туралы суреттеп әңгімелеу, шығармашылық әңгімелеу сияқты барлық тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді және әңгіме үшін өзіне таныс нысана таңдап алуға, суреттің кейбір сәттерін таңдап алуға, олардың өзара байланысын анықтауға, оларды әңгімелеу үшін біріңғай сюжетке біріктіруге көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет