Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.
Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.
Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.
Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады.
Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.
Ойын сюжеті ойыншылар әрекет мақсатын, ойын конфликтісінің (соқтығысының) даму сипатын анықтайды. Ол қоршаған орта ақиқтынан алынып, оның әрекеттерін көрсетеді немесе ойыншылардың әртүрлі өзара әрекеттестік кезіндегі қарсы күрес сызбасы түріндегі дене тәрбиесі міндеттерінен арнайы құрылады. Ойын сюжеті ойыншылардың тұтас әрекеттеріне жан беріп қана қоймай ды, тактика элементтері мен техникасының жеке тәсілдеріне мақсатты бағыттылық беріп, ойынды тартымды етеді.
Ереже – ойынға қатысушылар үшін міндетті талаптар. Олар ойыншылардың орналасуын негіздейді, ойыншылардың міндеттерін, құқықтарын, тәртіптер сипатын нақтылайды. Осыған қоса ойын ережесі аумағында ойыншылардың шығармашылық белсенділігі мен иницативаларының көрінуіне шектеу жасамайды.
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады.
Қозғалмалы ойындардың білім беру міндеттері. Ойын жеке тұлға қалыптасуына үлкен ықпал етеді: бұл талдау, салыстыру, жалпылау және қорытындылар шығару іскерлігі көрінетін және дамытылатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірдегі мінез-құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады, олардың саналарында қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар ұғымын бекітеді.
Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу және т.б. спорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.
Қозғалмалы ойындардың тәрбиелік міндеттері. Көп жағдайда қозғалмалы ойындар төмендегі дене қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды, олар: шапшандық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте (жинақта) дамытылады. Қозғалмалы ойындардың көпшілігі қатысушылардың шапшандылықты талап етеді. Бұл дыбыстың, көру, тактильді белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру және қозғалысты жандандыруы бар ойындар, қысқа уақыт ішінде үлкен емес ара-қашықтықты жеңіп шығуға бар ойындар.
Ойындағы үнемі өзгеруші күш-жай, қатысушылардың бір қозғалыстан екіншісіне жылдам ауысуы ептілікті дамытуға әсер етеді.
Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыстың белсенділігі және қуаты қозғалыстардың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді.
Қозғалыс бағыттары жиі ауысумен байланысты ойындарда иілгіштікті жетілдіру жүзеге асады.
Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажеттеі ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерді көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады. Ойынға деген қызығушылықты тудырып отыру үшін ойын мақсатына қол жеткізудегі жол үлкен мәнге ие – ойынмен қанағаттану үшін, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жеңіп шығуы тиіс кедергілер қиындықтарының деңгейі мен сипаты.
Ұжымдық қозғалмалы ойындардың жарытың сипаты мақсатқа қол жеткізу үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді. Ұжымдық қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.
Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші дұрыс бөлуі тиіс.
Қозғалмалы ойын ұжымдық сипатқа ие. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Бұл үшін өте қысқа мерзім ішінде қоршаған орта жағдайын бағалап, дұрыс әрекетті таңдап алып және оны орындау қажет. Осылайша қозғалмалы ойындар өзіндік тануға жол ашады.
Осыған қоса, ойыны бар сабақтар координацияланған, үнемді және келісімді қозғалыстарды шығарады; ойыншылар жұмыстың қажетті темпі мен ритіміне тез кіру іскерлігін меңгереді, өмірде өте маңызды қажетті күш салу мен тұрақтылық көрсете отырып әртүрлі қозғалыс тапсырмаларын тез әрі епті орындайды.
Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплесте шешу қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалмалы ойын балалар мен жасөспірімдердін жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.